Тарау. Туризм мен демалыстың белсенді түрлері Экстремалды туризмнің судағы түрлері Дайвинг


Экстремалды туризмнің экзотикалық түрлері



бет7/8
Дата24.12.2021
өлшемі62,82 Kb.
#104800
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 лекция

3.5 Экстремалды туризмнің экзотикалық түрлері

Ғарыштық туризм. Экстремалды туризмнің ең қымбат және ең экзотикалық түрі – Жер орбитасына саяхаттау. Әзірге ғарыштық саяхатшылардың саны саусақпен санарлық – бұл американдық миллионер Денис Тито және ОАР азаматы Марк Шаттлворд. Біріншісі Халықаралық ғарыш станциясында бір апта болу үшін 12 млн.$, екіншісі- 14 млн.$ жұмсады. Кейінірек МКС стартқа N'Ssync тобының солисті Лэнс Басс дайындалды, бірақ қаржыландырудың жетіспеушілігінен оның старты болған жоқ. Дегенмен «Росавиакосмос», болашақта турлардың құны төмендейтіндігін, Жердің кез келген азаматынан ғарыштық саяхаттуға өтініштерді қуана-қуана қабылдайтындығын айтты.

Бірақ «шатл» белгілі апатынан кейін, туристерді ғарышқа жіберу белгілі бір мерзімге тоқтады.

Кайтсерфинг. Оның мәнісі тақтада тұратын адам жібі оның қолында болатын әуе батпырауығы арқылы жүгіретіндігінен тұрады. Кайтсерфингпен тауда, сол секілді жазық жерде айналысуға болады, жалғыз міндетті шарты жел болып табылады. Кез келген далада да тебуге болады. Бірақ ерекше шик мұз қабығымен жабылған, қармен тапталған сулы жерлерде тақтамен сырғанау болып саналады. Оның үстіне, өзендер мен көлдердің арналары, әдетте, ең желді жерлер болып табылады. Керемет барлық маусымдық әмбебаптылық әуе батпырауықтарын жазда да қыста да пайдалануға мүмкіндік береді. Ал кейбір кәсіпқойлар ұзындығы 100 метрге және биіктігі 30 метрге секіреді. Кайт желдің жылдамдығынан екі еседен артық түсетін жылдамдыққа дамытуға мүмкіндік береді. Нақты қозғалыс жылдамдығы – 60-70 км/сағ, ал ең жоғары жылдамдық 1990ж. 22 қыркүйекте Оушен- Сити қ., АҚШ-та тіркелді – Пит Джаконно фигуралық-пилотаждық кайтты басқарып, 193км/сағ артық жылдамдықты дамытты.

Кайтинг Еуропада, нақты айтқанда Францияда көбірек танымал. Джайлоо-туризм – бұлэкзотикаық экстремалды демалыс түрлерінің бірі – көшпелі тұрмыстың барлық әсемдігі бар өмір. Туризмнің бұл қызықты түрі жоғары таулы жайылымдарда жақсы дамиды. Шабанның киіз үйінің қасында еденде, түтін ошағының қасында ұйықтау, жас қой еті мен қымыз, сондай-ақ тауда немесе жайылымда ат үстінде серуендер ұсынылады. Үлкен қаладан демалудың керемет мүмкіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет