Тарбағатай аудандық мәслихатының «Әлеуметтік-мәдени даму сұрақтары бойынша » тұрақты комиссиясына
« Құйған орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Үш тілділікті енгізу және оқу процестерінде инновациялық технологияны енгізудің жәйі туралы » 2015-2016 жылдары атқарылған жұмыстары бойынша
Х А Б А Р Л А М А
2015-2019 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы үштілділікті дамыту бойынша Кешенді жоспардың жарияланғаны баршаңызға мәлім.Үштілділікті дамыту бойынша Кешенді жоспар үш кезеңде жүзеге асырылады: бірінші - 2015/2016 оқу жылы, екінші кезең - 2016/2017 және 2017/2018 оқу жылдары және үшінші кезең - 2018-2019 оқу жылы . Осыған орай Құйған орта мектебінде үштілділікті енгізу жұмыстары кезең бойынша жүргізілуде. Мектепте Кешенді жоспар негізінде іс-шаралар жоспары жасалып,бекітілген Бұл бағыттағы жұмыстар мектептің қазақ тілі ,орыс тілі , ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне зор міндет пен жауапкершілік жүктеп отыр. Бүгінгі күні үш қазақ тілі ,үш орыс тілі ,екі ағылшын тілі пәні мұғалімдері сабақ беруде. Олардың ішінде жоғары санатты -4.І санатты-2, ІІ санатты-2 педагог бар. Пән мұғалімдері күн талабына сай өзекті тақырып пен жаңа инновациялық технологиялар бойынша жұмыс атқарып келеді.Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесіне сәйкес 5 жылда бір рет аттестациялаудан және білім жетілдіру курстарынан уақытылы өтіп отырады.
Ағылшын,орыс тілі пәні мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы аясында курста болып, диагностикалаудан жақсы нәтиже көрсетті.
«Үштілділік – жаңа заман талабы» тақырыбында стенд , тілдер кабинетінде арнайы бұрыш ұйымдастырлып, әдістемелік құралдар, нормативтік-құқықтық құжаттар жинақталған. Кабинет интерактивті тақтамен,ноутбуктармен , электронды оқулықтармен жабдықталған.Тіл сабақтары мультимедиа кабинетінде арнайы кесте бойынша жүргізіліп, интернет ресурстарын пайдаланып отырады.
Жасалған іс-шараларға сәйкес жұмыстар жүйелі орындалып келеді. Атап айтқанда, «22 қыркүйек-ҚР Тілдер мерекесі күні» жыл сайын мектепішілік апталық түрінде ұйымдастырылып,үш тілде түрлі танымдық сайыстар, конференциялар, өлең оқу ,кештер өткізіледі.Пән мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатында өзара тәжірибе алмасу сабақтарын өткізіп, әріптестері арасында талданып отырады. Қазақ тілі пәні мұғалімі Г.Темиршенованың, орыс тілі пәні мұғалімі Ж.Касенованың, ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.Нурахметовалардың жаңа технологиялармен өткізген сабақ үлгілері республикалық басылымдарда жарияланды.
Ерекше қабілетті балалармен жұмыстың бір түрі үйірме жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.Қазақ тілі мен әдебиетінен «Балдырған » қуыршақ театры, орыс тілінен «Дружные ребята», «Занимательная грамматика» , ағылшын тілінен «Engoy English» .Үйірме жұмыстары апталықтарда, пән олимпиадаларында ,түрлі танымдық байқауларда ,қашықтан ұйымдастырылатын түрлі жобаларда өз нәтижелерін беріп келеді.8-11-сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық кезеңінің мектепішілік деңгейде өткен пән олимпиадасының жеңімпаздары аудандық кезеңіне қатысып жылма-жыл қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен ІІ,ІІІ орындарды иеленіп келеді.Сондай-ақ , Республикалық Сырттай ұйымдастырылатын Қазақстандық Интернет Олимпиадаға үш пәннен жыл сайын қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп ,арнайы сертификатқа ие болған оқушылар саны артуда.Республикалық әдістемелік қосымша білім беру орталығы ұйымдастарған сырттай байқауға да оқушылар қатысып, қазақ тілінен ІІ орын -1,арнайы сертификат-1,орыс тілінен ІІІ орын-1,ағылшын тілінен ІІІ орын -1,арнайы сертификат-1 ие болды.Семей қаласында өткен халықаралық конференцияға қатысқан 1 оқушы қазақ тілінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 1 оқушы орыс тілінен арнайы сертификат иеленіп, 2 оқушының да баяндамалары жинаққа енгізілді. Пән мұғалімдері өздерінің кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында аудандық «Жыл мұғалімі » байқауына қатысып ,жүлделі орындардан көрінуде.Атап айтқанда, «Жылдың үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі -2015» аудандық байқауынан Б.Нурахметова ІІІ дәрежелі дипломмен , «Жылдың үздік орыс тілі пәні мұғалімі -2016» аудандық байқауынан Ж.Касенова жүлделі І орын иеленсе, «Жылдың үздік қазақ тілі пәні мұғалімі -2016» аудандық байқауынан Г.Темиршенова арнайы сертификат иеленді. Сонымен қатар ,қазақ тілі пәні мұғалімдері Г.Солтанбекова, Ж.Сатиевалар өз пәндері бойынша ҚИО –ға қатысып «өте жақсы нәтиже » көрсеткені үшін сертификатына ие болса, ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.Нурахметова «Білім сапасы :экономика,заңнама,технологиялар» тақырыбындағы сырттай халықаралық конференцияға қатысып,баяндамасы арнайы жинаққа енгізілді.Орыс тілі пәні мұғалімі Ж.Касенова 2016 жылы желтоқсан айында халықаралық сырттай «Талантикус» білім сайысына қатысып І дәрежелі дипломмен марпатталса, 4 оқушысы халықаралық сырттай «Мериады открытий -3» білім сайысына қатысып, арнайы сертификат иеленді.
Орыс тілі пәні мұғалімі Г.Макадиеваның оқушысы облыстық «Зерде » оқушылардың ғылыми жоба қорғау байқауының аудандық кезеңінен «Вред и польза компьютера » тақырыбындағы жұмысымен жүлделі І орын иеленіп, облыстық кезеңіне қатысып сертификатқа ие болды.
2015-2016 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы бойынша қазақ тілі пәнінен сапа-100 пайыз,орыс тілі пәнінен сапа-100 пайызды көрсетті.
Былтырғы 2015-2016 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасы негізінде 2-11- сынып оқушыларына ағылшын тілінен вариативтік компоненттен 1 сағаттан таңдау сабақтары берілсе, биылғы 2016-2017 оқу жылында 1-11-сынып оқушылары Кембридж бағдарламасы бойынша ағылшын тілін үйрететін жаңа оқулықтар алып , осы оқулықтар бойынша білім алуда. Оқулыққа қосымша жұмыс дәптері ұсынылып отыр. Олар оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне қарай құрастырылған.Сонымен қоса ,2016-2017 оқу жылынан бастап 1-11-сынып оқушыларына орыс тілі пәнінен вариативтік компоненттен 1 сағаттан таңдау сабақтары беріліп,таңдау сабақтары Е.А.Хамраеваның оқулығы бойынша жүргізілуде. Ағылшын ,орыс тілі пәндерінен топтарға бөлініп оқытылуда.
Қорытындылай келгенде, болашақ жастарымыз өз тілін ардақтай отырып, заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейте түсері сөзсіз.
.
«Құйған орта мектебі» КММ
«Үш тілділікті енгізу және оқу процестерінде инновациялық технологияны енгізудің жәйі туралы »
2015-2016 жылдары атқарылған жұмыстары бойынша
Х А Б А Р Л А М А
Достарыңызбен бөлісу: |