Тарих пәнінен тест сұрақтарын жинақтап құрастырған: Арапова Айнұр Шанжарханқызы Нұр- сұлтан қаласы 2020-2021 жылы. Сұрақтар бойынша:(87027263537)


Мәнмәтін: 58 Жүздік құрылым туралы



бет28/28
Дата27.05.2022
өлшемі0,66 Mb.
#145316
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Шпор Айнұр апай 2021 жыл-1

Мәнмәтін: 58 Жүздік құрылым туралы. Жүздік, ру тайпалық жүйе-сонау Ғұн, Үйсін дәуірінен еле жатқан құбылыс, қазақ қоғамының негізі. Бұл жүйені қазақтарды билеген моңғолдар да, патша үкіметі мен кеңес билігі де өзгерте алған жоқ. Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Жүздердің шыққан уақыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.
«Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған» - Ш. Уалиханов
«Жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан»- Н.А.Аристов
«Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті»- В.В. Бартольд
«Жүздердің құрылуына табиғи географиялық себептер мен қатар саяси оқиғалар да әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде ХҮІ ғасырдың соғында қалыптасты»- М.П. Вяткин
«Қазақ елі, жері үш жүзге -моңғолдарға дейінгі кезеңде – Х-ХІІ ғасырларда бөлінді»- С. Аманжолов.
«ХҮІ ғасырдың екінші жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан Т. Сұлтанов.
«Қазақтың жүздері –Этноәлеуметтік оранизмнің жоғары санаттарының бірі. «Этноәлеуметтік организм» деп этникалық, әлеуметтік, шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз»- М.С. Мұқанов.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет