Тарих пәні мұғалімі Алиев М. Ш. 2019 жыл мазмұНЫ



бет2/21
Дата14.11.2019
өлшемі3,25 Mb.
#51809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Белсенді оқу әдістері 2014


Кіріспе

Қазіргі жағдайда Қазақстан қоғамында сапалық өзгерістер орын алуда, бұл ретте басымдықтар қатарында қазіргі жағдайларға сәйкес келетін адам капиталын дамыту мәселесі де ұмыт қалған жоқ. Қоғамдық қатынастар саласындағы өзгерістер білім беру саласына ықпал етіп, жаңа тарихи кезеңнің талаптарына тиісті жауап беруді талап етіп отыр. Сондықтан білім беру саласы да экономика мен қоғам дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келуі керек. Өзінің Назарбаев университеті алдында сөйлеген «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты сөзінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Бүкіл өмір бойы оқу ендігі жерде балама емес, асқан қажеттілік» деген Гарвард университетінің үндеулерінің бірін келтіреді. Осыған байланысты ол қазіргі білім алушылар алып отырған сапалы білім «бар болғаны жолашар зияткерлік капитал» болып табылатындығын атап көрсетіп, «өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыруға» шақырады [1].

Бүгінгі күні біздің қоғамға проблемаларды шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын және командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті және бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Бүгінгі күні күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан әлемде «Білімнің болуы» жеткіліксіз. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіріп, ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру қажет екені сөзсіз.

Осыған байланысты мұғалім мен оқушының қызметін әдіс-тәсілдермен қамтамасыз ету мәселесі де ерекше маңызға ие болып отыр. Мұғалімдер тәжірибесінде ол «оқудың белсенді нысандары мен әдістері» деген ұғыммен берілуде. Ол оқушыларды ойлау (зияткерлік) белсенділігіне, ақиқатты іздеуге шығармашылықпен кірісуге (диалог, пікірталас) түрткі болатын педагогикалық ықпал етудің тәсілдері мен амалдарын білдіру үшін қолданылады, сондай-ақ ол білім алушыларды оқу материалын өз бетінше, өз бастамасымен және шығармашылықпен игеруге барынша шоғырлануға ынталандыратын іс-қимылдар мен амал-шараларды білдіреді. Оқу нысандары проблеманы көпшілік болып талқылауға арналған: әңгіме, диспут, пікірталас, семинар, конференция, іскерлік ойын, миға шабуыл, рөлдік ойын, жоба, тренинг т.б.

Алайда дәстүрлі түсінікке қарағанда, осы әдістемелік құралда ұсынылып отырған техникалар мен стратегиялар, ең алдымен, оқушының жұмыс істеуіне бағдарланған (1-кесте).

1-кесте. Сыныпта белсенді ахуал құру үшін мұғалім мен оқушының рөлін өзгерту

Оқыту ортасында мұғалім тұратын сынып

Оқыту ортасында оқушы тұратын сынып

Мұғалім «білім көзі» ретінде

Мұғалім білімнің ұйымдастырушысы ретінде

Мұғалім балалар үшін «орындаушы» ретінде

Мұғалім жәрдемдесуші «дәнекер» ретінде

Оқушылар – білімді «енжар» алушылар

Оқушылар белсенді және бірлескен

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Оқушылар сұрақ қояды

Оқушылар «шектен тыс қамқорлыққа алынған»

Оқушылар өздерінің рефлексиялық оқуы үшін жауапты болады

Оқушылар бір бірімен бәсекелеседі

Оқушылар оқу үдерісінде бірігіп, ынтымақтасады

Оқушылар өз пікірлерін білдіреді

Оқушылар басқалардың пікірлерін белсенді тыңдайды

Осы әдістемелік құрал оған енгізілген әдістермен шектеліп қалмауға тиіс, ол мұғалімдер өздерінің күнделікті педагогикалық қызметіне енгізгісі келетін әртүрлі әдістер туралы оларға тәжірибелік кеңес беру үшін құрылған. Бұл жинақ мұғалімдер үшін жоспарлау барысында, оқушылар мен мұғалімдерге арналған ынталандырушы, кемелдендіруші, батыл және шоғырландырушы ортаны құруда пайдалы құрал болады деп күтіледі.

Сондай-ақ бұл оқу-әдістемелік құралда жинақталған әдістер мен тәсілдер мұғалімдер жүргізіп отырған тәжірибелік жұмыстың нәтижесі ретінде алдағы уақытта оқыту және оқу мәнмәтініне сәйкес пайдаланылады және пысықталады деп болжануда. Сонымен бірге бұл мұғалімдердің көшбасшылығын нығайту әдісі болып табылады.

Белсенді оқыту мен оқу әдістерін таңдау, пайдалану және әзірлеу – оңай жұмыс емес, өйткені мұғалімдерде қандай да бір тәсілді қолданардың алдында көптеген сұрақтар туындайды, мысалы:


  • Осы сабақ білім алушылардың жасына сәйкес келе ме?

  • Сыныпта қандай балалар жиналған, мысалы, олардың қабілеттері, саны, жынысы қандай және т.б.

  • Жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі тиіс белгілі бір мұқтаждық, өзіндік мән-жайлар бар ма?

Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір әдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне әртүрлі сұрақ қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен іс-қимылын ұдайы ойластырып отыруы керек.

Осы жинақ нақты стратегиялар мен техникалар топтамасын қамтитын 7 тараудан тұрады. Ұсынылып отырған құралдар біріздендіріліп төмендегіше құрылымдалған: қалыптастырылатын дағдылар тізбесі, әдістің қысқаша сипаттамасы, бұл әдісті қолданған кездегі сыныптың ұйымдастырылуы және жұмыс алгоритмі.



І. ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
БФЕ (БАРЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ)

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ақпараттарды басқару;

  • бірлескен жұмыс;

  • ойлау, проблемаларды шешу, шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушылар шешім қабылдағанда немесе қандай да бір идеяны ойлағанда, оларды барлық сәйкес келетін факторларды ойлауға шақырады. Шешім қабылдап, белгілі бір әрекет барысын жоспарламас бұрын қолданылған жағдайда бұл әдіс пайдалы болмақ. Шешім мен идеяны анықтай алатын факторлардың толық тізімін жасау үшін «Әткеншек» әдісімен бірге пайдалануға болады.



Сыныпты жоспарлау

Егер аталған әдіс «Әткеншек» әдісімен бірге қолданылса, оқушылар топтасып сыныптағы әртүрлі тақталарға кезек-кезек бару қажет. Немесе оқушылар өз орындарында қалып, белгілі бір уақыт өткен соң, артқы жақта отырған топқа оқу плакаттарын берулеріне болады.



Жұмыс алгоритмі

1. Ұйымдастырушы педагог шешім қабылдау және жоспарлау кезінде барлық факторларды қарау маңыздылығын оқушылармен талқылауға ниет білдіруі мүмкін. Мысалы, егер қандай да бір маңызды фактор ұмытылып қалған жағдайда, дұрыс болып көрінетін іс-әрекет ақыр соңында дұрыс болмай шығуы мүмкін.



2. Топтарда оқушылар Барлық факторларды ескеру шаблонын толтыра алады

Frame1

3. БФЕ сауалнамалары толтырылғаннан кейін оқушылар топтар арасында ауысып, басқа топтар айтқан факторларды қарауы тиіс. Олар өзара бағалау тәсілі ретінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын пайдалана алады.

4. Бұдан кейін оқушыларға басқа топтардың парақтарында жазылғанның негізінде өздерінің парақтарындағы бастапқы факторларды өзгерту не толықтыру үшін уақыт беріледі.

5. Бұдан кейін барлық факторларды біріктіру мақсатында жауап алу жүргізіледі, сөйтіп барлық топ өзіне пайдалысын алады.

БФЕ шаблоны

Пікір/ Сұрақ/Талқыланатын мәселе:



1-фактор






Артықшылықтар/иә

Кемшіліктер/қарсы

Қызықты факторлар



Артықшылықтар/иә

Кемшіліктер/қарсы

Қызықты факторлар


2-фактор




Фактор 3




Барлық факторларды талқылағаннан кейін … деп ойлаймын.



Артықшылықтар/иә

Кемшіліктер/қарсы

Қызықты факторлар
КАРТОЧКАЛАР ИЕРАРХИЯСЫ

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • бірлескен жұмыс;

  • ойлау, шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз.



Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.



Жұмыс алгоритмі

1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.

2. Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады.

3. Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.

4. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.

5. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға болады.


ӘТКЕНШЕК

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • бірлескен жұмыс;

  • ойлау, шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл белгілі бір сұраққа қатысты оқушылардың ойлары мен жауаптарының жиынтық тізімін жасауға көмектесетін, құрылымдалған, ақпараттық немесе ойлау қабілетін арттыру әдісі. Өздерінің ойларын айту немесе қаралып отырған сұрақ бойынша ұсыныс енгізу үшін оқушылар шағын топтарда жұмыс істейді. Сондай-ақ олар басқа топтардың идеяларын бірлесіп бағалап, сұрақтарға өздерінің жауаптарын қалыптастыру үшін осы идеяларды әлеуетті негіз ретінде пайдалана алады. Шағын топтардан ақпарат жинақтауға арналған тәжірибелік тапсырма үшін «Идея іздеуші» немесе «Стикерлер жинағын» қараңыз.



Сыныпты жоспарлау

Оқушылар сыныптағы бір тақтадан екінші тақтаға кезектесіп топтасып ауысып отырады. Немесе оқушылар сынып ішінде топ болып көшіп жүрмеу үшін белгілі бір уақыт өткен соң оқу плакаттарын өздерінен кейін отырған топқа бере алады.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушылар шағын топтарға бөлінеді.

2. Әрбір топқа белгілі бір тақырыпқа қатысты жазылған сұрағы бар оқу плакаты немесе А3 форматтағы қағаз беріледі. Әрбір плакатта әртүрлі сұрақтар болуға тиіс.

3. Оқушылар топтарында жұмыс істейді, бұл ретте оларға бастапқы сұраққа негізделген өздерінің жауаптарын, ойлары мен идеяларын жазуға берілген регламент сақталуы керек.

4. Бұдан кейін өздерінің жауаптарын оңай тануы үшін әрбір топқа түрлі-түсті қалам беріледі.

5. Берілген уақыт аяқталған соң оқушылар басқа сұрағы бар келесі плакатқа көшеді.

6. Олар алдыңғы топтың жауаптарын оқиды және олармен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін талқылайды. Егер олар келіскен жағдайда, құстұмсық қояды. Келіспесе, түсініктеме жазып, өз шешімдерін негіздей алады.

7. Осыдан кейін оқушылар қойылған сұрақ бойынша өз ойларын жазады. Егер олардың идеялары бұрынғы топтың жазбаша жауаптарынан туындаса, сызықшамен идеяларды қосуға болады.

8. Әткеншек, егер уақыт болса, әрбір топ әрбір сұрақты қарап, оған жауап бергенге дейін жалғасуы мүмкін.

9. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болады.

10. Әткеншек бағалаудың жақсы құралы болып табылады. Төмендегідей сұрақтар қойылуы мүмкін:

Бүгін Сіз не білдіңіз?

Бүгін Сіз үшін не ең керемет/таң қаларлық/қызықты/пайдалы болды?

Сіз нені басқаша істер едіңіз?
АР-ОЖДАН АЛЛЕЯСЫ

Қалыптастырылатын дағдылар:


  • ойлау, шешім қабылдау;

  • бірлескен жұмыс.

Жалпы сипаттама

Бұл рөлдік стратегия оқушыларға тез арада белгілі бір тақырыпқа қатысты барлық сұрақтарға қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді. Оның басқа «стандарттық» рөлдік ойындарға қарағанда артықшылығы сол, едәуір тез өткізілуі мүмкін. Ол төменгі сыныптың оқушылары немесе қабілеттілігі төмен оқушылар үшін ерекше қолайлы бола алады, өйткені олардың ұзақ уақыт бойы рөлде болуы талап етілмейді. Сондай-ақ оларға сұрақты терең білу керек емес, өйткені рөлдері бар карточкаларда олардың кім екендігі және талқыланып отырған белгілі бір жағдайға қатысы жазылады.



Сыныпты жоспарлау

Жүру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушыларға жағдайды түсіндіріңіз (мысалы, мектепте болған үлкеннің кішкентай балаға күш көрсету оқиғасы жергілікті жастар клубында қайталанды. Мектептен осы іспен айналысу сұралды).

2. Бұдан кейін әрбір оқушыға олардың кім екендігі жазылған және осы жағдайға олардың қандай қатысы бар екені қысқаша сипатталған рөлдері бар карточка таратыңыз (мысалы, жәбірлеуші, жәбірленуші, жәбірленушінің досы, жәбірлеушінің достары, жастар ісімен айналысатын қызметкер, сынып жетекшісі т.б.).

3. Ортада өтетін жол қалдырып, оқушыларды бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға қойыңыз.

4. Еркін тәртіппен оқушыларды таңдап, олардан өзінің рөлімен таныстыруды сұраңыз.

5. Қалған оқушылардан осы «кейіпкерге» арналған бір өтініш ойластыруды сұраңыз.

6. Бұдан кейін таңдап алынған оқушы қатар арасынан өтеді, ал қалған сынып ол өткен кезде өз өтініштерін білдіреді (оқушыларды «рөлге енуін» ынталандыру үшін осыны бірнеше рет қайталау қажет).

7. Таңдап алынған оқушыдан қандай өтінішті сенімді деп есептейтінін, сондай-ақ жағдайға қатысты не ойлайтынын сұраңыз.

8. «Ар-ождан аллеясы» арқылы өту үшін басқа оқушыларды таңдап, тапсырманы қайтадан өткізуге болады.

КРЕАТИВТІ МАТРИЦА

Қалыптастырылатын дағдылар:


  • креативтілік;

  • ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу;

  • бірлескен жұмыс.

Жалпы сипаттама

Бұл әдіс оқушыларды жағдайлардың, нұсқаулардың, идеялар мен оқиғалар топтамасы туралы (болжамды түрде) креативті ойлауға ынталандырады. Бұл ойлау және проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, оқушыларға сұрақтарға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Нұсқаларды зерделеп, басқа оқушылар идеяларының негізінде өз нұсқаларын сындарлы әрі креативті етіп құрастыру үшін оқушылар топтарда жұмыс істейді.



Жұмыс алгоритмі

1. Оқушыларға белгілі бір мәселеге негізделген болжалды сценарийлері бар матрица беріңіз:



КРЕАТИВТІ МАТРИЦА – Менің қоғамым

Проблема:

Не?

Маскүнемдік/

нашақорлық



Темекі шегу

Нәсілшілдік

Қатыгездік

Ластану

Адамдар:

кім?

Зейнеткерлер

Ата-аналар

Этникалық аз топтар

Отбасы

Жеткіншектер

Орын:

қайда?

Жұмыста

Мектепте

Қалада

Үйде

Демалыста

2. Оқушылардан үстіңгі әрбір қатардан, олардың пікірінше, өмірде болуы мүмкін және болуы мүмкін емес бір нұсқаны таңдап және оларды бірге қосуды сұрайды. Мысалы:

Анағұрлым ықтимал = маскүнемдік – жеткіншектер – демалыста

Ықтималдығы төмен = қатыгездік – зейнеткерлер – жұмыста

3. Оқушылардан жауаптарын басқа топтардың жауаптарымен салыстыра отырып, өз нұсқаларын дәлелдеу, сондай-ақ олардың ықтималдығы төмен сценарийлері іске асуы мүмкін жағдайларды анықтау сұралады.

4. Бұл тапсырма бірқатар идеялар бойынша шығармашылық қабілеттілікті ынталандыруға арналған жоспарлау құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
КРЕАТИВТІ МАТРИЦА

Азық-түлік өнеркәсібінде қандай іс аса табысты болуы мүмкін?

Түрі

Үнді

Француздық

Британдық

Қытайлық

Итальяндық

Адамдар

Зейнеткерлер

Мамандар

Этникалық аз топтар

Отбасы

Жеткіншектер

Қалай?

Конвейерлік таспада

«Фастфуд»

Автодәмхана

Өзіне өзі қызмет көрсететін тамақтану орны

Дәмхана

Оқушылардан анағұрлым табысты немесе табысы шамалы бизнес идеяларды таңдауды сұраңыз:

Аса табысты = үнді - мамандар үшін – конвейерлік таспада

Табысы шамалы = француздық – жеткіншектер үшін – «Фастфуд»

5. Бұдан кейін оқушылардан топ ішінде олар атқарған жұмысты талқылауды сұраңыз – топтар өздерінің идеяларын дәйектей алды ма? Топтар өз талқылауын қалай құрылымдады? Үйлестіруші болды ма? Келісімге қол жеткізді ме, егер олай болса, қалай қол жеткізді?

6. Бұл әдіс өзекті мәселелерді одан әрі зерделеуге түрткі болуы мүмкін. «Барлық факторларды ескеру» және «Басқа адамдардың пікірлері» сияқты жаттығулар оқушылардың «Креативті матрицадан» туындайтын басты мәселелерді түсінуін тереңдету үшін қолайлы бола алады.

ГАУҺАРЛАР ИЕРАРХИЯСЫ

Қалыптастырылатын дағдылар:


  • басқаларман жұмыс істеу;

  • ойлау, шешім қабылдау.

Жалпы сипаттама

Бұл тапсырманы шағын топтар орындайды, ол ақпараттар мен идеялардың артықшылықтарын айқындауға бағытталған. «Стикерлер топтамасы» және «Идеялар тасқыны» сияқты ақпаратты жинақтауға арналған жаттығулардан кейін орындалатын жаттығу болуы мүмкін. Бұл оқушылардың белгілі бір сұрақтарды белгілі бір тәртіппен орналастырып, неге ол ретпен орналастырғанын түсіндіру дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. Басымдықты айқындау жөніндегі жаттығулардан «Карточкалар иерархиясын» қараңыз.



Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтар үстел басында жұмыс істей алады.



Жұмыс алгоритмі

  1. Оқушыларға карточкада немесе стикерде белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идея беріледі (немесе өздері алдын ала жазады).

  2. Олар өзінің бірінші басымдық берген карточкасын жоғарыға қояды, бұдан кейін екі карточканы екінші орынға қояды, үш карточканы үшінші орынға қояды, содан соң қайтадан екі және неғұрлым төмен артықшылығы бар карточка төменге орналастырылады. Осылай гауһар тас пішіні пайда болады.

  3. Оқушылар бір-бірімен бітімге, келісімге қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. Сондықтан олар карточкалардың ретін өзара талқылап, өз пікірлерін білдіреді.

  4. «Бес сұрақ» сияқты жаттығуды пайдалана отырып, бірінші кезектегі карточкаларды анағұрлым толық зерделеуге болады.


Frame6






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет