Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық- азаматтық бірегейлік.
Мақсаты: Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздерін ашып
көрсету.
Жоспары:
1 Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің
өзектілігі.
2 Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері. «Қазақстан
Республикасында тұжырымдамасы».
3 Әлемдік-тарихи үдерістер мәнмәтініндегі Қазақстанның қазіргі
заман тарихы.
4 Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі. талдануы.
5 Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихи деректері мен
тарихнамасының
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын оқудың маңыздылығы .
Қазақстанның қазіргі заман тарихы – жоғарғы білім алудағы мемлекеттік білім стандартының бір бөлігі болып табылады және әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге жатады. Қазақстанның қазіргі заман тарихы халқымыздың өткен тарихы мен қазірде болып жатқан оқиғаларды ауқымды зерделеуге мүмкіндік береді. Бұл пән қазақстандық біртұтастықты орнықтырушы, Мәңгілік ел құруды ғасырлар бойы армандаған халқымыздың өршіл рухының идеялық негізі. Тарихи маңызын, мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеологияны сақтау бойынша үлкен септігін тигізеді. Осыған байланысты ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәні болып табылады.
«Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы».
Ұлттық сананың негізі – тарихи таным, тарихи сана-сезім.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялағаннан кейін жаңа тарихи таным қалыптастыру үшінтарих ғылымының теориялық-методологиялық мәселелерін қайта қарау қажеттілігі туындады. Сондықтан 1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы» дайындалып, онда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау қажеттігі баса айтылды. Тарихшы ғалымдардың алдында тарихты жазуда, зерттеуде өзекті мәселелерге жаңа көзқарастар тұрғысынан қарап, дербес, тың ой-пікірлер мен тұжырымдар жасау міндеті тұрды. Бірақ тәуелсіз, жаңа тұжырымдар жасау оңайға түскен жоқ. Елімізде тарихи сананы қалыптастыру – ел бірлігінің кепілі, ол тұтас руханиятқа жеткізеді. Елдегі қазақтар әртүрлі тілде сөйлеп отырса, дүние жүзіндегі қазақ үш әліпбиді пайдаланып отырса, дініміз де бөлініп, жіктеліп, әртүрлі пиғылдағылар әсіреңкі істерімен тыныштығымызға іріткі салса, тұтастық қайдан болады, тұтас руханият қалай қалыптасады. Бізге, әсіресе, аға буын ұстаздар қауымына ойланарлықтай мәселе. Ол үшін бүгінгі заман, бүгінгі қоғам, бүгінгі ұлттық сана қандай, соларға көңіл аударғанымыз жөн. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларынан тарихтың “табын” сезінгендігімде деп білемін”-деп түсіндіреді Демек, Н. Назарбаевты тарихқа “алып келген” тарих сабақтастығы, “бүгінгі күннің оқиғалары” сырына тарих арқылы тереңірек үңілудің қажеттігі «Егер біз мемлекет болып қалғымыз келсе,өзімізді ұзақ уақыт меңзегіміз келсе ,онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн деп білемін»- деп тұжырымдады .
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңдерге бөлінуі.
Бұл ХҮІІ-ХІХ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталды. 1723-1727 жылдардағы "ақтабан шүбырындыдан" қазақ халқы қайта еңсе көтерді. Ұлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты үлттың жауынгерлік рухын көтерген жарқын түлғалы ерлер келіп қосылды. Келесі, кезең - XX ғасыр. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос түрған орындарына ешкім отырған жоқ. Ресей патшалығы да әлсіреді. Сол кезде қазақтарда оз мемлекетін қүру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды. Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады. Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан -КСРО-ның құрамына кірді. Левшин Қазақстан тарихын екі кезеңге бөліп қарастырды:Ресейге Қосылғанға дейін және қосылғаннан кейін.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша деректер мен зерттеулер.Отан тарихын зерттеудің ерекшеліктері.
Отандық тарих ғылымы еліміздің тəуелсіздігімен бірге келген терең түбегейлі өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның басты көрінісі — тарих ғылымының бұрынғы идеологиялық қыспақтан арылып, төл тарихты зерттеуге бет бұрған дер едік. Ұлттық тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар контексінде қарастырыла бастады. Отан тарихы, біріншіден, əлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретін-де, екіншіден, Шығыс əлемінің құрамдас бөлігі ретінде, үшіншіден, ислам əлемінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, одан кейінгі кезеңдері Қазақстанның Ресей империясы мен Кеңес Ода ғы ның құрамындағы тарих ретінде қарастырылып, зерттелуі қажет. Біз, Кеңес заманында өз тарихымызды, шынайы жаза алмай, өзгелердің жазып кеткен жылнамаларына жүгінумен келдік. Бұрын өзгенің айтқанын қайталау мен болдық. Ал олар болса, біздің тарихымыздың өз мемлекетінің мүдделері тұрғысынан жəне өз таным-түсінігі-деңгейін-де жазғанына мəн бермедік. Тарихты бұрынғы бағытпен (маркстік-лениндік методология бойынша) жазу –тарих ғылымының шеңберін тарылтып, тарихшы ғалымдарға тарихи шындыққа жетуде қиындықтар туғызуда. Сондықтан да тарих ғылымын зерттеуде оның методологиясын өзгертуді заманның өзі талап етіп отыр. Тарихтың зерттеу нысанын өзгерту мақсатында кейінгі кезде қолға алынып жатқан тарихты саясаттан тыс, халықтың күнделікті өмірі тұрғысынан алып зерттеу, яғни XX ғасырдың орта тұсына дейін кең өріс алған макродеңгейдегі тарихтан соңғы мезгілде біршама екпін ала бастаған микродеңгейдегі тарихқа бет бұру – тарихты зерттеудегі қордаланып қалған мәселелердің түйінін шешіп, шынайы ақиқатқа жеткізетін бірден-бір жол болмақ деп ойлаймын. Күнделікті өмір тарихын зерттеу – ауызша тарих айту арқылы жүзеге асырылады. Күнделікті тарих пен ауызша тарих - бұл әлеуметтік тарихтың өзара байланысты таным құралдары, өмірді, соның ішінде қарапайым қоғам мүшесінің, шағын әлеуметтік топтар мен құрылымдардың күнделікті тіршілігін танып білуге бастайтын жол.Ауызша тарих дегеніміз – ол адамдардың өз өмірлері туралы, өздері куә болған өткен оқиғалар туралы жазылып алынған естеліктер.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының өзекті мәселелері.
Отан тарихының өзекті-де теориялық мəселелеріне сипаттама жасау арқылы ұлттық сана қалыптастыру. Оның міндеті алдына қойған мақсаты на сəйкес еліміздің басынан өткізген жекелеген үрдістеріне байыпты талдау жасау бүгінгі күні тарих ғы лы мы ның өзекті мəселелерінің бірі болып саналады. Тарих ғылымы нақты тарихи жағдайды саралау әдісін колдана отырып, тарихи фактілерді зерттеліп отырған уақыттың көзімен талдап бағалауға ұмтылуы керек. Өткен заман оқиғаларын баяндағанда, тек елдің саяси тарихын, мандай алды саясаткерлердің қызметін әңгімелеумен ғана шектеліп қалмай, сонымен бірге рухани және материалдық мәдениет тарихын барша болмыс-бітімімен толық зерттеген дұрыс. Бұл ретте бұрынғы ұғымдық аппаратты жаңғырту, ескірген әсіре идеологиялық терминологиядан бас тарту қажет.Қазақстанның тарих ғылымы алдында: — Тарихи ілім-білімнің үзіктігі мен біржақтылығынан мүмкіндігінше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау;
— Ежелгі және орта ғасырлар тарихына баса назар аудару;
— Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихын қайта пайымдау;
— Еліміздің осы заманғы тарихының толғақты мәселелерін зерттеуді күшейту;
— Қазақ диаспораларының тарихын зерделеу;
— Ел тарихы мен оны мекендеген әр түрлі этностар тарихының ара жігін ажырата отырып, Қазақстандағы этностық топтардың тарихын жазуға да жеткілікті көңіл бөлу міндеті тұр.
Қорытындылай келе,
Менің ойымша, Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыдан қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. Оның функцияларының ең бастысы, ол мемлекеттік маңызы бар оқу пәніне айналып отыр, мұның өзі оның Қазақстан қоғамын дамытудың маңызды міңдеттерін жүзеге асырудағы рөлінің арта түскендігінен. Қез келген көпұлтты мемлекеттің ұлттық саясатының ең басты бағыт-бағдары – ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру болуы керек.
Әдебиеттер тізімі:
Қазақстан тарихы. 5- томдық. 4- 5-і том. Алматы: Атамұра, 2010
Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия. (1917-1939). 1т. Ред.
басқарғанҚ. С. Қаражан. Алматы, 2007
Қазақстан (Қазақелі) тарихы. –4 кітаптан тұратын оқулық. Алматы,
Қазақ университеті, 2016
Ұлы Дала тарихы: учебноепособие/КанГ.В., ТугжановЕ.Л. –Астана:
ZhasylOrda, 2015
АяғанБ.Ғ., ӘбжановХ.М., МахатД.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. –
Алматы, 2010
Достарыңызбен бөлісу: |