Тасилова назия айтбаевна


Кесте 4 - 1897 жылғы санақ бойынша Ресей халқы миграциясының негізгі бағыттары



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
китаааап

 
Кесте 4 - 1897 жылғы санақ бойынша Ресей халқы миграциясының негізгі бағыттары 


25 
Қоныс аударған 
облыс 
Қоныс аударушының 
тұрғылықты жері 
Ерлер саны 
Єйелдер саны 
Барлығы 
Миграция балансы 
Ақмола облысы Полтава губерниясы 
11562 
10201 
21763 
21746 
Акмола облысы Самара губерниясы 
10049 
9135 
19184 
19072 
Ақмола облысы Чернигов губерниясы 
5606 
5060 
10666 
10655 
Ақмола облысы Тобыл губерниясы 
9243 
9172 
18415 
8233 
Ақмола облысы Перм губерниясы 
4733 
4011 
8744 
7973 
Ақмола облысы Саратов губерниясы 
3425 
3090 
6515 
6488 
Ақмола облысы Пенза губерниясы 
2789 
2537 
5326 
5310 
Ақмола облысы Воронеж губерниясы 
2639 
2388 
5027 
5007 
Барлығы 
Ақмола 
облысына 
8 губерниядан 
50046 
45594 
95640 
4-кестеде 1897 жылғы халық санағының негізінде бір ғана Ақмола 
облысына Ресейдің 8 губерниясынан 100 мыңға жуық адам қоныс аударған. Бұл 
тек тіркелгендері ғана болатын. Ал тіркелмей өздігінен жер аударған 
келімсектердің өзі қаншама болды.
Осылай, қазақ даласында жер үшін шешуші күрес басталды. Жер тағдыры, 
демек ел тағдыры шешілер күн туды. Азулы жауға, алып империяға қарсы тұра 
алмаған бабаларымыз біртіндеп ата-қонысы, қасиетті мекенінен айрыла 
бастады. Нулы орман, көк майса жеріне қара шекпенділер қоныстанған қазақ 
шөл мен шөлейтке ығыса бастады. Жерінен айрылған қазақтың қасіретін
Т. Шонанұлы былай деп бейнелейді: «Жерден айрыларда қазақтың қабырғасы 
қайысып, омыртқасы майысады. Жалғызынан айрылғандай жермен қоштасады. 
Ботадай боздап өлең айтады. Қазақтың шаруаға тәуір қоныстан айырылғанда 
айтқан өлеңдері - өлікті жоқтаған жылаулармен бірдей».
Қазақ басына түскен осындай қасірет себептері көптеген деректерде 
айтылады. Солардың бірі казактардың отарлауын «ҚЖПМ»: «Киргизы 
(қазақтар), земли которых отводились казакам, принуждены были или 
откочевывать, или арендовать бывшие свои земли. Но в конце концов 
приходилось уходить и с аренды. Вытесненные со своих земель киргизы 
основывались неподолеку у родственников, или занимали свободныя 
летовочные пространство». Осылайша момын қазақ өз жерінен айырылып, 
тұрақтауға жер таппай, сандалды.
Деректе қазақ халқын отарлау сонау XVI ғасырда-ақ басталғаны туралы 
ешбір жалтақтаусыз: «Еще со времени завоеванія царствь Казанского, 
Астраханскаго и Сибирскаго (XVI векь) русские стали медленно, но неуклонно 
приближаться кь киргизскимь степямь двумя путями: сь запада оть реки Урала и 
сь севера, от Иртыша. Около половины ХІХ века западная линія русских 
поселеній и укрепленій доходила по Сыр-Дарье до Перовска (Акмечеть), а 
северная зашла по отношенію кь настоящимь Ауліеатинскому и Черняевскому 
уездам сь востока, до озера Иссыкь-куль», - деп, қазақтарды отарлау нақты XVI 
ғасырда басталып ХІХ ғ. Қазақстан толығымен Ресей империясының құрамына 
кіргендігі баяндалған. 
Зерттеушілер қоныс аударушылардың көшпелі қазақтарға жасаған қиянаты 
туралы деректе: «Русские переселенцы являются в новой край с понятиями и 
привычками своей родины. Им совершенно не понятно кочевое скотоводческая 
жизнь киргиз, и их сравнительная многоземелье. Переселенцу кажется 


26 
возмутительным, что эти люди, которые «не дают царю солдат» и живут у норах 
как звери, пользуются таким земельным пространством, земли больше, как у 
наших панов», - деп, «Поэтому переселенцы не считают зазорным выкосить 
киргизские покосы, растащить лес с безпризорных летом киргизских построек, 
вырубить рощи защищающия киргизские зимовки от зимних буранов, разорить 
могилы их предков. Все это глубоко возмущает киргиз» - делінген. Қазақтың 
мәңгі уайымы жер мәселесі «Қазақ» газетінің де ең өзекті мәселесіне айналған. 
Тек, 1913 жылы ғана жер туралы 20-дан астам арнаулы мақалалар жириялаған. 
Жерге қатысты мақалалардың көбін ғасыр басындағы осы мәселенің ел таныған 
маманы Єлихан Бөкейхан жазған.
Ресей ішкі істер министрлігі 1894 жылы 29 маусымда тағы бір өкім 
шығарады. Ол Сібір мен Дала өлкесіне қоныс аударушылар үшін барлық 
шектеулерді жойды және губернаторларға қоныс аударушыларға ешқандай 
кедергісіз рұқсат беруді тапсырды. Осы өкімді жүзеге асыру үшін 1896 жылы 
ішкі істер министрлігі жанынан қоныс аудару басқармасы ұйымдастырылды, ол 
қазақ даласында зорлық-зомбылық көрсеткен жер өлшеушілер мен басқа да 
шенеуніктерден тұратын отарлау аппаратының озбыр да жебір тобына айналды. 
Жалпы Ресей империясы Қазақстанды отарлауда, біріншіден, «Ерекше 
ережелерді» қабылдау арқылы қазақ жерлеріне орыс шаруаларын 
қоныстандыруға жол ашып, заңдық негіз берді. Екіншіден, қазақ даласына 
«артық» жерді табу мақсатында зерттеу экспедицияларын ұйымдастырып, қазақ 
шаруашылығына қажетті жер мөлшерін анықтап, жерді тартып алудың 
«ғылыми» негізін жасады. ‡шіншіден, «артық» деп табылған жерлерге 
келімсектерді орналастырып, оларға түрлі жеңілдіктер мен артықшылықтарды 
берді. Осы іс-шаралардың барлығы да бір уақытта, бір-бірімен тығыз 
байланыста жүргізілді.
Қоныс аудару басқармасының міндеттеріне: қоныс аударуға рұқсат беру, 
қоныс аудару қозғалысына басшылық жасау, жаңа жерлерге переселендерді 
қоныстандыру, шаруаларға кредит беру және т.б. жүктелді. 
Қоныстандыру мекемелерінің өздері құрылған бетте қолға алған негізгі 
жұмысы, әрине, қазақ елінің пайдалануындағы басы «артық» жерлерді іздеп 
тауып, қоныстандыру учаскелерін жасау болды. Бұл шараны іске асыру үшін 
оларға алдымен формальді түрде болса да қазақ шаруашылығына тиесілі жер 
нормасын анықтау қажет еді. Ал қоныстандыру мекемелері құрылғанға дейін 
белгіленген Щербина нормасы оларды қанағаттандырмады. ¤йткені бұл норма 
оларға тым үлкен көрінді. Сондықтан да осы зерттелген өңірлер В. Кузнецов,
П. Хворостанский және т.б. тарапынан зерттеуге қайта алынған болатын.
XIX ғ. соңы - XX ғасырдың басында Қазақ даласына қоныстанушылардың 
саны күн өткен сайын өсе түсті. Жерге орналасқан келімсектер жергілікті 
тұрғындардың құқықтарын таптап, олардың дәстүрлі мал шаруашылығына 
зиянын тигізіп, орман-тоғайларын талан-таражға түсірді. Қоныс аудару ісі 
заңдық, заңсыз негізде стихиялы түрде жүрді. Келімсектер мен жергілікті 
тұрғындар арасында көптеген қақтығыстар мен текетірестер орын алып, 
арыздар түсіп жатты. Сондықтан да бұл істі өкімет өз қолына алып, қоныс 
аударушыларға «артық» жерлерді табу үшін зерттеу партияларын 


27 
ұйымдастыруға бел байлады. Осы кездегі статистикалық-экономикалық 
зерттеулер мен тексерулер қазақтардың құнарлы игерілген жерлерін, артық 
жерлер, бос жатқан жерлер деп, қоныстану қорына тартып алу мақсатында 
жүргізіледі. Осындай мағынадағы статистикалық мәліметтердің жарыққа 
шығуы патша өкіметінің қоныстандыру саясатының құрамдас бөліктерінің бірі 
болатын. 
Деректің пайда болуының әлеуметтік алғы шарты – белгілі бір 
мақсаттармен, деректің нақты әлеуметтік функциясымен байланысты. 
Сондықтан тарихшы барлық жағдайда деректің дүниеге келуінің мақсаты мен 
міндеттерін, нақты әлеуметтік функцияларын айқын ашуы керек. Осы тұста біз 
ең алдымен экспедиция материалдарының пайда болуын сынап, мақсат-
міндеттерін ашып, оны сол тарихи кезең контексінде қарап, деректегі 
мәліметтердің обьективтілігі мен шынайылық деңгейін анықтаймыз. Бұл ретте 
«ҚЖПМ» зерттеген Т.П. Волкованың: «Однако при использовании источников 
подобного типа необходимо учитывать обстаятельства их появления. Все 
статистические обследования Казахстана были проведены по заданию царского 
правительства, которая стремилась таким путем подвести научную базу под 
изьятием земель у коренного населения »,- деп жазған сөздерін ескеру қажет.
Ресейде қоныс аударуға қатысты ресми заңдары және басқа да үкімдер мен 
қарарлары, ережелері, циркулярлары «ҚЖПМ» көптеп кездеседі. Кез келген 
жағдайға байланысты патша шенеуніктері өздерінің құқықтарын алға тартып, 
істерінің дұрыстығын негіздеп жатты. Деректе 1822, 1824, 1867, 1868, 1891, 
1893, 1903 және т.б. жылдарда шығарылған ережелер мен заңдардың баптары 
тәкпіштеліп берілген. Сонымен қатар әр жерінде «отарлау (колонизация)» 
терминін жиі кездестіруге болады. Сондықтан да «ҚЖПМ» отарлау тарихының 
дерегі болып табылады. Ол патша өкіметінің отарлау саясатының негізінде 
пайда болды. Бұл деректі дүниеге алып келген обьективті факторлардың бірі 
болып табылады. 
Дегенмен, бұдан «ҚЖПМ» ешбір керексіз дүние екен деген ой тумауы 
қажет. Бұл отарлау мақсатының нәтижесінде пайда болған дерек көзі 
болғанымен, онда қазақ қоғамына тән дәстүрлі рулық-тайпалық құрылым, 
шаруашылық және т.б. түрлі мәселелердің басын ашуға көмектесетін 
мәліметтер баршылық. 
Орыс шаруаларын шеткі аймақтарға, соның ішінде қазақ жеріне оларды 
қоныстандыру арқылы отарлау принципін жүзеге асыруға патша үкіметі ерекше 
маңыз берді. Осыған орай бірнеше саяси институттар құрылды. Сыртқы істер 
министрлігінің 
құрамында 
қоныс 
аудару 
ісін 
басқаратын 
қоныс 
аударушылардың бас басқармасы құрылды. ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басында жер 
мәселесімен айналысатын министрліктердің атауы мен қызметінің өзі бірнеше 
рет өзгеріске ұшырады. 1894 жылы Мемлекеттік мүлік министрлігі «Жер және 
мемлекеттік мүлік министрлігі» болып қайта құрылады. Бұл министрлік ХХ ғ. 
басына дейін осылайша аталып, 1905 жылы аграрлық реформаларға байланысты 
«Жерге орналастыру және жерді пайдалану Бас басқармасы» болып қайта 
құрылады. Қазақ жерін зерттеген партиялар мен экспедициялар тікелей осы 
мекемелерге бағынып, Сібір темір жолы тарапынан қаржыландырылып отырды. 


28 
Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру үшін қоныс аудару басқармасы 
қазақ жерлеріне арнайы зерттеу экспедицияларын жібереді де, ең құнарлы, ең 
шұрайлы да қолайлы жерлерді анықтайды. 
Бұл мақсаттарына жетуі үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі 1896 
жылы Ф.А. Щербина бастаған ғылыми экспедицияның құрылуы еді. 
Экспедицияның алдына қойылған міндет біреу еді. Ол – қазақ жеріне қоныс 
аударушы орыс шаруаларына «артық жер» көлемі – бөліктерін анықтап, кесіп 
беру. Оны жүзеге асыру үшін экспедиция мынандай мәселелерді зерттеп, 
шешіп алуы қажет еді. Біріншіден, көшпелі шаруашылықтың жер пайдалану 
әдіс-тәсілдерінің заңдылықтарымен жете танысу. Екіншіден, қазақтарды 
ауылдық қауымға бөліп, оларды шаруашылық жүйе бойынша бөлу. ‡шіншіден, 
сол жеке шаруашылықтарда төрт түлік малдан қаншасын бағып-қағуға 
болатынын есептеп шығару. Төртіншіден, әр түліктің жайылымдық жер 
нормасын анықтау. Бесіншіден, этникалық, жағрапиялық ерекшелігін тарихи 
дамуы тұрғысынан зерттеу. Бұл жұмыс күрделі де, жауапты міндет еді. 
Осы экспедицияны жүргізудің мақсаты мен міндеті туралы зерттеу 
жұмысына жетекшілік еткен, кейіннен «Материалы по киргизскому 
землепользованию» жинағын жүйелеп баспаға даярлаған Ф.А. Щербинаның 
мына сөздерінен байқау қиын емес: «В 1895 году министерство земледелия и 
Государственных имуществ, озабочиваясь лучшею постановкою дела 
образования переселенческих участков в степных областях Сибири, нашло 
необходимым 
организовать 
естественно-историческое 
и 
хозяственно-
статистическое исследование этих областей. Оснавную задачу исследования 
должно было составить определение с одной стороны, количество земли, 
необходимого при существующих естественных и хозяйственных условиях, для 
удовлетворения потребностей киргизского населения, а с другой, тех излишков 
земли, которые могли при этом образоваться для нужд переселения». Яғни,
Ф. Щербинаның бұл сөздерінен экспедицияның негізгі мақсаты қоныс аудару 
қорларына «артық» жерлерді табу және қазақтардың шаруашылығы мен 
тұрмысына қажет жер нормасын анықтау болғанын көреміз. Экспедицияның 
мүшесі болып, кейіннен оған басшылық жасаған Л.К. Чермак экспедицияның 
мақсаты туралы былай деп жазды: «көшпенділер шаруашылығының сипатын 
анықтау «қалыпты» шаруашылықтың ауқымын белгілеу және ол үшін нормалар 
жасау». Сол экспедицияның нәтижесінде «ҚЖПМ» жинағы пайда болды.
Қазақтың жер пайдалану нормаларын анықтаудың негізіне алынған 
тұжырымды идея туралы Ф. Щербинаның өзі де ашықтан-ашық жазды. Алғаш 
тексерілген Көкшетау уезінің нормалары туралы Ф. Щербина былай деп 
жазады: «жер нормалары көшпенділерге үлес беру үшін емес, қайта көшпелі 
шаруашылықтың елеулі нысандарын қорғау үшін есептелген». 
Егер малшы қазақ малсыз қалатын болса, жоқшылық тақсіретін тартады, 
сондықтан ол барынша қолдауды және үкіметтен көмекті қажет етеді. Осындай 
тұжырымға келген ол қазақтардың қалыптасқан тарихи жағдайларына сай 
шаруашылық ерекшеліктерін оларды жайлы орналастыру туралы ұсыныспен 
үкіметке өтініш жасады. 


29 
Ең алдымен отарлық саясатты ғылыми негіздеу үшін, әрі қазақтың «артық» 
жерлерін 
анықтау 
мақсатымен 
қазына 
ақшасына 
ұйымдастырылған
Ф. Щербина экспедициясы отарлаушылар үмітін ақтамады. Керісінше, бұл 
экспедиция көшпенді мал шаруашылығын сақтау қажеттігін ғылыми тұрғыда 
негіздеуге ұмтылды және осыған сәйкес жерді пайдалану нормасын белгіледі. 
Нәтижесінде қазақ даласында «артық жерлер» онша көп те емес екен.
Патшалы Ресей империясының тапсыруымен жүргізілген экспедицияның 
материалдарын шынайылық деңгейі жоғары деп айтуға негіз бар. ¤йткені, ол 
арнайы, Ресей империясының отарлау мақсаты үшін жасалған зерттеу жұмысы 
еді. Ал алып империя өзінің отар елі туралы мәліметтердің жалған болуын 
қаламайтыны анық. Себебі, экспедицияның материалдары арқылы империя 
қоныс аударушыларына қайдан, қанша жер беретінін анықтап отырды. 
Сонымен қатар, бұл экспедиция мәліметтерінің обьективті болғанын, осы Ф. 
Щербина зерттеуінен кейін, сол зерттелген уездер қайта 2-3 реттен 
зерттелгенінен де байқау қиын емес. ¤йткені, алғашқы экспедицияның 
қазақтарға тиесілі жер нормасы тым үлкен деп саналып, Ресейді 
қанағаттандырмады. Яғни, Ресей қазақ жерлерін қоныс аудару қорларына көп 
берілуін қадағалады. Дегенмен бұл мәселеге де сын көзбен қарап, деректанулық 
талдаудан өткізу қажет.
1904-1912 жж. Торғай-Орал облыстарының 7 уезінде П. Хворостанскийдің, 
1906-1913 жж. Сырдария облысының 4 уезінде П. Скрыплевтің басшылығымен 
статистикалық зерттеулер жүргізілді. Ол зерттеудің де ортақ мақсаты біреу ғана 
еді. Ол отарлау, «артық» жерлерді табу. Нәтижесінде қазақтың тарихын 
зерттеуге өзіндік үлес қосатын бай әрі жан-жақты қамтылған дерек көзі 
«ҚЖПМ» пайда болды.
Дәстүрлі қазақ қоғамы ру-тайпалық құрылымдардан тұратындығы ешкімге 
де жасырын емес. Көшпенді қазақтар өзара ру-руластарымен белгілі бір 
территорияда жылдың төрт мезгілінде де шаруашылығының ерекшелігіне сай 
көшіп-қонып жүрген. Сондықтан да Қазақстан территориясын зерттеу 
нысанына алған Ресей үкіметінің тапсырысымен жүрген зерттеу партиялары 
мен экспедициялардың негізгі мақсаты қазақ жерін «отарлау» болғанымен олар 
дәстүрлік ерекшеліктерді ескеруге мәжбүр болды. Бұл зерттеудің негізгі 
мақсаты болмағанымен, жергілікті қауымның спецификасымен санасуға тура 
келді.
Деректанушы Қ.М. Атабаев «Тарихи деректер өзінің саны, көлемі жағынан 
аса көп, мазмұны, түрі жағынан әр алуан. Оның бәрін қамту аса қиын. 
Сондықтан тарихи деректер теңізінде дұрыс жол табу, тарихи зерттеулерде 
оларды тиімді және пайдалы етіп қолдана білу қажеттілігі оларды сыныптау 
проблемасын туғызады. Басқаша айтқанда, деректерді ортақ қасиеттері бар, 
бірақ бір-бірінен ерекше белгілерімен айырылатын категорияларға бөлу» - деп, 
деректерді сыныптау қажеттігін негіздеп көрсеткен болатын. 
Бүгінгі таңда түрлі халықтар мен әртүрлі дәуірлер тарихының деректерін 
сыныптаудың біртұтас жүйесі қалыптасқан жоқ. Тек жазба деректерді 
сыныптаудың қалыптасқан үрдісі бойынша мазмұны мен пайда болуына қарай, 
тип және түрге бөлу бар. Сыныптау зерттеушіге тәуелсіз обьективті өлшемдерге 


30 
негізделуі керек, олар обьективті деректердің өзіне тән қасиеттерінен шығуы 
қажет және онда деректердегі шындықтың ену және бейнелену заңдары көрініс 
табуы тиіс. Сыныптау проблемасы таза техникалық емес, методологиялық та 
проблема болып табылады. Ол тек қалың деректер арасында бағыт көрсету 
функциясын атқарып қана қоймайды, сонымен қатар зерттеу тәсілі қызметін де 
атқарады. 
Сыныптау (классификация) таным қызметін ұйымдастырудың маңызды 
амалы, синтездің қажетті сатысы. Дерек көздерді сыныптауға келгенде дерек 
көздерінің типтік және тақырыптық белгілеріне көңіл аудару қажет. 
Деректанулық зерттеулерде сыныптау проблемасының маңызы зор. Ол 
зерттеушіге нақты деректің ерекшелігін анықтауға және сол ерекшеліктен шыға 
отырып зерттеу тәсілдерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы қағидаға 
сай «ҚЖПМ» қазақ қоғамының рулық-тайпалық құрылымының дерек көзі 
ретінде хронологиялық, аймақтық, тақырыптық, мазмұндық, мақсаттық, 
формалық принциптерге сай сыныптауға болады. Мысалы, Ф.А. Щербина 
экспедициясы жинаған «ҚЖПМ» 1896-1903 жж. қамтыды. Бұл 7 жылдық 
зерттеудің нәтижесінде 3 облыстың 12 уезі және 149 болыс зерттеу нысанына 
алынды. Атап айтсақ, 1896 ж. Ақмола облысы Көкшетау уезі: Жыланды, 
Зеренді, Қотыркөл, Мезгіл, Айыртау, Восточная, Көкшетау, Шалқар болыстары 
зерттелінді. 1897 ж. Атбасар уезі: Айнакөл, Атбасар, Денгіз, Жарқайын, Жездін, 
Кенгір, Кентөбек, Қызылкөл, Құмқоңыр, Сарысу, Терісаққан, ¦лытау 
болыстары, 1901 жылы Омбы уезі: Шерлаковск, Покровск, Омбы, Қорған, 
Николаевск болыстары зерттелінді. 1896-1900 жж. аралығында Ақмола уезі: 
Ақмола, Еремен, Қоржынкөл, Қызылтопырақ, Моншақты, Нұрын, Есім, 
Жыланды, Спасск, Шерубай-Нұрын, Қарағаш, Нелдын, Ортау, Ақтау, Атасу, 
Мұңлы, Соран болыстары зерттеуге алынды. 1901 ж. Петропавл уезі: Тайыншы, 
Петропавл, Странов, Преснов, Полуден, Пресногор, Средняя, Құсмұрын 
барлығы 50 болыс зерттелінді. 
Семей облысы 1897 жылдың 2-жартысында Павлодар уезі: Маралды, 
Қызылтау, Баянауыл, Далбын, Алтыбай, Ақкөл, Ақкелін, Ақбеттау, Ақсу, 
Алқакөл, Атакөз, Қарамола, Қызылағаш, Теренкөл, ¦рық, Шақшан болыстары, 
1898-1899 жж. Қарқаралы уезі: Нұра, Қызылтау, Берқара, Ақсары, Кент, Тоқрау, 
Темірші, Абралы, Бөрілі, Дегелен, Ақбота, Едрей, Қуыс, Сарытау болыстары, 
1900 ж Зайсан уезі: Майтерек, Қалжір, Қара-Ертіс, Кендерлік, Манрақ, Шілікті, 
Шорғын, Теріс-айрық, Хабар-асуй, Құмкөл, Базар, Нарын, Лабын, Бағас, 
¤кбетін, Қарабүгін болыстары, 1900-1904 жж. ¤скемен уезі: Чарыс, Сұлусары, 
Көлбін, Айыртау, ¦лан, Себіт, Торғын, Құлыжүн, Күршүн, ‡ркер, Алтай, 
Шанғыстай, Нарын болыстары, 1900 ж. Семей уезі: Кентөбе, Айғыржал, 
Семитау, Қоқан, Аршалын, Шаған, Бұғылы, Шынғыс, Мүкір, Енремей, 
Қандығатай, Қызылмола, Делбегетай, Сейтен, Малыбай, Бесқарағай, Аққұм, 
Белағаш барлығы 77 болыс зерттеуге алынды.
Ал Торғай облысының 1898-1899 жж. Қостанай уезі: Меңдіғары, Қын-Арал, 
¦баған, Ара-Қарағай, Қарабалық, Аман-Қарағай, Дамбар, Бестөбе, Жетіқарын, 
Құмақ болыстары, Ақтөбе уезі: Аралтөбе, Ойсылқара, Теректі, Ақтөбе, 


31 
Бестомақ, Бұрлы, Бұрты, Қаратоғай, Елек, Қарахобды, Түзтөбе, Хобды барлығы 
22 болыс зерттелінді.
П. Скрыплев басқарған партияның жинаған дерек көзі 1906-1913 жж. 
қамтиді. Бұл 7 ж зерттеу Сыр-Дария облысының 4 уезі және 86 болыс, 11 орыс 
селолары, 7 сарт қышлақтарын зерттеген-ді. 1906-1908 жж. Шымкент уезінің 
Машат, Қарамұрт, Бадам, Қазығұрт, Майлыкент, Түлкібас, Қошқарата, 
Сарыбұлақ, Бұралды, Бүгін, Шаян, Арыстанды, Бұржар, Арыс, Ақтас, 
Байырқұм, Сарыкөл, Сыр-Дария, Жылыбұлақ, Қаракөл, Жаңасу, Көкшеқұм, 
Қаратау, Құршу, Шелек болыстары зерттелді. Сонымен қатар, 11 орыс 
селолары: Дорофеевка, Манжурия, Георгиевка, Петропавловск, Қасқа-су, 
Майбұлақ, Каменны Болки, Красноводск, Черной Речки, Беловодск, Антоновка. 
Және: Қара бұлақ, Манкент, Машата, Сайрам, Қара-мұрт, Янақала, Салтан 
Рабатта орналасқан 7 сарт қышлақтары зерттелінді. Ал 1907-1909 жж. Єулиеата 
уезінің Бийліккөл, Күйік, Асын, Тастөбе, Аспара, Ашын, Бақайыр, Баутерек, 
Бешташ, Ботамойнақ-Алмалы, Жайлек, Қарабақыр, Қарабура, Қаракөл, 
Қарақыстақ, Кенкөл, Қарақатын, Құм-Арық, Күркіреуік, Күшеней, Мақпал, 
Талас, Толқын, ‡ш-Қорған, Шұңғыр болыстары, 1911 ж. Қазалы уезінің Аққыр, 
Ақшатау, Ақ-тоғай, Ақ-төбе, Жамансыр, Заңғар, Қалымбас, Қарабас-тоғай, 
Қаракөл, Қармақшы, Қостам, Қуан-Дария, Қорғаншы, Көшербай, Мақпал, 
Райым, Сары-Тоғай, Шыбынды болыстары, 1910 ж. Перовск уезінің Аламесек, 
Байзақ, Головачек, Жолек, Қаракөл-Куандария, Қарауызақ, Кентүп, Қостам, 
Күткеншек, Қыз-Бұғұт, Маслов, Приречная, Сауран, Скобелевская, Телекөл, 
Царская, Шағанов, Жаңақорған болыстары зерттелінген болатын. 
П. Хворостанскийдің зерттеу партиясының жинаған дерегі 1904-1912 жж. 8 
жыл жүргізілді. Ол 2 облысты және 7 уезд бен 94 болысты зерттеу нысанына 
алды.
Орал облысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет