Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет138/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   164
: *Cа
(5)
Со
(5)
А
5
G
(2)

Екі ұялы шырынды жемісі 
болады, тамырлары жіңішке. Сабағының жер асты бұтағы- столондары болады, олар тамырдан оңай 
ажыратылады. Столондардың түйнектері жетіледі, оларда 12-25% дейін крахмал және 78% дейін су 
болады.
Картоп түйнегінде 22-25% құрғақ зат, оның ішінде 80-85% крахмал және 3% дейін белокты заттар 
болады. Картоп белогы ӛзінің биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогынан анағұрлым 
жоғары бағаланады, ӛйткені оның құрамында жануарлар организмдерінде синтезделмейтін амин 
қышқылдары (ванелин, лизин, трифтофон, тағы басқа) кӛп. Картоп түйнегі адам организімінің қалыпты 
қызметіне ӛте қажетті кӛптеген бағалы витаминдер (С,В,А,Р,К) мен минералдық тұздардың маңызды кӛзі. 
Мәдени сортты картоп қоңыржай-климаттың ӛсімдігі, температурасы айтарлықтай жоғары емес 
орта ендік аудандарында тұрақты мол ӛнім алынады. Тыныштық күйінен ӛткен түйнектер топыраққа 
отырғызғаннан кейін +3-5
0
температурада ӛне бастайды. Бірақ бұл температура да оның ӛнуі баяу жүреді, 
тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7-
8
0
дейін кӛтерілгенде түйнектердің қалыпты ӛнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда 
түйнектердің ӛну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта арта бастайды. Түйнектердің белсенді ӛнуіне 
ең қолайлы температура +16-18
0
деп есептеледі.
Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ 
температурасы +16-18
0
С немесе +22-25
0
С ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып 
табылады. Топырақ температурасы +6
0
-тан тӛмен және +23
0
-тан жоғары болғанда түйнектердің ӛсуі 
тежеледі, ал +26-29
0
-та түйнектің түзілуі мүлде тоқтайды. Жоғарғы температура ӛсімдіктерді әлсіретеді, 
ассимиляция процесі баяулайды, ал 42
0
С-тан жоғары температурада жер бетіндегі ӛсімдік қарайып ӛліп 
қалады.
Ӛсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы БТЖ (+10
0
-тан 
жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400-1600
0
С, орташа мерзімді пісетін сорт 
үшін 1600-1800
0
С ортада кештеу және кеш пісетін сорт үшін 1800-2000
0
С. Бұл кӛрсеткіштер Солтүстік 
Қазақстанда 1800-2200
0
С аралығында, ал негізінен 1600
0
-ден 2600
0
-қа дейін ӛзгереді. Картоп топырақ 
ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің ӛнуі мен ӛркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық 
түйнек есебінен қанағаттандырылады.
Тәжірибелік бақылаулар кӛрсеткендей жапырақтардың ассимиляциялық бет аудандарының 
қалыптасуына сорттың ӛсіп-даму ерекшелігі мен вегетациялық кезеңдегі ауа-райы әсер етеді. Картоптың 
ӛсуі мен активті ассимиляция үшін ауаның орта тәуліктік оптимальды температурасы күндіз +
С, ал 
түнде +
С болғаны тиімді, ал +
С-тан жоғары температура картоп түйнектері солып немесе түйнек 
салуы мүлдем тоқтайды. [1-6 ]. Температура жоғарылаған сайын картоптың вегетациялық кезеңі 


197 
қысқарып, түптегі түйнектер саны мен протейн мӛлшері азайып, ондағы С-витамині мен фосфор, калий, 
нитраттар мӛлшері кӛбейеді. Картоптың ерте пісетін сорттарының ӛнімі толық дамуы үшін эффективті 
температура жиынтығы 
С, орта ерте пісетін сыртқы үшін +
С, орта кеш 
пісетін сорттар үшін +
С, ал кеш пісетін сорттар үшін +
С болуы қажет.
Картоп жарық сүйгіш ӛсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтары 
сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, ӛнім қатты тӛмендейді. Сондықтан алқапқа ӛсімдікті 
дұрыс орналастыру арқылы бұтанның жан-жақты жарықталуын қамтамасыз ету қажет, ал бұл 
фотосинтездің қолайлы жағдайда ӛтуіне мүмкіндік береді. Ӛйткені фотосинтез процесі мен дақылдың 
ӛнімділігі ӛсімдіктің жарықталыну жағдайына байланысты болады. Ӛсімдіктің жарық режимі – 
жарықталыну интенсивтілігінен, сәуленің спектрлік құрамы мен күн ұзақтығынан тұрады. Картоп дақылы 
үшін оптимальды жарықталыну шамасы 40-60 мың люкс. Фотосинтез процесі үшін картоп дақылы ӛзіне 
келіп түсетін барлық күн сәулесінің энергиясын пайдаланбайды, ол тек ғана толқын ұзындықтары 380-720 
нм аралығындағы кӛрінетін сәулелер спектрінің энергиясын қолданады, бұл энергия жапырақтың жасыл 
пигменті мен хлорофильде жұтылады, оны радиацияның фотосинтетикалық активтілігі (ФАР) деп атайды. 
ФАР энергиясы шамамен Күн радиациясының жалпы энергиясының жартысына тең болады, ал 
қалған жартысы жылулық сәулелену энергиясын құрайды, бұл энергия фотосинтез процессіне қатыспай 
топырақты, ауаны және ӛсімдік мүшелерін қыздыруға жұмсалып, жылулық режимді қамтамасыз етеді. 
Бактериялық фотосинтезге пайдаланылатын сәулелердің толқын ұзындығы 350-900 нм. аралығында 
болады. Фотосинтез процесі қалыпты ӛтуі үшін жарықталыну интенсивтілігі 450-600 Вт/ болуы керек. 
Жарықталыну әлсіз болғанда жапырақтағы хлорофиль мӛлшері азайып, фотосинтез ӛнімділігі мен 
дақылдың ӛнімділігі кемиді, ӛсімдік сабағы жіңішкеріп, ұзарып, ерте құлап жапырақтың онсызда әлсіз 
жарықталынуын нашарлатады. Жарықтың шамадан тыс кӛп болды, инфрақызыл сәуле есебінен жылуды 
арттырып, ауаның температурасын 
С-тан да арттырып, ӛсімдіктің қатты қызып, транспирацияға 
кететін ылғалдың кӛп шығын болуын туғызады. Бұл ӛсімдіктің ерте солып қалуына себепші болады. 
Ӛсімдік жамылғысы мен агротехникалық тәсілдер күн радиациясының қуатын ӛзгертетін негізгі 
фактор болып саналады, олар жапырақ массасының дамуын ретке келтіріп, күн сәулесінің режиміне 
елеулі түрде ықпал ете алады. Оптимальды жағдайда картоптың фотосинтез ӛнімі 7-9 гр//тәулік болып 
бұлыңғыр және ӛте ыстық ауа райы кезінде нӛльге дейін тӛмендейді.
Фотосинтетикалық әрекет картоп ӛнімінің негізі болып саналады. Фотосинтетикалық ӛнімнің 
максимальды мәніне жету үшін экзогендік факторлар – ылғал, жарық, минералды қоректену мен 
температура жағдайларының оптимальды мәндері үйлесімді болулары қажет, ӛйткені дақылдың ӛнімділігі 
тек ғана ӛсімдік сабағы мен жапырағына байланысты емес, сонымен қатар фотосинтездің энергиясына да 
байланысты.
Картоптың жақсы ӛсіп дамуы үшін ӛте кӛп мӛлшерде қоректік заттар мен элементтер қажет. Тамыр 
жүйелерінің жер бетіне жақын орналасуына байланысты, жер бетіндегі сабақтары мен жапырақтарының 
жақсы ӛсіп дамуына және биологиялық ерекшеліктеріне байланысты бес химиялық элементтерге ӛте 
тәуелді болады. Олар: азот (N), фосфор (P), калий (K), кальций (Ca) және магний (Mg). Картоптан орташа 
100ц ӛнім алу үшін: 50 кг таза азот, 20 кг таза фосфор, 90 кг таза калий, 40 кг таза кальций және таза 20 кг 
магний қажет. Вегетациялық ӛсіп даму кезеңдерінде қоректік элементтерге тәуелділігі топырақтың 
құрамы мен құнарлығына, климаттық жағдайларына, және агротехникалық іс-шаралардың дұрыс 
орындалу сапалары мен мерзімдеріне байланысты болады. Картоптың ӛсіп даму кезеңдерінде қоректік 
элементтерге тәуелділігін сабақтары мен жапырақтарының сыртқы кӛріністеріне қарап анықтауға болады.
 
Картоптың қоршаған орта факторларына үлкен талап қояды, кейбір қоятын талап параметрлері 1-
кестеде келтірілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет