23
Отан тарихнамасында патша өкіметінің қазақ жеріне қоныс аударуының
негізгі себептерінің бірі өлкені мәңгі бодан ел ретінде ұстап тұруға, жергілікті
тұрғындардың этникалық бірегейлігін жойып, оларды орыстандыруға, қазақ
жерін шикізат көзі ретінде пайдалануға тырысушылығы деп жазылады.
Ресейдің Қазақстан территориясын отарлаудың жалпы мақсаты бір
болғанымен, оның жеке облыстарын отарлау сол жердің географиялық,
стратегиялық жағдайына, халқының тығыздығына, жол қатынасына, жергілікті
тұрғындардың отаршыларға қарсылығына секілді факторларға байланысты
әртүрлі болды. Және отарлаудың әдіс-тәсілдері де түрліше болды.
«ҚЖПМ» пайда болуының обьективтілігі ең алдымен XIX ғ. соңы - XX
ғасырдың басындағы Ресей империясының қазақ жерлеріне келімсектерді
қоныстандыру мақсатында «артық» жер көлемін анықтау үшін жүргізген
зерттеу жұмыстары, яғни отарлау және сол кезеңдегі саяси ахуалмен тікелей
байланысты.
Шын мәнінде «ҚЖПМ» Ресейдің отарлау саясатының жемісі, оны жинауға
атсалысқан зерттеу партиялары мен ғылыми экспедициялардың негізгі мақсаты
қазақтардың шаруашылығын зерттеп, одан артылғанын «артық» деп, қоныс
аудару қорларына жинап, переселендерге беру болды. Осы арқылы Патша
үкіметі қазақтың кең-байтақ жерін толығымен отарлауды көздеді.
Төмендегі кестеде көрсетілген қазақ жерін түгел қамтыған зерттеу
партиялары мен экспедициялардан патша өкіметінің Қазақстанда қарқынды
түрде отарлау жұмыстарын жүргізгенін көруімізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: