Оларды аралап, дүкеншілермен әңгімелестім. Олардың жауаптарын қорытындылағанда қысқы мезгілде лимонды алатын адамдар көбірек, ал жазда шамалы. Онымен қатар, айына әр дүкенде 10-15кг лимон сатылады екен. ол елімнің адам саны 794 деп анықтап білдім. Егер балаға лимондарды 1 жасынан беретін болсақ, онда елімде 1 жасқа дейін 9 бала бар. Адам санынан оларды азайтып, 40-45кг (40000-45000г) 785 адамға бөлсем, әр адамға айына 50-57 г лимон алынады екен, деп есептедім.
Осы сұраудан мен Тасты ауылында лимон аз сатылатынын анықтадым
4.2 Лимонның тазартқыш қасиетін тексеру
Лимонның тазартқыш қасиеттерін тексеру мақсатымен тәжірибе өткіздім.
1 тәжірибе: Лимон шырынымен матадағы дақтарды кетіру
Қажетті құралдар: йод, лимон, мақта дисктері.
М ақта дискіне йодты тамшыладым, одан кейін пайда болған даққа лимон шырының құйдым. Оны 5 минут уақытқа қалтырдым. Лимон шырынындағы лимон қышқылы дақты кетірді.
Тұжырым: қымбат, зиянды дақ кетіргіштердің орнына лимон шырының қолдануға болады.
2тәжірибе «Құпия хат»
Мақсаты: лимонның қатты ыстыққа әсерін анықтау
Қолданылған заттар: лимон сығындысы, қылқалам, қағаз, үтік.
1.Қағазға лимон сығындысымен сөз жазу; үтікті қыздырып, қағаз бетіне басу, нәтижесін бақылау.
Тұжырым: тәжірибеде байқағанымыз, қатты ыстықта лимон сығындысы қоңыр түске айналады. Сіздер енді көзге көрінбейтін құпия хаттарын осылай
жазсаңыздар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |