С а р и к: Жоқ, бұл ана жақтан болу керек. Бір сұмдықтың басталатынын біліп едім. Аңду бізге де түскен екен.
К а р и к: Кім жіберген аңду? Неге аңдиды?
С а р и к: Жоғарыдағы өзгерістерді көріп жатқан жоқсың ба? Қазір жер-жерде осындай аңду, факт жинау бар. Менің жазығым жоқ. Мен үлкендердің айтқанын ғана істедім. Мен партияның солдатымын.
К а р и к: Обыск жасамас па екен?
С а р и к: Бәрін де күте бер.
К а р и к: Не дейді? Қапыда басқаны ма? Жоқ, мен қазір барамын да, алып кетемін. Бұйыртпаймын бұларға.
С а р и к: Көп пе?
К а р и к: Алтынды айтасыз ба?
С а р и к: Мынаның артында тағы біреу жоқ па деймін. Барып көріп келші.
К а р и к: (Сыртты қарап) ешкім көрінбейді. Мынау барлаушысы болу керек.
С а р и к: Бұл заңға қайшы. Олардың адал партия қызметкерін астыртын аңдуға, үйін тінтуге хақылары жоқ. Мен адалмын ғой, ә, Карик? Сен білесің ғой адал екенімді.
К а р и к: (Кекетіп) Адал болғанда қандайсыз. Қой аузынан шөп алмайсыз, “Жигули ” болмаса.
С а р и к: Әй, әй, ол былай, өзіміз болған соң ағайынгершілік қой. Қазақтың дәстүрі ат мінгізу, шапан жабу деген үлкен адамдарға. Ал сендер тікелей ұрлайсыңдар. Ол болмайды.
Карик: Сонда үлкен адамдар алса да адал, біз берсек те арам. Сіздер судан таза, сүттен аппақ болып сытылып шыға келмексіздер, тағы да торға түсетін, жаманатты болатын біз. Бұл да бола қоймас.
(Екеуі таласып жатқанда, жандарына Азат келеді.)
Азат: Ассалаумағалейкум, орта толсын, ағайын.
Карик: Өзіңмен бірге болсын. Иә, неғып жүрген адамсың түнделетіп?
Азат: Құдай қосқан көршімін. Мына пәтерді беріп еді. Көрейін деп келгенім ғой. Күндіз жұмыстан қолым тимеді.
С а р и к: (Өзгеріп сала береді). Түу, әлгі оқымыстымын де. Естігенмін.
Азат: Оқымысты болмасақ та, оқығанымыз бар. Әңгімелеріңізді бұзып кеткен сияқтымын, кешірім сұраймын.
С а р и к: Кісінің әңгімесін бұзуын бұзып алып, кешірім сұрағышын мұның.
А з а т: Көргеннен кейін сәлем берейін дегенім ғой.
С а р и к: Жеті түнде сәлемшілін. Сәлемді біржолата үйімізге кіріп, ұйқымыздан оятып бермедің бе?
А з а т: Ақ ниетпен берген сәлемімді алмай, сонша кергідіңіз. Ал бермей-ақ қойдық.
К а р и к: Жігітім, байқап сөйле, бұл кісінің кім екенін білесіз бе өзің?
А з а т: Е, көп болса хатшы шығар, бас секретарь болғандардың да жайынан хабардармыз. Қызмет деген қолдың кірі. Сәлемнің садағасы кетсін.
К а р и к: Лауазымды адамға тіл тигізгенің үшін күніңнің не болып кеткенін білмей қалып жүрме. Сәке, мынау барып тұрған хулиган. Сіз сияқты зиялы адамға ауыр сөз айтқанына шыдауға болмайды. Мен милиция шақыртайын.
А з а т: А, сен сол лауазымды адамның жандайшабымын де. Кешке тұрым серуенге шығарасың, моншаға барып арқасын езіп бересің, солай ма? Бар, шақыр, ондай бопсаңа қорқа қоятын адамың мен емес. Талай шатақты көргенбіз. Көп болса соның бірі болады да.
К а р и к: Милициядан қорықпасаң, бюродан қорқатын шығарсың. Бюроланып кетесің.
Азат: Оны да көргенбіз. Көп болса партиядан шығарады. Сол ма?
К а р и к: Мынау псих, Сәке! Құдай біледі, псих. Көршіге жарыған екенбіз!
Азат: Сен сияқтыларға солай көрінетінім де рас. Қорқытатының жындыханаға тыға салу ма? Ол да біздің нанын жеғен жеріміз.
С а р и к: (Өзгеріп) Жарайды, жігітім. Әншейін бір бала- шағаға ашуланып отырғанымызда келіп қалдың. Әйтпесе сәлем алмайтын қазақ бар ма? Оған айып етпе.
Азат: Бұларың жөн. Ал, танысып қояйық, ендеше. Менің атым Азат.
С а р и к: Сарик.
Азат: Сары ит?
Сарик: Сартай.
К а р и к: Карик.
Азат: Қара ит.
Карик: Қарабек.
А з а т: А, солай ма?
Сарик: Бізді тергей бергенше, өз жөніңді айтшы. Мына номенклатурный үйді қайдан алып жүрсің?
К а р и к: Бір мықтының арқасында алған шығар. Шала оқымыстының қолы жете қоятын үй емес қой бұл.
Азат: Иә, бір мықтының арқасында алғаным рас.
К а р и к: Айттым ғой жаңа, бір мықтысы бар деп. Осы бағанадан бері бізді мазақ етіп тұрған жоқ па, Сәке?
Азат: Ол мықтым - әйелім. Бұл қалада ондай әйелді табу қиын.
С а р и к: Біздің номенклатурада болғаны ғой, келіннің фамилиясы кім?
Азат: Сіздің номенклатурада жоқ, сонда да айрықша правоны пайдаланатын батыр.
К а р и к: Түсіндім, Ауғанстанда соғысып келген шығар.
Азат: Құдай сақтасын. Ол Отанға пайдалы еңбек сіңірген.
С а р и к: Енді космонавт емес шығар, әйтеуір.
Азат: Менің әйелімнің космоста шаруасы жоқ. Оның шаруасы жердің тірлігі. Ол - он бала тербиелеп отырған батыр ана.
К а р и к: Қалада он баламен, әй, қайтіп емір сүріп жүрсіңдер- ей. Әйелің сыған шығар сенің?
Азат: Әйтеуір, кейбіреулер сияқты елдің үстінен күн көріп жүргеніміз жоқ.
К а р и к: Немене, қуыстанып тұрсың ба? Шамасы сауда жағында істейтін болдың ғой.
С а р и к: Жарайды, қойыңдар. Үйге кірелік. Ертең қызмет бар.
К а р и к: Иә, Сәке, сіздің үлкен маңызды шаруаларыңыз бар ертең. (Азатқа қарап ңойып) Бюрода талай адамның тағдырын шешесіздер ертең. Сіздің демалғаныңыз дұрыс. Қала халқына қызмет етеміз деп біз де шауып жүрміз, әйтеуір. Бізді де іздейтін ел табылатын шығар.
(Аня, Шура шығады.)
Аня: Ты еще здесь, Сарик. Рекстің халі не болды? Барып білсең етті. (Қарғыбауынан ұстайды.)
Шура: Ойыңа біреу түсіп, қаңғып кеткен жоқсың ба-ей, Донжуан. Удивительно! Айтпады деме, жаныңды шығарамын. (Ол да қарғыбаудан ұстайды, Азат таңқалып тұр.)
К а р и к: Шурочка, бөтен кісі тұр ғой мұнда.
Шура: Білсін сенің кім екеніңді. Есесіне үйден шықпайтын боласың.
Сарик: Иә, бұл жігіт біздің жаңа көршіміз.
Аня: Онда езіміз сияқты номенклатурный болды ғой. Танысқаныма қуаныштымын. А то, бір аулада екі-ақ семья едік.
Азат: Жоқ, мен номенклатурный емеспін.
А н я: Онда тіпті жақсы. Номенклатурныйлар сондай скучные люди. А с вами наверное веселее будет?
А з а т: Аулаңызға күлкі толатынына кепілдік беремін.
Аня: Тамаша! Мен күлкіні жақсы көремін. Рекс те адамдардың күлгенін ұнатады.
Азат: Каратэ, таэквандо тәсілдерімен, болмаса кәдімгі қазақша “түйе бас”, “түйе бас” деп опыр-топыр болатынымыз да бар. Артынан бүкіл үйді басымызға көтере жылап та аламыз.
Аня: Рекс у-шуды көтере алмайды. Онда тәртіпке шақыруга тура келеді. Сіздер оның денсаулығымен санасуларыңыз керек.
Азат: Сіздер де балалардың балалығымен санасуларыңыз керек.
С а р и к: Анячка, бұл жігіттің он баласы бар екен.
А н я: Он бала?! Ужас! Как можно терпеть? Детский сад қой бұл.
Шура: Детская колония десеңші?
Аня: Сарик, как вы допустили это. Номенклатурный үйді мынандай безответственный адамға беріп.
Шура: Уголовниктер ғой дайын тұрған.
Сарик: Енді горисполком солай шешіп қойыпты.
Аня: Ал сен звонда, болмаса бюроға сал.
Азат: Менің балаларым әзір партияда жоқ. Кейін қандай партияға кіретіні де белгісіз.
Аня: Горисполкомға дави, Сарик. Прямо қазір звонда!
Сарик: Жарайды енді, Анячка, таң атсын да.
Аня: Жоқ, ертең поздно будет. Пошли. (Сарикті қарғыбауынан жетектеп кетеді.)
Шура: Карик, тез арада есіктің қүлпын ауыстыр. Терезелердің сигнализациясын тексер.
Карик: Құп болады, ханум. (Карикті Шура жетектеп кетеді.)
Азат: (Ішек-сілесі қатып күледі.) Қараңыздар, сіздердің басшыларыңыздың түрлері мынау. Соларға сеніп жүрсіздер, ауыздарынан не шықса да бұлжытпай орындайсыздар. Ал бұларды қатындары мұрнын тескен түйедей жетектеп алған. Қарғыбау таққан Сары ит пен Қара ит. Ха-ха-ха...
Несіне күлеміз. Жылау керек. Баланың орнына біреуі Рекс деген итін құшақтап отыр, екіншісі үйі толған алтынын аймалап отыр. Мұның бәрін қайдан біледі демеңіздер. Мен қазір социологиямен айналасамын. Қаланың барлық номенклатурасының мәліметтері қолымда, бұларды әлі су бетіне шығарамын.
Бірақ оған дейін маған уақыт беріңіздер. Мен бастағанда сіздер қоштап отырмасаңыздар болмайды. Қане, қол соғып қоштап жіберіңіздерші. Енді бұлардың келесі қызығын көріңіздер. (Кетеді. Сахна сол кезде бос қалады. Карик шығады. Ол терезелерін тексеріп жүр.)
Карик: Бұл дүниені не үшін жиып жүрмін мен? Ұры түсе ме деп үйден де ұзап шыға алмайсың. “Қамшының сабындай қысқа өмір” өтеді де шығады. Ал ұрпағым жоқ. Шура бір дүкенді бір өзі ұстады да, ешкімге сеніп тастай алмай, бала табуға да қорықты. Кейін-кейін деп жүргенде кешігіп қалды. Бірақ мен еркек емеспін бе? Жаңағы БИЧ құрлы жоқпын ба? Бақандай он баласы бар. Қандай бақытты. Шура тумаса тумасын. Ал мен туатын әйелді табамын. (Ыдыстарын жинайды.) Ізіңді жасырып жүрмесең, біздің Шура Шерлок Холмстан жаман. Бәрін сезіп қояды. Ол бар ғой, қазір үйге кіргеннен кейін менің осы жерде не ойлағанымды да біледі.
(Сол кезде Сариктің үйінен ту шығады. Үйдегі дауыстар - Аня: “Сен неге іштің, ә? Рекстің ауру екенін білесің. Сүйтесің де ішесің. Аясаңшы. ” Сарик: “Ойбай, Рекс емес, түйе жүр мына бөлмеде. Қарашы сенбесең. Әні келе жатыр. ”)
Карик: Шалдың жыны тағы қозды-ау деймін. Қой, “бәледен машайық қашыпты” деп кетейін көзіне түспей. (Ыдыстарын алып кетеді. Алақ-жүлақ етін жүгірін Сарик, артынан Аня шығады.)
Сарик: Түйе, түйе жүр біздің үйде. Аня, қушы оны.
Аня: Қайдағы түйе, Рекс қой ол бөлмеде.
Сарик: Жоқ, түйе. Аузынан жыпы ақтарылған ақ бура. Ойбай, маған қарай келе жатыр. (Жата кетеді) Кеудемді күйрететін болды. Өлдім...
Аня: Ну, и умри! Больше не будешь пить.
Сарик: Қүдай қосқан қосағым, Әнипаш! Тартшы мына жыны ақтарылған бәлені. Он, аяғы тура кеудемде тұр. Бақанмен бақ дегізші.
Аня: Какой бақан еще?
Сарик: Палку найди, палку.
Аня: Басып тұра тұрсын, мастығың тарқайды. Бағана қонақ та отырғанда бастығыңның көзінше не дедің сен? Бұл күнде бір үйге бір әйел аздық етеді дедің ғой.
Сарик: Хозяйка үлгере алмай жатқаннан кейін қалжыңдағаным ғой.
Аня: Жоқ, ол сенің ойың. Еще“Ата-бабамыздың сол дәстүрін жаңғырту керек” дедің. Айт қане, ол жақсы дәстүр ме, или жаман дәстүр ме?
С а р и к: Жаман дәстүр, ойбай!
А н я: Вот так! Енді аузыңа келгенді оттамайсың. Но, так просто қумаймын.
С а р и к: “Жигули” мінесің ертең-ақ. Аня, қушы енді.
Аня: “Жигули” это другое дело.
С а р и к: Иә, иә, ертең есіктің алдында тұрады дей бер.
А н я: Бедный Сарик. Любимый. Сен коп ішпеші. Қазір мен сені құтқарамын. (Қолына таяқ алып айналдырады.)Кет, кет бәлекет. (Осы кезде Азат кіреді.)
Азат: Ау, жеңгей, бұл немене жеті түнде? “Соқыр теке” ойнап жүрсіздер ме?
Аня: Какой еще соқыр теке?
Азат: Бала кезде сондай ойын болушы еді осылай көзді байлап, шыр кебелек айналатын.
А н я: Ой, мына Сарик қой әлекке салып қойған. Өзі сирек ішеді. Бағана бастығымен басып қойып еді, оның үстіне Карик ішкізіп жіберіпті. Ал ішіп алса, көзіне ылғи түйе елестейді. Көрші болған соң несін жасырайын.
Азат: Сирек ішеді дейсіз, ә?
Аня: Иә, сирек ішеді, тек бастықтармен ғана.
Азат: Демек, белая горячка емес.
А н я: Не знаю.
Азат: Бірақ түйе елестейді көзіне! Бұл кісінің әкесі үлкен молда болған жоқ па еді?
Аня: Бұл оны жасырады. Бірақ естігенмін, бұл молданың тұқымы. Тіпті қобыз тартқан. Атам ағын суды теріс ағызатын дегенін естіп мазақтағанмын.
Азат: Түйе болып елестеп келіп жүрген әруақ қой ол.
Аня: Какой еще аруақ?
Азат: Салқар сахарада ащы шөпті де қанағат тұтып, шөлге де шыдай беретін көнбіс түйе болып көрініп жүрген бұның әруағы. Ата-бабасының әруағы. Олар бұған қона алмай жүр екен. Әбден ашуына тиген екенсіңдер жарықтықтың. Бүгін былғаныш тірлік жасағансыңдар-ау, шамасы. Қолдарыңды былғағансыңдар.
Аня: Біз жатарда душ қабылдаймыз.
Азат: Қанша жуынсаңыздар да кетпейтін былғаныш дүние ұстағансыздар немесе ұстайын деп ойлагансыздар.
Аня: Сарик ертең «Жигули» алып берем деді.
А з а т: Ә, сол екен гой.
С а р и к: Ойбай, кеудемді күтірлетіп барады. (Әнипа таяғын оңтайлады).
Азат: Оныңнан түк шықпайды, жеңгей. (Сарикке жақындап) Қанеки, пыссымылда деңіз.
С а р и к: Пыссымылда.
Азат: Енді «ләіллаха ілоллоху мухаммадун расуллулоху»- деңіз.
С а р и к: Ләлләха, іллолоха, мухаммаамухойға... Шорту, мұныңа тілім келмейді.
Азат: Иә, тіліңізді сындыру керек екен. Бірақ әруақты әрқашанда еске алып, құрметтеп жүру керек. Енді былғаныш тірлікке бармаңыз. Қалай, кішкене жеңілдеді ме?
С а р и к: (Орнынан тұрып). Шынында, жаңағы ләйләханы айтқаннан кейін аяғын алып, анау бұрышқа барып тұрды. Бірақ бізге қарап телміріп тұр.
Азат: Аталарыңыздың әруағы күшті екен. Ертең жеті нан құдайы таратып жіберіңіздер.
С а р и к: Кемпір көнсе.
Аня: Какой еще құдайы?
С а р и к: Әне, бұл сүйтеді енді.
Азат: Әруақтардың айналып келіп жүргені - әзәзіл көбейе бастаған. Баласыз үйге жын-шайтан үйір болады. Осыны ойлаңыздар.
С а р и к: Апырай, ә? Рас па?
Азат: Әрине, өзіңіз де көрдіңіз ғой. Кәне, үйге кіре беріңіздер. Енді ешқандай қауіп жоқ.
Аня: Біздің Рексіміз бар. (Сарик, Аня үйге кіріп кетеді.)
Азат: Рексі бар, бала жоқ... Солай, ағайын. (Шураның даусы шығады.) Аналардан да шу шығып қалды ғой, бара тұрайын.
(Карик, Шура шыгады.)
Шура: Кет, кет Орбитаңа. Бәсе, соңғы кезде дежурстваң, көбейіп кетіп еді. Жайың түсінікті болды.
Карик: Не боп қалды жаным-ау? Өлтірсең де айтып өлтірсеңші.
Шура: Немене, естімей тұрсың ба? Анау Орбитадагы үйіңе кет.
Карик: Қайдагы Орбита, қайдағы үй?
Шура: Кет деген соң ит те кетеді. Бір күн тұрмайсың, бір күн тұрғызбаймын сені бұл үйде, білдің бе? Осылай жалаңаш кет! (Азат келеді.)
Азат: Ой, жеңеше, жан даусыңыз шықты ғой тіптен. Жайшылық па, әйтеуір?
Ш у р а: Қайдағы жайшылық болсын! Мына сүмелектің картасының бәрі маған белгілі болды.
А з а т: Немене, преферанс ойнап па едіңіздер, әлде жиырма бір ме?
Ш у р а: Дәл айтасың, бұл менімен жиырма бір ойнап жүр екен. Банкротқа түсетін кезі келді.
А з а т: Е, карта деген бірде оған, бірде саған дегендей, ауысып келіп отырмай ма?
Шура: Ауыспайды, бәрі маған.
Азат: Па, шіркін! Кәрекеңнің көзірін көріп қойғансыз-ау, шамасы.
Шура: Бұл өзі білдіріп қойды. Атауын ішіп келіп ұйықтап жатқан. Бір кезде ұйқысырап сөйлей бастады. Не айтып жатыр екен деп, ақырын тыңдасам, масқара, ойы бұзық мұның.
Азат: Не дейді сонда?
Шура: «Атаңның аузын ұрайын, қазақтың тұқымын көбейтемін, қазақтың тұқымын көбейтемін» деп күбір-күбір етеді.
Азат: Ниеті жақсы екен, дегеніне жетсін.
Шура: Жеткізем мен оны, желкесін қиямын.
Азат: Иә, содан?
Шура: Содан кейін жөнделіп жатсын деп қозғағаным сол еді, атып тұрып, апыл-ғұпыл киіне бастады. Түсіне қойдым да: «Жаным, қайда барасың, кетпеші» дедім. Сөйтсем бұл сүмелек: «Шура ұрсады, үйге қайтайын» дейді. Өзінде жүрек жоқ тағы, «Үйің қашық қой» десем, «Орбитадан үйге дейін екі-ақ сом» деп қояды. Шыдай алмай светті жағып қалып: «Шаңыраққа қара, сволочь» десем, «Әй, мынау біздің үйдің люстрасы гой» дейді. (Карикке) Немене, мен сенің үйіңнің хозяйкасына ұқсамаймын ба? Бар, кет! Неге үндемейсің, ей?! Маған сөйлегің де келмейді сенің. Солай ма?
К а р и к: Енді түс кергеніме де жазықтымын ба?
Шура: Значит сен солай ойлайсың. Мен болмасам, сен осындай дәрежеге жетер ме едің? Карик институт бітірсін, Карик қызметінен өссін деп, суық дүкеннің ішінде сыз кешіп жүріп жұмыс істедім. Қанша ақша сұрасаң, сонша ақша тауып беріп жүрдім. Ал өзім ауру таптым. (Көңілі босайды) Енді керегім жоқ болып қалган екенмін гой саған.
Карик: Керексің ғой, Шурочка, керексің!
Шура: Менің ақшам керек саған. Бірақ, айтпады деме, сүйегімді аттап шығасың бұл үйден. Жүр, қане! Бұрын жетектеп алсам, енді ешек қып мініп аламын, білдің бе? Миыңды шұқимын да отырамын. (Екеуі кетеді.)
Азат: Бейшара Кәрібек, азап көріп жүр екен-ау. Шураны да түсінуге болады. Жас кезін екеуі де ойын-күлкімен өткізген. Енді күнде ырың-жырың. Дәнекер болар ешкімі де жоқ. «Балалы үй - базар, баласыз үй - мазар” деген осы болады. Қой, бұларға көмектеспесе болмайды. Мәселенің шешімін қалай табамыз? Ойланайын. Сіздер де ойланыңыздар, халайық.
II БӨЛІМ
Шура: (Қолында газет.) Анечка, қайдасың?
Аня: Не боп қалды?
Шура: Мынаны оқы. Вот наглая! Вот наглая! Өзін тауып алып, шашын жұлын, бетін тырнап, қанжоса етер ме еді, ә?
Аня: (Оқиды). «Екінші әйел болып ерге шыққым келеді». Не дейді, масқара! К черту, бүйткен қайта құруыңды. Біз еркектерден қауіптеніп жүрсек, нағыз жауларымыз бұнда екен ғой.
Шура: Қалай еді, әлгі мәтел: «Құнажын көзін сүзбесе, бұқа бас жібін үзбес» деуші ме еді? Дәл айтылған. Біздің жігіттерімізге жел бітіріп жүрген осылар. Ары қарай оқы.
Аня: (Оқиды). «Кәрі ата-анамды бағып-қағамын деп кезінде ерге шыға алмадым. Енді мен қатарлының бәрі үйлі-баранды болды. Әйел үстіне болса да тиіп, бала сүйгім келеді. Еркектің ыстық-суыгын көтергім келеді. Күндесіме де қызғаныш білдірмес едім. Баланы жолдан тауып алғаннан сол жақсы емес не?..»
Ш у р а: О, салдақы, о, сайқал! Жолдан тауып алгысы келмейді. Сонда біреудің некелі байының қойнына кіріп кеткен жақсы ма?
Аня: Мына біреуін қара. Бұны да әйел жазган. «Мен аурудың кесірінен операцияға түсіп, ақыры бала көтермейтін болып қалдым. Күйеуім баламыз жоқтығына қатты күйзеледі. Мен ойлап-ойлап, ақыры оған екінші әйел алуга рұқсат бердім. Оным үлкен адамгерпіілік емес не? Әйтпесе, ұрпақсыз қалады ғой.»
Шура: Адамгершілігінің түрін албастының, әзі есі ауысқан болу керек. Байын біреуге қолдап бергені несі?!
Аня: (Кенет қуанып) Ал менің қызым бар, скоро немерелі боламыз. Так что маған қауіп жоқ.
Шура: Немене, мені табалап тұрсың ба? Бір баласы барларды да құр қалдырмапты, мынаны оқы.
А н я: (Алып оқиды). «Ұлт өсу үшін әрбір семьяда кемінде төрт баладан болу керек. Төрт баладан көп туғысы келмеген әйел, еріне баяғыдай тоқал алуға рұқсат берсін. 80 мың бойдақ ісіңлілері күйеуге тие алмай, соның салдарынан ұлтымыздың өсуіне үлесін қоса алмай отырғанын қазақ қатындары түсіну керек» Азат Әбиіров. Әй, мынау біздің шала оқымысты ма?
Шура: Соның өзі. Осы көрші болғанда-ақ суханым сүймеп еді. Көзөйнегімен қарағаны жаман.
Аня: Біздің Сариктің тілі шыға бастап еді, осының үгіті болды. Тіпті, шала оқымыстыны мақтайтын болыпты.
Шура: Ақырзаман боларда «Қарап тұрған жігітке қыз асылар» деген осы болды. Қайта құру емес, бүл қазақ семьясын қайта құрту. Жоқ, бұлай қалдыруға болмайды. Қазір барлығы өз праволары үшін күресіп жатқан кез. Біз де күресеміз!
Аня: Не істейміз сонда? Давай, шала оқымыстыға покушение жасайық.
Шура: Идея! Бірақ қалай жасаймыз?
Аня: Өлтіре саламыз.
Шура: Қайтіп, немен? Біздің қаруымыз да жоқ қой.
Аня: Солай екен-ау, ендеше қорқытайық.
Шура: Үйінен шығып келе жатқанда сен аяғыңды тосасың былай, мен шалып қаламын. Құлағаннан кейін қапқа салып аламыз да, «Егер райыңнан қайтпасаң, өлтіреміз» деген шарт қоямыз.
Аня: Дұрыс, біз рэкеттер боламыз. Қазақские бабы - рэкетеры! Давай, алдымен разведка жасаймыз. (Олар Азаттың үйінің есігіне қарай жақындайды. Ондағы жазуды оқиды.)
Шура: Мынаны қара, «Қазақ ұлтын жер бетінде сақтап қалу қоғамы». Мәссаған керек болса, бұл тіпті алысқа кетіпті.
Аня: Сақтап қалатып болса, бізді де сақтап қалсын. Біз де қазақпыз, да еще қатынбыз.
Шура: Ой, Анячка, түсінбейсің. Бұл қайта бізге қарсы құрылған қоғам. Ол ана бала туғыштардың сөзін сөйлейді. Көп қатын алуды насихаттайды. Сондықтан алған беттен таймау керек.
Аня: Таймаймыз, пошли қаруланып келейік. (Екеуі беттеріне чулки киіп шығады. Біреуінің қолында жібек арқан, екіншісінің қолында қабы бар.)
Аня: Өзі күшті шығар ол бәле. Бізді итеріп жіберіп, разоблачить етіп қоймай ма?
Шура: Шешінген судан тайынбайды. Тәуекел тас жарады.
Аня: Танып қойса, ұстап алса, қайтеміз?
Шура: Түу, өзің қоян жүрек екенсің ғой. Тыныш тұр, қазір шығады. (Екеуі де тыныштала қалады. Есіктен Азаттың киімімен Карик шығады. Бұлар тұра ұмтылады да, Карикті байлап жатады. Сол кезде үстілеріне Сарик келіп қалады. Әйелдер тұра қашады.)
Сарик: Қарақшалыр, ұстаңдар, көмектесіңдер! Милиция! (Карикті босатады.) Сенбісің-ей, Карик? Мынау сұмдық қой тапа-тал түсте! Ойпырмай, мен болмағанда жағдайың қиын болатын еді-ау, құдай сақтады. Жаңағы рэкетерлар сені алып кетіп, кейін выкуп сұрайын деген болу керек. Тез милицияға хабарлайық.
Карик: Керек емес, милиция оларға түк істемейді. Қайта басымыз бәлеге қалады.
Сарик: Иә, олар, айтпақшы, кекшіл дейді ғой. Мұның да жөн.
Карик: Кекшіл болғанда айтпа! 15 жыл бойы кек алып келеді.
Сарик: Немене, ескіден байланысып қалған бәлелер ме? Мынауың қиын екен, шырағым. Ебін тауып құтылмайсың ба, ақша берсең де?
Карик: Олардың ақшасы көп. Сіз бен біз ақшаны солар үшін жинап жүрміз.
Сарик: Мұныңды қалай түсінуге болады? Менің ақшамның қайда екенін жан адам білмейді.
Карик: Біледі, Сәке, білгенде осылар біледі. Байлығыңыздың кілті осылардың қолында.
Сарик: Сен осы менен бірдеңені жасырып түрсың-ау. Между прочем, одан әрі қазбаламаймын. Өзің біл.
Карик: Дүрбелеңге толы дүние, тіпті әрбір сағат сайын саясатта өзгеріс болып жатқан заман ғой. Бұл оқиғаның да шешімін көп ұзамай білерсіз. (Екеуі де үйлеріне кіріп кетеді, екі жақтан Аня мен Шура шығады.)
Аня: Шурочка, тез жет, ойбай!
Шурочка: Анячка, міне, келдім.
Аня: Телевизор көрдің бе?
Шура: Көрдім. Аяғына әзер жеттім де, мен де саған қарай жүгірдім.
Аня: Это конец. Көп қатын алу мәселесімен парламент айпалысады деген не деген сұмдық! Бұлар социализмді қайта құрмайды, бұлар капитализмге де оралмайды, бұлар бар ғой оны аттап өтіп, туп-тура феодализмге бірақ апарады.
Шура: Капитализм біз үшін су ағын жатқан арық сияқты болды ғой. Баяғыда да оған аяғымызды тигізбей топ етіп социализмге бір-ақ аттап едік. Енді кері аттаймыз ба?
Аня: Қалай ойлайсың? Ана депутат қатынның сөзі жаман, тіпті бұзық. «Өзбек байыса там салады, қазақ байыса қатын алады» деген мақал бар. «Әлі бұл мәселеге оралармыз» дейді. Значить заң дайындап жатқан болу керек!
Шура: Өзінің аузы суйрең-сүйрең етеді. Комментатар сұрақ бергенде жүзі бұлбұл жанып, көзі күлімдеп, қуанып кетті. ІІІамасы, байы жоқ болу керек.
Аня: Әрине, байы жоқ болғаннан кейін не істейді, депутат болмағанда. Біз осы байларымыздың қамын жеп қой, оқысақ та үйде отырып қалғанымыз. Әйтпесе, біз де депутат болар ма едік ендігі. Солай емес пе, Шурочка?
Шура: Әрине, солай. Маған қазір сауда министрінің орнын берсінші! Қалай қатырып істер екенмін. Потому что знаю «где собака зарыта».
Аня: Мәселе қазір министрде емес, мәселе депутаттарда, заңды солар шығарады. Ана еркек депутаттың иманы бар екен.
«Екі сиыр сауған үйдің айраны көп, екі қатын алған үйдің ойраны көп» деді. Вот дұрыс айтады. Между прочем, мен оны танимын. Баяғыда Сарикпен бірге қонақта болғанбыз. Сариктің онда партийный лидер болып жүрген кезі, ал бұл министр ме еді, әлде зам ба, әйтеуір, бізден төмен отырған. Енді солардың күні туып тұр. Өзі әйелінен қорқады-ау деймін, мүмкін қабылдатпас, ә, ондай заңды.
Шура: Түу, сен бойдақ әйелдерді білмейді екенсің ғой. Олар парламентті де жаулап алады түбінде, қара да тұр.
Ан я: Біз де депутат болайық.
Шура: Біз депутат болғанша бес жыл күту керек. Ал жағдац күн өткен сайын шиеленісіп барады.
Ан я: Тағы да рэкетер боламыз ба?
Шура: Жоқ, террорлық жол бізге қол емес екендігін өмірдің өзі көрсетті.
Аня: Екі ортада Кариктің обалына қала жаздадық. Сарик бізді ұстап алғанда тіпті масқара болатын едік. Енді олай ету опасно!
Шура: Ленин айтқан: «Бізге бұл жол мен жүруге болмайды» деп.
А н я: Сонда қалай, подпольеге кетеміз бе? Жасырын ячейка ұйыдастырайық.
Шура: Жасырын ұйым ешкімге керек емес. Қазір жариялылық заманы. Ашық ұйым құрамыз. Қозғалықса бүкіл байы бар әйелдерді көтереміз. (Залға қарап) Жолдас байы бар әйелдер!
Аня: Жолдас деген қазір не модно. Ханымдар мен бибілер деу керек.
Шура: Ең дұрысы - қатындар. Қатындар, қазақ қатындары! Байы байларыңызға айтамын. Біздің басымызға үлкен қауіп төнді! Жариялылық пен демократияны пайдаланып, жеке басының мүддесін ойлаған кейбір басы бос салдақылар біздің байларымызды иемденіп кетпек. Бұл совет семьясын бұзу, морально азғындау. Сондықтан да біз мына Аня екеуміз бастаған қозғалысқа қатысыңыздар. Қазір соңымыздан еріңіздер! Оларға дем беріп жүрген шала оқымыстылармен пікір сайысына түсіп, өз правомызды қорғап шығайық. Керек болса, парламенттік шайқасқа да даяр болайық.
(Шура сөйлеп жатқанда шыгып кеткен Аня қолына ұран ұстап қайтады. Он да «Бір қазаққа - бір қатын!» деген жазуы бар. Екеуі сахнаны айналып Азаттың үйіне беттейді. Азаттың өзі шығады.)
А з а т: Оу, жеңгейлер, жол болсын.
Шура: Немене, көрмей тұрмысың?
Азат: (Оқиды). «Бір қазаққа - бір қатын!» Дұрыс-ақ, ал көрдік, оқыдық.
Аня: Оқысаң сол! Біз сенің теорияңа қарсымыз.
Азат: Жақсы келдіңдер, мен сендерді кептен күткенмін. Бұларың өте игілікті қадам. Демек, біздің қоғамымыздың мүшелері көбейе түседі деген сөз.
Шура: Сен бізді өйтіп алдама, шала оқымысты. Өтірік айтпаймын дегенің қайда?
Азат: Әбиірүлы Азат ешуақытта өтірік айтқан емес, ол жер бетіне шыр етін түскелі шындық үшін шырылдап күресіп келеді.
Шура: Сенің ол мылжың сөзіңді тыңдап, құлағымыз жауыр болған. Ал қазір өтірік айтып тұрсың. Сені мен біздің жолымыз бөлек. Біздің ымыраға келуіміз мүмкін емес. Солай емес пе, Анячка?
Аня: Конечно, Шурочка. У него феодальная психология, у нас самая современная, западная.
Азат: Алдымен әр нәрсені өз атымен айтайық. Мәселен, сенің атың ғой Әмина, ол неге Анячка болады? Ал сен Шура емес Шөпгүлсің, солай ғой? Әке-шешең азан шақырып қойған атты неге бұрмалайсың?
Аня: Шөпгүл?! Ха-ха-ха. Қандай старомодный ат. Просто айтуға неудобно.
Шура: Сен тыңшы шығарсың, менің паспортымды қайдан көрдің? Мен паспортымды өзгертіп аламын.
А з а т: Онда ұлтыңды да өзгертіп жаздыр. Қайтесің қазақ деп? Қазақ деген де қазір старомодно, өздерің айтқандай. Бір модный ұлтты ұстаңдар.
III ура: Жоқ, мен мынаған қарағанда қазақпын.
А з а т: Ендеше неге қазақтың сөзінен қашасың? Шөпгүл деген атауда бүтін бір тарих, керемет сурет жатқан жоқ па. Мәселен, сен жаздың жаңа шыққан кезінде туғансың. Бұл кезде даланың күллі гүлдері гүлдеп, жұпар иісі әлемді алып кетеді. Шіркін, дала!
III у р а: Сен пегізгі тақырыптан ауытқымай сөйле.
А з а т: Негізгі тақырыптың мәні де осында жатыр. Енді Сартайды Сарик, ал Кәрібекті Карик дегенше Сары ит, Қара ит деймісіңдер ме?
А н я: Әлгі пікірсайысымыз осы ма? Қандай скучный.
А з а т: Пікір таласу үшін осы шартымды орындайсыңдар. Әйтпесе, сендерді ешкім қазақтың күйеуі бар әйелдерінің намысын жыртып жүр деп есептемейді. Қараңдаршы, жаңа мына отырғандардың біреуі де соңдарыңнан ілескеп жоқ.
Аня: Шынында да солай-ей.
Азат: Өйткені сендердің сөйлеген сөздерің де, ойларың да қойыртпақ. Түр-тұрпаттарыңда да қазақы бір белгі жоқ.
Аня: Шурочка, ой, Шөпгүл, мынау не деп қорлайды бізді?
Шура: Шыда, Аня, шыда, күресу үшін жауыңнан да үйрену керек. Алдағы күресте бәрі де керек болады.
Азат: Дегенмен, түсініктерің бар қатынсыңдар. Маған жақсы шәкірт болатын түрлерің бар. Ілгері кеттік. Келесі мәселе мен жазған мақала туралы ғой, ә, солай ма?
Шура: Солай, сен қазақтың семьясын моральный жағынан азғындатқың келеді.
Аня: Сен феодализмді қайтын әкелгің келеді.
Азат: Халық дәстүрі қоғамдық формациядан биік тұрады. Ол феодализм кезінде, болмаса құлдық дәуірде қалынтасты ма, әңгіме онда емес. Ол - халықтың ғасырлар бойы жиған байлығы. Сондықтан оның пайдалысын қазір де әжетке жаратуымыз керек, болашақ ұрпаққа да ұсынуымыз қажет.
Шура: Сонда тапқаның еркектерге екі қатын әперу ме?
Аня: Осы мылжыңның сөзін кім тыңдайды!
Шура: Бұны оңай жау деп ойлама. (Залды нұсқап) Көрдің бе, әне, еркегі де, әйелі де құлағын түріп, не болар екен деп өліп отыр. Бастарыңа келгірлер!
А н я: Тіпті, балаларға дейін аузын ашып қалыпты. Ұят-ай!
Азат: Мәселе сол балада жатыр. Қазақ көп қырылған халық. 32-жылғы ашаршылықта үш миллиондай бауырымыздан айырылдық.
Ш у р а: Ол жырыңды бізге жырламай-ақ қой, қазақша газет-журналдар мен радио күнде қақсап жатыр. Құлағымыз керең емес, естіп жүрміз. Шалдарымыз осы күні қазақша газет алатын болған.
Азат: Қазақша оқи бастағандарың дұрыс. Демек, бетбұрыс бар деген сөз. Иә, қай жерге келдік, ә, бала жайында екен ғой. Ендеше ілгері кеттік,. Мөселен, Әнипа, сен неге бір баламен тоқтап қалдың?
Аня: Ол кезде бала бағуға жағдай болды ма? Жұмыс бір жағы, пәтерден пәтер жалдан жүрген кез.
А з а т: Ол сылтау ғана. Пәтер жалдап тұрын-ақ баланы жылда тауын жатқан қазақтың патриот әйелдері көп. Мен түбінде оларға ескерткіш қойдырамын.
Аня: Олардың бәрі әйел емес, маймыл болып қалған шығар ендігі. Ужас!
Шура: Өзін күтінбеген әйел әйел ме? Әйел - сұлулықтың символы, әйел гүлдей жайнап, балықтай ойнап тұру керек деп айтатын ақындар қайда? Әйел ләззат үшін жаралған ерекше жаратылыс демейтін бе еді? Енді келіп бала табудан қолы босамаған салпыетектерге ескерткіш орнатамыз дейсіңдер. Сендер опасызсыңдар!
Аня: Рас-ау, біз қайда қаламыз сонда?
Азат: Сендер әлі де жерде қалмайсыңдар. Әжетке жарайсыңдар.
А н я: Әрине, жараймыз, солай ғой, Шурочка, то-есть Шенгүл?
Шура: Тыңдап алсаңшы алдымен, бүл шала оқымыстының сөзінің аржағында пәле тұрады.
Азат: (Мән бере) Әжетке жарайсыңдар, иә. Денсаулықтарың мықты. Демек, әлі де туу керек.
Аня: Туу, в этом возрасте? С ума сойти!
Азат: Жараймыз деген өздерің гой.
Шура: Құдай туғызбаса қайтеді?
Азат: Қазіргі медицина еркекті де туғызады. Тек ниет болса болды.
А н я: Ну и хорошо. Сарик, то есть Сартай мен Кәрібек тусын. Мен бір рет көргенмін. Ой, как страшно! Представляю екеуінің қалай қиналатынын. (Күледі.)
Ш ура: Кәрібек Сәкең емес айтқанды істей беретін.
Аня: Ал сен қорқыт.
Ш ура: Кооперативщикті немен қорқытасың қазір. Олардың өзінің заңы бар.
А н я: Это точно. Сартай да бұрын бюродан қорқушы еді, енді: «Мен похоронное бюроның бастығымын. Мені марқұмдармен қорқыта алмайсың» - деп екіленіп кететін болды.
А з а т: Демек, туғыларың келмейді.
Шура: Поздно, поезд ушел, дорогой.
А з а т: Ал Сәкең мен Кәрібектің пойызы әлі күтіп тұр. Қой, сендермен босқа әуре болғанша мен соларға қалыңдық іздейін.
А н я: Қалыңдық? Ондай правоны саган кім берді?
А з а т: Ол құқық қоғамның жарғысымен және бағдарламасымен берілген.
Аня: Современный жеңгетайлар!
Азат: Ұлтымыздың өсіп, жерімізді сақтап қалу үшін жеңгетай болуға да тура келеді. Қыз айттыру мен жеңгетайлық та қалпына келтіру кезегін күтіп тұрған әдет-ғұрыптар.
Шура: Мүмкін, қазақ әйелдерін айына бір бала таптыратын дәрі ойлап табарсыңдар, ана қойға қолданатын СЖК сияқты.
Азат: Бұл айтып тұрғаның бала тууды қолдан реттеудің бір түрі. Біз шектеу сияқты бұған да қарсымыз. Құдайұа шүкір, казақ қатындарының табиғи мүмкіндігі жетеді. Ол мүмкіндік 70 жыл бойы толық пайдаланылмай келеді. Енді соны пайдалануға мүмкіндік туып отыр.
Шура: Мәселе бәрібір сотқа тіреледі. Ал сот біздің мүддемізді қорғайды. Қазақ ССР-інің кодекстері әзір өзгерген жоқ. Ал сенің сандырақтарың мен шатпақтарың түкке аспайды.
Аня: Солай, шала оқымысты, қазақтың болашақ лидері! Күйеулі әйелдер қозғалысы лидерлерімен, яғни бізбен өткен алғашқы дебат сенің пайдаңа шешілмеді.
Азат: Иә, біраз ысылып қалыпсыңдар. Бірақ жеңістеріңді тойлауға әлі ертерек. Мен сол заңға өзгеріс енгізу үшін парламент комиссиясына ұсыныс апара жатырмын. Парламент бекітсе, сот қайда барады.
(Сарик пен Карик кіреді.)
К а р и к: Оу, бүл не дау тапа-тал түсте? Қыздың қалың малына сөйлесіп тұрғаннан саусыңдар ма?
Шурочка: Дәл таптың, сенің болашақ нақсүйеріңнің бағасына келісе алмай тұрмыз.
Аня: Сарик, сен опасызсың? Мені жалғыз тастап кетпексің бе? Рекс те өліп қалды. Сарик, жаным! (Құшақтап жылайды.)
Шура: Иә, бұларды жұмыстан келгенде күліп қарсы алып, құшақтап аймалау керек екен ғой. Былай сипалау керек. (Сипаған болып шымшып, шымтып алады. Сыбырлап) Дыбысыңды шығарма! Содан сон, былай... (Тағы шымшып алады. Карик әзер құтыльш, ауырған жерін сипалап тұрады.)
С а р и к: Не болды, Әнипа? Рекс марқұм болғалы көңілің босағыш болып кетті-ау өзі. Сабыр етті.
Аня: Мына шала оқымысты заң жазыпты. Соны парламентке апарын тапсырамын дейді.
С а р и к: А, Азат па, ол қоғамға үлкен пайда беретін іспен айналысып жүр.
Аня: Значит ты согласен?
Шура: Бұларды еркіне қоя берсең, қуана-қуана келіседі ғой, әрине.
А н я: Ә, солай ма? Ендеше болашақ нақсүйеріңе сабақ жіп те бермеймін. Өртеп жіберемін бәрін. Сарик, қазір өрт қоямын. (Ұмтылады. Сарик ұстап қалады.)
Сарик: Сабыр етші, Әнипа. Ақылың бар еді ғой.
Шура: (Карикке) Көріп тұрсың ба-ей?! Жалаң бұт айдап шығамын үйден, түсіпдің бе?
Сарик: Пыссымылда рахман рахим. Ойпыр-ай, Әнип-ай, бұндайың жоқ еді, жын-шайтап ториын деген бе? Похоронное бюроның молдасын әкеліп, құран оқытып жіберетіп екен.
Шура: (Карикке) Мен саган еркетотай Әнипа емеспін. Алдымен сені жындыханаға тығамын.
Карик: Сенен оны күтуге болады.
Шура: Мынаның тілі шығайын депті-ей. Қане, көрсетші. (Карик қашқақтайды.) Қорықпа, қорықпа, әншейін тіліңнен шеп еткізіп сүйіп аламын.
Карик: Алдымен білсейші қандай заң екенін. Азаттың айтқаны дұрыс. Ол ақылды жігіт.
Шура: Солай ма? Дүниеңнің керегі жоқ дегенің ғой бұл. Орбитадағы үйіңді толтырып қойғансың да мебельге? Қос қолында қос-қос алтыны бар шығар сұлуыңның. Неге үндемейсің-ей! Тіліңді жұтып қойдың ба? Жаңа жылмың-жылмың еткізіп ең ғой. Қане, көрсетші!
Сарик: Әй, Азат, болмай кетті гой өзі, оқып берші жаңағы заңыңның жобасын. Әнипаш, ақылың бар еді ғой, дұрыстап тыңда.
Азат: Міне, бұл дүрыс мәселе. Артық-кемі болса айтарсыздар. Дегенмен жоба ғой әлі. Қазақ ұлтын жер бетінде сақтап қалу қоғамы «Ана мен баланы қорғау туралы» заңға мынандай бап косуды ұсынады:
Адам санынан пәтерінің көлемі артық семьялардың әрқайсына сәбилер үйінен кемінде төрт бала алып тәрбиелеу міндеттелсін. Оларға ақы төлеуге қаржы бөлінсін. Бұдан былай әрбір қазақ әйелінің кемінде 5 бала туып, тәрбиелеп өсіруі міндетті деп есептелсін. Бала тууға денсаулықтары жарамаса, күйеулеріне екінші әйел алуына рұқсат етілсін». Ал бұған не дейсің- күйеулі әйелдер қозғалысының мүшелері.
III у р а: Еркектер айтсын алдымен, мәселе соларға байланысты ғой. Қане, Карик, айт.
К а р и к: Құп болады.
III у р а: Немене?
Карик: Айтайын дегенім ғой енді. Әрине, айтамыз. Егер үкімет қаулы шығарса енді...
Шура: Немене енді?
Карик: Енді бәріміз қаулыға бағынамыз дегенім ғой.
Шура: Сен қаулыны көре алмай кетерсің, білдің бе? Дәрі беріп қатыра саламын.
Аня: Ал сен не дейсің, Сарик?
С а р и к: Дегенмен... былай... зерносы бар сияқты. Мәселен, төрт бала тәрбиелеу деген құлаққа кіреді. Алты бөлмелі үй мынау құлазып тұрған. Қалай ойлайсың, а, Әнипа?
Аня: Мен Шарик деген ит сатып алуға сөйлесіп келдім. Оны қайда жатқызамын?
Сарик: Пыссымылда рахман рахим. Сәбилер үйінде мұсылман балалар көн көрінеді. Бұның өзі құдайға күнәһарлық болады. Сондықтан ойлану керек.
Шура: Біздің Карик сәбилер үйінен бетен бала асырап әуре болмайды. Әр жерде шашылып жүрген мұрагерлері жетеді. Солай ма, ей?!
Аня: Да? Онда саган легче. Ал мен бөтен балаларды қалай бағамын, итке үйренін қалдым.
Карик: (Кенеттен батылданып) Азат, менде бір ұсыныс бар. Біздің кооператив сәбилер үйіне 100 мың сом аударса ше? Онда құтқарасың ба үйде тәрбиелеуден.
Азат: Көмектің мұндай түрін беріп жатқандар көп. Бірақ ол мәселені түбірімен шешпейді. Әңгіме сәбилерді тәрбиелеуде ғана емес, қазақтың әйелдерінің белгілі бір тобын бала сүюге тәрбиелеуде болып тұр. Дегенмен көмегіңнен де қашпаймыз. Жүр үйге кіріп, құжатын әзірлей қояйық.
С а р и к: Біздің похоронный бюросы да ақша аударады. (Үшеуі шығып кетеді.)
Аня: Мыналар ауыз жаласып кетті. Енді не істейміз?
Шура: Аяғына дейін күресеміз.
Аня: Бар амалымыз таусылды емес пе?
Шура: Таусылмайды. Тек, күрес тактикасын тағы да өзгертуге тура келеді. Парламентке әсер ететін бірден-бір жол сол.
Аня: Баста ендеше, қайда барамыз?
Шура: Ешқайда бармаймыз. Аштық жариялаймыз. Тыңдамай көрсін сосын! Әлі-ақ жорғалап алдымызға келеді бәрі. Депутаттар да, министрлер де. Журналистер біздің суретімізді газетке басады. Телевизорға түсіреді. Біздің әділ күресімізді бүкіл жұрт білетін болады. Сол арқылы бүкіл елімізден, Европадан, Азиядан, Америкадан өзімізге жақтастар жинаймыз, Біздің қозғалысымыз осылай қанат жайып, мынау кішкентай Қазақстанды Семей полигонынан әрі сілкіндіретін болады.
Аня: Тамаша! Керемет! Бұл романтика ғой. Вот, енді қызық өмір басталады. Давай, жаттық.
Шура: Ой, мәнжубас екенсің ғой өзің. Сенің ешкімге айтпай аштық жариялағаныңды кім біледі? Қарап жүріп өліп қалайын деп отырсың ба? Алдымен үкіметке мәлімдеме жасауымыз керек. Жаңағылар қайда кетті? Азат, Карик, Сарик! (Азат шығады.)
Азат: Ау, жеңгейлер, немене, ойланып келісім берейін дедіңдер ме? Ол жөн. Жалпы негіздерің жақсы ғой. Әншейін кейін күйеулеріңе еркелеп кеткенсіңдер. Олар қазір түстік ішпедік деп ренжіп кетті.
Аня: Біз де ішкеніміз жоқ. Іпіпейміз де.
Азат: Неге?
Шура: Былай, шала оқымысты. Біз, күйеулі қатындар қозғалысының лидерлері Шөпгүл Оңқабайқызы мен Әнипа Қоңқабайқызы, күйеулі қатындарға кейбір күштер тарапынан жасалған қысымға және парламенттегі оларды қолдаушы топтардың әрекеттеріне наразылық білдіріп, аштық жариялаймыз. Біздің ұсыныстарымыздың қабылдануын талап етеміз.
Аня: Өліп кетсек, өзіміз жауап бермейміз.
Шура: Осы мәлімдемені үкімет үйіне жеткіз.
Азат: Жазын беріңдер мына сияқты. Олар тек жазбаны қабылдайды.
Шура: Өзің жаза салшы енді, ештеңең кетпес.
А з а т: Өз қолдарыңмен жазуларың керек. Бұл маңызды құжат. Ал жеткізіп беруді мойныма алайын.
Шура: Әнипа, сен жазшы.
Аня: Мен құрастыра алмаймын. Сен жазсайшы. Жаңа тамаша айттың ғой.
Шура: (Жазып, екеуі қол қойып Азатқа береді). Қатесі болса, жөндеп жіберерсің.
Азат: Е, ол жағы жеткілікті көрінеді. Оқасы жоқ, мағынасы түсінікті болса болды. Ал мен кеттім. Екі құжатты да апарып тапсырамын. Қарсылас болсаңдар да, күрестеріңе табыс тілеймін.
Аня: Бізді скоро Америкадағылар білетін болады. Дүниежүзінің газеттері жазады. Так что табысты дұрыс тілеп тұрсың.
Азат: Білсін, білсін. Оларға сендердің асқазандарың қажет емес, сенсация керек. Қайран асқазан... (Кетеді.)
(Әнипа мен Шура екі жайматөсек әкеліп жатады.)
Аня: Сағат қанша болды?
Шура: Кешкі бес.
Аня: Үш сағаттан бері ешкім келмегені қалай?
Шура: Сабыр керек, сабыр.
Аня: Бағана ашуланын жүріп, обедті де ішіп алмаппыз.
Шур: Обедің не, ей, сенің, ұмыт оның бәрін.
Аня: Ұмытайын десем де, ішегім шұрылдап есіме түсіре береді. Саған естілмей ме? Тыңдашы.
Шура: Ішегің шұрылдаса, ішіңдегі құрбақа оянған ғой.
Аня: Қой әрі, шынымен адамның ішінде құрбақа бар ма?
Шура: Әрине, бар. Бала кезіңде далаға ұйықтан па ең?
Аня: Ұйықтағанмын.
Шура: Сол кезде кіріп кеткен, енді ашыққан соң сыртқа шыққысы келіп жатыр.
Аня: Бәсе, асқазанымды тырналап барады. Дәрігерге барсам қайтеді, ә? Алып тастасын.
Шура: Біреу келіп қалса не дейді? Аштықтың шартын бұзып, қыдырып жүр демей ме?
Аня: Солай екен-ау. шыдайын. Ол да тыншыды.
Шура: Кімді айтасың?
Аня: Кімді айтушы едім, құрбақаны да.
Шура: Ұйықтаған ғой. Енді сөйлей берме, оянып кетеді.
Аня: Жатырмыз ғой.
Шура: Қимылдама.
Аня: Мақұл. (Сәлден кейін) Журналистер келгенше бетіміз солып қалатын болды-ау. (Айнаға қарап) Қарашы, жағым қушиып барады. Әлем жұртшылығының алдында қалай көрінем?
Шура: «Миссис әлем» конкурсына түсіп отырған жоқсың ғой. Сен аштық жариялап, азап шеккен адамсың. Оларға сонысымен сұлусың. Тіпті, орныңнан тұруға болмайды.
Аня: Фигурамды көрсете алмайтын болдым ғой онда. Сонша жылдан бері сақтап, телевизордан көрсетуге енді мүмкіндік туғанда. Жалко.
Шура: Көп сөйлей берме, күшің кетіп қалады. Одан да көзіңді жұмып ұйықтауға тырыс.
(Ол көзін жүмғаннан кейін Шура ақырын тұрып кетуге ыңғайланады).
Аня: Шура, сен қайда барасың?
Шура: Есіктер дұрыс жабылды ма екен, білін келейін деп едім.
Аня: Мен де барайын.
Шура: Сен жата бер, өзім-ақ.
Аня: Сені жалғыз жібермеймін. Сен су ішіп қоясың. Мүмкін, бірге ішерміз? Кім көріп жатыр?
Шура: Дәрігерлер келін тексерін, білін қояды. Онда бәрі заяға кетеді.
Аня: (Ол да тұрады). Бәрібір бірге барын келейікші. (Сол кезде аула есігінен бір әйел көрінеді. Екеуі апыл-ғұпыл қайта жата кетіп, қиналған кейіп білдіріп, ыңқылдай бастайды. Сәнді киінген сұлу келіншек қастарына келеді.)
Г ү л ж а н: Ассалаумағалейком, апайлар. Ленин көшесі, екінші үй осы ма?
Аня: Осы, ал сенің апнаратың қайда?
Г ү л ж а н: Қайдағы аппарат?
Аня: Бүйтіп (қолымен көрсетеді) бізді телевизорға түсіретін.
Г ү л ж а н: Жоқ, мен телевидениядан емеспін.
Шура: Онда сені Жоғарғы Совет жіберген шығар? Біздің мәлімдемемізді алдыңдар ғой?
Г ү л ж а н: Қандай мәлімдеме? Мен ешқандай мәлімдемені білмеймін.
Аня: Біздің аштық жариялағанымыз туралы.
Г ү л ж а н: Не үшін?
Шура: Сен өзің неғып жүрген жансың? Іске түк қатысың жоқ болса, жолың анау, кете бер.
Г ү л ж а н: Жоқ, мен тура осы адресті іздеп келдім. Өзім ерғе шыққан жоқ едім әлі. Оң жақта отырып қалған дейді ғой қазақ. Кезінде “көне етіктіні” менсінбей, “көк етікті” кездеспей, жүрін қалдық. Оның үстіне бір көрген адамға жұғысып кететін де әдетім жоқ еді. «Қызға қырық үйден тыйым» деген қағидамен өскен қазақтың қызымыз ғой, әйтеуір. Әке-шешем де ешкіммен баяғыша құда болып, атастыра қойған жоқ. Қазіргі заңмен кімді өзіме берді. Ал жас кезде жақсы мен жасықты ажырата қоя ма кісі? Отқа үймелеген көбелектей бетіне қараған жігітке ұрынып, кейіннен опық жеген құрбыларым да көп болды. Соларды көрген соң да үйлену мәселесінен бойымды аулақ ұстап жүрдім.
ІІІ ура: Әй, езе бермей шаруаңның тоқ етерін айтшы.
Г ү л ж а н: Тоқ етерін айтсам, үйленгім келеді.
Аня: Онда біздің шаруамыз қанша? Таныстыру бюросына бар.
Гүлжан: Сол жерден келіп тұрған жоқпын ба, осы үйде екі бірдей кісі үйленеміз деп мәлімдеме жасапты. Солармен танысайын деп келдім. Сіздер білесіздер ғой, айтыңыздаршы, қандай адамдар?
Шура: Немене?! Бойдақпыз деп не?
Г ү л ж а н: Әйелдері бар көрінеді. Бірақ сол апайлар еркектерінің қадірін білмейтін сияқты. Өздері күйеулерінің басына шығып алып, енді түсе алмай жүрген біреулер болса керек. Ондай әйелдер еркектің соры ғой, солай емес не?
Шура: Түсінікті. Байсырап, көзім қарауытып келдім де.
Г ү л ж а н: Семья құрып, бала танқым келетіні рас. Өмірдің мәні ұрпақ сүюде жатқан жоқ па? Мен баланы шұбыртып кө-өп табамын. Содан соң былай жетелеп жүремін. Екінші рет үйленейін деп отырғанына қарағанда, ол кісілер де баланы жақсы көретін болу керек. Маған соның өзі жетіп жатыр.
А н я: Немене, сонда екеуіне бірдей тиіп аласың ба?
Г ү л ж а н: Әрине, біреуіне. Соны сіздерден сұрайын деп едім, қандай адамдар?
А н я: Біреуі көрі, алжып қалған, түкке жарамайды.
Г ү л ж а н: Өтірік айтпаңыз. Жасы елуде ғана гой. Менде данныйының бәрі бар. Рас, әйелі он жас кіші болғанымен...
А н я: Немене кіші болғанымен?..
Г ү л ж а н: Өзіне сай емес екен. Тамақ істей алмайтын көрінеді. «Түзде жүрген еркектің тоғы жақсы, ондай әйелдің барынан жоғы жақсы». Ал мен тамақты өте дәмді пісіремін. Жасымда анам үйреткен. Етті де, мәнтіні де, палауды да майын тамызып, кеспені жіп-жіңішке кесіп, көже жасаймын. Әжем мен жасаган тамақты өте ұнатушы еді. (Әнипа мен Шураның ауыздарының суы құрып барады. Оны сезген Гүлжан одан сайын айта түседі). Самсаны қалай пісіремін! Жеген адамның аузында өмір бойы дәмі қалады. Ал қаймақ қатқан қара күрең шәйді айтсаңшы. Ішкен де арманда, ішпеген де арманда.
Менің әңгімем сіздерге ұнап қалды-ау деймін. Құдай қаласа көрші болсақ, шәйімнен әлі талай ішкіземін. Осы сіздер сол кісілермен көршісіздер ме?
Аня: Біз дәл сол кісілердің бәйбішесіміз.
Шура: Ал сен бұйыртса біреуінің тоқалы боласың.
Г ү л ж а н: Онда тіпті жақсы болды. Ағалардың мінез- құлқын сіздерден біліп алатын болдым. Айтыңыздаршы, қандай әдеттері бар, қалай сөйлегенді ұнатады?
А н я: Үлкені жындылау, түнде құтырған бура құсап, бұһ- бұһ деп жынын шашып жүреді. Содан сон, қолына не түссе сонымен салып қалады.
Шура: Кішісі жылан сияқты, мойынға артылады да, қысып- қысып қылғындырады.
Г ү л ж а н: Оның оқасы жоқ. Ондайлар жас иіс иіскеп, жас нәресте көргеннен кейін қойып кетеді. Еркек ашулана бастағанда, баланы алдына тоса қою керек. Сонда ол күндей құлпырып, жаздай жадыран шыға келеді.
Шура: Аня, біз неге мына салдақыны басындырын отырмыз, ә, давай, айдан шығу керек.
А н я: А ну-ка, уматывайся! (Шура екеуі тұрып төбелеске дайындалады.)
Шура: Аня, артына шық, артына, алдыңғы жағын маған жібер.
Гүлжан: (Ол да стойка жасап) Ескертемін, мен қара белбеулі каратиспін. Шах-шах. (Прием көрсетеді). Содан кейін сіздер аштықтың шартын бұза алмайсыңдар. Орындарыңнан тұрын, әрекет жасау саяси күрестің ешқандай тәсіліне жатпайды.
Аня: Сонысы қиын болды-ау. Шура, біз энергиямызды саяси күреске сақтауымыз керек. Жатайық. (Екеуі салбырап барып жатады.)
Гүлжан: Міне, енді дұрыс болды. Мен ағайларға гүл сатып әкеле қояйын. Алдымен гүл сыйлаған әйел әрқашанда жақсы әсер қалдырады. (Кетеді.)
Аня: (Біраз үнсіздіктен соң) Мына бәледен қашып құтыла алмайсың. Бұл біз үшін полное поражение. Шурочка, естимісің?
Шура: Ойланып жатырмын. Жоқ, жеңіліс табуға болмайды. Бір амалын қарастыру керек. Аня, біз осы қартайған соң не істейміз, ә?
Аня: Білмеймін.
Шура: Осы бастан ойлану керек. Жаңағы кәрі қызды көрдің бе оның да бала тапқысы келеді.
Аня: Ты с ума сошла. Қалай туамыз?
Шура: Тууға, әрине, поздно. Бірақ сәбилер үйінен асырап алуға болады. Әйтпесе, шынында да біз жеңіліс табамыз.
Аня: Бұл жеңіліс емес пе сонда?
Шура: Бұл компромис. Екі жақ та жеңілместен ымыраға дейді мұны. Бала болған соң күйеулеріміз бізді тастамайды да, әйел де алмайды. «Қазақ байыса қатын алмайды, сәбиханадан бала асырайды». Ұқтың ба?
Аня: Мейлі, солай болса болсыншы. Бағанадан бері жатқан бес сағатта көз алдымнан Сарочканың кішкентай кезінде балапандай аузын ашып күлгені, қолын созып талпынғаны, қаз-қаз басып тұрғаны, тәй-тәй басып жүргені көз алдымнан кетпей қойды. Тіпті, емізулі баланың сүт иісі мұрныма келіп, емшегімді иітіп барады. Сарик, Сартай, я ребенка хочу, қайдасың?
Шу р а: Карик, Кәрібек! Мен бәрін қойдым.
(Сартай, Кәрібек, Азат шығады. Оларды көріп екі әйел құшақтап алады.)
Са р т а й: Ақылдым менің, бәсе, сенің ақылың бар. Иншалла.
III ура: (Жайдары кейіппен Карикке). Шынымен балаларының жоқ па еді-ей, басқа жақта? Осынша жыл босқа жүріпсің ғой. Ендеше біз де барайық сәбилер үйіне.
Азат: Ә, оның құжаттарын Сәкең мен Кәрекең әзірлеп те қойды. Тек сендер қол қойсаңдар болды, Сонымен, жеңгейлер, бейбітшілік бітім ғой!
Аня: Бейбітшілік, бітім. (Үшеуі қол қағыстырады. Қолында екі гүлі бар Гүлжан кіреді.)
Азат: Ал, ағайын, енді біздің үйдің бибісімен танысыңыздар. Ауылдың шаңдағында, қаланың подвалында ары-бері көшіп жүріп он бала туып өсірген батыр Гүлжан осы болады. Ауылдан жаңа келген беті.
Аня: Не дейді? Біз әйтпесе... Бірақ шынында да он бала туса да қыз сияқты...
Азат: Әйелдер босанғанда қан айналымы жақсарып, оның денсаулығы түзеледі, жүзі гүлдей құлпырады.
Шура: Көрші болып келмей жатып, абысындарыңды қорқытып алдың ғой өзің.
Гүлжан: Кешіріңіздер, Азат пен мына ағайлар ғой мені қайрап салған. Арты жақсы болады деп... Содан соң амал жоқ...
III у р а: Е, Аня екеумізден басқаларыңның ым-жымдарың бір екен ғой.
С а р и к: Келін жарады, тура артист дерсің.
Кари к: Гүлжанның қадамы құтты болды.
С а р и к: Иә, мәйкөт болды, ақжолтай болды Гүлжан келін.
К а р и к: Гүлжанға шампанский қоямын.
Азат: Сәбилер тойын бастап жіберетін уақыт болды-ау деймін. Ал, ағайындар, сәбилеріңіздің бауы берік болсын. Қаны бір қазағымның қаракөз ұл-қыздары мынау құттыхана мешіттеріңізде өсе берсін. Сәбиханалар болмасын...
(Музыка ойналады, бәрі билей жөнеледі. Карик барып ұранға түзету енгізеді. Енді ол былай оқылады: «Бір қазаққа - бір қатын, он бала!»)
«Байыса қазақ қатын алад»
Деген мақал қайдан шығад.
«Көп қырылған бауырлардың
Ұрпақтарым орнын басад.» -
Деп ойлаған ата-бабам,
Кенбейді оған жаңа заман.
Тіпті кәкіп кей дәрігер
«Бала туу, дейді, зиян».
Келінпіектер, келіспеңдер!
Бұл пікірді теріс деңдер.
Тауып берсем, он баланы,
Ұлтым үшін өріс деңдер!
Тақталас
Эксцентрикалық комедия
Қатысушылар:
Бастық
Хатшы қыз
Қауғабай
Дауғабай
Жауғабай
Мауғабай
Бақшагүл
І БӨЛІМ
ТӨРДЕ БОС ОРЫНТАҚ. ЖАУҒАБАЙ КІРЕДІ. ОЛ ОРЫНТАҚТЫ ТАМАШАЛАП КӨРІП ЖҮР.
Жауғабай: Пай-пай-пай! Иесі жоқ кездің өзінде айбынды екен-ау бұл тақ дегенің! Тақ қой бұл, иә, тақ! Баяғыда атқа мінген қазақтың арқасы қозып, әруақтанып кетеді деуші еді. Пүгінде креслоға отырған қазақ қоқырайып шыға келеді. Алдына кірген адамға емес, аспанға қарайды. Басынан көкірегі биіктеп кетеді. Биіктемей қайтсін. Не кием, не ішем демейді. Біздің де аштан өлетін халымыз жоқ, бірақ қанша тамағың тоқ, киімің көк болса да, оның қызығы мансаптың қызуындай қайдан болсын. Орынтаққа қолы жеткеннің ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс.
Енді кімге бұйырар екен бұл орын? Кімге бұйырадым не? Озім ше? Жаудан қайтпаған Жауғабай, яғни мына мен кімнен кем? Мен отырмағанда кім отырмақ бұл таққа? Иә, иә, мен отырамын. Сендерге сыр ғып айтайын. Мәселені басынан нісірін ксліп отырмын. Жүз процент шанс менікі дей беріңіздер. Осы айтқаным келмесе, Жауғабайды қатын деңіздер. Келістік қой!?
Ал, тарт, Жауғабай! Музыка! Шапалақ! (Жауғабай салтанатпен жүріп барып, орынтаққа отыра бергенде Дауғабай кіреді.)
Дауғабай: Рұқсат па екен, Басеке?
Жауғабай: (Алдында селк ете қалады да, Дауғабайды көріп, маңызданып) Рұқсат емес, прием бітті.
Дауғабай: (Жауғабайды енді танып) Жауғабаймысың, ей? Жар басындағы жапалақтай жарбиып неғып отырсың мұнда?
Жауғабай: Немене, біз отырсақ жараспай ма?
Дауғабай: (Аярланып) Жарасады ғой, жаным-ау, неге жараспасын жастарға. «Ағаштың көркі - жапырақ, әйелдің көркі - шүберек» дегендей, сүлтанның көркі - тақ қой бұл. Бірақ «күбісіне қарай піспегі» деген тағы бар, адам артына қарап өлшер болар.
Жауғабай: Бастықтардың артын құдай креслоға жапсырып жаратқан жоқ шығар, атаңның гөрі. Кетті ғой кешегі қылышынан қан сорғалаған көкеміз де.
Дауғабай: Не дейд?! Рас айтасың ба? Мен сені әншейін ойнап отыр екен десем.
Жауғабай: Бастықнеп ойнап өле алмай жүр дейсің бе?
Дауғабай: (Дегбірсізденіп) Алда құдайдың ұрғаны-ай, ә! Қу тақырға отырғызып кетті ғой, қу тақырға. Не қара басты мені соны сезбей. Әй, кәрі қақпас, әй, кәрі шөңге, залым екенсің-ау, залым.
Жауғабай: Не болды, Дәуке? Жайшылық па әйтеуір?
Дауғабай: Ойбай-ау, кеше ғана үйіне шақырып... Бастық шақырған соң біздей пақырда жан қала ма?
Жауғабай: Е, оның несі бар? Қайта үйінен дәм татыпсыз.
Дауғабай: Тапқан екенсің ақымақ раисполкомды. Бастық тегін тамақ беруші ме еді? Өмірі есігін көрсетпейтін Басекең бұл жолы жайылып жастық бола қалған соң, менің де алақаным ашылып кеткен жоқ па.
Жауғабай: «Қапқа түскен қайта шықпайды». Көп болса биылғы қызыл қырманның кеусені кеткен де, тәйірі. Қалғанына береке берсін деңіз.
Дауғабай: Жоға, осы уақытқа дейін мен де құйрығымды ұстатпай-ақ жүр едім. Ол залым да айланы арыдан ойлаған екен. Тап кетер кезінде қарашы, топ дегізіп торына түсіріп кеткенін.
Жауғабай: (Көрермендерге) Қыста қар сұрасаң бермейтін сараңның өзі еді, құп қатырыпты. (Дауғабайға) Оқа емес, Дауаға, келесі бастыққа кетерінде емес, келерінде ала жүгіретін болсыз енді.. (Хатшы қыз кіреді.)
X а т ш ы қ ы з: Иесіз кабинетке неге кіресіздер?
Қа у ғ а б а й: Мен басекеңді іздеп келіп едім, жарқыным. Сөйтсем, мына Жауғабай ініміз Басекеңнің орнына жапалақша жарбиып алыпты.
Жауғабай: Бір адам қозғалтып көрсін мені осы жерден, көріп алайын. Атам жаудан қайтпаған, атаңның гөрі.
X а т ш ы қ ы з: (Мырс етіп) Бұйрығыңыз бар шығар. Әкеліңіз, тіркеп қояйын.
Жауғабай: Аз шыдасаң, болады.
Хатшықыз:0, Жауғабай айтса болады. Дегенмен босата тұрсаң бұл жерді. Бұйрықпен бірге келерсің. Сол кезде Басеке басеке деп иіліп тұрамын. Ал, қане, айда марш!
Жауғабай: Хатшажан!
X а т ш ы қ ы з: Болашақ басеке, болыңыз!
Дауғабай: Хатшықыз қарағым, соңғы кезде Басекең қалай болды өзі? Көңілді жүрді ме, әлде?..
Хатшықыз: Қызметі өскен адам неге көңілді болмасын. Көңілді.
Дауғабай: Немене, немене? Қайта айтшы?
Хатшықыз: Көңілді деймін.
Дауғабай: Жоқ, қызметін, қызметін айтам?
Хатшықыз: Не айтатыны бар, орталыққа аппаратқа кетті. Жаңа ғана радиодан айтты ғой, естіген жоқсыздар ма?
Жауғабай: Әлі қаһарында десейші ол қақпас. (Орнынан тұрып кетеді.)
Дауғабай: Сен не дедің, Жауғабай, жарқыным? «Қылышынан қан тамған, жоқ сорғалаған кәрі қақпас» дедің, ә? Жауап бересің, бергіземін саған осы сөзіңе.
Жауғабай: Өзің не дедің жаңа? Залым дедің!
Дауғабай: Мен олай деп айтқан жоқпын. Айтуға тиіс те емеспін, айтуым мүмкін де емес. Куәң бар ма? Хатшықыз, жарқыным, менің аузымнан ондай сөз шықты ма?
X а т ш ы қ ы з: Естімедім.
Жауғабай: Хатшажан!..
Дауғабай: Менің куәм бар, жаңағы соңғы сөзіңді Хатшықыз естіді. Естідің ғой, Хатшықыз?
Жауғабай: Хатшажан!..
Дауғабай: Сен танба, Хатшықыз. Тануға тиіс емессіз.
X а т ш ы қ ы з: Менен сұрап қайтесіздер, мына халықтан сұраңыздар. Халық бәріне куә, барлығы көз алдында, тіпті өз басында өтіп жатыр. (Көрерменге) Ал, халайық, ағайынның тақталасы басталды. Сіздер көріңіздер, мен барып хаттай б рейін. (Шығады.)
Жауғабай: Хатшажан!..
Дауғабай: Сонымен, мәселе шешілді ғой деймін. Құдай қаласа бұл тақ бізге тиіп қалатын шығар. Қалатын шығарым не, құдай-ау, тиеді. (Келіп орынтақңа отырады.) Басекең мені тегін шақырмаған болды. Бағалағаны ғой ол. Дегенде тегін адам емеспіз. Маған құдай сездіріп тұрады. Сүңгітіп жібергенім қандай ақылдылық болған.
Жауғабай: Басекең жалғыз сені шақырды деп отырсың ба? Сені кеше шақырса, мені алдыңы ғүні шақырған.
Дауғабай: Жетістірғен екен. Бәрібір саған жол жоқ. Сенбесең халықтан сұра. Ата жолының өзі сол.
Жауғабай: Ата жолы, ата жолы деп-ақ мысымды құртып болдыңдар-ау. Кіші екенмін деп мансантың ләззатын татпай-ақ өткенім бе өмірден. Атаңның гөрі, айқасып өлемін аяғына дейін. Бұл заман күштінікі, мына қолда бес трактордың күші бар. Қане, орынды қайта босат! (Сол кезде Қауғабай кіреді.)
Қауғабай: Жарайсыңдар, бауыр болсаң осындай бол. Ағасын малмен бірге құмға қуын тастап, ездері жұмсақ креслоны жағалап жүр. Халқым-ау, бұл заманның жастары не боп барады, үлкенді нетуден қалған ба?
Дауғабай: Ассалаумағалейкум Қау-аға, қалай, мал-жан аман ба?
Қауғабай: Қауғабай тұрғанда мал аман. Өздеріңе жол болсын?
Дауғабай: Мен Басекеңе кіре кетейін деп қырдағы егістіктен келсем, мына Жауғабай отыр жапалақша жарбиып.
Қауғабай: Ал сен қырғиша қона кеттің жапалақтың үстіне.
Жауғабай: Соны айтсаңшы, Қау-аға. Мен жені солай ғой деп айтсам, кенбейді. Да еще жапалақ деп оскарбит етеді. Көрсетейін мен оған жапалақты. Қолымда жеті трактордың күші бар, атаңның гөрі.
Дауғабай: Күш бергенмен бас бермесе қайтесің?
Жауғабай: Сенің ақылды басың менің бір нұқығанымнан қалмайды, атаңның гөрі.
Қауғабай: Жә, осы есіргендерің жетеді. Қауғабай қауғамен бірге құдыққа түсіп шықпай қалады дедіңдер ме? Қауым болып ақылдасқанды да білмейсіңдер. Өй, жол-жобаны білмейтін өңкей кеше. Жөні олай емес, былай... (Орындыққа келіп отырады).
Ж а у ғ а б а й: Апыр-ай, Қау-аға, осы жолы кезек менікі сияқты еді...
Қ а у ғ а б а й: Кезек үлкендікі.
Ж а у ғ а б а й: Асығым алшы тұрса да менікі, тәйкі тұрса да менікі, бүк түссе де менікі, ішік түссе де менікі десеңші. Кезек деген итіңнің маған бұл дүниеде келетін түрі жоқ қой. Шабысып өлемін, атаңның гөрі, атам жаудан қайтпаған. Аттан! Аттан! Жауғабай! Жауғабай! (Үшеуі жұлқыласып кетеді.)
Қ а у ғ а б а й: Жауласып келгендеріңде екеуіңді де бөлмей, бауырыма басушы едім. Енді бірігін мені жұлып тастамақ екенсіңдер ғой. Түсінікті. Бірақ байқаңдар, «жыртық үйдің де құдайы бар».
Д а у ғ а б а й: Жоқ сен екеуің мені жібермексің құрдымға. Екі өкпемді екі жақтан қысып қойған құдай-ай!
Жауғабай: Жасым кіші болса да, құлдан туған жоқ едім ғой. Итермеңдер өңменімнен екеуің. Шашбауларыңды көтерін, шаңдарыңа көміліп болғанмын. Мен әлі оң қолымды іске қосқан жоқпын. Оң қолымда он трактордың күші бар. (Үшеуі алысып-жұлысып, бірін-бірі орынтақтан аулақтатып әкеткенде, оған басқа бір адам келіп отырады. Қасына Хатшықыз келіп тұрады.)
Б а с т ы ң: Жұмыс істеу керек, жолдастар! (Үшеуі үш жерде қалшия калады.)
Қауғабай: (Сасыңқырап) Нетін, істейін деп, істеп жатырмыз, Басеке.
Дауғабай: Біздің халық еңбекшіл халық.
Жауғабай: Жай, әншейін, былай жұмыс арасында көңіл көтеріп жатқанымыз ғой, әлеулай.
Б а с т ы қ: Тәртіптерің жоқ жұмысты ұмытып әлеуләймен кеткенсіңдер. Сендерді нағыз жатып ішер, нансоғар деуге толық негіз бар.
Қауғабай; Мен мал жағына жауап беремін. Етті де, сүтті де, жүнді де орындап тұрмыз. Нансоғар анау (Дауғабайды көрсетеді.) Ал анау әлеуләйім (Жағгабайды көрсетеді.)
Жауғабай: (Қауғабайга). Ал сен етсоғар.
Дауғабай: Иә, иә, сен етсоғар. Ал астықты осы өңірде ең көп жөнелткен мына мен.
Жауғабай: Мен осы өңірдің тауын талқандап тасыттым, құмын көсін алып, жерін үңгіп тесіп алып жөнелттім. Тіпті мұхиттың аржағындағы Америкаға жетіп қалдық-ау деймін.
Дауғабай: Иә, біз Америкаға жетіп қалдық.
Қауғабай: Біздің алдымызға қойылған мақсат та сол Американы нету.
Дауғабай: Енді аз жылда осы қарқыннан таймасақ, программада жазылғандай, коммунизмге кіретін боламыз!
Қауғабай: Иә, қазіргі ұрпақ коммунизмде өмір сүреді!
Жауғабай: Шалқадан түсіп жатамыз. Кнопканы басып қалсаң қалағаның болады. Бәрін автомат атқарады. Аузыңды ашсаң тәтті-дәмді, жылы-жұмсақ өзінен өзі түсе береді, түсе береді. Тек шайнауға ерінбесең болды.
Б а с т ы қ: Партиялық сана жоқ сендерде. Мелкобуржуазиялық психологияға беріліп кеткенсіңдер.
Жауғабай: Менің атам байларды қамшыменен қойдай қуған!
Дауғабай: Менің атам халық жауларын әшкерелеген чекист!
Жауғабай: Менің атам колхозды өз қолымен құрған!
Б а с т ы қ: Ал сендер жекеменшіктің батпағына батып қалғансыңдар.
Дауғабай: Дұрыс айтасыз, Басеке. Мына Қауғабайдың қорасында 10 қойы бар.
Б а с т ы қ: Он қой? Нағыз бай десеңші.
Жауғабай: Биесі, айғыры да бар.
Б а с т ы қ: Мұндай адам, әрине, жұмыс істемейді. Заразительный тип.
Қауғабай: Балам да он. Он баламның нәнақасы ғой. Әлі шиеттей жас.
Б а с т ы қ: Жоспарсыз жұмыс істейсіңдер. Қолдарың бос болған соң баланы таптыра бересіңдер. Әйелдердің денсаулығына қарамайсыңдар. (Хатшықызға) Жазыңыз. №1 бұйрық. Жекеменшік мал үш күннің ішінде етке өткізілсін. Қарсылық көрсеткендер партиялық, әкімшілік жазаға тартылып, керек болса ісі заң орындарына берілсін.
X а т ш ы қ ы з: Түсінікті. Бір сағатқа жетпей радиодан берілетін болады.
Б а с т ы қ: Ауылда бір түйір дән қалмасын. Таулар атом күшімен қопарылсын. Жер түгел жыртылсын.
Жауғабай: Апыр-ау, сонда халық қалай?..
Б а с т ы қ: Молчать! Коммуниспісің?
Жауғабай: Дәл солай. Коммуниспін, большевиктің ұрпағымын.
Б а с т ы қ: Бұл партияның нұсқауы.
Дауғабай: Партияның тапсырмасы - коммунистер үшін бұлжытпас заң.
Қ а у ғ а б а й: Партия халықпен бірге.
II а с т ы қ: Вот, солай. Қане, барыңдар.
(Үшеуі кетеді.)
X а т ш ы қ ы з: Тағы қандай тапсырмаңыз бар? (Қағаз, қаламыні оңтайлайды.)
Б а с т ы қ: Тапсырма... қалай, орындауға әзірмісің?
X а т ш ы қ ы з: Хатшы әрқашанда әзір болуға тиіс.
Б а с т ы қ: Тәрбиеден өтіп пе едің?
Хатшы қыз: Мен сіздің тәрбиеңізді көргім келеді.
Б а с т ы қ: Демек, тәжірибең бар.
X а т ш ы қ ы з: Мен сіздің тәжірибеңізді алғым келеді.
Б а с т ы қ: Бастықтың ең сенімді серігі кім?
X а т ш ы қ ы з: Хатшысы.
Бастық: Жарайсың. Алғашқы тапсырма. Әлгілердің отбасы, тұқым-тұқияны, арласатын ортасы, мінез-құлқы, білімі, жұмыс қабілеті туралы, бір сөзбен айтқанда, түгін қалдырмай анықтама әзірле. Содан соң...
X а т ш ы қ ы з: Содан соң сіздің жемісті жұмыс істеуіңіз үшін қолайлы жағдай тудыру керек.
Б а с т ы қ: Дұрыс айтасыз, бара беріңіз.
X а т ш ы қ ы з: Қызметіңізге әзірмін. (Шығады.)
Б а с т ы қ: Өңкей мал. Орталықтың дүкендерін еселей беру керек. Ал бұлар жекеменшікті өркендетіп, баяғы ата-бабалары кұсап шетінен байып алған. Филипп Исаевичтің істегені аз бұларға. Мен жегендерін желкелерінен шығарамын. (Хатшықыз кіреді. Қолында қобди.)
X а т ш ы қ ы з: Аса қадірлі Басеке! Сіздің біздің өлкемізге келуіңіздің құрметіне мына бір шағын сыйлықты қабыл алыңыз.
Б а с т ы қ: Мен сыйлық алмаймын.
X а т ш ы қ ы з: Сыйлық болғанда сувенир ғой әншейін.
Б а с т ы қ: Ә, сувенирді можно. Бірақ ішінде не бар? Бәлкім сен...X а т ш ы қ ы з: Міне, қараңыз, ештеңе де жоқ.
Б а с т ы қ: Ештеңе де жоқ? Онда несін әкелдің?
X а т ш ы қ ы з: Бұл қобдидың қазақша оюы бар.
Б а с т ы қ: Онысы дұрыс екен. Бұл қазақ халқына деген ілтипатымның белгісі болады.
X а т ш ы қ ы з: Игілігіңізге ұстаңыз. Ал мынау сұратқан анықтамаңыз.
Б а с т ы қ: Дұрыс. Сізбенен жұмыс істеуге болады екен.
X а т ш ы қ ы з: Жалко жоқ.
Б а с т ы қ: Бара беріңіз.
X а т ш ы қ ы з: Қызметіңізге әзірмін.
Б а с т ы қ: (Қағаздарды қарап)Жалаң сөз. Бұларды бір уыста ұстау үшін бұлтартпайтын факті керек. Дегенмен алғашқы бопсалауға жарап жатыр.
(Есіктен Дауғабай көрінеді.)
Дауғабай: Халіңіз қалай, Басеке? Біздің даланың ауа райына үйренейің дедіңіз бе? Табиғатымыз қаталдау болғанымен өзіңізге деген ниетіміз оң. Жоғарыдан келгеннің жөні белек екен ғой, шіркін! Сіз келгелі жұмысымыз да жүріп берді.
Б а с т ы қ: По существу.
Дауғабай: Тапсырмаңыз орындалып жатыр. Жекеменшіктің өзінде бір түйір дән қалдырған жоқпыз. Күзде жинап алған тарыларына дейін қоймадық. Тіпті, күш көлік үшін берілген ат жемін де сыпырып алдық.
Б а с т ы қ: Жарайсың! Сонда олар не тамақ жен отыр?
Дауғабай: Ой, қазақ бұрын қойдың айранынан жасалған ірімшік, құрт, сүзбе жеп-ақ күн көре берген.
Б а с т ы қ: Орталыққа сүт жетпейді. Ал бұлар ірімшік, құрт жасайды. Полное безобразие, самовольство!
Дауғабай: Бұл Қауғабайдың тірлігі, Басеке. “Қоғамдық қойды сауын, сүзбе жасаңдар, алты малта ас болатын заман туып келе жатыр”, деп малшыларды үгіттеп жүрген көрінеді. Бүл барып тұрған саяси қате емес пе?
Б а с т ы қ: Дұрыс айтасың. Саяси қырағылық танытып тұрсың. Ал жер жырту мөселесін не қылдың?
Дауғабай: Ойды да, қырды да жыртып тастадық. Енді орманды өртеп, орнын айдап жатырмыз. Тек анау Қауғабайдың кесірінен құмға түрен сала ал май отырмыз.
Б а с т ы қ: Неге?
Дауғабай: Қазақстан тыңының көкжиегі кеңи бергенін сол қаламайды-ау деймін. Ата кәсібіміз мал бағу, жеріміз де соған ыңғайлы, өрісті тарылтпайық деген пікірді бықсытып жүр. Тіпті айғырын етке әзер өткізді. Соган қарағанда әлі күнге дейін феодализмді көксейді. Оның әйелінің нағашысы нағыз шынжыр балақ, шұбар төс болған.
Б а с т ы қ: Так, так, солай де. Қауғабайға бақылауды күшейту керек. Бәрін мәлімдеп тұрасың, ұқтың ба?
Д а у ғ а б а й: Өзім де қыбыр етсе де, сыбыр етсе де қалт жібермей қадағалаймын. Ана Жауғабай да “сау сиырдың боғы болмай тұр”.
Б а с т ы қ; Айта бер.
Д а у ғ а б а й: Әкем жаудан қайтпаған деп, жоқ жерден жау шақырып жүр. Большевиктің баласымын дегені де өтірік болу керек. Оның көп ағайыны кезінде Иранға өтіп кеткен. Қазған алтын-күмісін де Орталыққа жөнелтпей, қайтадан көміп тастап жатқан көрінеді. Оны да ауыстырмаса болмайды.
Б а с т ы қ: Тапсырманы орындап шыққанша тиіспейміз. Бірақ бақылауды күшейту керек.
Дауғабай: Кірпік қақпай бақылаймын.
Б а с т ы қ: Солай ет. Партияға адалдығыңды осы қызметіңмен бағалаймыз.
Дауғабай: Сеніміңізге құлдық. Ақсарбас құрбандық. (Қобдиды жаңа байқап.) Оу, мынау бір керемет дүние ғой. Бұл деген халық қол өнерінің нағыз үлгісі. Құтты болсын!
Б а с т ы қ: Иә, бұндай сирек кездесетін бірегей бұйымдар жинау менің хоббиым.
Дауғабай: Бұндай асыл бұйымға байғазы беру біздің, иә, менің хоббиым, то-есть парызым, Басеке?
Б а с т ы қ: Ол немене тағы?
Дауғабай: Дәстүр-салтымыз ғой енді. Орамал тон болмайды, жол болады, Басеке. (Қалтасынан ақша алып, қобдиға салады.)
Б а с т ы д: М-м... Осы сені бәрінің үстінен старший қоямын ғой деймін.
Дауғабай: Сеніміңізден шығамын ғой. Мен оларды сіздің алдыңызда құрдай жорғалататын боламын.
Б а с т ы қ: Байқа, ауыз жаласып кетіп жүрме. Өкіметтің құрығы ұзын. Партияның көзі қырағы.
Дауғабай: Ауыз жаласқаның не?! Мен олардың бар әбүйірін ашын беремін. Тап қазір тексеруге жіберіңізші. Ас-қазанының әрбір қыртысында ненің солі жатқанын жапон аппаратынан да дел тауып берейін.
Б а с т ы қ: Бар, Дауғабай, бар. Тапсырманы орында.
Дауғабай: Келесі келгенде тапсырмаңыздың асыра орындалатынына сене беріңіз.
Б а с т ы қ: Сенемін. (Олкеткен соң басқа дауыспен)Сенемін, иә! Сендерге сенгенше сайтанға сенғен дұрыс.
(Қолбырап, болбырап Қауғабай кіреді.)
Қауғабай: Ассалаумағалейкум, Басеке. Қауғабай неғып келмей кетті деп жатқан шығарсыз. Келмейін демейсің, малды ауыл алыс. Орныңызға да құтты болсын айта алмай...
Б а с т ы қ: Тапсырма қалай?
Қауғабай: Соны баяндайын деп келдім өзім де бір жағы. Жекеменшікте тігерге тұяқ қалдырған жоқпыз ғой деймін.
Б а с т ы қ: Жоқпыз ғой деймін? Жауабың сырғақ қой. Сенімсіз сияқтысың.
Қауғабай: Қалдырған жоқпыз. Бәрін нетіп жібердік. Состав-составымен кетіп жатыр.
Б а с т ы қ: Ал сонда жергілікті халық не жеп күн көреді?
Қауғабай: Әй, біздің қазақ қоянға қақпан, құрға тұзақ құрып, киік пен қырғауылды мылтықпен нетіп алып күн каре береді. Бұларға малдың керегі жоқ. Әр бұтаның түбінде бір асым ет бар.
Б а с т ы қ: Солай де. Орталықтарға деликатес жетпейді. Ал бұлар нағыз деликатесті әр бұтаның түбіне жасырып қойған. Нағыз вредительство!
Қауғабай: Дұрыс айтасыз, Басеке, вредительство! Бәрі ана Жауғабайдан, вредитель сол.
Б а с т ы қ: Неге?
Қауғабай: Мына жерде кен бар, ана жерде военный бар деп әйтеуір адамның аяғын аң-құсы бар жерге бастырмайды. Малды да жолатпайды. Сол бар ғой, аң-құстың етін сізге де, бізге де бұйыртпастан, қызығын өзі көріп жүр. Қүдай біледі, көлденең біреулерге де сатады. Нету керек, ауыздықтау керек оны.
Б а с т ы қ: Ауыздықтау керек. Жалғыз өзім қай жағына жетемін. Бастық біреу, ал...
Қауғабай: Біз, е, мен тіреу, Басеке. Мен бармын қасыңызда қашанда болсын. Мен өзіңізге деген адалдығымды дәлелдеймін әлі. Ал анау Дауғабай бар емес не егіншілікпен айналысатын. Соның өзі сөзі көп, жүрісі сұйық сенімсіз жігіт. Бәрін тілімен жайғағаны болмаса, түк бітірмейді.
Бастық: Неге? Ол алдына қойылған міндетті абыроймен атқарып шықты. Жекеменшіктің барлық астығын жинап алды.
Қауғабай: Сенбеңіз оған. Дауғабай су жұқпас суайттың өзі. Алдында нетіп сөйлеп, іші-бауырыңызға кіріп алады да, артынан кенеше қадалады. Атышулы даукес ол. Ал енді жыртқан жерін көрдіңіз бе, тырнақпен сызғандай ғана. Қамбадағы тұқымның бәрін туған-туысқанына үлестіріп қойды. Ол бар ғой, ол сеялканы холостой қуып жүр. Оны тексеруді де маған сенсеңіз болады. Су бетіне шығарамын мен оны.
Б а с т ы қ: Дұрыс, шығар! (Қобдиын қолына алады.)
Қ а у ғ а б а й: О, мынау бір тамаша дүние гой. Сізге лайық екен. Қой, іші бос тұрмасын, байғазы берейін.
Б а с т ы қ: Байғазы - жақсы салт.
Қауғабай; Айналып кетейін ата-бабамның айтқанының бәрі ақыл, істегенінің бәрі жөн ғой. (Бастық қабағын түйгенін байқап) Советтік салт-дәстүр одан да жақсы. Бұл - Советтік байғазы. (Қобдиға ақша салады.)
Б а с т ы қ: Жасың үлкен, өзің басалқалы екенсің, түбі сені старший қоямын-ау. Былайша айтқанда, он, қолым боласың!
Қауғабай: Періште әумин десін. (Сасып қалып) Ә, жәй сөздің несі, салты гой, иә. Мен партияның қарт солдатымын. Тексеруге осы қазір кірісіп кетуге рұқсат етіңіз.
Б а с т ы қ: Рұқсат.
Қауғабай: Сіздің бұл бастамаңыз қоғамымызға жаңа сілкініс әкелетініне кәміл сенемін. Сол кезде де қасыңыздан табыламын. (Кетеді.)
Б а с т ы қ: Табыласың сен. Жаман айтпай жақсы жоқ, сәл бағым тайсыншы, інге кірген тышқандай ана құмыңның ішіне кіріп кетерсің.
(Жауғабай кіреді.)
Жауғабай: Сәлем бердік. Денің сау ма, Бастық?
Б а с т ы қ; Ә, Жауқамысың, кел, кел. (Қобдиды соған қарай жақындатып қояды.)
Жауғабай: Бұл не, Бастық?
Бастық: Неменеге келгеніңді ұмытын қалдың ба? Қобди жинау менің хоббиым, байғазы, көрімдік беру сенің хоббиың, солай ма?
Жауғабай: Байғазы, қобди, хобби? Иә, иә, естігенмін.
Бастық: Естісең не тұрыс. Давай тезірек, ырғалып-жырғалып, тігісін жатқызып жататын уақыт жоқ.
Жауғабай: (Көрермендерге) Осы тесік бас мені ұстатып жіберейін деп отырғаннан сау ма? Сендер не білдіңдер?
Бастық: Қорықпа, сала бер. Байғазы үшін соттайтын заң да статья жоқ. Ол - салт-ғұрып.
Жауғабай: Иә, солай екен-ау. (Көрермендерғе) Бұл тесік басыңды да ауыздандырып қойған болды ғой. Қайран ағаларым-ай, періште тұрмақ пайгамбарды да жолдан тайдырасыңдар ғой, құдай кездестіре қалса. (Қобдиға ақша салады.) Барсын, көп болса бес-алты “БелАЗ” топырақ.
Б а с т ы қ: Жақсы, енді бара бер, Жауқа.
Жауғабай: Қалай бара берейін? Тапсырманы баяндайын.
Б а с т ы қ: Одан басқа айтатын арызың да бар, солай ма?
Жауғабай: Оны енді арыз деуге де болмас, былай... елдегі моральдік-саяси хал-ахуалды баяндайын дегенім ғой. Қанша дегенмен халық арасында көп жүреміз.
Б а с т ы қ: Әсіресе, Қауғабай мен Дауғабайдың тәртіптері, істеген ұрлықтары, ішкен-жегені туралы ғой.
Жауғабай: Дәл солай, Бастық. Мұны менен артық ешкім білмейді. Су бетіне шығарамын мен.
Бастық: Дұрыс, Жауқа, саған большевиктің ұрпағы әрі жас коммунист ретінде егіншілік пен мал шаруашылығындағы кемшіліктердің бетін ашу тапсырылады. Қауғабай мен Дауғабайдың жеке бастарын да ұмытпайсың.
Жауғабай: Кектен тілегенім жерден табылды десеңші, Бастық.
Бастық: Жассың, энергияң мол, білімің жетеді. Сен менің орынбасарым боласың әлі-ақ. Содан соң... біз қашанғы жүреді дейсің. “Уақыт озады, оқалы шапан тозады” дегендей.
Жауғабай: Рас қой. Ешкім қызметте байланып қалмайтыны рас, атаңның гөрі. (Артынан сасып) Ничего, сіз әлі әрлеу үстіндесіз. Бізге сол орынбасарлық та жетеді. Апырай, мынау ойламаған жерден оңына келе салған шаруа болды-ау, ат жалын тартып мінгелі арманым ғой бұл. Жеттім бе, жетпедім бе? Жүрек жардым мойнымда.
Бастық: Мойныңда емес, қойныңда тұр ғой. Ол жағыңда емес, мына жағыңда. Давай сал. Смело сал, өкең жаудан қайтпаған!
Жауғабай: Шынында да мына жағымда бірдеңе бар екен ғой. (Халыққа) Тесікбастың көзінің рентгені бар ма, немене? Әй, әбден битий екен. (Қобдиға тағы салады.)
Бастық: Оқасы жоқ, ұмытшақсың, әйтпесе ниетің дұрыс.
Жауғабай: Сенің жолыңда, Бастық, ақшамды емес, өзімді де саламын. Тек аласа болса да бір тақ тисе болды.
Бастық: Саласың, Жауғабай, саласың. Кіріс тапсырманы орындауға.
Жауғабай: Кеттім, Бастық, екеуі де екі аяғымның астында жататын болады. Мен тұрғанда бастарын көтере алмайды. (Кетеді.)
Б а с т ы қ: Қолыңнан келсе, табаныңның астына бірінші мені саларсың сен. Бірақ мен сендерді жіпсіз матап тастадым.
Жүріңдер енді бір-біріңнің артыңнан түрткілеп. Енді қай таланғанын арашалаған болып отыра беру керек.
(Кнопканы басады. Хатшықыз кіреді. Қатарына тұрады. Бастық бір қолымен Хатшықызды, бір қолымен қобдиды сипалапі отыр.)
Біраз жұмыстың бетін қайырып тастадық қой деймін. Катюша.
Хатшықыз: Енді бір мезгіл демалуға да болатын шығар, таза ауаға шығып, аң-құс атып дегендей.
Б а с т ы қ: Аң-құс атып деймісің? Идея! Жаңа идея келді ойыма! Бұрын неге ойламағанмын. Тұрғындардың қолындағы барлық мылтық, басқа да аң аулайтын қарулар жинап алынсын!
Хатшықыз: Олардың малы да, астығы да жоқ, бар қорек қилып отырғаны аң-құс емес пе? Мылтығын, басқа құралдарын алып қойса, немен ауламақ?
Б а с т ы қ: Ауламайды олар. Бас-басына аң қуып, бетімен кеткен түге. Содан да жұмыс істемейді. Ал аң аулайтын арнайы мамандырылған отрядтар шақырамыз орталықтан. Вот, солар корсетеді. Сол кезде шығамыз аңға, Катюша.
Хатшықыз: Сіз, сірә, мерген шығарсыз?
Б а с т ы қ: Бір кезде алтыатармен мүлт жібермейтінмін. Тура ондыққа тигізетінмін. Қазір...
Хатшықыз: Әлі де тұғырыңыздан тайын тұрған жоқсыз ғой.
Б а с т ы қ: Сен солай ойлайсың ба, Катюша?
Хатшықыз: Әрине. Қуатты екеніңіз бүкіл тұла бойыңыздан көрініп тұрған жоқ па?
Б а с т ы қ: Дұрыс айтасың, Катюша. Біздің порода - мықты порода. Деревняда ешкімді бет қаратпайтынбыз. Мен де энергиямның мол екенін сеземін.
X а т ш ы қ ы з: Иә, сіздің еңбекқор екеніңізді бәрі айтады.
Б а с т ы қ: Мен туралы жұрт әңгіме ете ме? Сонда не дейді? Бәрін айт, жасырмай айт, Катюша.
Хатшықыз: Сізді нағыз Ленин, Сталин, то-есть Ленин ісіне адал коммунист, біздің жарылқаушымыз дейді. Ал жастар тіпті әкеміз деп айтады.
Б а с т ы қ: Шынымен солай дей ме? Әкеміз дей ме?
Хатшықыз: Иә, иә, әкеміз дейді.
Б а с т ы қ: Партия - біздің әкеміз, партияның солдаты - жастардың әкесі, логично, Катюша, жастар туралы көбірек айтшы.
X а т ш ы қ ы з: Ой, біздің ауылдың жігіттері нағыз қабыландар ғой. Атылғанда жауын алмай қоймайды.
Б а с т ы қ: Атылады дейсің бе? Қалай атылады?
X а т ш ы қ ы з: Жәй әшейін теңеп жатқаным ғой. Олар ат үстінде құйындатып келе жатып, жүз құлаш арқанды лақтырғанда қашағанның мойнына дәл түсіреді де, тақымға басып, сүйретіп жүре береді.
Б а с т ы қ: Жүз құлаш деймісің? (Өз құлашын жайып) Сұмдық қой бұл, 150 метрден кем емес. Мойынға сарт дегізіп салып, сүйреп кете бере ме?
X а т ш ы қ ы з: Дәл солай, небір асау айғырларды бір пәсте жуасытады.
Б а с т ы қ: Адамға да лақтыра ма?
X а т ш ы қ ы з: Оларға бәрі бір.
Б а с т ы қ: Катюша, жаңа директива жаз. Барлық отбасына арқан салығы салынсын, түп-түгел жинап алынсын.
X а т ш ы қ ы з: (Көрерменге) Байлайтын малы жоқ болса, арқанды бермегенде не қылсын. (Бастыққа) Құзырығыңызға құлдық, Басеке. Тап қазір жәнелтуге рұқсат етіңіз.
Б а с т ы қ: Жөнелт, Катюша, жөнелт. Мылтық туралы да ұмытпа.
X а т ш ы қ ы з: Бәрі оқтай болады.
Б а с т ы қ: Содан соң қайтып ораласың, Катюша.
X а т ш ы қ ы з: Не үшін?
Б а с т ы қ: Сәске болып қалды. Демалыс бөлмесінде отырып шәй ішейік, демалайық.
X а т ш ы қ ы з: Жалко жоқ. Тапсырмаңызды орындаймын да келемін. (Кетеді.)
Б а с т ы қ: Вот охота! Ал аналардың охотасының ойранын шығарамын. Олар үшін тағы бір директива дайын. Бұлардың санасын бір сәт те еркіне жіберуге болмайды. Үнемі өз идеяңды құйып отыру керек. Әй, менің басым да бас-ақ қой, шіркін! Идеялардың генераторы деуге болады. Сол қасиетімді білгендіктен ғой, жіберіп отырғаны осында. Мен туралы әлі талай ес-теліктер жазылатын болар. Сонда не деп атар екен? Идеялар көмбесі! Жоқ, мен идея беруші ғана емес, оны жүзеге асырушымын да. Жаңа революцияның жетекшісі! Жоқ, жетекші деген менің тарихи ролімді бәсеңдетіп жібереді. Жасампаз!
Қаһарман! Революционер! Бұл атау біршама жақындайды. Бірақ кім көп, революционер көп. Көсем, жаңа революцияның көсемі! (Сол кезде сырттан шатыр-шұтыр еткен қатты дыбыс шығады. Бастық қатты сасып столдың астына кіріп кетеді. Шатыр-шұтыр күшейеді, ол одан сайын бұғады, «сақта құдай, сақта құдай» деп сыбырлайды. Катюша деп айқайламақ болады, тағы да шатыр ете қалганда қайта бұғады. Хатшықыз кіреді.)
Хатшықыз: Біз дайын, Басеке, жалко жоқ. Бұл кісі қайда кеткен құдайым-ау, демалыс бөлмесінде де жоқ. Қалыңдығынан қашқан Гогольдің кейіпкері құсап терезеден шығып кеткеннен сау ма? Осының өзі құр маупиған маймұрын болып күрмесе игі еді.
Бастық: (Даусы әрең шығып) Катюша!
X а т ш ы қ ы з: Ау, қайдасыз?
Бастық: Мұндамын.
X а т ш ы қ ы з: Басекең жердің астына түсіп кеткен бе? Еденнің жарығы жоқ сияқты еді ғой. (Біруақытта көріп) Мұнда неғып жатырсыз? Демалыс бөлмесі ана жақта ғой.
Бастық: Жаңағылар кетті ме?
X а т ш ы қ ы з: Кімді айтасыз?
Бастық: Покушение жасады ғой жаңа. Автоматпен тыртыр еткізіп атқанын естімедің бе?
X а т ш ы қ ы з: Қойыңызшы, рас па? Мен сіздің директиваңызды жеделхатпен жөнелту үшін бес минутқа ғана почтаға шығып кетіп едім. Сол кезде ме? Мүмкін емес!
Бастық: Сол кезде аңылып тұрған ғой. (Тағы да сатыр- сұтыр ете қалды. Бастық «әне» дейді де, тағы жатады. Мәселенің мәнісін енді түсінген Хатшықыз ішек-сілесі қата күледі.)
X а т ш ы қ ы з: Қайдағы қастандық, қайдағы автомат?! Кептерлер ғой ол.
Бастық: Кептері кім тағы?
Хатшықыз: Кәдімгі кок көгершін. Біздің шатырда толып отырады. Осы уақытта мына коршінің қызы мектептен қайтып келеді де, оларға жем шашады. Сол кезде кептерлер сатыр-сұтыр ұшып, шатырды көтеріп кете жаздайды.
Бастық: Көршінің қызы? Оны біреулер бақылауға жіберіп жүрген шығар. Өзі корші, озі кәмелетке толмаған, да еще қыз. Ой, қулар, залымдар. Катя, бұл қыз туралы менде толық мәлімет жататын болсын. Әке-шешесі, қатысатын ортасы, әсіресе, ересектермен араласа ма, соған баса назар аудар. Ал жаңағы кептерлерді қыру керек!
X а т ш ы қ ы з: Бейбітшілік құсы ғой олар, Басеке.
Б а с т ы қ: Олар авантюристер. Факт на лицо. Олар жаңа ғана авантюра жасады. Сол үшін жазасын алсын!
X а т ш ы қ ы з: Құста не жазық бар?
Б а с т ы қ: Сентиментализмге орын жоқ бұл жерде. Жаз, Катя, жаз. Жаңа директива! Кептерлер жер аударылсын. Көршінің қызы қатаң тергеуге алынсын. Есік, терезенің бәрі брондалсын. Күзетуге Орталықтан арнайы гвардия шақырылсын.
X а т ш ы қ ы з: Бәрі дұрыс, бірақ кептерлерді қалай жер аударамыз? Адам емес қой олар, айтқанға көнбесе де, айдауға жүретін.
Б а с т ы қ: Ендеше ұшуына тиым салынсын.
X а т ш ы қ ы з: Құсқа үшпа деу, желге тұрма дегенмен бірдей емес пе? Қанатын қырықпаса, қалай тиым саламыз.
Б а с т ы қ: Қырқылсын.
X а т ш ы қ ы з: Қала да, дала да қаптаған көгершін. Бұл операцияны жүзеге асыруға қол күші жете қоймас.
Б а с т ы қ: Орталықтан сұралсын. Одан әрі тұрғын халықтардың арасынан партияның директиваларына теріс пиғылмен қарайтындар немесе бейтараптық танытатындар анықталсын. Қазір жөнелт. Катя.
X а т ш ы қ ы з: Әлгі сәскелік шәйіміз қайда қалды?
Б а с т ы қ: Уақыттан ұту - табыстың басты кепілі. Темірді қызған кезінде соқ. (Ән естіледі. Бастық біраз тыңдап қалады.) Бұл не тағы?
X а т ш ы қ ы з: Көршінің қызы ғой.
Б а с т ы қ: Ән салуға тиым салынсын. Жүгеріге барсын.
X а т ш ы қ ы з: Мектепте ғой әлі.
Б а с т ы қ; Олардың мектебі еңбек даласы болу керек. Содан соң. Катя, жина халықты. Алғашқы директивалардың орындалу қорытындысын қараймыз. (Хатшықыз шығып кетеді, телефон шылдыр етеді. Телефонға) Жағдай жақсы. Барлық салада реформа революциялық масштабта жүріп жатыр. Иә, бұл революция. Жылқы мен түйені түгел бітірдік. Қоғамдық меншіктен басқа қой да қалдырмадық. Скоро жыртылмаған жер, қазылмаған тау, жарылмаған тас қалмайды. Тек адам күші жетпейді. Орталықтан қоныс аудартамыз дейсіз бе? Өте дұрыс. Мен де соны айтайын деп едім. (Қауғабай, Даугабай, Жауғабай, Хатшықыз, Мауғабай, Бақшагүл кіреді.)
Б а р л ы ғ ы: Ассалаумағалейкум, сәлеметсіз бе?
Б а с т ы қ: Келіңдер, келіңдер. Күн тәртібіндегі мәселе: директивалардың орындалуы. Бүлай жұмыс істеуге болмайды. Көрші үйдің қызы дала аруы - жүгері плантациясында жұмыс істеудің орнына өлең айтады. Қалай еді, Катя? (Хатшықыз қайталайды.) Міне, көрдіңіздер ме? Бұл жақсы емес. Партия сызып берген жолменен жүрмейміз. Бұл жерде жат идеологиясының әсері бар. Демек, жаңа директива керек. Өлең айту, ән салу тоқтатылсын. Бізге ән емес - нан керек!
Б а р л ы ғ ы: Ән емес - нан керек! (Сондай транспарант көтеріледі.)
Қауғабай: Қүдайға шүкір, тұқымымызда бақсы-құшнаш болған емес.
Дауғабай: Жезқалам атансақ та, желпілдек желікпе атанған жоқпыз.
Жауғабай; Жан керек болса - нан керек десеңші.
Б а с т ы қ: Дұрыс айтасың, Жауке, жан керек болса - нан керек. Енді тексерудің қорытындысы баяндалсын. Қане, Қауғабай, сөйле.
Қауғабай: Егіншілікте жағдай нашар. Шұғыл нетуді қажет етеді. Егістіктің айналасына тексеру-зерттеу жүмысын жүргенімізде, көптеген жасырын нелер, жер асты астық қоймалары табылды. (Әр жерден “сұмдық-ай, халық байлығын тонау ғой бұл” деген дауыстар естіледі.)
Дауғабай: Ұра қазып, астықты жасырған кім екен сонда?
Қауғабай: “Сезікті бұрын нетеді” деген, неменеге қимаң қыши қалды?
Дауғабай: Фактімен сөйлеу керек.
Б а с т ы қ: Иә, факт керек бізге.
Қауғабай: Факт бар, Басеке. Ол ұраны жасаған кеміргіш тышқандар мен құмырсқалар. Оларға тапсырма берген, әрине, егіншіліктің жетекшісі. Тышқандар мен құмырсқалар тасыса ешқандай нетеді, күдік келтірмейді деп ойлаған. Сондықтан да кеміргіштермен байланыс орнатқан.
Д а у ы с т а р: О, тоба, “естімеген елде көп” деген осы екен ғой. Залымдықтың мұндай түрін кім білген. Бұлардың қайсысы залым?
Б а с т ы қ: Жә, тынышталыңыздар. Басқа айтатының бар ма?
Қауғабай: Бар болғанда қандай! Мен басқарған комиссия тау-тас мәселесімен де нетті. Жолсыздықтың көкесі сонда. Жауғабай жолдас тас кеміріп, құм шайнап күн кәріп жүр деугe толық негіз бар. Оның асқазанына мәшине-мәшине тасың жұғын да болмайды. Қараңдаршы, түк білмегендей тымырайып отыруын.
Жауғабай: Боз даланың боз шаңынан басқа бірдеңе табар ма екенсің асқазанымнан. Аппаратың болса, қарашы, қане.
Қауғабай: Сендейлерді қарайтын жер табылар. Сен партияның меншігіндегі тастарды сатасың.
Б а с т ы қ: Түсінікті. Дауғабай, кезек сенікі.
Дауғабай: Жолдастар, тек ақиқат ашылып, еділ қазылық айтатын алқалы жиында имандай шындыққа жүгінуіміз шарт. Сонда ғана біз партия алдындағы және сіздің алдыңыздағы адал борышымызды атқара аламыз деп ойлаймын. Қауғабай жолдас жеріне жеткізе тексермеген. Оның өзіндік себебі де бар. Жауғабай жолдас пен Қауғабай жолдас ауыз жаласып, қылмысты бірге істеп отыр. Әйтпесе іргеде ұлан-ғайыр құм жатқанда, біздің құрылысшыларымыз құмды өзге өңірден таси ма?
Жауғабай: Құрамы келмесе қайтеді енді?
Дауғабай: Ол құр әншейін сылтау. Бұл Орталықтан келетіндер үшін тұрғын үй салу қарқынын қасақана бәсеңдету болып табылады.
Жауғабай: Маған да кезек келер. Соға бер.
Дауғабай: Шиқаныңа тиіп кетті ғой деймін, Жауғабай жолдас.
Б а с т ы қ: Әрі қарай.
Дауғабай: Әрі қарай айтсам, қадірлі Басеке, Қауғабай жолдас жекеменшік малды реквизиция жасауда үлкен көзбояушылыққа жол беріп отыр. Баса айтамын. Саналы түрде жол беріп отыр. Ол уақ мал деп тек қойды ғана көрсеткен. Ешкілерді ескермеген. Ал ешкілердің егіздеп, тіпті сегіздеп туатыны белгілі. Оны айтасыз, оның есебінде есектер мүлде жоқ. Ал біздің өлкемізде есек коп. Мынау отырған Мауғабай шалдың үйінде бір қора есек бар.
Жауғабай: Есегімен бірге Мауғабай шалдың қорасы толған бүрге. Құдай біледі, ышқырында биті де болу керек. Айтқасын бәрін де айтпайсың ба? Бит те үй жануары ғой.
Б а с т ы қ: Саған кезек келғен жоқ, Жауке.
Жауғабай: Кезегімді бермей мысымды құртты ғой. Мыналардың қорлығы өтіп барады.
Б а с т ы қ: Жарайды, жалғастыра берші.
Жауғабай: Мен жалғастырсам былай, Бастық. Дауғабай көртышқандар мен құмырсқаларды ғана жұмсап отырған жоқ.
Мен сиырлардың жапаларын де тексеріп көрдім. Оның ішінде де дән жүр. Торғайлардың ұясында да дән бар. Демек, Дауғабай бәрімен шарт жасасқан. Ал Қауғабайға келетін болсақ, оның ең мықты одақтасы - қасқыр. Қауғабайдың арғы атасының біреуінің аты - Бөріемген, яғни, қасқырдың сүтімен ауызданған. Сырттай бір-біріне айбат көрсеткенімен, туыс туыстығын жасамай тұрмайды.
Б а с т ы қ: Түсінікті. Қорытынды жасайтын уақыт жетті гой деймін. Қылмысты әрекеттер ашылды. Енді жазаларын белгілеп, қаулы қабылдауымыз керек. Қане, кімде қандай ұсыныс бар?
Жауғабай: Қауғабай мен Дауғабай орнынан алынсын, ортамыздан аласталсын. Сол керек оларға, атаңның гөрі. Бастық, мені білесің ғой.
Дауғабай: Басеке, мен өзіңізге деген кәңілімді білдіргенмін. Қобдиыңыздың бірегей тарихи мұра екенін алғаш атап өткен мен едім. Ал Қауғабай мен Жауғабайдың қылмыстары ауыр екенін өзіңіз көрдіңіз. Менімше, заң орнына берген жөн.
Қауғабай: Бүл қоғамға ең көп неткен, еңбек сіңірген мен. Жасым да үлкен. Кетсе Дауғабай мен Жауғабай кетсін.
Дауғабай: Жоқ, сіздіңжолыңыз, Қау-аға, жасыңыз үлкен.
Жауғабай: Ура! Дұрыс айтады - үлкендер кетсін. Қауғабай мен Дауғабай!
Дауғабай: Қауғабай мен Жауғабай!
Қауғабай: Дауғабай мен Жауғабай!
Мауғабай: (Бақшагүлге) Мыналар неменеғе хауа-хауа деп кетті.
Бақшагүл:Е, бұл үшеуінің айтысы біткен бе, ит пен мысықша ырылдасады да жатады ғой, әйтеуір.
Мауғабай: Әй, береке тапқырлар-ай, бұларға не жетпейді осы?
Бақшагүл: Тақ жетпейді.
Мауғабай: Таласып отырған тақ тұрлаусыз. Қой, бұлар айтысып жатқанда жұмыстың жайын кім ойлайды. Қайтайық, келін. (Екеуі шығып кетеді. Үшеуі тағы айтысады.)
Жауғабай: Өлтірсең де өзің өлтірші, Бастық.
Дауғабай: Иә, не болса да осы жолы окончательно шешіңіз.
Қауғабай: Неңізге... терелігіңізге құлдық.
Бастық: Катюша, милиция шақырыңыз. Мыналардың бәрін алып кетсін. (Үшеуі де состиып қалады. Бір кезде естерін жиып, бір-біріне қарайды.)
Қауғабай: Әй, біздікі не жорық осы, өз немізді өзіміз ашып.
Дауғабай: Соны айтамын-ау.
Жауғабай: Бәрімізді түрмеге жапқанда кім жұмыс істейді, Бастық?
Б а с т ы қ: Орталықтан келеді.
Дауғабай; (Қобдиды жанап өтіп, ақша салып кетеді). Қызыл қырманнан кеусен деген болады.
Ңауғабай: (Қобдиды жанап өтіп) Қыруар малдың ішінде бәсіре жүреді.
Жауғабай: Жеңгейдің білезігі қашан да қайнысының мойнында. (Қобдиды жанап өтеді.)
Бастық: Дұрыс. Дегенмен бұл жиналыстан бір қорытынды шығаруымыз керек. Бір адамды наказать етпесе болмайды. Мен Орталыққа солай деп хабарлап та қойдым.
Дауғабай: Дап-дайын Мауғабай бар емес не?
Жауғабай: Дұрыс айтасыз, Дәуке. Сол шалдың барынан жоғы.
Қау ғабай: Иә, қойға да нете алмай қалды өзі. Бірақ оған не қылмыс тағамыз?
Дауғабай: Оны жаңа айтқан жоқсыңдар ма? Есегін, бүргесін, битін есепке кіргізбегені жетіп жатыр.
Қауғабай: Үшеуіміз бірдей мөрлесек, кім айырып алады біздің қолдан.
Дауғабай: Ағайынның ауызбірлігі деген, міне, осы болады.
Жауғабай: Әкеліңдер, мен бірінші қоямын қолды. Ең болмаса осы жерде беріңдерші жолымды, атаңның гөрі.
Дауғабай: Ала ғой, Жауғабайжан, “жас келсе іске” деген. Осындайда белсенділік көрсеткенің дұрыс-ақ.
Қауғабай: Басеке, қағаз дайын, қылмыскерді әкете беруге болады.
Бастық: Катюша, Мауғабай - қылмыскер, вредитель. Ол жөнінде бүкіл халыққа үлгі болатындай етіп директива дайындаңыз.
X а т ш ы қ ы з: Құзырыңызға құлдық, Басеке. Қазір арнайы наряд жөнелтіледі Мауғабайды алып кетуге. (Шығады.)
Бастық: Дегенмен, басқару структурасын да нығайтуымыз керек.
Б а р л ы ғ ы: Қалайша? Қайтіп?
Б а с т ы қ: “Екі қошқардың басы бір қазанға симайды” дейме қазақ. Ал, сендер, тем более, үш қошқарсыңдар. Мүйіздерің қарағайдай. Сондықтан үшеуіңді үш айыру қажет.
Д а у р а б а й: “Ортақ егізден оңаша бұзау” болып жатса, қанеки.
Ж а у ғ а б а й: “Чем большой зам, лучше маленький сам”, бөлсе бөлсінші.
Қауғабай: Әй, әліптің артын бағайықшы осы.
Б а с т ы қ: Қауғабай, сен күнгейліктің құрамына кіресің, ал Дауғабай теріскейліктерге телінесің. Сен болса, Жауқа, орталықтың өзіне тікелей бағынасың.
Қауғабай: Сонда қалай, басқа біреуге бағынамыз ба?
Д а у ғ а б а й; Бағынғанды айтасың, кірме боласың, малжаның жатқа байланып кетеді деп тұрған жоқ па?
Ж а у ғ а б а й: Атаңның гөрі, бұл патшаның боданы болғаннан да қиын ғой. Көнбейді оған Жауғабай, атам жаудан қайтпаған.
Б а с т ы қ: Қайда жүрсеңдер де, партияға бағынасыңдар. Вот солай, коммунизмнің табалдырығында тұрмыз. Ал сендер жершілдік, ұлтшылдық психологияны бүксіткілерің келеді. Әлде сендер коммунист емессіңдер ме?
Жауғабай: Коммунистпін, Бастық, большевиктің ұлымын.
Д а у ғ а б а й: Коммунситнін, әкем чекист.
Қауғабай: Коммунистпін, әкем колхозды өз қолымен құрған. (Бастық кнопканы басады, Хатшықыз кіреді.)
X а т ш ы қ ы з: Кезекті директиваны жүзеге асыруға әзірмін, Басеке.
Б а с т ы қ: Бұл - жәй ғана кезекті директива емес, Катюша. Бұл - шешуші директива! Менің басшылығыммен жасалып жатқан революцияның шыңы. Ұқтың ба? Барлық идеологиялық құралдар осылай түсіндіретін болсын бұл шешімді. Сонымен Қауғабай шаруашылығы күнгейге кіреді, Дауғабай... (Телефон шылдыр ете қалады. Бастық түрегеп тұрып сөйлеседі.) Өзгеріс? Саясатта да күрт өзгеріс? Так, так... революциялық масштабтағы реформаны аяқтап қалын едік. Штансыз қалсақ та, цифрді жеткізетіндей болып едік.
Дауғабай: Тағы қандай сыбаға дайындан жатыр екен мыналар бізге?
Ж а у ғ а б а й: Не болушы еді, жерді, елді бөлді, малды алды, енді семьясын шүлен таратқандай таратып жіберіңдер деп жатқан шығар.
Дауғабай:Ә, ойың бұзық екен ғой, бала. Қаламның ұшына ілініп кетіп жүрме, байқа.
Жауғабай: Ей, қойшы-ей. Өзің көрдің аузында тұрып қорқытасың ба?
Қауғабай: Әліптің артын бағайық, жігіттер.
Б а с т ы қ: Түсіндіріледі, орындалады. Сау болыңыз. (Жүзі жылып) Сендердің қамдарың ғой сөйлесіп жатқаным. Орталық та жағдайларыңды қалай да жақсартуды ойластыруда. Әрине, кейбір жеке адамдардың тарапынан кемшіліктер кетті. Мәселен, жекеменшік малды құртуды алайық. Оны партия дер кезінде көрсетіп отыр.
Жауғабай: Қауғабайдың әрекеті ол. Жазалау керек.
Б а с т ы қ: Жоқ, партия өзінің солдаттарына кешіріммен қарайды. Мал өсіретіндер өсіре берсін, бақша айдағандар айдасын. Осы жүз грамға да орынсыз тиым сала береміз. Катюша, бізде мына қонақтар үшін бірдеңе бар ма өзі? Біз көп қиындықтарды бастан кешірген халықпыз. Біраз демалайық.
Ж а у ғ а б а й: Мынау рақат болды ғой. Бір тояйықшы, содан кейінгісін көре жатармыз, атаңның гөрі. (Қойнынан бөтелкесін суырып алады. Дауғабай, Қауғабайда да бөтелке. Той-думан.)
Қауғабай: Мен мына тосты халқымыздың жарқын болашағын жасаған неміз, көсеміміз Басекең үшін көтеруді ұсынамын!
Дауғабай: Басекең біздің ырыс-құтымыз, әкеміз, асыраушымыз. Оған ұзақ өмір тілей отырып, оның адал, сенімді қызметшісі болуға шақырамын.
Жауғабай; Басекеңнің жолында өлемін, оның жауларының қолында өлемін, атаңның гөрі, әкем жаудан қайтпаған.
Б а с т ы қ: Иә, менің барлық саналы өмірім халыққа қызмет етуге арналды. Бірақ мен сендер болмасаңдар бұндай табысқа жете алмас едім. Мен сенімді серіктерім - сендер үшін көтеремін тосты. (Көтереді.) Катюша! Біраз ән салып, көңіл көтермейміз бе? Нан бар, енді ән керек!
Б а р л ы ғ ы: Нан бар, енді ән керек! (Бастық “Русское полені” бастайды. Оған бәрі қосылады, ән бітеді.)
Бастық: Пляска! (Үшеуі билейді. Бастық оларға қарап арақ ішіп отырады. Хатшыңыз қызмет көрсетеді. Бір кезде Бастық құлайды. Оны Хатшықыз сүйемелдеп демалыс бөлмесіне әкетеді. Сон да ғана үшеуден үшеу билен жатқанын байқаған үшeyi тоқтайды. Жауғабай қазаңша өлең бастап жібереді де кенеттен Дауғабайды құшақтайды.)
Ж а у ғ а б а й: Бауырмыз ғой біз, көке, бауырмыз.
Д а у ғ а б а й: Тетелесім-ау, арамызда түсік жоқ қой біздің.
Қ а у ғ а б а й; Қос бауырым менің, қоңыр қозыларым.
Д а у ғ а б а й: Қау-аға, біз бір жағынан сүйек жекжатпыз ғой. Сіз менің түп нағашым боласыз.
К а у ғ а б а й: Баяғыда менің бір апам сенің атаңа тиген. Сен содан қалған тұяқсың ғой, жиенжан.
Ж а у ғ а б а й: Мен сендердің аталарыңа екі апамды бірдей боламын. Екеуің де маған жиенсің.
Ж а у ғ а б а й: Біздің үйдегі де әкпең ғой, мен саған жезде боламын, Жауғабайжан.
Ж а у ғ а б а й: Құлағыңнан тартайыншы жездеке. (Бұлар құшақтасып жүргенде Бастық пен Хатшықыз кіреді. Бастық сауығып кеткен.)
Б а с т ы қ: Жұмыс істеу керек, жолдастар. Осы жұмыс істеп жатан адам бар ма?
Дау ғ а б а й: Бақшагүл бақшада істеп жатыр.
Ха т ш ы қ ы з: Өтірік, ол бір апта болды, қызын ұзатудың қамымен жүр.
Б а с т ы қ: Мауғабай қайда?
Х а т ш ы қ ы з: Мауғабай өлі срогін өтеп болған жоқ.
Жауғабай: Орталықтан келгендер тау бұзып, тас жарып жатыр.
X а т ш ы қ ы з: Олар получкадан кейін ездеріне демалыс жариялаған, Шабаш.
Ба с т ы қ: Тағы да орталықтан жұмысшы күшін сұрауға тура келеді. Оларға бездельниктердің үйлерін босатын беру керек.
Кауғабай; Басеке, маған бір ой келіп тұрғаны.
Б а с т ы қ: Айт, біз мәселені коллегиально шешуіміз керек.
Қ а у ғ а б а й: Мауғабайға нетсеңіз, помилование берсеңіз қайтеді? Кемпіріне малды жалғыз бағу ауырлау болып жүр.
Д а у ғ а б а й: Егіншілікте жалғыз істеу Бақшагүлге қиындау тиіп жүр. Ана көршінің қызы оныншы бітірді. Соны қоссам деймін. Өзі ән де салады.
Ж а у ғ а б а й: Мендегілер шетінен әнші. Получкадан кейін апта бойы тоқтамай айтады.
Ба с т ы қ: Бұл ойларыңның зерносы бар. Мауғабайды босату керек. Қалған жазасын еңбекпен өтесін. Ал көршінің қызын жүгеріге жіберген жөн. Дала аруы! Журналистерге қандай тамаша тақырып, ә...
Дауғабай: Трактор айдатамыз, түйенің өркешінде өскен қазақтың қызына трактор айдау түк емес.
Б а с т ы қ: Дұрыс, олар партияның жылы алақанын сезінуі тиіс.
X а т ш ы қ ы з: Түсіндім, Басеке, директива қазір дайын болады.
Б а с т ы қ: Маған тағы бір үлкен ой келіп тұрғаны. Біз еңбекшілерді ынталандыруымыз керек емес пе? Оларды наградағы ұсынайық.
Ж а у ғ а б а й: Көрсеткішіміз төмен болып жүрмесе...
Дауғабай: Сен де бір болмайтын сөзді айтады екенсің, Көрсеткіш деген цифр емес пе, қағаз бен қалам бәрін көтереді.
Қауғабай: Бізді көрініп тұрған ненің, коммунизмніц табалдырығына алып келген сіз. Сіз болмасаңыз осындай ұлан асыр неге ешкім жете алмас еді. Сондықтан ең үлкен награда өзіңіздікі. Сіз халқымыздың қаһарманысыз!
Дауғабай, Жауғабай, Қауғабай: Халқымыздың қаһарманы жасасын! (Бәрі тост көтереді.)
Дауғабай: Ізін суытпай протоколдап жібермейміз бе?
Қауғабай: Иә, әлгі Хатшықыз қайда?
X а т ш ы қ ы з: Осындамын.
Б а с т ы қ: Бұл мәселеге мені араластырмайтын шығарсыңдар. Мен жұмысымды жалғастыра берейін. (Демалыс бөлмесіне кетеді.)
Хатшықыз: Бастықтан басқа кімді ұсынасыздар?
Жауғабай: Тұрған жоқпыз ба бәріміз де қарағайдай болып.
Хатшықыз: Бәріңді бірдей өткізбейді. Еңбек адамын араластырмаса болмайды.
Дауғабай: Хатшажан, қарағым-ау, түсінігің бар бала едін ғой, осы мәселеге келгенде неғып солқылдай қалдың. Жаза бермейсің бе, Қауағаңды шопан, Жауғабайды шахтер, мені сушы деп жаз.
Қауғабай: Апырай, кейін нетіп, былай... шиі шығып жүрмей ме?
Дауғабай: Орталықтағылар қай қазақтың фамилиясын біліп жатыр. Екі вариант дайында, қайсысы қолайлы болса, сонысы өтеді.
Жауғабай: Апырай, мынау бір рақат дүние болды гой, Коммунизм дегенің осы шығар.
(Бастық кіреді)
Бастық: Қалай, бітірдіңдер ме?
Қауғабай: Соны былай атап өтсек деп едиі.
Бастық: Міндетті түрде!
Жауғабай: Біздің еліміздің қаһарманы үшін!
Дауғабай: Біздің еліміздің екі мәрте қаһарманы үшін!
Хатшықыз: Біздің еліміздің төрт мәрте қаһарманы үшін!
(Бәрі қосылып Е.Хасанғалиевтің «Ильич» әнін орындайды. Бастық Хатшықыз ұсынған қағаздарға қол қоя береді. Ән аяқталғанда телефон шылдыр ете қалады.)
Бастық: (телефонды көтеріп) тыңдап тұрмын. (Орнынан атып тұрып). Не дейсіз? Сұмдық қой бұл? Дұрыс айтасыз, жергөгінде тұншықтыру керек. Індет ішінен шықпауға тиіс. Көнбей көзіне қарасын. (Трубканы орнына қояды). Жолдастар, жаңа директива!
ІІ БӨЛІМ
Орынтақ бос. Алдында гу-гу жиын.
Дауғабай: Халық, алашым, жұртым, жұрағатым, ата көзің шылатын уақыт таяу. Тәуелсіздік туы маңдайшанда көзің ашылатын уақыт таяу. Тәуелсіздік туы маңдайшаңда желбіреп, елтаңбаң төріңді әруақтандырып, әнұраның әлемге әуелейтін күн туып келеді алдыңда. Енді тайсақтаудың да, жалтақтаудың да реті жоқ. Өз билігімізді өзіміз алып, арбамызды өзіміз айдайық.
Қауғабай: Дауғабай дұрыс айтады. Енді нетпесек болмайды. Ел билейтін азаматтар арамызда аз емес, иә.
Жауғабай: Құдай деп айтайын, біз осылай қысыр сөзді соза берсек, тағы да заң өзгереді де, орынтаққа сырттан келген біреу отыра кетеді.
Мауғабай: (Бақшагүлге) не дейді мыналар, жұмыс істейік дей ме?
Бақшагүл: Халқым, халқым деп қақсап қалыпты ғой, әйтеуір бәрі.
Мауғабай: Е, олары жөн, естері кірейін деген екен.
Бақшагүл: Шеттерінен жүзіктің көзінен өтердей жылпылдайды, көкейлеріңде басқа бірдеңе бар-ау.
Мауғабай: Мейлі ғой, әйтеуір, малдың жағдайын жасаса болды да.
Бақшагүл: Күнде жиналыспен жүріп, менің бақшамның да мезгілі өтіп барады.
Қауғабай: Ау, көпшілік, бірлікке неткен дұрыс, бірақ былай ненің жөнін айтпайсыңдар ма?
X а т ш ы қ ы з: Бәріңіз де жоғарының бағытын күнделікті оқып-біліп отырсыздар. Қайта құру керек.
Мауғабай: Қыру керек дейді?
Бақшагүл: Құру керек дейді.
Мауғабай: Құдай алмаса қайда құримыз?
Қауғабай: Қайта құруды неден бастаймыз сонда?
X а т ш ы қ ы з: Неден болушы еді, әрине, кадрлардан бастаймыз .
Жауғабай: Дұрыс, Жүз, то-есть тоқсан процент ауысуы керек.
Қауғабай: Сонда қалай, жазықсыздан жазықсыз қызметті нетіп кете береміз бе?
Жауғабай: Жасына, стажына қарай кетеді.
Дауғабай: Жолдастар, былай ғой, жүз процент ауыстыру керек десе, солай-ақ болсын. Біз қай кезде де асыра орындауға үйреніп қалған халықпыз.
Жауғабай: Асыра сілтеуге де.
Дауғабай: Олай деме, асыра орындау біздің ұйымдастырушылық қабілетіміздің күштілігін көрсетеді.
Қауғабай: Сонымен тоқетерін нетші.
Дауғабай: Тоқетерін айтсам, мен қызметімнен өз еркіммен босанамын.
Мауғабай: (Бақшагүлге) Не дейді анау, жүмыс істейміз дей ме?
Бақшагүл: Жұмыстан босанамын дейді.
М а у ғ а б а й: Е, есі кірейін деген екен.
Қауғабай: Дауғабай-ау, пенсияға жасың неткен жоқ қой.
Дауғабай: Мына заманда мен түгіл, жасыңыз жақындаған сіз де пенсияға тып-тыныш шыға алмайсыз, Қау-аға. Алда әлі айқай көп. Сондықтан із суытып, орын ауыстырмаса болмайды.
X а т ш ы қ ы з: Бізде бос вакансия жоқ. Қайта, штатты қысқарту керек деп жатыр.
Дауғабай: Маған бос вакансияның кереғі жоқ. Жауғабайдың орнын берсеңдер жетеді.
Жауғабай: Мен қайтемін?
Дауғабай: Сен Қауғабайдың орнына бар.
Қ а у ғ а б а й: Жарға итергілерің келіп тұрғаны мен бе?
X а т ш ы қ ы з: Сізге Дауғабайдың орны босайды. Сонда бізде кадр жүз процент ауысқан болып шығады. Тамаша идея! Ақпар бергенге оңды болды.
Мауғабай: (Бақшагүлге) Не дейді аналар?
И а қ ш а г ү л: Қызметтерін қайта бөлісіп жатыр.
Мауғабай: Қолдарынан не мал бағу, не су суғару келмеген соң қайтсын енді.
X а т ш ы қ ы з: Бұл мәселені осымен бітті дейміз. Қазір жоғарыға ақпарат жіберемін.
Дауғабай: Иә, бұл мәселе бітті. Анкета тазарды. Бәріміз де ескі жерден із суыттық. Енді негізгі мәселені ойлайық та, Хатшажан.
X а т ш ы қ ы з: Қызметті жуу мәселесін айтасыз ба?
Дауғабай: Ішің біліп тұр ғой, Хатшажан, тереңсің, бірақ бойлатпайсың, ананы айтамын. (Орынтақты көрсетеді.) Сайлаудың мерзімі қашан деймін?
X а т ш ы қ ы з: (Орынтаққа қарап) Иә, мынау бар екен ғой. Енді бұл жоғарының құзырында емес, халықтың қалауында.
Мауғабай: Бітетін түрі бар ма мыналардың?
Х а қ ш а ғ ү л: Асықпа, бізге қарап күнбағысша иілгелі тұр. (Орнынан тұрып) Оу, игі-жақсылар, “Әңгіме бұзау емізер, бұзау пінқ жегізердің” кері келіп тұр ғой. Малдың жемшөбін дайындап жатқан адам жоқ, егістік болса шәліркеп ол тұр. Ал сендердің қысыр әңгімелерің бітер емес. Мау-атам екеуміз енді күте алмаймыз. Шаруамызға кетеміз.
Дауғабай: Бақшагүл, қарағым, сайлау да маңызды науқан.
Ж а у ғ а б а й: Жеңеше, сен өйтіп бағаңды көтере берме. Жиналысқа шақырса бақшам, бақшам дейсің, ал өзің базардан шықпайсың.
Б а қ ш а г ү л: М-м... мен саудамен жүргенде, егінді өсіріп
жатқан сендер екенсіңдер ғой. Ертең біреуіңе де дауыс бермеймін. Үшеуіңді де сызып тастаймын.
Қ а у ғ а б а й: Келінжан, былай... не боп... керек бон тұрсың ғой енді.
Бақшағүл: Керек қылған қайнаға өзі тауып алады. Жүр, ата кеттік. (Мауғабай екеуі шығады.)
Д а у ғ а б а й: Осы сенің қызбалағың-ай, Жауғабай.
Ж а у ғ а б а й: Қайсы біріне жалынамыз. Қыздарына жасау керек болса, келеді езі-ақ.
Дауғабай: Сенімдімін десеңші. Қой, мен қайтайын. Бірақ кандидат ұсынатын жиналыстың мерзімін ұзаққа созбайық, Хатшажан.
Қауғабай: Мен де жүрейін. Жаңа шаруаға кіріспес бұрын, ескісін нетіп кету керек.
Жауғабай: Оның рас, шал. Әр малдың тісін қарап, тіпті үстіндегі қылшығына дейін санап қабылдаймын, білдің бе?
Қауғабай: Кімнің нені қабылдайтынын кезінде көреміз. (Кетеді.)
Жауғабай: Қорқытады-ей мына шал.
X а т ш ы қ ы з: Немене, сенің шаруаң жоқ па, Жаука?
Жауғабай: Шаруаның үлкені өзіңде болып тұр ғой, Хатшажан, неге түсінбейсің?
X а т ш ы қ ы з: Түсінемін, түсінгенде қандай!
Жауғабай: Түсінген түйсігіңнен неге садаға кетпеймін.
X а т ш ы қ ы з: Түсінгенде тұрған не бар? Бәрін, бәріңді түсінемін.
Жауғабай: Түсінген соң енді...
X а т ш ы қ ы з: Түсінемін де қоя саламын.
Жауғабай: Түу, садистің өзісің ғой, аяушылық жоқ.
X а т ш ы қ ы з: Аяғанда қолымнан не келсін.
Жауғабай: Бәрі келеді. Бүкіл қазына қолыңда болады.
X а т ш ы қ ы з: Көрмедік қой ол қазынаңды. Өзіңнің мыржық әйеліңнің төбесінен төмен қарай құйып жатқан шығарсың.
Жауғабай: Сенен аяғанды ит жесін, атаңның гөрі. Міне, мынау білезікті саған арнап әдейі соқтырғанмын.
X а т ш ы қ ы з: Қой, мыртығың алмай қойған соң әкеліп тұрған шығарсың?
Жауғабай: Құдай біледі, саған арнап соқтырдым. Қане, әкелші өз қолыммен салайын. (Білезікті қолына салып, қысып- қысып қояды.)
X а т ш ы қ ы з: Қандай мәдениеттісің.
Жауғабай: Әдеп сақтап тұрмыз ғой енді.
X а т ш ы қ ы з: Сөзің қандай сүйкімді, әйелдің жүйкесін еріксіз босатады.
Жауғабай; Сол ғой менің де күткенім.
X а т ш ы қ ы з: Оның үстіне мынандай қымбат сыйлық алған әйелдің жүйкесі қалай босамасын.
Жауғабай: Қайран білезігім, сиқырсың ғой сен, сиқырсың. (Ұмтылады.)
Xатшықыз: Қой-ей, біреу-міреу кіріп қалар. Мыртық әйеліңе жетсе...
Жауғабай: Жауғабайды алған бетінен ешкім қайтара алмайды, атаңның гөрі, әкем жаудан қайтпаған.
X а т ш ы қ ы з: Мына орынтақ та қайтара алмай ма?
Жауғабай: Орынтақ та.
X а т ш ы қ ы з: Егер саған келіп: “Жауғабай, не орынтақты таңда, не Хатшықызды таңда” десе қайтер едің?
Жауғабай; Сені ешкімге де, ештеңеге де айырбастамаймын. Жауғабай айтты, бітті.
X а т ш ы қ ы з: Айтпақшы, сен жаңағы екеуінің қайда кеткенін білесің бе?
Жауғабай; Қайда кетсе, онда кетсін, шаруам жоқ. Менің қасымда сен болсаң болды.
X а т ш ы қ ы з; Ол екеуі мынаның (орынтақты көрсетеді) қамымен кетті.
Жауғабай; Не дейді?
X а т ш ы қ ы з: Иә, олар сенен ұрланып, ауыл адамдарын өз жақтарына қаратуға үгіттеп жүр. Түгел қаратып алып та қойған шығар.
Жауғабай: Қап, құдайдың ұрғаны-ай, ә! Мен мұнда неғып тұрмын езіп? Қазір жетейін, көрсетейін мен оларға. Бұл жолы жығыла қоймас Жауғабай. (Тұра жүгіреді.)
X а т ш ы қ ы з; (Ішек-сілесі ұата күліп) “Жауғабай айтты, бітті”. “Сені ешкімге айырбастамаймын”. Орынтақ десе дүниедегі басқа ләззаттың бәрін ұмытып кететін ағаларым-ай! (Қолына шүберек алып, орынтақты сүрте бастайды.) Енді кімнің хатшысы болар екенмін? (Телефон шырылдайды, Хатшықыз көтереді.) Хатшы тыңдап тұр. Түсінікті. Барлығы да заңға сәйкес өтеді. (Трубканы қояды. Көрермендерге) Сайлау жақын. Ағалардың айқасы енді қызады.
(Сахнаға Мауғабай шығады, Қауғабай таужайлап келеді.)
Қауғабай; Меуке, былай мойын бұрсаңшы енді.
Мауғабай; Нені мойындаймын? Тергеушің мойындатып болған мені, енді маза беріңдер.
Қауғабай; Мойын бұрсаңшы деймін.
Мауғабай; Е, бұрылмайтын шошқа болып кетті дейсің бе мені. Түйемойын қазақтың өзімін ғой. Айтсам, түрмеге салып көрсеткен қорлықтарыңды айтамын. Ол жақта бит пен бүрге көп екен, соның есебін неге алмайсыңдар осы?
Қауғабай; Жарықтық-ай, о заман... былай... қиын заман
болды. Өзіңді қанша қорғасақ та, қолымыздан ештеңе келмеді.
Мауғабай: Енді қолдарыңнан бірдеңе келетін болып қалды ма?
Қауғабай: Келер еді, бірақ сендерге байланысты, былай нетіп жіберсеңдер болар еді.
Мауғабай: Нетіп жіберің не, соғып жібер дейсің бе? Шатаққа жоқпын, айналайын.
Қауғабай: Мау-аға, ешкімді соқ деп түрған жоқпын. Маған дауыс бер деймін.
Мауғабай: Құдай берген дауысты құдай алады да, саған қайтіп беремін? Құдай берсін!
Қауғабай: Қағазға жазылған басқа фамилияларды нетіп, урнаға салсаң болды.
Мауғабай: Үраға сал дейсің бе, үраға салатын астығым жоқ. Тек жүрген тоқ жүреді.
Қауғабай: Мәуке, осы екеуміз ағайынбыз ғой. Екеуміз де Тақиялы атамның балаларымыз.
Мауғабай: Апырай, сен де ата жөнін біледі екенсің ғой.
Қауғабай: Қызмет бабымен айта бермейміз ғой. Әйтпесе, бәрі ішімізде. “У ішсең руыңмен” деген, Тақиялы атам ұрпақтарының сыналар күні туып тұр. Өзің бастап, ағайындарды соңыңнан ертіп, осыған күш салыңдар. “Бір кісі таққа отырса, жүз кісі атқа отырады” деген бар.
Мауғабай: Өзің бүгін шешен болып кетіпсің ғой. Таңдайың тақ-тақ етеді.
Қауғабай: Мәуке-ау, шешен болмай сақау болсам да ез қаныңызбын ғой, әйтеуір. “Қанына тартпағанның қары сынсын”. Жағдайыңызға қарасып тұрамын.
Мауғабай: Жағдайыма қарасасың, ә. Жөн, жөн. Айтпақшы, Қауғажан, менің қолымдағы биеңнің биылғы құлынын қасқыр жеп қойды.
Қауғабай: Бұйырмаған мал да, қайтеміз енді.
Мауғабай: Былтырғы тайы жоғалып кетті.
Қ а у ғ а б а й: Не дейд? (Көрермендерге) Қап, мына шалдың қорлығын-ай, ә. (Мауғабайға) Паж табылар, тақты айтсаңшы.
Мауғабай: Иә, соны айт. Тай деген не, тәйірі, таққа отырған адамға. Бірақ сол биенің өзі Сорбұлақтың батпағына батып өліп қалыпты.
Қауғабай: (Көрермендерге) Құдай мысымды құртып тұрғаны-ай. Жайшылықта болса, өзін батырар едім батпаққа. (Мауғабайға)Мейлі, мал садақа. Дауыс берсең болды.
Мауғабай:Е, енді дауыс бермегенде қайтемін. Әрине, беремін.
Қауғабай: Бәрекелді, Мәуке. Иә, әруақ қолдай гөр. (Кетеді)
Мауғабай: Мауғабайдың есебі түгенделді. (Кетеді.)
(Сахнаға Дауғабай мен Бақшагүл шығады.)
Бақшагүл: Әңгіме бітті осымен. Мен ештеңе білмеймін.
Дауғабай: Екеуміз екі облыстан болғанымызбен, түбіміз кір ғой, Бақшагүлжан.
Бақшагүл: Бүкіл қазақтың түбі бар.
Дауғабай: Оның рас қой, Бақшажан. Сөзіңнің терісі жоқ. Ақылды, түсінігі мол біздің жақтың қызы екенің бірден байқалады. Тегінде, шіркін, біздің жақтың қыздары бауырмал, сарамжал келеді. Әттең, қайтесің, мына топы-тақиялыларға бұйырыпсың. Бұлар бар ғой, біздің қыздар болмаса, қатынсыз қалады. Осыларға жақсы ұрпақ тауып беріп жүрген сендерсіңдер. Дегенмен Бөрікті атамыздың әруағын да ұмытпағандарың дұрыс.
Бақшагүл: “Киіз кімдікі болса, білек сонікі”.
Дауғабай: Тек, үйтіп сүйегіңді сатпа. Сен Бөріктісің. Қазақтың нағыз зиялылары біздің Бөріктіден шыққан.
Бақшагүл: Шыққандарыңыз сол ма, бақша айдатып қойдыңыздар.
Дауғабай: Әттең, билік тимей жүр ғой қолға. Билік тиген күні үлде мен бүлдеге орап қоямын осындагы Бөріктінің бар қыздарын.
Бақшагүл: “Қашнаған сиырдың уызына жерік қылып” қайтесіз.
Дауғабай: Бүгін кешке үйге келсеңдерші, жеңгеңнің шәйін ішіп, көйлегін киін қайт. Күйеу бала момын жігіт қой, сенің айтқаныңнан шықпайтын шығар.
Бақшагүл: Оны қойыңыз, өзім дегенде өңмеңдеп кетеді, ал біздің жақты айтсаң жиырылын қалады.
Дауғабай: Менің қарындасым болсаң, көндіресің. Білемін, Бөріктінің қыздары бір ер-тоқымды алдап ұстауға жарайды. Күйеу баланың да костюмі дайын.
Бақшагүл: Қыздың жасауы да қинап тұрғаны. Шүкір, жоқ емеспіз гой, сонда да нағашының жөні бөлек екен.
Дауғабай: М-м... Әрине, нағашының жөні бөлек, ойбай- ау, жиенімнің алтын-күмісі мойнымда.
Бақшагүл: Е, бәсе, Бөріктілер бармыз ғой.
Дауғабай: Бармыз, Бақшажан, бармыз. Ал жақсы, мен кетейін, ұмытпа. (Дауғабай шығады, Қауғабай кіреді.)
Қауғабай: Келінжан, жақсы болды ғой оңай тапқаным. Қалай, балаларың нетіп, ержетіп жатыр ма? Аман болсын, әйтеуір. Біздің тұқым ғой не де болса.
Бақшагүл: Қайнаға, күнде көрсек те ілтипатыңызга ілмей кетуші едіңіз, бүгін жағдай сұрап қалыпсыз, жайшылық па?
Қаурабай: Келінжан-ау, жағдайларыңды нететін кез келіп тұр ғой. Бақша енді менің немде екенін ұмытпа.
Бақшагүл: Қайнаға, мен де ініңізге: “Қайнағаға сәлем беріп келейік, үйден сыбаға жегізейік” деп күнде айтамын.
Қауғабай: Е, былай, ақылы бар келінсің ғой, оның жөн. Бірақ, алдымен үлкеннен дәметер болар, ертең біздікіне келіңдер. Тақиялының игі-жақсыларын шақырып жатырмын. Списокте сендер де барсыңдар.
Бақшагүл: Оныңызға рақмет. Сіз егінге ауысты дегелі ініңіз де, үйдегі балалар да, “көкеміз бақшаның жерін судың басынан береді” деп қуанып жүр.
Қауғабай: Түсіндім, келінжан. Қалаған жер сенікі. Тек...
Бақшагүл: Мен де түсіндім, қайнаға.
Қауғабай: Е, бәсе, солай болсын.
(Қауғабай кетеді, Жауғабай кіреді ентелеп.)
Жауғабай: Қайдасың, Қалпақтылар! Бармысың, ойбай! Атамыздың әруағына сиынып келіп тұрмын алдыңа. Қолда мені, қолтығымнан деме! Отырғыз орынтаққа, отыруға жараймын мен! (Пауза.) Мен Қалпақтымын деп біреуі шығатын емес қой бұлардың. Қайда кеткен қалың Қалпақты?
Бақшагүл: Тамаққа кеткен, тамаққа. Бүгінде атаңның әруағын қанша аттандап шақырсаң да, “Құрғақ қасық ауыз жыртады”. Менің Қауғабай қайнағам бүкіл Қалпақтыларды нағашы жұртым деп, қой сойып күтіп жатыр.
Жауғабай: Солай ма? Қап, атаңның гөрі. Ол қой сойса, ертең мен атан түйе соямын. “Ақ түйенің қарны жарылды” деген сол болады. Қалпақтым кете қоймас менен. Ол аз десең, тауда орыстарым тағы бар.
Бақшагүл: Таудағы орыстарыңа атасының тамағын алып, қызметімді жуатып едім деп Дауғабай кетіп бара жатқан.
Жауғабай: Бүнысы қиын болған екен. Бұл Дауғабай бар ма, жер түбіндегіні шалады. Ендеше мен малшыларға тарттым. Олар менің уысымда әзір. Бірақ сөзім соз, жиен жеңеше. Ертең атан түйе соямын. Жиенді ертіп, қонақ боласың. Жиенді күтпегенде кімді күтемін мен, атаңның гөрі.
Б а қ ш а г ү л: Оның рас, “Жиен ел болады малды болса,
желке ас болады жалды болса”.
Ж а у ғ а б а й: Рақмет, жеңеше, рақмет.
Б а қ ш а г ү л: Неменеге рақмет? Қалпақтыларыңа қосақтала алмаймыз. Жиеніңнің жөні белек.
Ж а у ғ а б а й: Түсіндім, бүрсігүні.
Іі а қ ш а г ү л: Е, мұның жөн. Бірақ биыл сиырымыз қысыр қалып тұрғаны.
Ж а у ғ а б а й: Жауғабай жігіт болса, егіз тудырады сиырыңды.
Б а қ ш а г ү л: Бәсе-ау, қысыр қалған сиырымды Жауғабай туғызбағанда кім туғызады деп ойлап жүруші едім өзім да.
Жауғабай: Жауғабай екі айтпайды, жеңеше, туғызамын. Ал мен малшыларға тарттым. (Кетеді.)
Бақшагүл: Осы сайлау жылда екі-үш рет болып тұрса жарар еді. Жаңағы ел сорғыштардан талай жыл кеткен есемді қайтарып алар едім. Ал дауыс бергенде бар ғой, үшеуін де сызып тастаймын, қараң қалғыр. Бақшам аман болсын. Айтпақшы, бүгін суғаруым керек екен ғой. Қой, кеттім. (Шығады. Телефон шылдырлайды. Хатшықыз келіп көтереді.)
X а т ш ы қ ы з: Хатшы тыңдап тұр. Арыз? Қауғабайдың үстінен? Дауғабайдың да ма? Жауғабай да құр қалмаған шығар? Комиссия келеді деймісіз? Сайлаудың алдында қиын болды-ау. күтеміз. Комиссияның жұмыс істеуіне бар мүмкіндікті жасаймыз. (Трубканы қояды, көрермендерге) Е, арыз жазбаса біздің қазақтарға ас батпайды. Бес уақыт намазын қаза қылғандай көреді. Қой, комиссияны қарсы алуға дайындалайын. (ІПығады. Жауғабай кіреді. Қолында күрегі.)
Жауғабай: Атаңның гөрі, өзінің көрін қазайын мен үстімнен арыз жазғандардың. Қауғабай мен Жауғабай ғой жазып жүрген. Әрине, солар. Бірақ мен тірі тұрғанда аттатпаймын оларды орынтаққа. Жолына опырып ор қазын тастайын, жете бере желкесі қиылып жатсын сонда. Жауғабай алысты ма, аяғына дейін алысады. Әкем жаудан қайтпаған, атаңның гөрі.
Орынтаққа ол осы жағымен келеді. Мұнда шыға бергенде күмп ете қалады. Я, пыссымылда (қазуга кіріседі.) Әруақ жар бола көр. Біреуге ор қазған бірінші қазақ мен емес. (Хатшықыз сыртынан көріп кетеді. Қазып болған соң) Осылай, енді үйге бар да шаниып жата бер, Жауғабай. Менің қылмысым ашылды екен, өзгені де мерт етемін. (Кетеді. Қауғабай келеді, оның қолында да күрек.)
Қауғабай: Мен қай жерден жаздым? Артымды нетіп-ақ кетіп едім. Мына комиссия ішкен-жегенімнің бәрін ішіме кіргендей біліп түр. Әрине, бұл Дауғабайдың ісі. Жауғабай ді қарап жатқан жоқ. Ал, ендеше, мен де бұйыртпадым оларға, Бұл тақты орап тұрып ор қазып тастайын. Е, біреу нетіп, бастық та қойыпты ғой. “Біреуге ор қазба, өзің түсесің” деген осы. Сендер түсесіңдер. (Қазып жатыр. Аяқтың дыбысы естіледі.)Біреу келе жатыр-ау, қой, кетейін, кейін келіп аяқтармын. (Кетеді, Дауғабай келеді.)
Дауғабай: Мен бұларды құлатам ба деп жүрсем, бұлар мені құлатпақ. Дәмелерінің зорын. Осы Қауғабай мен Жауғабайға алдырмай жүрген ішімді кім біліп қойған? Төбеден түскендой ғой тура. Қай жерден қателестім? Бәле Хатшықыздан келіп жүрмесін. (Оны Хатшықыз естіп тұрады. Орды байқап) Оу, мыналар қазатын орларын қазып та қойыпты ғой. Бәсе, бір жағымда ағам, бір жағымда інім, жол беруші ме еді маған. Бірақ “біреуге ор қазсаң, қайтып шықпайтындай етіп терең қаз” деген, мен оны біржолата шыңырау қылайын. (Сол кезде Хатшықыз шығады да, телефонды бұрайды. Дауғабай орға бұғап қалады.)
Хатшықыз: Алло, Орталық па? Комиссия жұмысын аяқтады. Қорытындысы өздеріңізге жіберілді. Арнайы нұсқау күтемін, жақсы.
(Жауғабай кіреді.)
Жауғабай: Хатшажан, қу жаным қалатын ба мына тексеруден. Не білдің?
Хатшықыз: Мен не білуші едім? Шетінен ысқаяқ екен, сыр алдырмайды.
Жауғабай: Сен жердің астындағыны да білесің. Тек маған келгенде қиқаясың да қаласың.
Хатшықыз: Неге, әнеукүні емес не еді, осында жүйкемді босатып кеткенің? Тек “айтасыз да қоясыз” дегендей, жүйкені босатуын босатасыз-ау, артынан айдалаға қашады екенсіз.
Жауғабай: Түу, сен де қайдағыны ұмытпайды екенсің. Келіп тұрмыз ғой енді.
Хатшықыз: Келсең, қашасың қазір, оны да білемін.
Жауғабай: Қашпаймып, атаңның гөрі. Тек аналардың не деп кеткенін айтшы. Еруліге қарулы. Мен де айтқаныңды істеймін.
X а т ш ы қ ы з: Не айтсам да ма?
Жауғабай: не айтсаң да, Жауғабай сөзін жерге тастамайды.
X а т ш ы қ ы з: Мына жерде бір ор бар. Өзің түскір, кімнің қазғанын... Сол ордың ішінде бір дәу мақұлық жатыр.
Ж а у ғ а б а й: Қойшы, шынымен бе?
X а т ш ы қ ы з: Маған сенбейсің бе?
Жауғабай: Саған сенбей кімге сенемін?
X а т ш ы қ ы з: Сенсең бар ғой, саған өтірік, маған шын, қорбаң-қорбаң еткен бір пәле. Өзім анықтай қарай да алмадым.
Ж а у ғ а б а й: Көме салайық та ол пәлені.
X а т ш ы қ ы з: Сүйтеміз бе, ә? (Осы кезде ордан бір дыбыс шығады.)Әне, естідің бе даусын? Қасқыр құсап ұли ма, қалай? Бәсе, қаңғыған қасқыр шығар мұнда адасып түсіп кеткен.
Жауғабай; Қайдағы қасқыр? Ауыл үйдің иті болар. Көмемін де тастаймын. (Ордан ит құсап үрген дыбыс шығады.)
X а т ш ы қ ы з: Шынында ит-ау деймін. Бірақ мәселе онда емес, жаңа байқамай сол орға сен берген білезікті түсіріп алғаным.
Жауғабай: Қап, әттеген-ай, ә. Ендеше мен үйге барып мылтық әкелейін де атын тастайын. Содан соң саты түсіріп... (Дыбыс тағы шығады, енді адамға ұқсайды.)
X а т ш ы қ ы з: Өзің қайдағы бір бұралқы иттен қорқып тұрғаннан саусың ба, батырым-ау? Жаңа ғана алған бетімнен қайтпаймын дегенің қайда?
Жауғабай: Қорқып не көрініпті, атаңның гөрі. Әкем асаудан қайтпаған. (Орға секіріп түседі.)
X а т ш ы қ ы з: Көрсін біраз көкелерім, ор қазғанның қандай екенін. Ә, үлкен көкем де келе жатыр екен ғой жарыққа үймелеген көбелектей болып. (Қауғабай кіреді.) Сәлеметсіз бе?
Қауғабай: Аман ба, Хатшықыз? Не жаңалық бар?
X а т ш ы қ ы з: Жаңалық көп, анда барыңыз, қызық көресіз.
Қауғабай: Е, нетіп, не жұмысым бар онда, орға менің қатысым жоқ.
Хатшықыз: Қызық бар, Қау-аға, қызық. Ішінде екі бірдей мақұлық жатыр. Біреуі - қаптесер, екіншісі - тасшайнар.
Қауғабай: Қойшы, сондай да мақұлықтар болады екен-ау.
Хатшықыз: Сенбесеңіз шетінен ғана үңіліп қараңызшы.
Қауғабай: Апырай, ә, қане? (Ол үңілгенде ар жағынан екеуі шап беріп ұстап, орға түсіріп алады.)
Хатшықыз: Енді бұларға қарауылдың керегі жоқ. Өздері-ақ етектерінен тартып, бірін-бірі шығармайды. (Кетеді. Ордан үшеуінің басы көрінеді.)
Қауғабай: Әй, екеуің неғып отырсыңдар мұнда, ауьл үйдің ұрылары құсап.?
Жауғабай: Окопта жатқан жауынгерміз. Алдымызда жау бар, қазір атамыз, атаңның гөрі, пах, пах, пах...
Д а у ғ а б а й: Сол жау алыста емес-ау. мен білсем ішімізде, Мына орды қазған кім?
Қауғабай: Бұл орды неге қазды екен, алдымен соны нетім алайық.
Жауғабай: Геологтар жүр деген. Солар кен іздеген шығар.
Д а у ғ а б а й: Иә, тақ тегін жерге қойылмайды. Тақтың ас тында қашанда қордалы байлық жатады. Бірақ геологтар күрекпен шұқылап қайтсін.
Қауғабай: Білсең айтпайсың ба енді.
Дауғабай: Іштерің сезіп тұр гой сендердің де, мынау тура қазақтың қазғанына ұқсайды.
(Осы кезде телефон шылдырлайды. Хатшықыз келіп көтереді.)
Хатшықыз: Алло, Орталық па? Жер арендаға беріледі дейсіз бе? Кәсіпорындар, техника жекешелендіріледі? Науқанды тездетіп жүргізу керек? Айтқандарыңыз орындалады.
Жауғабай: Хатшықыз!
Даугабай: Хатшажан, айналайын, бір қайырылып кетші.
Қауғабай: Былай нетіп, ағаларыңа қол ұшын берсейші.
Хатшықыз: (Жақындап) Ау, агалар, сіздер өлі отырсыздар ма, шықпайсыздар ма енді?
Дауғабай: Шығамыз гой, шығамыз. Сен кішкене мені демеп жіберсең, шыққалы тұрмын. Қане, маған жақындай қойшы.
Қауғабай: Алдымен былай... үлкенді сыйлау керек, айналайын, маған соз қолыңды.
Жауғабай: Хатшажан, кәрілерден не пайда, мені шығаршы алдымен. Өмір бойы құлың боп өтейін.
Қауғабай: Үлкен тұрып, кішіге жол қайда, былай тұршы өзің.
Даугабай: Соны айтамын-ау, осы бәленің басы сенсің, сенен шыққан тірлік.
Жауғабай: Ордың түбінде жатқан мақұлық кім еді? Мынау күрек сенікі емегенде, менікі ме?
Қауғабай: Осынікі, Жауғабай, осынікі. Енді таныдым. Ой, оңбаған!
Даугабай: Бәленің басы сендерсіңдер.
Ж a у ғ a б a й: Мынау сөйлейді-ей, еще. Ұстамашы қолымды, алдымен жайғайын оны, атаңның гөрі.
Қауғ а б а й: Хатшажан, мені тартшы, мені.
X а т ш ы қ ы з: Ұраларыңыз кәрі арыстанның үңгіріндей екен. Кірген із бар да, шыққан із жоқ. Ақылға келсеңіздер, амалын әлі-ақ табарсыздар. (Кетеді.)
Ж а у ғ а б а й: Екеуіңді осы жерде не істейін, ә? Мына өз күрегіңмен өзіңді шауып түсейін бе?
Дауғабай: Алдымен өзіңе істе істейтініңді. Осыдан аман-есен шықсам, ісім сенімен болсын, Жауғабай.
Жа у ғ а б а й; Мен сені шығармай құртамын, білдің бе?
Дауғабай: Әй, мәмілеге келсеңдерші. Одан да былай, нетіп, амал ойластырайық та.
Д а у ғ а б а й: Сен осы тірліктен саумын деп отырсың ба? Уйдемесең де ішіңде үйдей бәле жатыр. Сүттен ақ, Судан таза болып ақыл айтқышын бұның.
Жауғабай: Рас-ау, осы сасық шал сау дейсің бе, қане, айт шыныңды жаның барында.
Қ а у ғ а б а й: Айтсаң айт, о несі-ей, үлкеннің жағасына жармасып.
Жауғабай: Жағаңа жармаспақ тұрмақ, бетіңді жапырын ніберемін, білдің бе? Әкем жаудан қайтпаған, жаман шал не тұрасың маған?
Дауғабай: Дұрыс, Жауғабайжан, Қауғабайды қыс, Қауғабайды. Бәленің бәрі осының ішінде жатыр. Шығар бәрін сыртқа.
Жауғабай: Сен өйтіп аярланба, ал сенен бастаймын, қайтесің? Міне саған. (Ұрады.)
Дауғабай: Енді жазсам бар ғой, сені тұра түрмеде шірітетін етіп жазамын.
Жауғабай:0 дүниеден жазып тұратын боласың. (Үшеуі алысып-жұлысып, әлден уақытта титықтап отырады.)
Қауғабай: Әй, не болды-ей, осы бізге? Бір-бірімізге сонша жауығып?
Дауғабай: Соны айтамын-ау, атамыз енші бөлісін көрмеген қазақ едік.
Жауғабай: Көкежан, кешір мені. (Дауғабайды құшақтайды. Сол кезде Қауғабай екеуінің үстіне шығып, сыртқа ұмтымады. Шығуга сәл-ақ қалады.)
Дауғабай: Ойбай, кетті ана кәрі қақпас.
Жауғабай: Қайда? Қайда? Жау қайда?
Дауғабай: Аяғына жармас, шығатын болды.
Жауғабай: Жауғабай тұрғанда жау кетпейді.
(Екеулеп Қауғабайды қайтадан ішке түсіріп алады.)
Дауғабай: “Момыннан жуан шығады” деп айттым ғой жаңа. Көрмейсің бе, көзімізді бақырайтып қойып, шығып кете жаздағанын.
Жауғабай: Бұратала жер бауырлатып қояйын мұны, атаңның гөрі. (Қауғабайга ұмтылады. Сол кезде Дауғабай сыртқа шыға бастайды.)
Қауғабай: Нетті, ойбай нетті.
Жаугабай: Нетің-петіңді мен білмеймін.
Қауғабай: Кетті деймін, ойбай кетті.
Жаугабай: Кім, кім кетті?
Қауғабай: Дау... Дауғабай кетті.
Жауғабай: Атаңның гөрі, екі қақпастан-ақ күйдім-ауі Қайт, қайт!
Қауғабай: Тебінеді-ей! Күрекпен келтіріп жіберші аяғынан. Қырқып түссін бұратала. (Екеулеп Дауғабайды түсіріп алады.)
Даугабай: Сәл болмағанда шығып-ақ едім.
Жаугабай: Жаныңды шығарамын.
Қауғабай: Бүйтіп отыра бермей, былай мәмілеге келейікте.
Жауғабай: Қалай?
Қауғабай: Үлкенге кезек берейік дегенім гой.
Даугабай: Содан соң орынтақ та сенікі, жер де сенікі, солай ма?
Қауғабай: Сен-ақ етегіме нетіп болмадың ғой. (Дауғабайға ұмтылады. Сол кезде Жауғабай сыртқа шыға бастайды.)
Даугабай: Маған емес, анаған ұмтыл. Шығатын болды ана жүгермек.
Қауғабай: Не дейд? (Дауғабай екеуі Жауғабайға жармасады.)
Жауғабай: Жібер деймін, әйтпесе, жер қыламын, атаңның гөрі.
Дауғабай: Жіберме, ойбай, тастай қат!
Қауғабай: Аяғын бұра, бұра.
Дауғабай: Санынан шымшы, санынан.
Қауғабай: Құйрыгын тістеп алшы.
Жаугабай: Мына екі қақпасқа мұнша күш қайдан біткеней. (Жауғабайды екеулеп орға түсіріп алады, енді шаршап-шалдығып отыр үшеуі.)
Қау г а б а й: Әй, жаңағы қыз жер де, мемлекеттің мүлкі де сатылады дей ме?
Д ау ғ а б а й: Жер жалға беріледі, ал техника сатылады.
Ж а у ғ а б а й: Сонда біз мұнда жатқанда, ол жерді Мауғабай шал мен Бақшагүл сияқтылар алмақ па?
Қау ғ а б а й: Несімен алады кілең битін сығып, қанын жалап отырғандар.
Ж а у ғ а б а й: Орынтақты айтсайшы! Әй, бұйырмайтын болды-ау, отырып қояды-ау біреу.
Д а у ғ а б а й: Орынтақ қолдың кірі, жусаң кетеді, жерді айтсайшы.
Қ а у ғ а б а й: Сендер не десеңдер о деңдер, судың басы менікі.
Ж а у ғ а б а й: Неге сенікі болады?
Қ а у ғ а б а й: Неге менікі болмайды? Ата қонысым.
Дауғабай: Тақ та сенікі, жер де сенікі, су да сенікі, бізді .әкеміз тоқалдан таптырған екен-ау.
Ж а у ғ а б а й: Баяғыда тұрақтап отырған қазақ болған жоқ.
Д а у ғ а б а й: Кеңестің кезінде ше? Бір жерге бір бауыр басып алса, тірі айырыла ма қазақ?
Қауғабай: Әрине, айырылмаймын. Сенбесеңдер ол жерде ата-бабамның моласы жатыр.
Дауғабай: Көшіп жүрген қазақтың моласы қайда жоқ? Көш-жөнекей қоя салған шығар.
Жауғабай: Менің ата-бабамның сүйегі Қаптауында да жатыр.
Қауғабай: Ендеше, көш, ал Бақтаудың етегі менікі.
Жауғабай: Сені кешірермін, атаңның гөрі.
Дауғабай: Бақтаудың етегіндегі “Молбұлақты” білесің бе?
Қауғабай: Білмей не қара басыпты мені.
Дауғабай: Білсең, соның он, жағындағы шоқыны көріп не едің?
Қауғабай: Ал көрдім.
Дауғабай: Кореец, сол шоқының иығындағы мола менің төртінші атам Жолболдінікі. Содан төмен қарай созылған Көріксайдың бері біздің бабамыздың жайлауы болған. Бұл туралы керек болса, архивтен оқығаным да бар. Мәселенің бәрі түбінде қағазға келіп тіреледі. Ал менің қағазым да бар. Әнеукүні архивке сұрау салып, хат та жазғанмын. Құдақаласа, жауабы келіп те қалар.
Жауғабай: Архив-мархивіңді білмеймін. Менің атам Ақбатыр Молбұлақтан басмашыларды қуып шыққан. Молбұлақтың сол жағындағы жардың қабағындағы ескерткіш сол кісіге орнатылған. Қайран бабам! Жаудан қайтқан жоқ едің, көрсетті ғой мыналар заман азған соң қорлықты.
Қауғабай: Ал сол сенің атаң айдап шыққан басмашылардың кім екенін білесің бе? Олар менің ата-бабам!
Жауғабай: Ах, атаңның гөрі, контраның тұқымы екенсің ғой. Атам колхозды қолымен құрды дегенің қайда?
Қауғабай: Шекарадан атысып-шабысып өтіп жатқанда, әкем осында қалып қойыпты да, басқа фамилиямен жазылып, колхозға нетіпті.
Дауғабай: Мына фактіні білмей мені не қара басты, ә. Бәрі бір жазамын.
Қауғабай; Ол фактіге енді ешкім нетпейді.
Дауғабай: Заман өстіп тұра береді деймісің? “Бір күн бетін, бір күн сыртын” дегендей, керек тастың ауырлығы жоқ, түртіп қояйын. (Блокнотын алып жазады.)
Жауғабай: Менің үстімнен арыз жазған сен сұм екенсің ғой. Ал мен тетелес ағам ғой деп кейде сыр ашып жүрсем. О, залым!
Дауғабай: Қам жеме, әлі де жазамын. Жаңа атамның аты Ақбатыр дедің бе? Түртіп қояйын. Өте актуальды дерек. Қаны жерге тамбайтын факт.
Жауғабай: Сен басмашылардан жерімізді азат еткен ревелюцияның солдатына тіл тигізбексің бе?
Дауғабай: Қазіргі ұғымда басмаштар дегеніміз - шаруалар. Атаң соларды қырған. Соның тұқымысың. Жетіп жатыр бір сүйкеуге.
Жауғабай: Сандалынсың, Ақбатыр менің түп нағашым. Ал өз атам бай болған. Белсенділер қудалаған соң, нағашысының атына жазылған.
Қауғабай: Сен де өмірбаяныңды неткен болын шықтың ғой.
Жауғабай: Иә, неткенмін. Жасырмасаң күн кәргізесіңдер ме сендер, атаңның гөрі. Ордан шыға алмай отырып, түртіп жатсыңдар.
Дауғабай: Мұны да түртіп қоямыз.
Қауғабай: Әй, Дауғабай, сен осы атам чекист болған, бандыларды қуған дейтінің қайда? Қазынаның киімінен басқа несі жоқ чекист қаяқтан Көріксайға ие бола қалды?
Дауғабай: Чекист-әкемнің өзі емес, немере ағасы. Оны кезінде бай там оқытқан.
Қауғабай: Сенің де сырың мәлім болды. Бірақ бәрібір Молбұлақ менікі.
Жауғабай: Қалайша сенікі?
Қауғабай: Ақбатыр нағашың екен ғой.
Жауғабай: Өз атам бай болған дедім ғой, оның қаздырған құдығы да бар.
Қауғабай: Жоқ.
Жайғабай: Бар.
Дауғабай: Сенің атаңдікі «Сорбұлақ», шөлде жтыр.
Жауғабай: Сенің атаңдікі бұлақ та емес, жылға, жатта жатыр.
Қауғабай: Айтыса беріңдер, менің атам тауда жатыр.
Қауғабай: Жер менікі бәрібір, ескерткіш белгім бар.
Дауғабай: сенікі емес, менікі, архивім бар.
Қауғабай, Жауғабай: Көрсет!
(Өстіп таласып жатқанда Бастық пенХатшықыз шығады.)
Хатшықыз: Сайлау жүйесінің жойылып, әкімнің жоғарыдан тағайындалғаны қандай жақсы болған. Орныңыз дайын.
Бастық: Әлгі орынтаққа таласып жүргендер қайда?
Хатшықыз: Сіздің хабарыңыз тисе, жер астында болса да, жетеді қазір.
(Үшеуінің қылтиып бастары көрінеді)
Қауғабай: Біз мұндамыз, Басеке.
Бастық: Орда неғып отырсыңдар?
Қауғабай: Өзіңізді нетіп.
Дауғабай: Иә, күтіп отырғанымыз ғой сізді.
Жауғабай: Жерімді куәләндіріп алайын деп едім. Басеке.
Дауғабай: Менің архивтен справкам да бар еді.
Жауғабай: Менің атам...
Бастық: Уже поздно, жер беріліп қойды.
Жауғабай: кімге?
Бастық: Көрші мемлекеттен келгендерге. Олар бізге мол өнім алып береді.
Жауғабай: кеніштер, кәсіпорындар ше?
Бастық: Олар да иелендірілді. Біразы шетелдермен біріккен фирмаларға берілді.
Қауғабай: Мал жағы қалай екен?
Б а с т ы қ: Мұхиттың аржағынан арзан еттер әкеліп жатырмыз.
Жауғабай: Басеке, арызым бар еді.
Б а с т ы қ: Тезірек айт.
Жауғабай: Кішкентай да болса орынтақ берсеңіз.
Дауғабай: Мен де соны айтайын деп едім.
Қауғабай: Менің ұзақ жылғы еңбегімді нетіп, қызметсіз қалдырмайтын шығарсыз?
Б а с т ы қ: Орынтақ біреу, қайсың аласың?
Ү ш е у і: Маған, маған, маған!
Б а с т ы қ: Ендеше отыра беріңдер қазған орларыңда. Катюша!
X а т ш ы қ ы з: Тыңдап тұрмын, Басеке. (Қолындагы қобдиды бастықтың алдына қояды. Бастық бір қолымен қобдиды, бір қолымен Хатшықызды сипалап отырып.)
Бастық: Катюша, жаз, жаңа директива!
СОҢЫ
ЖАНҰРАН
Мюзикл
Қатысушылар:
Мэлс- сазгер
Резидент-«Доллара» фирмасының қызметкері
Доллара – бизнесмен әйел, фирма президенті
Тәртіпбек- полиция қызметкері
Қалқабай – Доллараның нөкері
Сандуғаш- фирма қызметкері, жеңілтек қыз
Көктөбек – ит терісін жамылған адам
Оққағар – Доллараның қорғаушысы
Сахнада Мэлс. Масаң. Қолында гитара.
Коммунизм, қош болғың,
Қастерлеген ардағым!
Адамзаттың ежелден,
Қиялдаған арманы.
Нұрлы өмір туар деп.
Кезді елесің сағымдай.
Сол сағымды қуам деп,
Алға ұмтылдым адымдай.
Капитализм, қайдасың,
Көрінсеңші көзіме.
Асырған мықтым айласын,
Құлақ сал енді сөзіме.
Құлқын қуған өр кезбе,
Адымдайсың аршындап.
Жұмысың да әр кезде,
Жүріп берер қарқындап.
Кәрі қақпас мезі ғып,
Еуропаны жеріткен.
Америкадан желігіп,
Азияға келіп пе ең ?
Біздің елге келдің бе,
Бір орныңда тұра алмай.
Доллар болып көлкілдеп,
Есілесің жыландай.
(Полиция инспекторы Тәртіпбек кіреді.)
Тәртіпбек: Ей, алқаш! Сағат қанша болды?
М э л с: Кешегі уақыт.
Тәртіпбек: Немене, кеше де көшені шулатып па едің ?
М ә л с: Мен үнімді естірте алмай ішқұса болып жүрген жанмын.
Тәртіпбек: Кімге естірте алмай жүрсің?
М э л с: Саған, сенен жоғарыдағыларға.
Тәртіпбек: Сенің сөзің кімге керек ?
М э л с: Түсінем, саған бұйрық керек қой.
Тәртіпбек: Дұрыс айтасың, мен бұйрықпен жұмыс істеймін.
М э л с: Ән тыңдау үшін де бұйрық керек пе?
Тәртіпбек: Мен көшедегілердің әніне әбден тойғанмын.
М ә л с: Қазір көшеде тұрмақ, халық үйінде, жиын-тойда ән сала ма екен?
Тәртіпбек: Шынында-ей, біздің жас кезімізде кез келген жерде әндетіп қоя беруші едік. Бүгінде сен сияқты алқаштар болмаса, ешкім әу деп ән салмайды.
М э л с: Өйткені жорғасынан жаңылған аттай халық та әнінен жаңылып қалды.
Тәртіпбек: Қалай?
М э л с: Солай. Нені жырлайтынын білмейді. Алдында идеал жоқ.
Тәртіпбек: Жоқ болса таптыру керек!
М э л с: Кім тауып береді?
Тәртіпбек: Енді... бұйрық болса таптырамыз.
Мэлс: Мангуртизм, изм, изм...
Тәр т і п б е к: Әй, сен не деп ызыңдап кеттің?
М э л с: Сен әуелі өзің қандай мұратқа жеткің келеді, соны айтшы?
'Г ә р т і п б е к: Мен бе? Мен...Оның саған керегі қанша? Ол менің өз шаруам . Сенің онда жұмысың болмасын, білдің бе?
М э л с: Міне, көрдің бе, сен өз мұратыңды өзгеден жасырасың.
Тә р т і п б е к: Бай да маған жағынад,
Білімді де бағынад.
Күшті де мені жағалап,
Қасымнан келін табылад.
Себебі мен Тәртіппін,
Өзгелерден артықпын.
М э л с: О, бағындым, бастық. Мен де бағындым... Бірақ сен біздің үстімізден кун көріп жүргеніңді ұмытпа.
Тәртіпбек: Немене, қалтаңда бірдеңе қалып па еді?
М э л с; Кешір, қалтамда ештеңе қалмай, сенің алдыңда әбден ұятты болын тұрмын.
Тәртіпбек: Онда өз обалың өзіңе.
М э л с: Басеке, онсыз да сенің жалақың біздің мойнымызда ғой.
Тәртіпбек: Сол жалақыны ақтап алу үшін де сен керек болып тұрсың қазір.
М э л с: Мені әкетпеші. Мен саған керемет бір ән сыйлайын.
Тәртіпбек: Сенің әнің не береді? Одан не пайда?
М э л с: О, ән деген халыққа рух береді. Ал халықтың рухы күшті болса, мемлекеті де күшті. Мәселен, сен мемлекет адамысың ғой, мемлекетіңнің әнұранын білесің бе?
Тәртіпбек; Мм...
М э л с: Қане, қане, айтып жібер.
Тәртіпбек: Әзір аман-есеніңде жөніңді тапсаң қайтеді.
М э л с: Демек, білмейсің. Ал әнұраныңды білмесең, оны ойтұмар ғып тағынып жүрмесең, сен мемлекет алдындағы борышыңды салғырт сезінесің. Тіпті, сезінуден қаласың. Әрі-беріден кейін сен мемлекетке емес, мемлекет саған борыштар сияқтанып кетеді. (Көрермендерге) Ал сіздер білесіздер ме, халайық? Қане, қосылып айтып жіберейікші. (Мэлс әнүранды бастайды.)
Тәртіпбек: Слушай, халық ұйықтап жатыр ғой.
Мэлс: Біздің халқымыз ояу, бірақ қаптап кеткен кеп әуеннің қайсысына қосыларын білмейді. Сондықтан, реті келгенде, 03 әнұранын қайта-қайта айту керек. (Тағы айтады.)
Тәртіпбек; Слушай, сазгер! Сен қоғамдық орында тағы тәртіп бұздың.
М э л с: Мен әнұранды айттым ғой. Сондықтан кешіріммен қарауға болмай ма?
Тәртіпбек: Кодексте ондай исключение жоқ. Тәртіп бұздың, ұйықтап жатқан халықтың тыныштығын алдың, бітті. Маған сол факт.
М э л с: «Жартасқа бардым, күнде айғай салдым...»
Тәртіпбек: Әне, көрдің бе, сен өзің күнде айғай салатын хулиган екенсің.
М э л с: Мұны айтқан мен емес, Абай. Біздің главарымыз сол. Сол кісіге қосылып, біз де айқайлаймыз. Дауысымыз жетсе екен дейміз халыққа...
Тәртіпбек: Целый шайкамыз десеңші. Бәріңді ұстаймыз әлі.
М э л с: Теміртас, Асыл, Ақық, қалдың зарлап, адамзат қалмақ па екен солай сарнап. Коз көрген құрбыларға дұғай сәлем, батасын оқи берсін маған арнап. (Тәртіпбек Мәлісті күшпен алып кетеді. «Доллара» фирмасының президенциясы. Тәртіпбек Мәлісті осында алып келеді).
Тәртіпбек: Резидент мырза, қайдасың?
Резидент: А, Тәртіпбек мырза, кел, кел.
Тәртіпбек: Мен сіздерге тағы бір тегін рабсила әкелдім. 15 күнге!
Резидент: О, жарайсың, молодец! Сендердің заңдарың керемет!
Тәртіп бек: А, бізде заң кімнің қолында болса, соған жұмыс істейді.
Резидент: Ол саған жақсы, маған да жаман емес. (Мэлстің қолынан ұстап) Мынауың күрек ұстап көрмеғен қу ғой. (Бүлшық етін көріп) Бір шелек раствордың астында қалатынның өзі болып жүрмесін. (Қарнын, тісін көріп) Бірақ ілмиіп алып тамаққа тоймайтын неме-ау деймін.
Тәртіпбек: Мінгізген аттың тісіне қарамайды. Тегін күш болған соң бәрібір емес пе?
Резидент: Ақыр сыйлаған соң жарамдысын әкелмейсің бе?
Тәртіпбек: Ой, қазір бұл алқаштарың да заңқой болып алды. Өз құқықтарын жақсы біледі. Мына неменің қалтасында құжаты жоқ екен. Сол абырой болды.
М ә л с: Құжаты жоқтың бәрін осылай құл қыла бересіңдер ма?
Т ә р т і п б е к: Сен 15 тәулікке сотталдың. Еңбек төрбиесімен өтейсің.
М э л с: Өйткен тәрбиеңнің де, өзіңнің де...
Тәртіпбек: Иә, иә, тоқталмай айта бер.
М э л с: Түріңе болайын. Ең болмаса түнде өз қолыммен тапсырған ақшамды қайтаршы.
Т ә р т і п б е к: Сен терезе сындырдың, соған ұстап қалдық.
М э л с: Терезенің көзі бұрыннан сынық етін.
Тәртіпбек: Куә бар, сен сындырдың.
М э л с: Өтірікшінің куәсі қасында деген осы екен-ау. Сендерге дауа жоқ екен.
Тәртіпбек: Заңды бұзбау керек.
М э л с: Ал сендердің осы тірліктерің қай заңға тура келеді?
Тәртіпбек; Заңға тура келеді, келмесе келтіреміз. Сен оданда сөзді доғар да, жұмысты жақсылап істе. Мені ұятқа қалдырма.
М э л с: (Көрермендерге) Неден, кімнен ұялады-ей мынау?
Резидент: Әй, өзің «көк инені көтінен түртпестен» көп сөйлейтін мылжың екенсің ғой. Жүр былай!
Тәртіпбек: Байқаңыз, айырылып қалып жүрмеңіз.
Резидент: Одан қам жеме (Тәртіпбек кетеді).
М ә л с: Диктатура, ура, ура, ура...
Резидент: Ей, ырылдама, шаңыраққа қара!
М э л с: «Қолыма кесені алып қарай бердім, Ішінде нахақ көзден жас бар ма» деп.
Резидент: Бұл - қаладағы ең атақты бизнесмен Доллара Ақшақызының резиденциясы.
М э л с: Болса болар. Сұлу болғанымен суықтау екен.
Резидент: Қазір саған жылынуға мүмкіндік беремін. Жер қазасың.
М э л с: Телефон соғуға болар ма екен?
Резидент: Қайда?
М э л с: Ең болмаса тірі екенімізді хабарлайық та. Он бес күнге дейін жетімізді беріп қояр.
Резидент: Сырт дүниемен байланысамын деп әуре болмай-ақ қой.
М э л с: Сонда...
Резидент: Сөзді доғар ! Жұмысыңа бар!
М э л с: Ол қандай құжатпен заңдастырылған жұмыс ?
Резидент: Мынандай құжатпен... (Бір ұрады.)
М э л с: Садизм, изм, изм, изм...(Кетеді. Жанында нөкерлері бар Доллара кіреді.)
Резидент: Қош келдіңіз. Доллара Ақшақызы.
Доллара: Жағдайды баянда, Резидент мырза.
Резидент: «Түсті металл» фирмалары түгелімен сіздің қарамағыңызға ілінді, Швейцариядағы есебіңізге құйылып жатыр. Тек «Алтын» ғана қалып тұр.
Доллара: Осылай өрісін тарылта берсек, бір күні алтынын өздері ұсынады әлі. «Қарамай» ше?
Резидент: «Қарамайдың» 80 пайызы уысымда дей беріңіз. Құдай қаласа, қалғанын да қарпын ал ар күн алыс емес.
Доллара: Байқа, конкуренттер көбейіп тұр.
Резидент: Теңгекүл ме айтып тұрғаныңыз, оны өз ұясында тұншықтырамыз.
Доллара: Еуробонда деғен жас ханым жалаңдап шықты емес не?
Резидент: Ол сізге теңелгенше қай заман.
Доллара: Көзден таса қылсаң, тез-ақ құлпырып шыға келеді бұлар. Анау Теңгекүлің ішкі рынокта ешкімге дес бермеймін дейтін көрінеді ғой.
Резидент: Жалған намыс - қашан да балалық кезеңнің ауруы. Ту май жатып кеселді болғанын мойындағысы келмейді бейшара.
Доллара: Дегенмен, ішкі рынокқа еркін енудің қамын қарастыру керек.
Резидент: Ішкі рынок та шын мәнінде сізге табынады. Тек, біржола тізе бүктіруге жалған патриоттар аяқ астынап көбейіп, кедергі келтіріп тұрғаны.
Доллара: Олар қайдан шықты?
Резидент: Олар да іс жүзінде сізге табынып, билігіңізді мойындап жүргендер. Бірақ сайлаудың алды-артында шуылдап, халықты алдап қоятыны бар. Сізден асып қайда барады?! Сәл мүмкіндік беріңіз. Әлі-ақ аяғыңызға жығылады.
Доллара: Сонда бұлардың шын патриоттары жоқ па ?
Резидент: Ел болған соң, бар ғой. Бірақ оларға әдемі ермек тауып бергенбіз, сонымен әуре.
Д о л л а р а: Ол қандай ермек?
Резидент: Боздап ата-бабасын жоқтайды, ас береді, ат шаптырады, айтыс өткізеді. Бір-біріне мәшине мінғізіп, шапан жауып жүреді мәз боп. Мұндай кезде сізге табынатып кәсіпкерлерді мақтайды тағы.
Доллара: Олардың патриоттығы сонымен біте ме ?
Резидент: Теңгекүлін қанша теберік көрсе де, одан артық шамасы келеді. Қазір нарық заманы.
Доллара: Дұрыс айтасың, қазір нарық заманы. Ата-бабасын жоқтаудан өзге идеологиясы жоқ кезде мұны ұтымды пайдаланып қалу керек.
Р е з и д е н т: Менің жоспарым да сол.
Д о л л а р а: Ол жоспарыңыз жетімсіз. Жалған патриоттар шулап кетті дейсіз. Шуласын. Бұдан да көп шуласын. Қаржыландыр аямаңыз.
Резидент: Халық бар ғой артында, аяқты байқап-байқап баспаса болмас.
Доллара: Халық бар дейсің, халық деген - тобыр. Коммунистік идеологияны оп-оңай талақ еткен халық, патриоттары ата салттарын айтып қанша зарласа да, дүниеде бөрі сатулы дегенге қазір-ақ сеніп қалған жоқ па?
Резидент: Сонда патриоттар ды да қаржыландырамыз ба?
Доллара: «Мың сіз-бізден, бір шыж-быж артық». Қаржыландыр. Сонда біздің фирманың имиджі көтеріледі.
Резидент: Мынауыңыз тамаша идея екен... «Теңгекүл» фирмасы өзіне рәміздер жасатып жатқан көрінеді.
Доллара: Әне, көрдің бе? Әлжуаз неме әліне қарамай қалай тыраштанады. Ол эмблема жасатса, менің фирмамның әнұраны болуы керек!
Қалбақай: Қандай тамаша идея! «Доллара» фирмасын бүкіл ел жырлайтын болады.
Доллара: Долларды жырлайды. Бұл дүниеде одан асқан құдірет жоқ екенін ашып кәрсету керек.
Резидент: Ең күшті ақындар мен сазгерлерді іске қосамыз. Керек болса, тендер, то-есть, конкурс жариялаймыз.
Қалбақай: Бәрінің бірдей ықыласы бола қояр ма екен?
Резидент: Болады. Доллар тұрмақ, теңгеге зар болып жүр олар. Көк қағаздың сыбдырын естісе, шұбырады әлі-ақ.
Доллара: Ырғалып-жырғалатын уақыт жоқ. Резиденцияың тұсау-кесерінде орындалатын болсын.
Резидент: Қонақтар көп келетін шығар?
Доллара: Қала әкімінің өзі келеді. Әртүрлі елдерден әріптестеріміз болады.
Қалбақай: Әрине, ең таңдаулы әртістер енер көрсетіп, қонақтардың көңілін аулауы тиіс.
Доллара: Жалғаны бар, жалған емесі бар, патриоттарыңды шақыратын жер осы. Ал мен кеттім, іске сәт!
(Доллара шығып бара жатқанда жүмыс киімімен Мэлс жүгіріп шыгады. Оның алдын Резидент кес-кестейді.)
М э л с: Доллара ханум!
Резидент: Саған не керек тағы да?
М э л с: Арызым бар еді айтатын.
Резидент: Арызыңды маған айт.
М э л с: Саған айтқанша қара тасқа айтқаным жақсы.
Резидент: Ендеше сөйт. Мына қабырғаларға айт. (Шырып кетеді. Мэлс шарасыз. Қабырғаны тоқпақтайды.)
М э л с: Тас қабырға, айнала тас қабырға! Мен мұнда өмір бойы тұрып келе жатқан сияқтымын. Үйіңде де, көшеде де, тінті құдайдың кең даласында кетіп бара жатып та тас қабырғаны сезінесің. Ойнырмай, ойың да құрсаулы. Тура орап тастағандай. Мына тас бәлені тесін шыға алмай айналшықтай береді, айналшықтай береді. Ой, әкеңнің аузы (қабырғаны қайтп ұрады Сандуғаш кіреді).
Сандуғаш: Сізге не болған? Қабырғада неңіз кетті?
Мэлс: Құтылғым келеді бұл қапастан.
Сандуғаш: Қызық екен, талайлар бұл сарайдың есінінен сығалан, кіре алмай жүр. Ал сіз болсаңыз
Мэлс: Ал сіз бұл сарайға еркін кіретін сияқтысыз?
Сандуғаш: Демек, сондай құрметке лайық болғанымыз.
М э л с: О, құрметті ханымның есімін білуге болар ма екен?
С а н д у ғ а ш: Сандуғаш.
Мэлс: Тамаша! Ал сіз мұнда не істейсіз?
Сандуғаш: Жоғары мәртебелілерге қызмет көрсетемін.
М э.л с: О, түсінікті. Ал бұл сарайда ең мәртебелісі мен. Сазгермін. Маған қызмет көрсетіңізші.
Сандуғаш: Қалтаңыз қалың болса... Менің ставкам жоғары. Мен түнгі көбелек емеснін.
Мэлс: Иә, сіз сарайдың Сандуғашысыз! Ставкаңыз жоғары. Қызығыңызды, то-есть қызметіңізді сатасыз.
Сандуғаш: Қазір нарық заманы.
М э л с: О, азған дүние, мынаны айтын тұрған қазағымның
қаракезі ме?
Сандуғаш: Сіз өзі аснаннан түстіңіз бе? Қазақтар да өркениетке жеткен.
Мэлс: Өркениет деген не?
Сандуғаш: Нарық.
Мэлс: Сезім де нарыққа бағынады ма?
Сандуғаш: Ол өтімсіз тауар.
Мэлс: Тура осы айтқаныңыз дүрыс. Менде сезім деген пәшкі- пәшкі. Бірақ өтпейді, ешкімге жетпейді, атасына нәлет!
Ақшағa сатпақ түгіл, тегін өткізе алмаймын.
Сандуғаш: Ал менің әрбір минутым ақша. Сондықтан бұжан әрі тұруға уақытым жоқ, кешіріңіз.
М э л с: Қарындас, дегенмен оригинальный екенсіз. Былай... несиеге болмас па екен? Қаламақы алғанша...
С а н д у ғ а ш: Несиеге бұл күнде некелі әйеліңіз де келіспейді. Сау болыңыз.
(Резидент кіреді).
Резидент: Алқаш мырза, саған жұмыс аз болған ғой деймін. Үйқың келмей жүр ме, немене?
М э л с: Сіздің берген нагрузкаңызға қанағат, қазір ұйықтаймын, ұйықтаймын.
(Резидент нен Сандугаш ішке кіріп кетеді).
М э л с: Құдай берді. Мына Резидент қызыққа батып жатқанда аузын аңқитып кетейін. Ал, Мэлс, алшаңдап барып есікті аш та, аулыңа қайт. Айт, два, айт, два...
(Сол кезде дәу көктөбет арп ете қалады. Мэлс кері қашып дуалдан секірмек болады. Ит етегінен тартып түсіреді. Осылай Мэлс пен иттің арбасуы басталады.)
Мэлс: Көп иттің көзін алдадым ба десем, көктөбеті қайдан шыіға келді?
Көктөбет: Ыр-р, ыр-р...
Мэлс: Күзетшімін де, түсіндім. Сен де үйретілген сутегін күшсің ғой!
Көктөбет: Ыр-р, ыр-р...
Мэлс; Әй, көктөбет, қазақ итті жеті қазынаның біріне жатқызған. Өйткені ол иесіне адал, дос пен дұшпанды айыра алады. Сондықтан сен түсін. Ана Резидентің екі аяқты болғанымен-аюан. Ал мен - адаммын. Түсін.
К ө к т ө б е т: Ыр-р...
Мэлс: Ана Резидент дүлейің дүниені арам жолмен тауып жүр. Алдайды, зорлайды, ұрлайды, сөйтіп халықты қанқақсатады. Ал сен екеуміздің еңбегіміз адал, сондықтан дос болайық. Түсіндің бе?
К ө к т ө б е т; Ыр-р...
Мэлс; Түсінбейсің. Әй, ит. Сені Резидент сияқты ит емес, мен сияқты адам деп айтып тұрмын ғой. Мені жібер.
Көктөбет: Ауф, ауф.
Мэлс: Қап, мына итті-ай, ә. Енді қалай түсіндірсем екен? Онмен айтайын ба? Музаның құдіретін түсінерсің. Көктөбет, мен сазгермін. Ән шығарамын. Менің әнімді радиодан, теледидардан беріп жатады, халық айтады. Бірақ билік басындағылар мені бағаламай, тегін рабсила ғып қойды. Мен қамаудмын, қапастамын. Мені жібер. Ана дүлейлер жібермесе, сен жібер. Мені сен түсін! Мұқағали аңын бақытты екен, ол мұңын Фаризаға шақты. Ал менің мұң шағатын сенен басқа ешкімім жоқ.
Көктөбет, көктөбетжан, көктөбет құл,
Тыңдайтын құлағы жоқ бұл өмір түл.
Жайымды ит те болсаң түсінер деп,
Алдыңда адамзаттың сазгері тұр.
Көктөбет: А-у, у...
М э л с: Міне, міне. Дегенмен жаңағы Қарадәуге қарағанда қауашағыңда бір саңлау бар екен. Қане, қане, енді екеуміз қосылып көрейік. А-у-у... (Көктөбет қосылады.)
М э л с: Біраз репетиция жасасақ, екеумізден тамаша дуэт шығатын түрі бар. Адам мен төбеттің дуэті. Әлемдік өнердегі асқан жаңалық, сенсация! Мынау барын тұрған пайданың көзі, бизнестің көкесі ғой. Ит ән салады деп жарнамалап жіберсе, болды емес пе ! Ақша өзінен өзі құйылмай ма! Еуропа, Америка, Австралия, Жапония, Қытай, құдай-ау, кім көрмейді бұл концертті Көктөбет, қазіргі заманда сахнаға шыққаннан кейім ән салу аз, билеу керек. Әнді билеп жүріп салу керек. Міне, былай. (Мэлс Көктөбетке ән салып, би үйрете бастайды.)
М э л с: Дегенмен өзіц дүрыс шөкірт болар түрің бар. Дүрыс- » дұрыс. (Мэлс осылай деп өзі есікке жақындай береді де тұра қашпақ болады. Көктөбет биді қоя салып, мұны бас салып сахнаға қайта алып піығады).
Мэлс: Түу, алдағанға көнбейтін ит екенсің ғой.
Көктөбет: Нанымды ақтап жеуім керек қой, айып етпе, бауырым.
(Иттің адамша сөйлегенін естіген Мэлс тілауыздан айырылып, ақырында талып қалады. Ал Көктөбет ит терісін белуарына дейін сыпырып тастап, дереу жүгіріп барып су әкеліп, Мэлстің бетіпе бүркеді. Есін жиғандай).
Мэлс: Сен шайтансың ба?
Көктөбет: Жоқ, мен адамның баласымын. Күнім үшін ит болын жүрмін.
Мэлс: Қалайша?
Көктөбет: Мен Резидент Қарадәудің сенімді адамымып. Жасымнан жұмысқа қырым болмады, берекесіз болып өстім. Бұрын ауылда тиіп-қашып бірдеңе істеуші едім, қазір онда ештеңе қалмады, өзіңіз білесіз. Қалада да жолым болмады.
Әйелім жас босанып отыр. Содан Қарадәудің тауып берген жұмысы ғой бұл.
М эл с; Жетістірген екен.
К ө к т ө б е т: Құдайға шүкір, бір жігіттен кем таппаймын... ой,сіз білмейсіз ғой, бұлар итті адамнан артық күтеді. Қазіргі ішіп жүрген тамағым адам кезімде түсіме кірғен жоқ. Қалғанын үйге алып барамын, әйелім де, келген туысқандарым да қарық болады. Білесіз бе, ай сайын мені күтуге, тамақтандыруға доллар қаралады.
М э л с: Мың доллар! Итке? Шіркін-ай, қанша адамға зейнетақы болар еді?
К ө к т ө б е т: Бұл 40 адамның зейнетақысы немесе ең төменгі жалақысы.
М э л с: Қырқың жиылып бір Мырқыға татымайсың деген осы болды. Қоғамға 40 жыл қызмет еткен 40 адам резиденция күзеткен бір ит құрлы жоқ екен-ау?
К ө к т ө б е т: Ой, сіз иттің қызметін білмейсіз ғой. Ол үшін ит болып көру керек.
М э л с: Рахмет. Итаяғың өзіңе.
К ө к т ө б е т: Шын айтам. Менің орныма 3-4 сағат қала тұрыңызшы.
М э л с: Немене? Ит болып па?
К ө к т ө б е т: Әрине, ит болып.
М э л с: Әй, қарағым, қанша жерден күзетші болсаң да, көкеңді көзіңе керсетем, білдің бе, ыр-р...
Көктөбет: Ағатай, күніге ұрланып үйге барып келуші едім. Бүгін аяқ астыпан сіз келдіңіз де, бәрін бүлдірдіңіз.
М э л с: Немене, сенің ит болғапыңа мен кіпәлімін бе?
Көктөбет: Жоқ, сіз кінәлі емессіз. Бірақ қашып кетпеңізші. Онда мені де, бала-шағамды да жеп отырған нанымыздан қағасыз ғой.
М э л с: Менің қайбір шекем қызын жүр дейсің. Сен болсаң ит болып шалқайып жатқаның үшін 1000 доллар аласың. Ал мен ақтер-көктер болып жұмыс істеп жатырмын. Былайша айтқанда, құлмын.
Көктөбет; Маған 1000 доллардың бәрі тимейді. Оның 700- Қарадәу көкемнің қалтасында қалады.
М ә л с: «Ұры иттің артын сұқ ит жалайды» деген осындайдан қалған екен-ау.
Көктөбет: Бірақ қалғаны да жетеді. Апа үйшіктің ішінде жаныңызға керектің бәрі бар. Ағатай, ол үйшіктің іші бар ғой, тамаша! Нағыз шабыт шақыратып жер. Сіз ақын-сазгерсіз ғой.
М э л с; Апыр-ай, ә? Иттің көзімен қарау керек дейсің, ә, бұларға? Қызық екен.
Көктөбет: Қызық болғанда айтпаңыз. Араларында жүріп, талай құпияларын білесіз, қызығына да батасыз.
М э л с: Келістім, бауырым.
Көктөбет: Рахмет, ағай. Мынаны киіп алыңыз. Бөтен біреу келе қалса, білесіз ғой не істеу керек екенін.
М э л с: Ыр...ауф, ауф.
Көктөбет: Сіз де талантты шәкірт екенсіз. Келе-келе ит болып кететін түріңіз бар.
М э л с: Ыр...ауф, ауф. (Көктөбетті тұра қуады, ол қашқаи болып ауладан шығып кетеді. Мэлс ит күркесіне келеді.)
Нөкерлерімен Доллара ханым кіреді. Мүнда бизнесмен до, бастық та, тәртіп сақшысы да, рэкет те, түнгі көбелектер де бар. Доллара ерекше шабытпен ән салып, би билейді. Оған бәрі қосылады. Доллараны бір ұстап қалуға ұмтылады. Доллара сусылдап, бәрінің есін тандырып жүр. Жат әуен, жағымсыз сөз Мэлс-иттің жынын келтіреді. Арасында ырылдап қояды. Ал басқалары ол тамақ сұраған екен деп тамақ тастайды.
Доллара; (Әндетіп)
Мен ақшамын, ақшамын
Жер бетіне патшамын.
Бағындырам өзіме,
Бір құдайдан басқаны.
Сатып алам бәріңді,
Жасыңды да, кәріңді.
Түсер болсам қолыңа,
Жылытамын жаныңды.
Соңыма түсіп қуасың,
Қайтсең де мені жиясың.
Ар-ұят, салт, сананы,
Жолыма түгел қиясың.
Ұмыттырам еліңді,
Ұмыттырам жеріңді.
Сатасың да ұлтыңды,
Ойлайсың тек құлқынды.
Рэ к е т т е р:
Пах, пах, пах, пах, пах, пах, пах,
Оңай емес мал таппақ.
Рэкет заңы - қатал заң,
Шыдағаның - қаһармап!
Ел сорғышты сыпырып,
Артығын біздер аламыз.
Өле де жеп, бөле жеп,
Общакқа екеп саламыз.
Басты тігіп бәйгеге,
Разборкада боламыз.
Джунглидің заңымен,
Мықтымыз билік құрамыз.
Т ү н к ө б е л е к:
Жиып қойып арымды,
Мен сатамын тәнімді.
Басқа тауар менде жақ,
Саудалаймын барымды.
Билікке де қонамын,
Байлыққа да қонамын.
Кәрінің де, жастың да,
Қанағаты боламын.
Күнде кино тек секс,
Үйде видео тек секс.
Ес білгелі көргенім,
Басқа маған не ет дейсіз?
Монша біткен мол секс.
Такси мінсең, ол секс,
Сайранхана сөн секс,
Мейманхана нәп секс.
Қалталының жыр әні,
Төн құмардың ұраны.
Секс болды бүгінде,
Өмір сүру құралым.
Көктөбет:
Ата қоныс, аулымды тастағалы,
Осылай мекен етем Астананы.
«Доллараға» ит болып қызмет етем,
Қарын тоқ, қатын- бала баспаналы .
(Қайырмасы:)
Есігінде жатңаным үшін жүз доллар, ауф,ауф.. ?
Құйрығымды бұлғаңдатқаным үшін жүз доллар, ауф, ауф.
Жауларына үргенім үшін жүз доллар, ауф, ауф,
Доллараға басымды игенім үшін жүз доллар, ауф, ауф.
Бұл күнім жақсыларға ұнай ма екен?
Халімді білгісі кеп сұрай ма екен ?
Даланың арда емген асауы едім,
Қарын тоқ, ал жүрегің жылайды екен.
(Қайырмасы:)
Резидент:
Сұрасаң менің атым Қарадәумін,
Талайды дірілдеткен дара дәумін.
Долларадан сенімді сая тауып,
Жаңа қазақ атанған жаңа баймын.
(Қайырмасы:)
Америкадан айлығым,
Швецарияда байлығым.
Бельгияда бір тұрағым,
Барып-келіп тұрамын.
Приватизация кезінде қарпып қалдым,
Күш көрсетіп, әлсізден тартын та алдым.
Реті келген жерінде ұрлық жасап,
Ел байлығын жат-жұртқа сатып та алдым.
(Қайырмасы:)
Шенеунік:
Әкіміңе демеуші,
Рэкетті жебеуші.
Өзгелерден жонып жеп,
Барлығынан тойып жеп.
Жүрген адам қысқасы,
Мемлекеттің тұтқасы –
Шенеунік деген мен болам,
Заманаңның нұсқасы.
Сыбайластар біз дейді,
Құртамыз деп іздейді.
Жегі құртпыз жұлында,
Ал жегі құрт өлмейді.
II БӨЛІМ
Доллара, Резидент, Қалбақай.
Доллара: Тұсаукесерге дайындық қалай ?
Резидент: Резиденцияны әрлеу жұмысы толығымен бітті. Барлық кабинеттерге, залдарға, демалыс бөлмелеріне тиісті міібельдер қойып, жасандырдық.
Қалбақай: Қаладағы ең мықты дизайнерлер безендіріп шықты. Жартысы батыстық, жартысы шығыстық үлгіде.
Резидент: Үлкен залға 500 адамдық қонагасыға орын әзірленді. Дастархан мәзірі дайын.
Қалбақай: Мәдени ніаралар да ойластырылды. Мәскеуден, Алматыдан өзіңізге табынатын әртістер түгел шақырылды.
Доллара: Иә, долларды бәрі жақсы қөреді. Бірақ негізгі нәрсені айтпай тұрсыңдар ғой. Фирманың рәміздері өзір ме?
Резидент: Эмблемасы әзір.
Доллара: Тағы.
Қалбақай: Әнұраны шықпай тұрғаны?
Доллара: Неге?
Резидент: Шақырмаған сазгеріміз жоқ. Ең атақты дегендерінің бөріне тапсырыс бердік, бірақ үдесінен шығармады.
Доллара: Немене, долларды аз төледіңдер ме?
Қалбақай: Үкімет оларға түк те төлемейді ғой.
Доллара: Ендеше неге шығармайды? Әлде көңіл-күйін таба алмадыңдар ма?
Резидент: Оларға әкімдер мен министрлерден кем құрмет көрсетілген жоқ. Шабытымыз келмеді дейді.
Доллара: Долларға оянбаған қандай шабыт ? Мүмкін емес!
Қалбақай: Өкінішке орай, солай болды.
Доллара: Олай болмайды! Әнұран межелі күні дайын болуы керек. Сол күні бәріміз орындаймыз.
Резидент: Енді кімге айтарымызды білмейміз.
Қалбақай: Иә, кілең жылауық ән шығаратындар қалды.
Доллара: Ешкімді таппасаңдар, Резидент мырза, әнін cен шығарасың. Ал, Қалбақай, сөзін сен жазасың! Қашан бітіргенше осы жерден аттап шықпайсыңдар. Түсінікті ме?
Резидент, Қалбақай; Құп болады!
Доллара: Тапсырма таңертеңге дейін дайын болсын. Дайын болмаса, списаниеге кетесіңдер. (Оққағарына) мыналарға не қажеттің бәрін жеткізіп бер. Түк шығармаса, жөнелте сал. (Кетеді. Ал оққағары бұлардың қалтасын қарап шығады Резиденттің пистолетін алып қояды. Резидент пен Қалбақай есеңгіреп қалады.)
Р е зи д е н т: Не болды?
Қалбақай: Не болушы еді, таңертеңге дейін өміріміз қалды.
Резидент: Одан кейін ? |
Қалбақай: Одан кейін - о дүние.
Резидент; Қалжыңдағаны шығар?
Қалбақай: Доллара қалжыңды сүймейді, айтты, бітті.
Резидент: Бұларды демократияшыл ден ілестім ғой соңынан. Сенген қойым сен болсаң...
Қалбақай: Гангстерлер де солардан шыққан.
Резидент; Бұдан да бір топ рэкетпен жалғыз алысқаным жақсы еді, жастығымды ала өлетін. Қайран, Қарадәу атанған қезім! Дірілдетуші ем-ау алдымда бәрін.
Қалбақай: Қарадәу де, сарыдәу де Доллардың құлы.
Резидент: Байлықты не үшін жидым? Енді қызығып көрем бе дегенде?
Қалбақай: Қу дүние үшін бүтін халықты да қырып жатқан жоқ па?
Резидент: Қашып кетсек қайтеді?
Қалбақай; Есіктің аузында Оққағары тұр.
Резидент: Жаналғыпіы десеңші, жаназамыз осы жерде шығарылатын болды ғой.
Қалбақай: Қайдағы жаназа, көме салады, болды. Резидент: Жоқ, менің өлгім келмейді.
Қалбақай: Өлгіңіз келмесе, ән шығарыңыз.
Резидент; Қалбақайжан, өзің бірдеңе қылсашы.
Қалбақай; Екі ауыз өлеңнің басын құрамайтын қазақ жоқ. Ал ән шығару - ол құдайдың ерекше сыйы.
Резидент: Бір амалын тапсайшы енді, астыңа машина мінгізейін.
Қ а л б а қ а й: Мәшинем бар.
Резидент: Қаласаң, Белгиядан вилла сатып әперейін.
Қалбақай: Төбемнен төмен қарай алтын құйсаңыз да амалын таба алмаймын.
Резидент: Өле береміз бе , сонда?
Қалбақай: Сіз бен мен қанша бай болсақ та, өле береміз. Ертең ешкімнің де есінде қалмаймыз. Тіпті, моламыздың басына керемет қып ескерткіш орнатын қойса да, жақындарымыздан басқа ешкім бармайды. Ал музаны өлтіре де, ақшаға сатып та ала алмайсың.
Резидент: Сол муза адамга қона ма?
Қалбақай: Әрине, адамға қонады.
Резидент: Ал сол адамды неге сатып алуға болмайды. Көк долларды көрсе, көбелектей үймелейтін жын- шайтандарың көп еді ғой.
Қалбақай: Олар нағыз музаның иесі емес. Нағыз музаның иесі ештеңеге сатылмайды, өулие сияқты. Оған сөз бен әуенді аузына Алланың өзі салады.
Резидент: Ондай да адам бола ма?
Қалбақай: Болады, бірақ, сирек.
Резидент: Біздің қалада бар ма?
Қалбақай: Бар. Мэлс деген сазгер сондай адам.
Резидент: Әлгі алқаш па? Оның қолынан бірдеңе келе ме?
Қалбақай: Келгенде қандай! Бізді бір құтқарса, сол құтқарады.
Резидент: Ойбай, ол осында, кеше тәртібін бұзғаны үшін 15 тәулігін өтеп жүр.
Қалбақай: Баяғыдан бері неге айтпайсыз, тез келтіріңіз.
Резидент: Тез, өлгі Кебісті ме, Мэлсті ме шақырыңдар.
Қалбақай: Көзінше өйтіп қорлап сөйлей бермеңіз. Ендігі тағдырымыз соның қолында.
Резидент:Е, ақысын алады гой.
Қалбақай: Оған ақысынан да ары қымбат.
Резидент: Қымбат- арзан деп көп тәжікелесіп тұратын уақыт жоқ.
(Мэлсті ертіп Тәртіпбек кіреді).
Мэлс: Жаңа қазақтарға жалынды сәлем!
Қалбақай: Қазақтың талантты сазгерімен сәлемдескенімізге біз де қуаныштымыз.
Мэлс: Ойпырмай, бұл жаңа қазақтарыңның да өз ұлтының талантын тани алатын қабілеті бар екен-ау?
Қалбақай: Біз де халықтың өкіліміз ғой. Білеміз. Білгеннен кейін де саған үлкен қолқа салғалы тұрмыз. Тек сенің ғана қолыңнан келеді деп қолқалаймыз.
М э л с: Ол не соншалық?
Резидент: «Доллара» фирмасына әнұран керек болып тұр. Соны жазып берсең қайтеді.
М э л с: Немене, «Доллара» деген мемлекет пе сонда?
Қалбақай: Қазір әрбір аймақ, фирма өз эмблемасын жасатып, әнұранын айтқызу модаға айналды ғой.
М э л с: Мм... «Бас-басына би болған әңкей қиқым» де... Әрқайсыңа әнұран керек, ә?
Резидент: Әрине, керек. Ол біздің қызметкерлеріміздің рухын көтереді, фирмамыздың айбарын асырады. Өзгелердіц мысын басады.
Қалбақай: Бұл әнұран барлық әндердің төресі болу керек. Халықтың санасына сіңіп, бар пейілін долларға аударуы тиіс.
М э л с: Апырай, ә! Республиканың әнұранынан да айбынды болсын, халыққа сіңімді болсын дейсіңдер ғой.
Қалбақай: Республиканың әнұранына еш таласымыз жоқ қой енді. Ол өзінше, доллар туралы әнұран өзінше. Демократиялық қоғамда бола береді ғой.
Резидент: Доллар ұлттарды алаламайды. Барлығын да өз құшағына алады. Осыны да баса көрсету керек.
М э л с: Экспансия, ия, ия...
Резидент: Әй, қарағым, сол Қазақстанның әнұранына үкімет кезінде қанша төледі екен?
М э л с: Біздің елде халықтың рухын көтеретін әндерге ештеңе төлемейді. Керісінше, халықты аздыратын әндерді сатып әкеледі.
Резидент: Ал біз саған төлейміз. Бір жыл тойып жүретін боласың.
М э л с: Болмайды.
Резидент: Немене, азырқанасың ба? Ие керек өзіңе?
М э л с; Ойымның еркіндігі керек.
Резидент: Еркіндік керек болса, қазірден бастап боспын дей бер. (Тәртіпбекке) Мынаған боссың деші.
Тәртіпбек: Сіз айтсаңыз болды! Сен боссың, бірақ байқа, қайтып қолыма түсіп жүрме.
М э л с: Мен өзімнің емес, ойымның еркіндігі туралы айттым.
Қалбақай: Сенің ойыңды ешкім уысында ұстап тұрған жоқ қой.
М э л с: Рас, ешкім уысында ұстап түрған жоқ, бірақ ол шиқыл мен бұл шиқыл ұқсамай тұр.
Р е з и д е н т: Ол не бөле тағы?
М э л с: Екеуміз екі жаққа қарап әндетіп тұрмыз.
Резидент: Тәртіп, сен бірдеңе деші. Мынау әнұран жазбай тұр.
Тәртіпбек: Бүл жігітті СИЗО-ға бірер сағатқа алып кетейінші. Бәрін жазып береді. Жазбай көрсін!
Резидент: Оған уақыт жоқ. Осы жерде көндір.
Тәртіпбек: Қап, сәл ыңғайсыз болатын болды-ау. Дегенмен көрейін. (Мэлстің қасына барып, тыңғыртыл жібереді) Жазасың ба, жоқ па?
Қалбақай: Ойбай, бұлай етуге болмайды. Мұны тек тілмен көндіру керек. Әйтпесе әлгі шабыты келмей қояды. Ал шабыты келмесе, түк шықпайды.
Резидент: О, тоба, 12 сағат қана уақытымыз қалды жарық дүниеде. Мэлсжан, құлың болайын, бірдеңе етші.
Қалбақай: Бізді жек кореец де бала-шағамызды аяшы. Солардың көз жасы үшін жазып берші.
Тәртіпбек: Әй, енді саған не керек?
М э л с: Маған коп нәрсенің керегі жоқ. Тек, осы он екі сағат бойы менің айтқанымды істейтін боласыңдар.
Қалбақай: Не бұйырсаң да мақұл.
Резидент: Құлың болайын.
М э л с: Тәртіп, сен де айтқанымды істейсің.
Тәртіпбек: «Доллара» фирмасының мүддесі үшін келісуге болады.
М э л с: Иә, сен долларды жақсы коресің. Бірақ әнеугүні мені ұстағанда, қалтамнан сыпырын алған теңгемді қайтаруыңа тура келеді.
Тәртіпбек: Апырай, ол айыппұл еді ғой. Мейлі енді.
М э л с: Ал сен, Резидент мырза, неше күннен бері істеген еңбегімнің ақысын тө.лейсің. Жалғыз менімен емес, мен сияқты тегін, арзан рабсиланың бәрімен есептесесіңдер.
Резидент: Мақұл, Мэлсжан, мақұл.
М э л с: Фирманың меп қажет еткен адамдарын шақырып тұрасың. Олар да менің бұйрығымды тыңдайтын болады.
Резидент: Мақұл.
М э л с: Олай болса, іске кірісеміз. Алдымен жүрек жалғап, көңіл-күйді көтеріп алу керек. (Бәрі құрақ ұшып оған қызмет көрсетеді).
М э л с: Қане, әнұран үшін алып жіберейік.
Төртіпбек: Мен қызметтемін ғой.
М э л с: Немене, мен бездельникпін бе?
Төртіпбек: Жо-жоқ.
М э л с: Ендеше, тарт.
( Тәртіпбек тартып жібереді).
М э л с: Аяғына дейін алқаштар ғана ішеді. Былай, сыпайы ғана ұрттап қана қоймайсың ба?
Тәртіпбек: Қайдан білейін, бййрық болған соң...
М э л с: Бұйрықты да баспен орындау керек. Ал енді мен біраз тынығып аламын. (Шығып кетеді).
Резидент: Мынау алқаш, бізді сазға отырғызып кетті. Қалбақай: Шабытын шақырып жатқан шырар.
Резидент: Қайдам, осыңнан қорқам. Уақыт болса мынау, зырлап барады.
Тәртіпбек: Шорту, мен ол алқашты отделениеге алып кетіп, әкесін көзіне көрсетейін.
Қалбақай: Ойбай, тие көрме.
Резидент: Оны сабағанша, бізді саба.
Тәртіпбек: Бұл алқашың керемет қадірлі болып шықты ғой, кім білген. Мен оны тегін рабсила деп жүрсем.
Қалбақай: Бүгінпіе біз-ақ рабсила болайық.
(Телефон шырылдайды).
Резидент: Әне келіп қалды.
Төртіпбек: Кім?
Резидент: Ажал, ажалдың өзі!
Қалбақай: Доллара, Ақшақызы!
Резидент: Қалбақай, сен сейлесші.
Қалбақай: Сіз бастықсыз ғой, өзіңіз сөйлесіңіз.
Резидент: Тізем қалтырап тұр, телефонға жете алмаймын. Тәртіпбек, сен баршы.
Тәртіпбек: Алло? Қалбақай бар. Қазір берейін.
Қалбақай: Ә, сенбісің? Бүгін тығыз жұмыс болып ...
Ә й е л: (Телефоннан)Сеит, түнгі жұмысың жиілеп кетті осы. Қалбақай: Көріп тұрсың ғой, енді. Тәртіпбек бар. Қаракең де осында. Маңызды шаруаны шеше алмай жатқанымыз. Азатжанды шақыршы.
Ә й е л: Азатик.
Қалбақай: Азатжан, ақылды бол, балам.
Азат: Көке, әрине, ақылды болам. Бізге мұғалім Қазақстанның әнұранын жаттап келіңдер деді.
Қалбақай: Әнұран? Дұрыс, жатта, балам.
Аз а т: Сен білесің ғой, ә?
Қ а л б а қ а й: Қазір жұмыс басты болып, есімнен шығып қлды ғой.
Азат: Әнұран әр қазақстандықтың мақтанышы болуы керек деді мұғалім. Әнұранды білмеу - ұят!
Қ а л б а қ а й: Иә, иә, ұят. Есіме түсірейін. Ақылды бол, анңңды сыйла, сау бол.
Р е з и д е н т; Қалбақай бала-шағасымен қоштасты. Ал біздің жарымес қайда жүрсің деп іздемейді де.
Қалбақай: Өзіңіз солай үйреткенсіз ғой.
Резидент: Сонда да болса... (Телефонды алып) Алляо! Амансыңдар ма?
Ә й е л і: Е, аман бол май не болыпты сонша?
Резидент: Слушай, сен тыңда.
Ә й е л і: Ал, тыңдадық.
Резидент: Слушай, сен бар ғой, мен олай-бұлай болып кетсем, басқа біреуге көзіңді сүзін жүрме, білдің бе? Ондайыңды естісем бар ғой, тура о дүниеден қайтып келін, әкеңді танытмын.
Ә й е л і: Ішін алғансың ба ?
Резидент: Кім ішін алған? Сен не деп отырсың өзі? Ішкенді көрсетемін мен саған. Сен кімді ойлан отырсың өзі? Сенің ойың тегін емес? Сен біреуді ойлан жатсың, күйеуіңнің көзі тірісінде-ақ. Давай, ешкімді ойламай жат, білдің бе?
Қалбақай; Үйдегі қатынды қайтесіз? Одан да Мэлстің не істеп жатқанын білейік те.
Резидент: Шынында да, осы неме не істеп жатыр? (Көріп) Мынау алқаш диванда пырылдан ұйықтан жатыр.
Тәртіпбек: Айттым ғой, оны отделениеге әлде қашан алып кету керек еді. Қазір мен оны тенкілен оятайын.
Қалбақай: Болмайды, қырсығын қалады.
Резидент: Ендеше, сен барын оят.
Қалбақай: Болмайды дедім ғой, болмайды
Резидент: Сонда әрекетсіз отыра береміз бе?
Тәртінбек: (Кекетіп). Бәлкім, әлпештеп ояту керек шығар ?
Қалбақай: Дұрыс айтасың, оны самал болып желпіп ояту керек. Бұл Сандуғаштың ғана қолынан келеді.
Тәртіпбек: Қазір Сандуғашты алдырамын.
Резидент: Анырай, қалай бол ар екен?
Қалбақай: Үйдегі әйеліңізге о дүниеде жүргеніңізде не істейтіні туралы нұсқау бердіңіз ғой. Ал, Сандуғаш...
Рези дент: Апырай, солай ма?
(Тәртіпбек пен Сандуғаш келеді)
Қалбақай: Сандуғаш, мына бөлмеде бір қадірлі кісі жатыр. Сол кісі маңызды шаруаға керек, оята алмай тұрғанымыз ашуланып қала ма деп. Сен былай, дұрыстап, көңілін көтеріп оятсаң қайтеді.
Сандуғаш: Спонсоры кім?
Резидент: Біз боламыз ғой енді.
Сандуғаш: Онда әңгіме жоқ.
Қалбақай: Мына сусындарды ала кір.
Сандуғаш: Ендеше, сіздер бара тұрыңыздар.
Резидент: Бара тұрғаны қалай?
Қалбақай: Ол солай, бара тұр деді, демек бара тұрамыз.
(Бәрі шығып кетеді. Сандуғаш сусындарды алып Мэлс жатқан бөлмеге кіреді де, іле-шала «Апа» деп айқайлап шығады. Ол есеңгіреп, есін жия алмай жүргенде, есіктен аузына доллар тістеген Көктөбет шығады. Көктөбет ақырын ырылдап, Сандуғашқа долларды ал деп белгі береді. Бұл Көктөбеттің киіміп қайта киіп алған Мэлстің өзі. Сандуғаш иттен шошыса да, долларды көргеннен кейін көзі жайнап кетеді. Көктөбетке жақындайды, долларды алады. Сол кезде Көктөбет оны құшақтайды, аймалайды).
Сандуғаш: О, құдай, кешіре гөр, кешіре гөр. Бұл менің кәсібім ғой. Адамзаттың ең көне кәсібі. Мен алды да, соңы да емеснін. (Сол кезде Мэлс-Көктөбет басындағы маскасын сыпырады.) Ойбай, мынау адамға айналып бара жатыр ғой. Жаңағы жалаңаяқ сазгер ғой. Жоқ, көзіме қос көрінді ме?
Мэлс: Кезіңе қос корінғен жоқ. Жалаңаяқ сазгер екенім рас. Бірақ қазір иттің кейіпіндемін.
Сандуғаш: Ол таңсық емес, небір азаматтардың ит болып кетуі бір пәсте. Сен де соның бірісің.
Мэлс: Ол иттердің мені де ит қылғысы келетіні рас. Мұқағалиды да солай еткен. Абайдың да артынан қап-қап өсек ерген.
Сандуғаш: Ит болмасаң, иттің кейініне неге түстің?
Мэлс: Дүниеге иттің козімен қаран керші деп біреу ақыл айтып еді.
Сандуғаш: Қалай екен?
Мэлс: Иттердің аузы салымды болады екен.Бірақ иттің аты ит.
Сандуғаш: Асыл тектес иттер ше? Олардың бойы таза, жатқан жері мамық, тамақты талған жейді.
М э л с: Олардан да бәрібір боқтың иісі шығады. Өйткені ата- бабалары боқ жеген. Оңаша қалса өздері де жейді.
С а н д у ғ а ш: Ал сіз ?
М э л с: Немене мен?
С а н д у ғ а ш: Оңаша қалсаңыз...
М э л с: Оңаша қалсам, сезіміммен сырласамын.
Сандуғаш: Сезіміңіз серік іздемей ме?
М э л с: «Бөліп- жарған қайсыбір қуаныштан, ойландырған оңаша мұңым артық» депті Мұқағали.
Сандуғаш: Алғашқы кездескенімізде сезімімді өткізе алмай жүрмін деп едіңіз.
М э л с: Ал сіз сезім етімсіз тауар дегенсіз
Сандуғаш: Оның да өтетін кезі болады.
М э л с: Ит кейпіне түсіп, доллар ұсынса ма?
Сандуғаш: Сіз мені соншалықты қорламаңызшы.
М э л с: Сізде де сезім бар екен-ау?
Сандуғаш: Бар, бірақ қазіргі заманда күн көру үшін қажеті жоқ болғандықтан пайдаланбаймын. Оған кінәлі мен емес.
М ә л с: Енді кім?
Сандуғаш: Сіздер, еркектер! Өйткені қоғамды негізінен ер адамдар басқарады.
М э л с: Эй, қарындасым-ай! Сол еркектер әйелдің құрсағынан шыққан ғой.
Сандуғаш: Әйелдің құрсағынан шыққаны рас, бірақ қағынан жерін барады.
М э л с: (Сандуғашқа таңдана қарап) Тауар, бірақ ойлайды.
Сандуғаш: Енді сіз де тауар боласыз.
М э л с: Неге?
Сандуғаш: Өйткені сіз де сатыласыз.
М э л с: Жоқ, мен сатылмаймын. Мен сатылсам, адамдардың бәрі мақұлыққа айналады. (Дереу үстіндегі ит киімін шеше бастайды.)
Сандуғаш: Адамдар ақшаны ойлап тапқан кезден мақұлыққа айнала бастаған.
М э л с: Жоқ, олай емес, мен бармын, муза бар!
Алланың нұры - музамын,
Мекенім - адам жүрегі.
Жасаған саған ризамын,
Түп ием өзің, тірегім
Шет-шексіз қара түнекпен,
Аямай салдың айқасқа.
Шырылдап шықтым жүректен,
Жан беріс-алыс шайқаста.
Жүректен шығып, жүрекке
Енсем деп мәңгі ұмтылам.
Жете алмай игі тілекке,
Жасиды кейде тылсым ән.
Мың жылдар өтті арада,
Жалғасып келеді сол айқас,
Арбасқан әрбір санада
Неліктен қос күш қарайлас.
Ар үшін ұлы майданда
Жеңілсе муза, кімге сын.
Құлқынқүл бәрін ойрандап,
Бұзылар Ұлы үйлесім.
Жібермен оған, жібермен,
Рухы қолда бабамның.
Шын муза бол сам егер мен,
Жүрекке жолды табамын.
(Бұл кезде Резидент, Қалбақай, Тәртіпбек, Оққағар келіп тұрады)
М э л с: Доллараны шақырыңдар! Доллара келсін.
Резидент: (Көрермендерге) Мынау маньяк шығар.
Қалбақай: Қасыңызда Сандуғаш тұр ғой сызылып.
М э л с: Тым арзан тауар. Маған Доллара керек!
Оққағар: Отпен ойнамасаң қайтеді?!
М э л с: Долларамен бетнп-бет, жекпе-жек кезігетін кез келді. Әнұран әзір!
Б ә р і: Ура!
Резидент: Шын ба? Рас айтасың ба? О, тоба, құлың боп
кетейін.
Тәртіпбек: Мынау жын шығар.
М э л с: Періштемін.
Оққағар: Мен Доллара Ақшақызына хабарлаймын.
М э л с: Мен әзірге мыналарды ермек ете тұрайын. (Резидентке)
Қарадәу, қане, бері тұр. Бас аяғыңды, бір, екі, үш, бір, екі, үш.
Резидент: Бұл біздің келісімімізде жоқ болатын. Ендігіңіз заңсыз. Әнұранды шығардың ба, өзің орындап бер.
М э л с: (Қарадәуді бір періп) Міне, саған заң!
Қ а л б а қ а й: (Көрермендерге) Құп сауап болды-ау.
М э л с: Қалбақай!
Қ а л б а қ а й: Мен.
М э л с: Мына Қарадәудің қатарына тұр.
Қалбақай: Мақұл.
М э л с: Тәртіп.
Тәртіпбек: Мен!
М э л с: Сен бері кел.
Тәртіпбек: Құп болады.
М э л с: Әй, ішіп алғанбысың өзің?! Жөндеп бас аяғыңды. Сандуғаш!
Сандуғапі: Құлағым сізде.
М э л с: Енді мына мәтінді алыңдар. Менімен қосылып айтасыңдар. Ал кеттік.
(Мэлс өлеңді алдымен өзі айтады. Содан кейін басқалар қосылады. Біраң дауыстары үйлеспей әбден әуре болады).
Мэлс: Көктебет, қайдасың? (Көктөбет әупілдеп кіреді.) Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. Сен қайсысынан шығар екенсің. Мұнда тұр. (Бәріне) Сендер тәуелсіз елдің азаматтарысыңдар. Азат ұрпақтың әні де азат болуы керек. Қане, бастаймыз.
Елің азат жас қазақ,
Құлы болма құлқынның.
Бабаң талай тартты азан,
Келешегі үшін ұлтыңның.
(Көктөбет елдің алдына түседі. Бір кезде нөкерлерімен Доллара келеді. Оған Мэлстің әні ұнамайды. Бәрін сырттан бақылап тұрған Доллара бір паузаның кезінде ерекше шабытпен құлпырып, өзі туралы өлеңді бастайды. Одан кейін Мэлс өз өлеңін айтады. Екеуі осылай билей жүріп, өлеңді кезек-кезек айтып шарпысады. Ал халық қайда қосылады? Оны режиссердің қүзырына қалдырдық)
Доллара: Тоқтат! Сендер не деп маңырап тұрсыңдар. Мені жырлаңдар, мені!
Мэлс: Біздің халық құлқынның құлы болмаған еш уақытта.
Доллара: Сенің халқың - байлықтың қызығын көрмеген басыбайлы халық.
М э л с: Менің халқымның жаны бай, рухы күшті.
Доллара: Бірақ қалтасы тесік, ал қалтасы тесік адам қашан да құлқынның құлы. Сен өзің тойып тамақ ішпегелі қанша уақыт өтті, ә, сазгер? Бір күн, бір ай, бәлкім бір жыл, әлде он жыл.
М э л с: Мен әлемдегі ең бай адамның бірімін.
Доллара: Қайда ол байлығың?
М э л с: Санам мен жүрегімде.
Д о л л а р а: О, сезімім пәшкі-пәшкі, бірақ өткізе алмай жүрмін деген сен емес пе? Қане, өткіз, сатып аламын.
М э л с: Бәрібір мен сені жырламаймын.
Доллара: Мейлі, мені жырламай-ақ қой, бірақ сендерге жұмыс тауып, мол жалақы беріп отырған менің фирмамды жырла. Менің фирмамнан не зияндық көрдің, ә?
М э л с: Кезінде Сомов жолдастың партиясы да біздің елге осылай келген. Ата көзің ашылды, қазақ, енді іргелі ел боласың деген. Ал іс жүзінде тағы басыбайлылық.
Доллара: Сомов жолдасыңмен мені салыстырма. Мен тең партнерімін.
М э л с: Бірақ сенің де көмекейіңнен бүкіл әлемді жұтып қойғысы келетін Аждаһаның көзі жылтырайды, лебі келеді.
Доллара: Бұл - бейбіт бәсеке.
М э л с: Сен аттысың, мен жаяумын.
Доллара: Сен де ат иемден.
М э л с: Сол үшін де менің халқыма рухын көтеретін әнұран керек.
Доллара: Сенің халқыңа ақша керек, ақша. Ал ол ақша менде. Сондықтан да жарыққа үймелеген көбелектердей үйірілесіңдер.
М э л с: Рас, менің халқыма ақша керек, бірақ адам ақшаға қызмет етпеуі керек, керісінше, ақша адамға қызмет етуі керек. Менің жанұраным сол туралы.
Доллара: Адамның ұраны - ақша! Ол жанын да, тәнін де сонымен тояттатады. Сондықтан адамның ұраны - ақша, байлық болуы керек.
М э л с: Дүние - тәннің ғана қанағаты. Мәңгі өлмейтін жан қанағаты - менің әндерім.
Доллара: Мен өзіңді де, әніңді де сатын аламын. Санаң мен жүрегіңді де жаулаймын. Сен менің құлым боласың! Бәрің де менің құлымсыңдар! Мені жек көретіндерің бар ма? Қайсыңа қажет емеспін? Көрдің бе, ешкім үндемейді.
М э л с:
Қара басқан, қаңғыған,
Хас надан нені ұға алсын,
Көкірегінде оты бар,
Құлағын ойлы ер салсын!
Доллара:
Мен Ақшамын, ақшамын.
Жер жүзіне патшамын.
Бағындырам өзіме,
Бір құдайдан басқаны.
М э л с:
Қызмет етпе долларға,
Қызмет етсін ол саған.
Ақша емес, сен бол тұлға!
Бабаң соны аңсаған!
Доллара:
Сатып алам бәріңді,
Жасыңды да кәріңді.
Түсер болсам қолыңа,
Жылытамын жаныңды.
(Мэлс пен Доллара осылай өз өлеңідерн кезектесіп айтады. Мэлстің жанұранының жалғасы).
Қайда бастап бармақсың,
Егеменді елімді?
Байлығын кесіп алмақсың,
Берекелі жерімнің.
Алданбағың жас қазақ,
Құлы болма құлқынның.
Бабаң талай тартты азап,
Келешегі үшін ұлтыңның.
Қызмет етпе долларға,
Қызмет етсін ол саған,
Ақша емес, сен бол тұлға,
Бабаң соны аңсаған!
Білімін ал басқаның,
Жаманынан жиренгің.
Жалқаулықты тастағың,
Жақсысынан үйренгің.
Сонда ғана көгерер,
Көсегесі халқыңның.
Дәрежесі теңелер,
Тілің, Дінің, Салтыңның.
Келсін, мейлі, еліңе,
Барғын сен де басқаға.
Болсаң берік діліңе,
Сыйлысың ДОС, қасқа да.
Ұғын мұны, бұл - шындық,
Бұл - атаңның мұрасы.
Алда талай мыңжылдық,
Алда талай ұлы асу.
Әнұраны еліңнің,
Шын тұмарың сол бол ар.
Адымда алға сеніммен,
Мыңжылдыққа оң сапар!
Достарыңызбен бөлісу: |