Tобыл – Солтүстік Мұзды Мұхит алабындағы ӛзен. Қазақстанның Қостанай облысы және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады. Жалпы ұзындығы 1591 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км. Негізінен қар және жаңбыр суларымен толысады.
Tобыл – тобылғы сӛзінің қысқартылған және бұрмаланған түрі. Кең жазық болып келген ӛзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман ӛседі. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде басты астықты ӛңірге айналды. Ӛзен алабында темір, кӛмір, асбесттің мол қорлары анықталды.
Ӛзен аңғарында еліміздегі салалық ірі кәсіпорындар саналатын Соколов – Сарыбай кен байыту, Жітіқара асбест, Лисаков кен байыту комбинаттары орналасқан. Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғары Тобыл, Қаратомар, Амангелді, Желқуар, Қызылжар бӛгендері салынған. Ӛзен бойында облыс орталығы Қостанай қаласы орналасқан.