Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет2/18
Дата27.05.2018
өлшемі6,64 Mb.
#40826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Әдебиеттер:

  1. Особенности физического развития и двигательной дееспособности учащихся. //Вестник. № 3. – Каракалпакстан, 2001. - С. 114-115.

  2. Мектеп оқушыларының дене құрылысының түрлерін үйрету мәселелері. //Қарақалпақстан мұғалімі. № 1,2. - Нүкіс, 2001. – Б. 57-60.

  3. Характеристика структуры двигательной дееспособности учащихся. Вестник. №3,4 - Каракалпакстан, 2003. – С. 162-163.

  4. Жоғары сынып оқушыларының жеңіл атлетика бойынша іс-әрекет қабілетін күшейту әдістері. //Педагогикалық ғылыми-әдістемелік журнал. № 3. – Ташкент, 2003. – Б. 77-78.

  5. Особенности физического развития детей среднего школьного возраста. //Бастауыш мектеп. № 8. –Алматы, 2004. – С. 25-28.

  6. Дене тәрбиесі ерекшеліктері. //Қазақстан мектебі. № 10. – Алматы, 2004. – Б. 33.


Аннотация. Первое важные обязанности системы образования - вопрос формирования здорового обычая жизни через физическую культуру.

Annotation. First important duties of the system of education are a question of forming of healthy custom of life through a physical culture.

ӘОЖ 338.001.1(574)

А14
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК

ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НАСАНЫ
Абдуразакова Г.А.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы қазақстандық қоғамның даму тарихындағы бүкіл қоғамдық жүйенің экономикалық, әлеуметтік, саяси реформалауы кезеңінде қарастырылады.

Республикадағы кәсіпкерлік қызметтің дамуын осы уақытқа дейін төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның даму тарихы қалыптасу заңдылықтарымен тығыз байланысты болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуының алғашқы кезеңі – алғашқы қауымдық құрылыс қалыптасқаннан бастап 1917 жылға дейінгі аралық, бұл кезеңде кәсіпкерлік ісі өз заманына байланысты дәстүрлі қалыпта, дәстүрлі салаларда дамып, сол уақыттың тұрмыс-тіршілігіне сай болып отырады.

Екінші кезең ел басына төңкерісшілердің келуімен 1986 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Елде жеке-дара кәсіпкерлік қызметке деген жағдайдың болмағаны және олардың әрекетін ынталандыратын мемлекет тарапынан пәрменді мүмкіндіктердің болмағаны туралы айтылған. Сол кезде КСРО-да Қазақстанда жарық көрген әдебиеттер мен басылымдарда социалистік тауарлы өндіріс, социалистік нарықты «Экономика» деген тұжырымдамалар қала берді. Шығыс Еуропадағы бірнеше социалистік елдерге (Польша, Венгрия» жеке меншікке негізделген өндіріс ауқымының әжептеуір социалистік өндіріс тәсіліне сай емес) деген көзқарастар қалыптасқаны өзімізге белгілі, сондықтан да кәсіпкерлік қызметтің нысаны өзінің көптеген шешілмеген мәселелерімен кәсіпкерлік дамуының осы екінші кезеңін аяқтады.

Үшінші кезеңге 1986 жыл, яғни КСРО-ның «Жеке еңбек қызметі» туралы («Об индивидуальной трудовой деятельности») заңы шыққаннан бастап 1991 жылдар аралығын жатқызауға болады. Бұл уақыт аралығында шағын және орта кәсіпкерлік азаматтардың және олардың отбасының мүшелерінің өзіндік еңбегі арқылы жүзеге асырылады. Үшінші кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік негізінен социалистік шаруашылық жүйенің қажетті бөлігі ретінде қаралған жоқ. Теорияда да тәжірибеде де жеке еңбек қызметін социалистік меншік қатынасына «жат әрекет» деп қарады. Және де оны социализмнің экономикалық әлеуметтік саяси жүйелеріне кеңінен енгізген жоқ. Ал жеке өндірушілердің қызметі өзінің шектелген мүмкіндіктерніне қарамастан тұтынушылар сұранымына және оның өзгерісіне сай әрекет етті. Жеке еңбек қызметі мемлекеттік мекемелер қамтамасыз етпеген тауарлармен қызметтерді ұсынды. Жеке кәсіпкерлік қызметін социалистік жақтамағандықтан ол қоғамда кәсіпкерліктің осы нышанының әрекет етуіне кедергі болатындай әртүрлі көзқарастармен негізделген болады. Осының нәтижесінде жеке дара кәсіпкерлікпен айналысушылар өз іскерлігін жүзеге асыруда көптеген қиыншылықтарды кездесті, атап айтсақ, бюрократиялық және әкімшілдік-әміршілдік билік ету осы заңнан да өзінің көрінісін тапты. Осы кезде статистикалық қаржы мекемелері, құқық қорғау органдары жеке кәсіпкерлердің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтер туралы толық мәліметтерді жинай алмады [2, 107б].

Төртінші кезеңге 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралықты жатқызуға болады. Яғни егемендік алғаннан кейінгі еліміздің өз бетінше тәуелсіз Республика болып қалыптасқан уақыттан бастап осы бүгінгі күнге дейінгі аралық жатады.

Ал Отандық әлеуметтанушы, профессор Ж. А. Нүрбекованың пікірінше, кәсіпкерлік қызметтің Қазақстанда дамуының алғашқы кезеңін ежелгі уақыттардан бастап қарастыруға болады. Ежелгі уақыттың экономикалық ошағы Орталық Азия болды. Бірыңғай сауда жүйесі Жібек жолының пайда болуы қалалардың өсуіне, қолөнершілік өндірістің дамуына алып келді, олар нарыққа бағдарланды, оның нәтижесінде табиғи айырбастың орнына тауарлы-ақшалық қарым-қатынастардың пайда болды. Тікелей және қосымша салықтардың, мемлекеттік монополияның, сатып алу мен тағзым етудің күрделі жүйесі енгізілді. Византияда Түрік қағанатының саудалық-дипломатиялық одағы құрылды. Араб мәліметтері бойынша, ежелгі қазақ қалалары Отырар, Ясы (Түркістан), Сайрам, Испиджаб, Талхир, Сауран, Сығанақ, Тараз ежелгі көшпенділер жолында сауда орталықтары ретінде белгілі болған. Олар ежелгіге Ортағасырды, Батыс және Шығысты біріктірді: Жапония, Корея және Қытайды Орталық Азиямен, Иранмен, селжұқтар мемлекетімен, Русь пен Византияны, Франция мен Италияны [2, 18б] .

Ежелгі сауда жолының дамуы Қазақстан халықының этномәдени діліне және әлеуметтік-психологиялық микроклиматына белгілі бір із қалдырды.

VI ғасырда Сюань Цзань елшісі өзінің жазбаларында ірі қала Тараз жөнінде таңқаларлық естеліктер қалдырды. Еуропалық саудагерлер Ұлы Жібек жолындағыдай сауда қарқынын армандады. Ежелгі жазба көздер мен археологиялық мәліметтерге сүйенсек, бұл қала бірыңғай нарығымен қоса, қолөнершіліктің, тігіс өндірісі, әшекей бұйымдар дайындау, ағаш өңдеу және т.б. дамуымен атақты болған.

Осы қалада алтын, күміс және мыс тиындар соқты, Тараз көптеген ғасырлар бойы түсті металлургияның маңызды орталықтарының бірі болып қала берді. Мұнда қазба жұмыстары кезінде құрылыстық істің жоғары мәдениетін талап еткен архитектуралық құралдар қалдықтары табылды. Темір, алтын, күмістің жасанды ұсталарының көптеген бұйымдары да осыған дәлел бола алады. Тараз 6 ғасырдың өзінде-ақ саудагерлер қаласы ретінде белгілі болды [7, 56б].

Ұлы Жібек жолы өткен территорияларды әлі күнге дейін өндірістік кәсіпкерлік қолданған пайдалы қазбалар аймағы бар. Ұлы Жібек жолының өту территориясы түсті металлдар, барит, көмір, жасанды және техникалық тастар және құрылыс материалдарына бай.

Қазақстан Республикасы өзінің территориясында көптеген тарихи ескерткіштерді иелене отырып, ішкі және халықаралық туризмнің дамуына үлкен мүмкіндігі бар. Тірі табиғаттың әдемі жерлері және аңшылық орындар кәсіпкерлік тұрғысынан бос уақыт пен демалысты ұйымдастыру саласында қолданылуы мүмкін. Қазақ халқының тарихи ескерткіші және көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың ділі Қазақстан Республикасының қалалары мен ауылды жерлерінде кәсіпкерліктің қалыптасуы мен пайда болуына негіз болды.

Кәсіпкерліктің дамуының екінші кезеңі Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы мен қызмет етуімен байланысты, ол қоғамдық құрылымның дамыған формаларына өтумен, жеке меншіктің дамуымен, капитализация үдісінің күшеюімен, қоғамда нарықтың пайда болуымен, қоғамның әлеуметтік құрылымының дифференциациясымен тығыз байланысты. Қазақстан территориясында болған барлық мемлекеттер: Батыс-Түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанаты, оғыздар, қарахандар, қимақтар, қыпшақ мемлекеттерінде аралас экономика болды. Қазақ хандығының пайда болуында мемлкетте аралас экономика болды, оның территориясында сол уақытта экономикалық қатынастар дамыған болатын. Ол адами материалды ресурстарды, тауарларды ұйымдық басқаруға әсер етті; әлеуметтік құрылымның және ұйымның күрделірек, жаңа формалары пайда болды; кәсіпкерлік қызмет туды.

Кәсіпкерлік қызметтің дамуының үшінші кезеңі 1917 жылғы қазан революциясынан кейінгі және кеңестік мемлекеттік қалыптасуы кезеңінде белсенді нарыққа қарсы саясатпен сипатталады. Қоғамда кәсіпкерді кеңістік мемлекеттің жауы деп мойындау идеялары тарай бастады. 1920 жылдың 6 қазынан бастап ҚАЗКСР еңбектенушілер құқығы Декларациясында билік және сайлау жүйелерінің қағидалары ұсынылды: эксплуататор (кәсіпкер) болып билік органдарындағы бірде бір орын бола алмайды; пайда табу мақсатында жалдамалы жұмысқа жүгінетін және еңбектік емес кіріспен өмір сүретін тұлғалар сайланбайды және сайлана да алмайды. Жерге жеке меншікті жою, қоғамның паразиттік элементтерін жою мақсатында жалпыға бірдей еңбекке тағзым етуді енгізу және социалисттік шаруашылықтың жедел ұйымын құру – осы уақыт кезеңіндегі қазақстандық қоғамның басты саясаты.

Сонымен, социалисттік құрылымды белсенді құру кезеңінде толық мемлекеттік монополизм жасанды түрде құрылды. Кәсіпкерлік қызмет заңнан тыс хабарландырылды [4, 17б].

ЖЭС кезінде кәсіпкерлікте кейбір өзгерістер болды. Бұл кезеңде бұтақтық-шаруышылықтық типтегі даму кең тарады. Бұл жөнінде ВЦИК декретінің 1921 жылдан бастап «Өндірістік және шикізаттық салықты табиғи салықпен ауыстыру жөнінде»; 1921 жыл «Айырбас жөнінде» СНК сияқты кейбір декреттер мен тұжырымдаулар дәлел бола алады.

Кәсіпкерліктің жекеленген элементтеріне қайта келу мемлекет тарапынан мәжбүрлі шара болды және уақытша сипатта болды. Егер 1928 жылы жеке сауда да жеке кәсіпкерлік сектордың үлесті салмағы 24%-ды құраса, онда 1933 жылы 0%; кәсіпорында 18% және 0,5%; ауыл шаруашылығында 97% және 20%. 1926 жылғы Конституцияда және барлық келесі нормативті актілерде Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына рұқсат берілмеді. Бұл нормалар тәркілеу және жалпыға ортақ ұжымдастыру кезеңінде қолданылды.

1937 жылы Конституцияда нарықтық өндірісті мойындау фактісі қызықты болып табылады: «... заңмен қатаң жеке еңбекке негізделген және бөтен еңбекті эксплатациялауды шектейтін бір тұлғалы крестьяндар мен бұтақшылардың ұсақ жеке шаруашылығына рұқсат беріледі». Бұл кезеңде салық тігісі орнатылған болатын. Жеке секторды мойындаумен бірге оның анық дискриминациясы соның ішінде салық төлеу кезіндегі де, жүргізілді.

Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуының төртінші кезеңі 1986 жылдан бастап қарастыруға болады. Ол Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуының анық куәгерімен сипатталады. «Жеке еңбектік қызмет жөнінде», 1988 жылы «КСРО-дағы кооперация жөнінде» Заң қабылданды. Жеке еңбек қызметімен айналысу қызметтің осы түрімен айналысуға және тіркеу куәлігінің (патент) болуына рұқсат береді. Бұл кезеңде индивидуалды секторды мемлекеттікпен біріктіру талпыныстарын құрайтын көптеген нормативті актілерді қабылдау болды. Көлеңкелі экономика дамыды. Жалдамалы жұмысты қолдану, жеке меншікті реттеу, монополиялық заңдылықтың қажеттілігі жөнінде сұрақтар өзекті бола бастады [7, 48б].

1987-1991 жылдар кәсіпкерліктің дамуы үшін сәтті кезең болды. «Кооперация жөнінде» заңы жеке, отбасылық және топтық кооперативті бизнес қызметтері үшін кең мүмкіндіктер берді. Кооперативтер негізінде мемлекеттік кәсіптерде құрыла бастады және мемлекеттік меншікті қолданды. 1990 жылы Республикада кооперативті кәсіпорындар мен ұйымдар саны 15 мыңға жетті, онда 300 мыңнан астам адам жұмыс істеді. Көпшілік бөлігі құрылыспен айналысты – 31,4%, 12% халықтық тұтыныс тауарларын өндіру саласында, тоғыздан бір бөлігі – ауыл шаруашылығында қызмет етті. Кооперативтер республикада жартыдан жоғары көлемде тауарлар мен қызметтер өндірді.

Жеке еңбек қызметінің ары қарай дамуы Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуының негізі болды. 1991 жылы азаматтардың жеке меншігі және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ұжымдық меншігі мойындалды. ҚАЗКСР-дың «ҚАЗКСР-де шаруашылық қызметтің еркіндігі және кәсіпкерліктің дамуы жөнінде» Заң қабылданды.

Кәсіпкерлік экономиканың мемлекеттенуі мен ұжымдық, индивидуалды, жеке шаруашылықта мемлекеттік шаруашылықтың пайда болуына алып келді. Кәсіпкерлік әлеуметтік қатынастардың, меншік қатынастарының барлық жүйесін тудырды. Кәсіпкерлер – олар өзіндегі өндіріс құралдарымен иелене алудың нақты мүмкіндігін иемденген меншікшілер. Қазақстан Республикасының азаматы нарықтық қатынастарға қатыса алады. Кәсіпкер жұмыс беруші, өзіндік кәсіптің ұйымдастырушысы ролінде көрініс таба алады. Кәсіп кірістері нәтижелерден және жұмысшының еңбек сапасы, ұжымның біріккен жалпы нәтижелері мен жұмысшы меншігінің көлеміне тәуелді [7, 68б].

Қазақстандағы экономикалық реформа кәсіпкерлік қызметтің дамуына жаңа көкжиектер мен олардың болашақтылығын ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мәні мен мақсаты рынокты экономиканың әрекетіне икемділік, көпқырлылық сипат беріп, тұрғындардың кәсіпшілік белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік-экономикалық енжарлығына шек қоюға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда республикамызда кәсіпкерлік қызмет бірнеше түрге қатысты, яғни іскелік түріне байланысты-өндірістік, қаржылық шаруашылық субьектілеріне байланысты ірі, орта және шағын, меншікке байланысты мемлекеттік жеке, ұжымдық, аралас, дара, ұйымдастырылуына байланысты жеке, топтық, жеке-дара түрлерінде дамып отыр. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерлік экономикамыздың жаңа салаларын немесе әлеуметтік әлсіздігін қамти отырып, өзінің қарқынын күшейтуде. Әрине, оның табысты дамуы еркін экономикалық іскерлік арқылы ғана болатындығы шет ел тәжірибесімен айқын.

Кәсіпкерлік іс-әрекеттің қазіргі анықтамасының әртүрлі көзқарасы бар. Көбінесе жалпылама – кәсіпкерлікті кең түрде, қоғамдық қайта өндірістегі (капитал, жер, еңбекпен қатар) арнайы фактор ретінде қарастыру, онда ол өндірісті – өтімдік факторларының жаңа тиімді комбинацияларын жасау арқылы қайта өндіру үрдістерінің қажетті динамикасын қамтамасыз етеді. Нақты формада, кәсіпкерлік – бұл қатерлі инновациялық іс-әрекетке негізделген шаруашылық жүйесі, оның мақсаты – кәсіпкерлік табыс көру және де қайта өндіру үрдісін, немесе оның жеке стадияларын (өндіру, тарату, алмасу және тұтыну) толық алып тұру болып табылады [2, 78б].

Кәсіпкерлік экономикалық феномен ретінде категориясынан тарлау, бірақ шаруашылық тәжірибесінде оларды жиі кездестіруге болады. Бірақ олар синонимдер де, теңдіктер емес, бірақ мағынасы жағынан жақын ұғымдар.

Бизнес кәсіпкерліктен гөрі кең мағынада, нарықтық экономикадағы барлық қатысушылар арасында болған қатынастарды алып кетеді, онда тек кәсіпкерлер ғана емес, сонымен бірге тұтынушылар, жалданбалы жұмыскерлер, мемлекеттік құрылымдар қатынасады.

Кәсіпорынның кәсіпкерлік іс-әрекеті – бизнестің динамикалық, элементі, бастамалы, өзіндік іс-әрекеті бар, өз қаупіне қарай және кіріс алу мақсатында, өз мүліктік жауапкершілігіне қарай, азаматтарды өнім өндіру бойынша бірлестіре отырып, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету іс -әрекетіне арналған [1, 25б].

Кәсіпкерліктің іс-әрекетінің философиясы – ерікті индивидуализм, оның негізгі белгісі - өзіндік күшінің арқасында жеке өркендеуін қамтамасыз ету, бірақ бұл қоғам көзқарасына қарама- қайшы емес. Біреулердің өркендеу мүмкіндігі басқалардың әлсіздігіне тоқтату болмауы тиіс. Тек бай адам меценант, демеуші, мейірімді болуы қажет. Кәсіпкер өзіне пайда әкеле отыра, қоғам пайдасына да іс-әрекет етеді. [7, 25б]

Кәсіпкерлік – бұл шаруашылықты сапалы да жаңа тиімді типте жүргізу, оған прогрессивті әдіс – тәсілдер, нақты жеке меншіктің, өндіріс қожайынының жүргізу тәсілдері қажет. Сөйтіп, кәсіпкерлік - экономикалық категория, бизнес элементі, шаруашылық типі және өмір сүру дәрежесі ретінде бейнеледі.

Кәсіпкерлік – нарықтық шаруашылықтың бөлінбес белгісі, оның басты ерекшелігі – ерікті бәсеклестік. Кәсіпкерлік тарихы ежелден келе жатса да, оның қазіргі ұғымы капитализмнің орнығу және даму кезеңінде пайда болды, онда ерікті кәсіпкерлік өз өркендеуінің негізі мен басы болып табылады.

Кәсіпкерлік белсенділіктің мақсаты – нарыққа сұранысы бар және кәсіпкерлерге кіріс әкелетін тауарды өндіру. Пайда – бұл нарыққа тауарды өндіруде және шығаруда қабылдаған кәсіпкерлік шешімді жүзеге асыру нәтежесінде алынған ұтыстан табыстың көп болуы.

Бірақ пайданың болуы кәсіпкерлікке ғана тән емес, кез – келген басқа іскерлік белсенділік формасына тән. Бұл байланыста көңілді кәсіпкерлік пайда немесе кәсіпкерлік табыс сияқты экономикалық категорияға бөлу қажет. Инновациялық іс - әрекеттегі табыс, яғни өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізуден кәсіпкерлік табыс құралады. Кәсіпкерлік табыс дегеніміз, ең алдымен, қосымша табыс, басқарудан, артықшылықтан пайда болған табыс, яғни кәсіпкердің табиғи немесе ерекше талдау іскерлігіне, сыртқы шарттарға байланысты өндіріс факторларын жаңаша комбинациялау [9, 66б].

Өтпелі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің дамуы кешенді және көп деңгейлі сипат алуы керек. Себебі, аталған қызмет Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін экономикалық базис болып табылады.

Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазақстан Республикасын – жаңа индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.

Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады.

Атап көрсеткендей, ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылады. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек өседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған мәселеге толық талдау керек.

Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті «өсу үстіндегі бала» деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, «шағын бизнес – бұл өсу үстіндегі бала ретінде, сондықтан ол барлық уақытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп айналысуы қажет [8, 85б].

Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ең алдымен капитал тезірек айналатын салдарда, атап айтқанда саудада, қоғамдық тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтық экономиканы реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфляциямен басталды, бұл пайыз өсімнің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын бизнестің қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестің қалыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз қалуына соқтырды. Шағын кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды [7, 17б].

Қорыта келе, біз кәсіпкерліктің дамуын, соның ішінде Қазақстандық кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуын, оның түрлерін, яғни кәсіпкерліктің формасын таңдаудағы факторлар, кәсіпкерліктің көлемі жағынан ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты таңдалу формаларын, кәсіпкерлікті реттеудегі шетелдік тәжірибені әлеументтанулық зерттеудің нысаны ретінден қарастыра отырып оған заманауи талдау жасау керек деген тұжырым жасадық. Сонымен қатар, жоғарыда айтылған кәсіпкерліктің тарихына сүйкене отырып, кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жүргізілетін әртүрлі саясаттар мен іс-шараларды, соның ішінде, мемлекеттік қолдау нәтижесінде пайда болып, даму үстінедегі түрлі институттарды және ұйымдарды қарастырып Қазақстанға тиімді әрі даму көрсеткіші жоғары үлгіні жасап шығару керек деген тұжырым жасалынды.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А.Д. Умбетәлиев «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», экономика баспасы. Алматы 2009ж.

  2. Габдулина К.Г., Социология : учебное пособие. – Алматы: «Санат», 1997ж

  3. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.

  4. Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы. Алматы: Жеті жарғы 1998.

  5. Қазақстан кәсіпорындарында материалдық ынталандыруды ұйымдастыру //Информациялық-аналитикалық «Саясат» журналы. - Алматы, 2007. - №4. – 0,44 б.т.

  6. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық ұйымдар туралы» Заңы //Егемен Қазақстан 2007, 26-қаңтар.

  7. Нурбекова Ж.А., Предпринимательство в современном казахстанском обществе. Алматы: Қазақ Университеті, 2005-254с.

  8. С.П. Мороз «Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық» Алматы, 2009ж

  9. Шағын бизнестегі несиелік тәуекелді басқару //Қаржы-Қаражат-Финансы Казахстана  № 1/2008 ж. 16-21 бет, 0,7 б.т.

  10. Шағын және орта бизнес субъектілерін шетелдік несие желісі есебінен қаржыландыру //ҚазЭУ хабаршысы № 2/  2008 ж. 146-150 бет, 0,4 б.т.


Аннотация. В данной статье предпринимательство – как объект социологического исследованиия в развитии стратегии Республики Казахстан рассматривается как актуальная тема. Автор в статье рассматривает историю предпринимательства в Казахстане, и анализирует оптимальную стратегическую модель современности. В данное время в нашем государстве самым оптимальным является малый бизнес, и в статье ему дается социологический анализ.

Annotation. This article discusses the relevant topic in the development strategy of the Republic of Kazakhstan business - as an object of sociological research. The author in the article examines the history of entrepreneurship in Kazakhstan, and analyzes the optimal strategic model of modernity. At this time in our country the most appropriate is a small business, and it is given in the article sociological analysis.


ӘОЖ81,42:81,

367:811.512.122
БІРЛІКТЕРДІҢ ФРАЗЕОЛОГИЯЛАНУЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ –СЕМАНТИКАЛЫҚ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ
Байтелиев А.Ә.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Ертеден бері қалыптасып келе жатқан фразеологизмдердің тіл байлығының ауқымды бөлігі және фразеологияның қазақ тіл білімінің жеке саласы екені бүгінгі күні баршаға мәлім. Алайда фразеология мәселелері түбегейлі зерттеліп, дерлік аяқталған сала деп айтуға болмайды. Оның әлі де болса шешілмеген, даулы мәселелері мен зерттелмеген жақтары баршылық. Фразеология саласында зерттелмеген, тілдік қасиеттері ашылмаған, фразеологизмдердің фразеологиялану нәтижесінде ие болатын функциялдық-семантикалық қызметтері мен репрезентациясын анықтау әлі де болса толық шешімін таппаған мәселе.

Фразеологизмдер – халықтың рухани, мәдени, шаруашылық өмірі мен салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы және наным-сенімі, дүниетанымы негізінде туындап, көркем сөздің кең қолданылатын, бейнелі де әсерлі құралына айналып, қолданыста оралымдар мен айтылымдардың мән-мағынасына экспрессивті-эмоционалды рең беретін, астарлап айту тәсіліне айналған тілдік құбылыс. Олардың көптеген терең сыры халықтың тілдік, психологиялық, қоғамдық, шаруашылық, танымдық қасиеттеріне де байланысты. Қазіргі қазақ фразеологиясының синхронды сипаты оның қалыптасуының дереккөздері, жеке фразеологизмдер мен фразеологиялық жүйелердің жасалу мерзімі, фразеология теориясының әдіс-тәсілдері оның қаншалықты күрделі және сан алуан түрлі екендігін көрсетеді. Кез келген ұлттық тілдің фразеологиясы сол ұлт тілінің танымдық және тәжірибелік іс-әрекетінің нәтижесі, қоғамның коммуникативтік қызметінің барлық салаларындағы экспрессивтік түрде қатынас жасаудың ерекше бірліктерінің жүйесі. Осы ретте арнайы қарастыруды қажет ететін өзекті мәселелер қатарына тілдік бірліктердің фразеологиялану сатысынан өту нәтижесінде синтаксистік қызметінің өзгеруі, фразеология теориясының қазіргі таңдағы даму процесін талдау, фразеологизмдердің қалыптасу жолындағы семантикалық факторларды көрсету, фразеологизмдердің өзгеріп-түрлену ерекшеліктерін анықтау, фразеологизмдердің даму барысында семантикалық жақтан өзгеріске түсіп, туынды астарлы мағынаға ие болатындығы мәселелері жатады.

Фразеологизмдердің прототипі – еркін сөз тіркестері мен сөйлемдер. Даму барысында еркін бірліктер семантикалық жақтан өзгеріске түсіп, туынды астарлы мағынаға ие болады. Өзара семантикалық тәуелділіктегі компоненттердің өзгеріп дамыған семантикасы негізінде фразеологиялық мағына туады. Фразеологизм компоненттерінің арасындағы синтаксистік байланыс семантикалық, яғни фразеологиялық байланыс. Фразеологизмдер шындық болмыстағы құбылыстарды, заттарды, қасиеттерді, адам қызметімен байланысты болып келетін барлық процестерді атайды, бірақ атағанда, тікелей емес, жанама түрде атайды. Фразеологизмдерде номинативтік мән-мазмұнмен қатар, эмоционалды-экспрессивтік, стилистикалық бояма, образды және туынды, астарлылық қасиет болады. Фразеологизмдер фразеологизацияланудың нәтижесінде туынды астарлы мағынада атау қызметіне өткен бірліктер.

І.Кеңесбаевтың пайымдауынша, белгілі бір фразеологизмдердің семантикасына тән көпмағыналылықтың репрезентациясы екі түрлі жолмен қабылданады. Оның бірі - жалғаса туатын мағына да, екіншісі - жарыса туатын мағына. Мысалы: «Ақ иық» оралымы: а) мұз балақ қыран мағынасын; а) асыл адам, ер жігіт мағынасын береді, екінші мағына бірінші мағынаға жалғаса туады. Айыл-тұрманын тартты: а) қамданды, жиналды; ә) ашу қысты, тас түйін болды - онымен жарыса туатын мағына. Сонымен бірге кейбір жағдайларда жалғаспалы мағына мен жарыспалы мағына белгілі бір сәттерде тоғысып, одан қиылысқан тағы бір туынды мағына пайда болуы мүмкін [1,592-593].

Фразеологизмдер кешенді белгілерінің негізінде белгілі бір жүйеге ұйымдасқан, сол тұрғыдан басқа тілдік бірліктерден ажыратылатын оралымдар болып табылады. Фразеологиялық жүйенің тілдік бірліктері өздерін белгілі бір жүйеге топтайтын семантикалық қасиеттеріне және тілдің басқа мағыналы оралымдарынан айыратын функционалдық ерекшеліктеріне қатысты анықталады. Тілімізде әртүрлі сөз тіркестерінің үлгісіндегі фразеологизмдер мен сөйлем үлгілеріндегі фразеологизмдер кең тараған. Олардың тілдік табиғаты семантиткалық, морфологиялық және синтаксистік жақтан сипаталады. Жалпы фразеологизмдердің шыққан тегі - сөз тіркестері мен сөйлемдер. Фразеологизмдердің бір жүйеге қатысты екендігі, алдымен, семантикалық белгілерінен көрінеді, барлығының мағынасы туынды, астарлы, даму барысында семантикалық өзгеріске түсіп қалыптасқан. Фразеологизмдердің мағынасы семантикалық жақтан даму үстінде туынды я астарлы болады да, олар экспрессивтік қызмет атқарады.

Фразеологизмдер қалай болса солай өзгертуге көнбейді, тұтасқан күйінде даяр тұрған оралым ретінде қолданылады, сөйлемдегі басқа сөздермен бір я бірнеше сыңары арқылы байланысқа түседі, олардың құрамында болатын өзгерістер қалыпты нормаға сай меншікті мағынаны бұзбайды. Фразеологзмдер мен мақал-мәтелдердің табиғатын талдай отырып, олардың шығу негіздеріне байланысты үш түрлі пікір айтуға болады. Біріншіден, фразеологизмдердің тууының себебі болып табылатын фразеологизациялану (фразеологиялану) процесі. Бұл тәсіл ішкі лингвистикалық заңдылықтарға байланысты жүзеге асатын құбылыс. Фразеологизациялану сатысынан өткен еркін сөз тіркестері мен сөйлемдердің құрамындағы сөздердің арасында ішкі фразеологиялық, семантикалық, байланыс қалыптасады да, ол байланыс тұтас мағынаның дамып, өзгеріске түсуіне әкеледі. Метафоралық, метонимиялық және басқа да ауыс мағынада қолдану тәсілдері негізінде тұтас мағына астарлы, туынды мағынаға ұласады. Екіншіден, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер белгілі бір озық ойлы, сөзге шебер, дана халық өкілдерінің өмірден алған тәжірибесінің немесе нақты бір оқиға, іске қатысты айтылған ой-тұжырымдарының қорытындысы, халықтың мәдени-материалдық, әлеуметтік-шаруашылық өмірінің әртүрлі жақтарының, тарихы мен тұрмыс жағдайының, мәдениеті мен ойлау мәнерінің, рухы мен психологиясының синтезі. Олардан халқымыздың нақты өткенімен, танымымен, тұрмыс жағдайымен, әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен және ұлттық психологиясымен жете таныса аламыз. Ол бірліктер ғасырлар бойы халық жадында сақталып, жатталып, қолдануға даяр күйінде енетін тілдік құралға, шешендік сөз үлгілеріне, халықтық ортақ мұраға айналған. Олар халық жадында ұзақ уақыт, тіпті ғасырлар бойы сақталып, рухани қазынаға айналып, бүгінгі ұрпаққа жеткен тіл байлығының таусылмас қоры, сөз қолдану өнерінің негізі, мәйегі болып саналатын осы бейнелі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер. Олардың халықтың есінде сақталуы, алдымен, бейнелі астарға құрылып, ойды дәл және бейнелі түрде жеткізуге құрылғандығынан, тұлғасы жағынан жеңіл, көлемі шағын болып келуіне байланысты, одан кейін, мазмұны терең, ықшамды оралымның көмегімен көлемді толық мағынаны өз дәрежесінде, көркем және бейнелі түрде, көп сөзді аз сөзбен дәл жеткізуінде. Үшіншіден, кезінде еркін сөз тіркестері мен сөйлемдердің негізінде туған фразеологизмдер өздерінің тууына негіз болған синтаксистік тіркестер мен сөйлемдерден мүлдем алшақтап кетпейді, олардың арасындағы байланыс олардың фразеологиялық мәнге өтіп кеткен кезінде де байқалып тұрады. Мысалы: оң көзімен қарады; ілгері басқан аяғы кейін кетті; сүйек тістеген ит; от жағып, күл шығарды деген фразеологизмдердің бойынан төмендегі еркін сөз тіркестеріне қатысты байланыстарды байқауға болады: сол көзін жауып, оң көзімен қарады; ілгері басқан аяғы кейін кетіп, тайғанақтады; сүйек тістеген ит өз көлеңкесін судан көрі; ерте тұрып от жағып, күл шығарды.

Тіл білімінде кемінде екі сөздің тіркесінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік тұлғаны фразеологиялық оралым деп атайды [2, 165 ]. Шын мәнінде, фразеологизмдер, ең алдымен, өздерінің смантикасымен және тұрақты құрамда, дайын күйінде қолданылатын бірлік екендігімен ерекшеленеді. Құрамындағы сыңарлардың орны бекем, белгілі бір сөздермен тіркесіп, бір бүтін мағына беретін тіркестер мен сөйлемдердің әбден қалыптасқандығы сондай, олар дайын күйінде сол құрам, құрылыста, тұрақты мағынада қолданылады. Демек, дайын қолданылу фразеологизмнің белгілерінің бірі екендігіне күмән жоқ. Сонымен, дайын күйінде қолданылу белгісі фразеологизмдердің: а) дайын құрылыс ретінде белгілік қасиеті; ә) осы құрылыстың өзіне тән лексикалық құрамының болуы; б) грамамтикалық құрылымының, яғни сыңарларының орналасу тәртібінің, бір-бірімен қатынасының қалыпқа сай қолданылуы; в) сөз тіркесі және сөйлем тұлғасында дайын формада қалыптасқандығы; г) құрамындағы сыңарлардың толық мағыналы сөз болып келуі олардың басты репрезентациялық белгілері болып табылады.


Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет