Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет



бет3/4
Дата09.08.2017
өлшемі11,74 Mb.
#23157
1   2   3   4

С О Ң Ы

АҚ ПЕРІШТЕ – АРМАНЫМ!

Екі бөлімді драма

Қатысушылар:

Анажар


Пенде

Әділет


Орынкүл

Далабай


Таугүл

Бастық


Тәнбике
Сахнада жарты шеңбер жасап эллипс әлде глобус секілді ғимарат тұр. Ол тіні өте жуан алып ағашқа да ұқсайды. Үйдің ор терезесінің әлпетінен әлемнің сәулет өнерінің сан түрін кездестіруге болады. Оның этажы жоғарылаған сайын бәрі бір стильге түсіп, “Ақшахана”, “Казино”, “Құмархана”, “Сайранхана” т.б. жарнамалар қаптап тұр. Кіреберіс есікке “Адамұя” деп жазылған.

Сахнаның екінші жарты шеңбері мүлгіген қабірхана. Одан әрі жазық дала биік тауларға ұласады. Алдыңғы планда жас қабір мен жаңа қазылған көр. Көр ішіндегі адамның әрекеті көріну үшін бүйірі ашылып жабылатын болып жасалуы керек.

Бір кезде даңғұр-дұңғыр музыка ойналып, “Адамұяның” әр терезесінен билеген адамдар көрінеді. “Адамұяның” тұрғындары әбден кәйіпке кіріп, экстаз күйге келеді. Бір үлкен терезеден әппақ киінген ақ періште сияқты қыз бен қара киінген қара періште сияқты пенде көрінеді. Бүтіндей жынойнаққа айналған “Адамұяда” ақ періштедей бейкүнә сол қызды қара ниетті пенде дегеніне көндірмек. Бүл қорлыққа шыдамаған Ақперіште ақыры терезеден секіріп, жерге құлайды. “Ақперіште-е-е!” деп айқайлаған Анажардың дауысы айрықша естіледі.

Сахнаға жарық толық түскенде Анажар жас қабірдің топырағын түзеп жатыр. Жасы 38-дегі әйел.

Анажар: Ақперіштемді адамұяның әңгілері өлтіріп тынды.

Байлық пен мансап үшін бір-бірімен қырық пышақ болып кеткен жұмыр бастыларға менің Ақперіштем олардың мүлдем адасып, лағып бара жатқанын айтуы керек еді. Жер бетіндегі жолаушының ұлы сапары қу дүниені қуалау емес, сананың биік шыңына өрмелеу екенін ұғындырмақ болатын. Біз ссылай жер бетінің екі аяқтыларын Жаратқанның жолына қайта бұрмақ едік. Мен Ақперіштемді осы ұлы миссияны орындауға жиырма жыл даярлап едім. Бәрінің күлталқаны шықты. Соңғы үмітім сөнді.

Жар болып та жарытпадым, ана болып та ақтамадым парызымды. Енді маған жер басып жүрудің түк мәні жоқ. Бос қуыс бұл өмір. Кетейін, шын өміріме барайын.

(Анажар сөмкесінен пистолет шығарып, өзінің шекесіне тақайды. Оның бұл әрекетін Орынкүл келіп бақылап тұрады)

О р ы н к ү л: Әй, қатын не істеп тұрсың?

Анажар: Көріп тұрған жоқсың ба, атылып өлейін деп жатырмын.

Орынкүл: Ақысын төле.

Анажар: Немене? Өлім үшін бе?

Орынкүл: Өлімің көк тиын тұрмайды, кіретін көрің үшін.

Анажар: Сонысы бар екен-ау.

Орынкүл: Иә, сонысы бар. Атылып өлген адамның артынан кім іздейді, кім көмеді?

Анажар: Сендер-ақ көме салыңдар.

Орынкүл: Сені тегін көмеді деп отырсың ба? Оның да ақысын төлеп кет.

Анажар: Қанша төлеймін?

Орынкүл: Бқл енді жататын жеріңе байланысты. Мәселен, анау қырда жатсаң қымбат. Ол жерді байлар алады.

Анажар: Кедейлердің орны қайда?

Орынкүл: Мына қырдың етегінде, ойда.

Анажар: Ал, осы жер ше?

Орынкүл: Бұл жалпы бұқараның жататын жері.

Анажар: Жұмыр бастыларды өлгенде тиетін екі метр жер теңестіреді деуші еді, бекер екен-ау.

Орынкүл: Әрине, бекер, адамдар ешуақытта бір-бірімен тең болмайды. Қане, қайдан аласың оргыңд?

Анажар: маған осы маңайдан берсең. Қызымның қасынан.

О р ы н к ү л: Бұл жердің де бағасы оңай емес.

А н а ж а р: (Мойнындагы алқаны көрсетіп) Мына алқаның қанша тұратынын білесің бе?

О р ы н к ү л: (қарап)Бұл қымбат, өте қымбат алқа.

А н а ж а р: Осы жерден алуға жетеді ғой.

О р ы н к ү л: Әрине, жетеді, тіпті...

А н а ж а р: Ендеше, мә, ал да, көрсет көрімді.

О р ы н к ү л: Бері жүр. Міне. Мына көрді көрші. Тамаша жерден қазылған. Биікте тұр. Ақымы да кең, әрі құрғақ. Жарай ма?

А н а ж а р: Жарайды, енді мені оңаша қалдыр.

О р ы н к ү л: Әрине, оңаша қалдырамын. Сенің өліміңе куә болар жайым жоқ. Оның үстіне шаруам көп, өліп жатқан жалғыз сен емес.

А н а ж а р: Сөйт, сол шаруаларыңа бар.

О р ы н к ү л: Бірақ сен айнып қалма.

А н а ж а р: Неден?

О р ы н к ү л: Өлімнен. Кісі бір сөзді болу керек. Өлем деген соң өлу керек.

А н а ж а р: Қам жемей-ақ қой. Мен бұл дүниені тастан кеткенше асығып тұрмын.

О р ы н к ү л: Дегенмен өмір деген әзәзіл ғой, қазір сені көметін қорқауды алып келгенше айнытын жүрмесін.

(Орынкүл кетеді)

А н а ж а р: Сол әзәзіл дүниеден безіп бара жатқан жоқпын ба. Мен бұл дүниені түсінбей-ақ қойдым, бұл дүние де мені түсінбеді. Маған о дүние жақын, ондағылар түсінікті. Ал бұндағылар мені есі ауысқан адам сияқты көреді. Сонда, менің айтып жүргенім бар болғаны өздері ескерткішін орнатып, мерейтойын жарыса тойлан жүрген ұлылардың сөзі. Бірақ бүгінгілер сол ұлыларға табынғанымен айтқандарын біреуі орындамайды. Мені түсінетін Ақперіштем де о дүниелік болды. Мен де кетейін...

(Анажар қабірдің ішіне түседі).

Адам ананың құрсағында жан бітіп, жарық дүниеге шықтым, енді жан беріп жер-ананың құрсағына мәңгілікке сіңемін. Бұл дүние жақсы, о дүние жақсы ден жатады. Ең жақсы мекен ананың құрсағы шығар, сірә. Кіндігің арқылы бырп-бырп сорып жата бересің. Тіпті шыққың келмей, бұл дүниені жылап қарсы алатының содан болу керек.

Жататын жерімді көрдім, көңілім жайланды. Қой, енді өлетін болған соң өлейін.

(Анажар пистолетін шекесіне апармақ болғанда Адамұя жақтан даңғұр-дұңгыр музыка естіледі. Адамұяның әр терезесі толған адамдардың әзәзіл биі, аюани тойымсыз құмарлық ойындары).

Адамұяның шайтаны қозды. Фу, рухы қандай суық еді, тондырып барады. Бұдан көр жылы шығар. ұл кезде Адамұяның айқай-шуы, құмарлың қылықтары тоқтап, оның бір бөлмесінен Пенде мен Асылгүл көрінеді)

П е н д е: Асылгүл, күнім, сен ақ періште туралы естігенің бар ма?

Асылгүл: Естігенмін ағай.

Пенде: Адамдар қай заманда да сол ақ періштені аңсаған, сол аңсауын өлең етіп жазған, ән етіп айтқан.

А с ы л г ү л: Ол қандай өлең?

Пенде: Бұл адамдардың ізгілік, тазалық туралы жыры (дауысын білінер білінбес сиқырлап). Әсіресе, жастардың жүрегін ізгілейтін нәзік құрал.

Асылгүл: Жүректі ізгілейді...

Пенде: Иә, ақ періште туралы арман ізгілік іздеуден туған. Бұл арманды шәкірт көкірегіне ұялату менің ұстаздық борышым.

Асылгүл: Ой, ұстаз, сіз қандай ғажап адамсыз! Нағыз періштесіз!

Пенде: (сиқырланып) Нағыз періште сенсің, Асылгүл, сен!

Анажар: (Ол манадан бері басын қылтитып тыңдап тұр) Өмір қандай тамаша! Ұстаздар шәкірттерінің бойына ізгілік сеуіп жатыр. Ертең сол ізгілік өсіп-өнеді. Бүкіл әлемді ізгілік билейді ден ойлайсыздар ма? Жоқ, олай емес. Ізгілік туралы әдемі сөздерге орап, әзәзілдің құртын түсіріп жатыр ол жас қыздың көкейіне.

Мынау не сандырақтап тұр демеңіздер. Не болса да бәрін айтып өлейін. Бәлкім басқаларға сабақ болар... Мені өлуге мәжбүр етіп отырған анау ұстаз. Иә, ақ періште туралы аңыз айтып тұрған ұстаз. Осыдан тура 22 жыл бұрын Асылгүлдің орнында мен тұрғанмын...

(Сыртқы киімін тастаған Анажар жап-жас қыз болып шыға келеді. Асылгүл кетіп, Анажар оның орнына тұрады)

Пенде: Қане, Анажар, “Ақ періштені” тағы бір қайталап жіберейікші. (Екеуі қосылып “Ақ періште” әнін айтады, әннің нотасы бар)

Ақ періште - аңсағаным, арманым,

Қиялымның үміт жібін жалғағың.

Қолым созсам, көктен тілеп жақсылық,

Құтқаруға құстай ұшып самғағың.

Ақ періште - арманым!

Аңқылдаған ақ пейілім келіп жет,

Жүрегімнен жебеушім боп орын теп,

Жан сарайым тазалансын тұманнан,

Жаратқанның нәсіп еткен нұрын сеп.

Ақ періште - арманым!

Ақ періште, сені мәңгі іздеймін,

Ешуақытта күдерімді үзбеймін.

Сен тұрғанда менің жаным жаз болар

Сен жоқ болсаң қара суық күздеймін.

Ақ періште - арманым!
П е н д е: Жарайсың, Анажар. Бүгін тіпті жақсы айттың.

А н а ж а р: Сіздің арқаңызда.

П е н д е: Иә, екеуміздің даусымыз тамаша үйлесті. Өмірден осылай қол ұстасып, ән салып өтсек қой шіркін!

Анажар: Сіз не айтып кеттіңіз?

П е н д е: Жәй, әншейін қиялдағы бір гәп қой.

Анажар: Ағай, ақ періште шынымен бар ма?

П е н д е: Әрине, бар. Олар аспанда.

Анажар: Олар шақырса келе ме?

П е н д е: Әр адамның желеп-жебеп жүретін періштесі бар. Қиналғанда қасынан табылады.

Анажар: Олар көзге көрінбей ме?

П е н д е: Адал, пәк, санасы жоғары адамдардың ғана көзіне көрінеді.

Анажар: Ағай, сіз мені ынтық еттіңіз.

П е н д е: (Мағына беріп) Кімге?

Анажар: Ақ періштеге. Мен енді оны күндіз-түні ойлайтын боламың. Менің көз алдыма қос қанатымен көк жүзін көлдей ескен Ақ періште елестейді. Ол тек маған құстай ұшып келе жатыр деп ойлаймын. Мен оны күнде күтемін, аңсаймын. Сол күтумен-ақ нұрланамын...

П е н д е: Иә, нұрланасың күнім, нұрланасың...

Анажар: Сіз маған бұлай қарамаңызшы.

П е н д е: Қалай қарауым керек?

А н а ж а р: Білмеймін, біртүрлі қарайсыз.

П е н д е: Мен жұмыр басты пендемін.

А н а ж а р: Иә, сіз пенденің көзімен қарадыңыз. Ал мен ақ періштені іздеймін (жүгіріп кетеді).

Панде: Саған қазір періште емес, пенде керек, пенде болғанда еркегі керек. (Кетеді. Сол кезде үйдің бірінші қабатының пердесі ысырылады. Бұл Анажардың үйі. Үйде Анажардың әке-шешесі Далабай мен Таугүл бастықтарын асты-үстіне түсіп күтуде. Үстелүсті тағамдар, ішімдік Анажар сырттан кіреді).

Анажар: Мама, мен бүгін көңілдімін.

Таугүл: Жақсы бопты.

Анажар: Не үшін көңілдісің ден сұрамайсың ба?

Далабай: Қызым, алдымен мейманға сәлемдесер болар.

Анажар: Сәлеметсіз бе, кешіріңіз байқамай қалдым.

Б а с т ы қ: Оқасы жоқ, өсін қалған қыздарда ондай-ондай болады.

Таугүл: Иә, кешіріңіз. Бұл қыздың кейде өз ойымен келе жатып, ешкімді көрмейтіні бар.

Анажар: Көңілімнің бір қиялға кеткені рас, соны мамаммен ертерек бөліссем ден асығып келгенім ғой.

Таугүл: Мамаңның қазір уақыты жоқ, құлыным.

Далабай: Біз қадірлі мейманды күтіп отырмыз.

Анажар: Сендердің маған өмір бойы уақыттарың жетпейді.

Таугүл: Бәрі сендердің қамың.

Далабай: Иә, мейманмен бірге біз болашақтарыңды ойластырып жатырмыз.

Анажар: Сендер маған бүгін керексіңдер. Мені түсінетін ешкім жоқ.

Т а у г ү л: Сен де бізді түсінуің керек. Маңызды шаруа!

Б а с т ы қ: Бұл қарындас көңілді келген екен. Біз де көңілденейік.

Далабай: Сіз айтсаңыз болды.

Таугүл: Биле десеңіз билейміз, ән сал десеңіз ән саламыз.

Б а с т ы қ: Кеңес үкіметінің кезінде қазақ әйелдері айтатын бір частушка бар еді ғой.

Таугүл: “Партияның бастауымен” ба?

Б а с т ы қ: Дәл, солай. Қане соны бастан жібер.

Бәрі билеп жүріп ән салады. Анажар елеусіз қалады.
Партияның бастауымен

Біз қазақтар жетілдік

Да, минуя капитализма

Социализмге секірдік.
Бабалардың жол-жүйесін,

Терістедік, алмадық.

Советский образ жизни

Мәңгі-бақи таңдадық!
Біз, әйелдер, теңдік алып

Еркектерді тықсырдық.

Воспитаний наших детей

Үкіметке тапсырдық.
Христианға ішуге рұқсат

Мұсылманға рұқсат жоқ.

Мұны қалай түсінеміз

Не справедлив ты, товарищ Бог!
Үй ішіндегілер қол соғып мәз болысып жатқанда Анажар бір стакан арақты тартып жібереді де, үйден жүгіріп шыгып кетеді. Ол екінші қабаттағы Пендеге келеді. Ішіп алған Ана­жар жаңағы әке-шешесі айтқан өлеңнің соңғы шумағын қайталап, қисалаңдап билейді. Пенде шығады.

П е н д е: Түсінікті, Періште емес, еркек керек саған, еркек...

(Пенде қызды құшағына алады. Бұл кезде бүкіл Адамұя жынойнаққа айналып кетеді. Олардың ішінде Періште мен Пенде де, Періштенің әке-шешесі мен олардың бастықтары да бар. Бір кезде жынойнак, басылады. Жынойнақ басылғанда Анажар іші білініп қалған екі қабат. Бір бұрышта бүрісіп отыр. Әкесі мен шешесі аласұруда).

Т а у г ү л: Айт жаныңның барында. Кімнен екі қабат болдың?

Д а л а б а й: Кім болса да, жерге қазық қып қағып жіберемін.

Т а у г ү л: Әкең қалаға белгілі беделді қызметкер, кім де болса дедектетіп әкеліп аяғыңа жығады, айт.

Д а л а б а й: Көрсетемін, қаршадай қызды қалай алдағанын.

Т а у г ү л: Айтсаңшы енді?

Анажар: Білмеймін.

Т а у г ү л: Қалай білмейсің? Мүмкін емес.

Анажар: Мас едім.

Т а у г ү л: Сен ішімдік ішесің бе? Білсемші?

Д а л а б а й: Сен не білуші едің. Қызыңның іші шермиіп шыққанша білмеген адам, оның қайда жүріп, не ішіп, не icтенін қайдан білмексің. Ана болып жарыттың ба, сен!

Т а у г ү л: Ал, сен ше? Сен әке болып жарыттың ба? Үй көрмой картаны сылтауратып, бойдақ әйелдермен ойнап-күліп өткіздің күніңді. Үйге келсең қонағыңды қоса шұбатып әкелдің. Бұл қыз басқа нені көрді?!

Д а л а б а й. Доғар! Әке қашан да түздің адамы. “Ана көрген тон пішер”. Сен дұрыс болсаң бұндай күйге ұшырамас еді. Бұл қыз нені көрді? Бқл қыз сені көрді!

(Осы сөздерді айтқанда Анажар ыңырсып, талыңсып, ауыр-сынады).

Т а у г ү л: Мен де сен сияқты жқмыс істедім. Бқл қыз кешке дейін бақшада, одан қала берсе мектепте болды.

Д а л а б а й: Рас-ау, біз кешке дейін жұмыстамыз. Сонда мұғалімдер не бітірген?

Т а у г ү л: Әйелдер еркектермен тең құқылы, баласын өзіміз тәрбиелеп береміз, деп екі айдан соң баламызды емшектен шығарып, жұмысқа жекті ғой бізді. Содан мектеп бітіргенше ба­ламызды билетті ме езімізге? Ендеше берсін жауапты мемлекеттің мұғалімі!

Д а л а б а й: Соны айтамын-ау. Қайда әлгі мұғалімі?

Т а у г ү л: Мұнда. Мен қазір оны дедектетіп ертіп келемін. (Шығып кетеді)

Д а л а б а й: Әй, бірақ, мұғалімге не дейміз? Жыртығымызды жаман бер дейміз бе? Ол да бала-шағамды қайтсем асыраймын деп жүрген пенде. Оның үстіне құдай қосқан көрші еді. Әйелі де тәп-тәуір бала, кішкентайларын айтсаңшы, сүп- сүйкімді. Одан да бұл қызға шынын айтқызу керек. Оңбағанды жұмыртқасынан байлап асып қояр едім. (Таугүлмен бірге кірген Пенде Далабайдың соңғы сөзін естиді)

Т а у г ү л: Міне, мұғалімді ертіп келдім.

Д а л а б а й: Жағдайды естідің ғой, мұғалім.

Пенде: (Қорқақтап) Естідім. Кінәлі адамды айтты ма?

Д а л а б а й: Соны айтпай тұрған жоқ па?

Пенде: (Сәл-пәл қуаныш сездіріп) Жалпы есі бар қыз ғой.

Т а у г ү л: Есі бар дейсіз-ау. Мас едім, кіммен байланысқанымды білмеймін, дейді.

Пенде: (Тез сергіп) Ой, бүгінгі жастардан не шықпайды. Ішімдік ішіп, есірткі шегіп алып ойына келгенін істейді.

Д а л а б а й: Ұстаздары қайда қарайды, сонда?

Т а у г ү л: Иә, біз үйде балаларымызды көзден таса етпейміз. Бәрі мектептен.

П е н д е: Мектепте біз де білім мен тәртіп үйретіп-ақ жібереміз. Жолда кездесетін жынойнақ көп қой.

Д а л а б а й: Ол қандай жынойнақ, талқандау керек шетінен!

П е н д е: Құмархана.

Д а л а б а й: Ол менікі ғой.

П е н д е: Сайранхана.

Т а у г ү л: Сайранхана менікі. Ол маған миллиондан пайда түсіріп отыр.

Д а л а б а й: Иә, біз салық төлеп тұрамыз.

П е н д е: Мұғалімдердің жалақысы да жергілікті салықтың есебінен төленеді.

Т а у г ү л: Сонда кім кінәлі қызымыздың мына халіне?

Д а л а б а й: Телевизор кінәлі, кітап кінәлі, жастардың басын мйналдыратын не бір бәлені көрсетіп, кітап қып шығаратын болды.

П е н д е: Ол былай ғой енді. Телеарнаның да, кітап саудасының да біраз акциясы менде екені рас. Жарнамалардың бағасы әлі төмен болғандықтан құнды, тәрбиелік мәні жоғары кинолар жасай алмай жүрміз. Содан соң эфирді амал жоқ, арзанқол өнімдермен толтыруға мәжбүрміз.

Д а л а б а й; Ал, сен берме, одан қайта эфир бос тұрсын.

П е н д е: Эфирді бос ұстай алмаймын. Сіздің жарнамаларыңызды тәулік бойы беруім керек.

Т а у г ү л: Иә, біздің жарнамаларды тәулік бойы бермесеңіз басқа арнамен келісім-шартқа тұра саламыз.

П е н д е: Міне, көрдіңіз бе, бәрі бір-бірімен байланысты дүние.

Т а у г ү л: Сонда мына сияқты кіммен байланысқанын білмейтін қыз қайдан шығады?

Д а л а б а й: Расында қайдан, қалай шығады?

П е н д е: Бізде жастарға барлық қамқорлық жасалған.

А н а ж а р: (Бағанадан бері біресе бүрісіп, біресе талықсып отырған Анажар шалық тиген адамдай шыңғырып тұрып кетеді. Үйді аралап жүр) Әже! Мен сені көріп тұрмын. Сен Сандықтаудың төбесінде тұрсың. Мен сені де, Сандықтауды да таныдым әже. Сен менің кішкентай кезімде аспанға ұшып кеттің ғой. Сен кеткен соң мені жаман адамдар иектеп алды. Олардың аузы-бастары қисайып кеткен, шайтан сияқты. Иә, иә, тура шайтан. Құтқаршы мені әже, Сандықтауға әкетші!

(Анажар басқа бөлмеге кетеді. Пенде Анажардың құлагына бірдеңе сыбырлайды. Бөлмеге кіргізеді)

Д а л а б а й: Мына қызды шалық шалды ма, не болды?

Т а у г ү л: Әжесінің әруағы келді-ау, деймін.

Д а л а б а й: Белая горячка болып жүрмесе...

П е н д е: (Қайтып оралған) ішкен, есірткі тартқан жастарда бола береді. Олар ішімдік пен есірткі арқылы тіпті өзге, анау дүниеге енгісі келеді. Тіпті соған ендік деп есептейді.

Т а у г ү л: Қойыңдаршы қайдағыны айтпай, әлі қаршадай қыз ғой.

Д а л а б а й: Сол қаршадай қызды қайда сыйдырам енді?

П е н д е: Иә, қанша дегенмен қалаға белгілі адамсыз.

Т а у г ү л: Қайдан білсін бүгінгі жастардың қандай екенін, шешесінен көреді ғой бәрі сыпсыңдап.

Д а л а б а й: Әкесін де ағаш атқа мінгізер.

П е н д е: Ұстаздарға да оңай тимейді. Ең дұрысы ың-жыңсыз денсаулығын қаратамыз деп мектептен алып кету.

Т а у г ү л: Сандықтаудағы Еңлікгүл әкпеме жіберсек қай теді?

Д а л а б а й: Бұлақбай бажа да дұрыс адам.

П е н д е: Мектептен қажетті қағаздарды мен реттеймін.

Т а у г ү л: Рахмет саған ұстаз.

П е н д е: Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Біреуге жақсылық жасамаған күні көңілімнің хошы болмайды. Адамдарға күнде ізгілік нұрын сепсем деймін.

Пенде жайлап баспалдақпен көтеріліп барады. Бұл кезде Анажар қазіргі кейпінде өз қабірінің қасында отыр.

А н а ж а р: Қайсымызға сенесіздер? Алтын баспалдақпеп биіктеп бара жатқан ана Пендеге ме, жоқ көрге кіріп бара жатып, шынын жайып салған маған ба? Ал, менің ата-анам оған сенді, имандай сенді. Пендеге мен де сенгенмін. Ол келіп, бар шындықты өзі айтады, түйінді өзі шешеді, ер азамат қой, қолымен істегенін мойнымен көтереді пен ойлағанмын. Пенде болса, келгеннен көлгірсіп, жастардың бәріне, тіпті маған жала жапты. Ал, менің бөлмеме оңаша кіргенде не дегенін білесіздер ме? “Сен шыныңды айтсаң мені жұмыстан қуады, жұмыстан қудыра көрме”, деп жалбарынды. Оған бәрінен де қызметі қымбат екен. Қазір ол қаланың бас ұстазы! Оның айтқаны бүкіл қалаға өсиет! Ал, менің айтқаным ешкімді сендірмейтін өтірік! Бас ұстаз - қылмыскер деп кімді сендіресің? Ол күн сайын моральдік қылмыс жасайды, қала халқы оған күн сайын ризашылықпен шапалақ ұрады.

(Әділет кіреді)

Ә д і л е т: Бір әйелді жерлеу керек деп еді. Дәл осы қабір. (Анажарды байқап) Сіз...

А н а ж а р: Иә, өлетін мен, көметін сен... Тәңірдің тағы да түйістіргені-ай тағдырымызды!

Ә д і л е т: Анажар!

А н а ж а р: Иә, Анажармын.

Ә д і л е т; Шынымен өзіңе-өзің қол салмақсың ба?

Анажар: Оның несі таңсық? Өлімнің небір түрін көрген заңгерсің ғой.

Ә д і л е т: Дегенмен ойланшы! Сандықтауды есіңе алшы.

Анажар: Сандықтауда кездескенде сен болашаққа сенімді, жігерлі жігіт едің.

Ә д і л е т: Сен аспаннан Ақ періштені күтуші едің.

(Сахнада Сандықтау көрінісі. Әділет пен Анажар жас).

Анажар: Ей, ей, баса көктеме жас жігіт.

Ә д і л е т: Не боп қалды, қарындас?

Анажар: Көк шөпті сонша жапырдың, обал емес пе?

Әділет: Ту, қарындас-ай, Сандықтаудың көк шебі таусылар ма еді?

Анажар: Таусылады деп тұрғам жоқ. Адамдардың оспадарсыз қылығына өсімдік те ренжиді.

Әділет: Оны кім айтты?

Анажар: Бұлақбай жездем.

Ә д і л е т: Қызық екен.

Анажар: Иә, Бұлақбай жездем өсімдіктердің де, аң-құстың да жанын ұғады, тілін түсінеді.

Әділет: Кәдімгідей сөйлесе ме?

Анажар: Сөйлеседі, оларға әңгіме айтады. Бәріміз де табиғаттың перзентіміз. Бір-бірімізді түсінуіміз керек дейді.

Әділет: Олар не дейді?

Анажар: Олар бұлақ нәрінен құлпырып шыға келеді, гүл болып жайнайды.

Әділет: Сен өзің не істеп жатырсың?

Анажар: Жер ошақты көміп жатырмын.

Әділет: Неге?

Анажар: Бүгін анау қырдың астына көшіп қонамыз.

Әділет: Көше беріңдер, сол үшін артық жұмыс істеп керегі не?

Анажар: Жер ошақты көмсең, жер жарасын жазғаның, кеш артында қалдырсаң, шайтанға ұя салғаның.

Әділет: Мұны кім айтты?

Анажар: Еңлікгүл әкпем.

Ә д і л е т: Кішкентай ошақ тұрмақ, кенін алған алып-алып апандар да ашық-шашық жатыр ғой.

А н а ж а р: Сол тойымсыздығынан жердегілердің қасіреті көп.

Ә д і л е т: Жердегілер, таудағылар деп бөлетін несі бар, бәрі бір атаның балалары.

А н а ж а р: Адамдарды атасына қарап емес, санасына қарап бөлу керек.

Ә д і л е т: Оны кім айтты?

А н а ж а р: Оны мен айттым.

Ә д і л е т: Шетіңнен философсыңдар ғой таулықтар.

А н а ж а р: Біз әлі көшпелі өмір сүреміз. Табиғатпен байланысамыз берік.

Ә д і л е т: Ендеше, қабылдаңдар қауымдарыңа мені де. Мен, Әділетпін. Бұлақбай көкемнің жиенімін.

А н а ж а р: Қош келдіңіз. Мен Анажармын. Қане, үйге кіріңіз, сусын ішіңіз.

Ә д і л е т: Мұндай Періштенің қолынан сусын ішпеу күнә шығар.

А н а ж а р: Тек тазарын аттаңыз, табалдырықтан.

Әділет: Мұны қалай түсінуге болады?

А н а ж а р; Осы шаңыраққа жақсылық ойлап кіріңіз. Бұл шаңырақ сізге де соны сыйлайды.

Әділет: Мұны кім айтты?

А н а ж а р: Бұл Жаратқанның Ұлы заңы, үйлесім заңы.

Әділет: Мен университет бітірдім. Мұны білмеймін.

А н а ж а р: Университетте кәсіп үйренген шығарсыз.

Әділет: Иә, мен заңдарды оқыдым, заңгермін.

А н а ж а р: Енді өзіңізді оқыңыз. Жүрегіңізді тыңдаңыз, тек жақсылық ойлап жаныңызды ізгілеңіз. Сонда санаңыз биіктеп, Жаратқанның ұлы заңдарын ұғына бастайсыз.

Әділет: Сіз мұның бәрін қайдан білесіз?

А н а ж а р: Маған Ақперіштем сыбырлап тұрады.

Әділет: Сіз оны көресіз бе?

А н а ж а р: Әрине, көремін.

Әділет: Қалай, қашан?

А н а ж а р: Анау, шоқыны көрдің бе?

Әділет: Иә.

А н а ж а р: Ақ періште қазір де соның басында отыр.

Әділет: Қойшы.

А н а ж а р: Сенбесең бар.

Әділет: Бірге барайықшы.

А н а ж а р: Қане, жүгір.

О д і л е т: Ал, кеттік.

А н а ж а р: Кеттік.

(Екеуі жүгіріп, асыр салып ойнап кетеді. Анажар “Ақперіште әне, әне жерде тұр, көрдің бе?”, деп Әділетті біраз әурелейді. Енді екеуі “сен” деп сөйлесіп жүр.)

Анажар: Ақ періштені көрдің бе?

Ө д і л е т: Мен сені ғана көрдім.

Анажар: Сендер, еркектер сондайсыңдар, әйелден періштені көрмейсіңдер, ал періштеден әйелді көресіңдер.

Ө д і л е т: Таптым, таптым!

Анажар: Нені?

Ө д і л е т: Періште сенсің!

Анажар: Періштені сезіну үшін жүрек керек.

Ә д і л е т: Менің жүрегім ең әділетті жүрек.

Анажар: Әділет аспани ұғым.

Ә д і л е т: Мен жердегі адамдарға әділетті заң жазып беремін.

Анажар: Махаббатқа да заң жазып бересіңдер ме?

Әділет: Иә, махаббатты да мер басып бекітеміз.

Анажар: Адам мен адамды жүрегі қосады, мер қоспайды.

Әділет: Мер заңдастырады.

Анажар: Заңнан аттай ал май, қанша махаббат қор болып жүр екен.

Әділет: Заң ажыратады да.

Анажар: Мына бабалардың мүсіндеріне қарашы. Бір әйел, бір еркек. Осындай қос мүсіндер Сандықтауда сансыз көп. Олар мыңдаған жылдар бойы адамзаттың ең берік тұғыры - еркек пен әйелдің мызғымас одағы екенін ұқтырып тұр.

Әділет: Дұрыс айтасың, қеғам мен мемлекеттің мықтылығы осы тұғырға байланысты.

Анажар: Бірақ, бұл тұғырдың іргесі шіри бастағалы қашан. Отбасынан қашқан еркектер, баласынан безген аналар...

Әділет: Заңды күшейтеміз.

Анажар: Алдымен өзіңді күшейт. Әрқайсың өзіңді күшейтсең ғана бекітесің адамзаттың шіри бастаған іргесін.

Әділет: Сол іргені бекітуге нақты қадам жасауға рұқсат ет.

Анажар: Ол қандай қадам?

Әділет: Екеуміз отау құрайық.

Анажар: Бұл жүрек әмірі ме?

Әділет: Жүрек әмірі.

Анажар: Менің жолым жіңішке, жолдан бала тапқан жуан әйелмін. Үйде Ақперіштем бар.

Ә д і л е т: Бірігіп тәрбиелейміз. Анажар мен Әділеттің тәрбиесін көрген перзент періштедей таза болып өседі.

Анажар: Көңіл құрғыр сенбейді.

Ә д і л е т: Әбден секемшіл болып қалғансың ғой. Әділетке сен. Әділет адастырмайды.

(Екеуі қол ұстасып шығып кетеді. Қайтадан қабірхана, Адамұя. Анажар мен Әділет бұрынғы күйлерінде)

Анажар: Сен адастырып кеттің ғой, Әділет.

Әділет: Мен күрестім, барымды салып күрестім, мейлінше әділ болуға тырыстым.

Анажар: Ол алғашқы кезде ғана.

Әділет: Бірте-бірте қатал қоғам мені сындырды, балшықша иледі. Дегеніне көнбеске шарам болмады.

Анажар: Пиғылыңды таза ұстасаң, ештеңе жоқ еді. Ең алдымен пиғылың бұзылып, дүние қудың.

Әділет: Тұрмысым өзім қатарлылармен бірдей болсын деп ойладым. Жалақымыз күнделікті күнкөрістен артылмаушы еді ғой.

Анажар: Мен сенен жүрек жылуынан езге ештеңе тілеген жоқпын.

Әділет: Сен талап етпесең, орта талап етті.

А н а ж а р: Ол ортаның істейтіні сендердің заңдарыңа мүлдем қайшы еді.

Әділет: Иә, мемлекет заңы мен қоғам заңының арасында сәйкессіздік көп екенін мен сонда білдім.

Анажар: Соны біле тұра өтірік айтатын болдың.

Әділет: Басқа амалым болмады.

Анажар: Неге? Шындық іздегендер оның қайда екенін білмей шырылдап жүрді ғой.

Әділет: Шындықтың қайда екенін білетіндер жария етуге тіпті де мүдделі емес екен.

Анажар: Сен шындықты айтпасаң да, біреуге қара күйе жағуға, аяғынан шалуға шеберленіп алдың.

Әділет: Мен өз қызметім үшін күрестім.

Анажар: Қызғаншақ, билікқұмар болып кеттім десеңші одан да.

Әділет: Біреудің бағын қызғанбайтын, билікке ұмтылмайтын адамды тауып берші?

Анажар: Иә, топ құрып, өмірлерің тайталасумен өтіп келеді.

Әділет: Өмірдің өзі сол - тайталаста.

Анажар: Өмір - жарастықта.

Ә д і л е т: Әрине, түсіністікке қол жеткізу үлкен жеңіс. Бірақ мүдделер түйісе бермейді.

А н а ж а р: Сен Пендемен не үшін айқастың?

Ә д і л е т: Ол басқа топтың сойылын соқты ғой.

А н а ж а р: Міне, көрдің бе, сол үшін ғана өмір бойы оның астынан ор қаздың. Бірақ өзің түстің.

Ә д і л е т: Иә, мені отырғызған сол. Ол болмаса қылмысымды ешкім білмес еді.

А н а ж а р: Оның сенікінен де сорақы қылмыстары бар.

Ә д і л е т: Әттең, кезінде қолға түсіре алмадым. Оның тобы мықтылық көрсетіп кетті. Бірақ біздің топ қарымтасын қайтармай қоймайды.

А н а ж а р: Жарайды, Пендеге қызғаныштық таныттың. Ал маған ше?

Ә д і л е т: Саған не істедім?

А н а ж а р: Көзіме күнде шөп салдың.

Ә д і л е т: Бұл енді жастықтың желігі ме, әлде уақыттың модасы ма, әйтеуір тұрмысқа берік еніп кетті ғой.

А н а ж а р: Иә, тұрмысқа еніп кеткені сонша, кәдімгі түскі, кешкі ас сияқты қабылдайтын болдыңдар.

Ө д і л е т: Өмірлік қажеттілік солай шығар.

А н а ж а р: Ол қажеттілік емес, кесел.

Ә д і л е т: Қандай кесел?

А н а ж а р: Рухани жұтаңдықтан туған кесел. Сана биігіне көтерілуге қабілеті жоқтар тән тойымсыздығына ұрынады. Сенің қу дүние мен қатын қуып кеткеніңнің себебі сол.

Ә д і л е т: Мұны жан рахаты, тән еркіндігі деп түсіндік қой.

А н а ж а р: Ол - извращенность.

Ә д і л е т: Не деп атасаң да заңға қайшы емес.

А н а ж а р: Көрдің бе, сендерге заңға қайшы келмесе болды. Ал менің жан дүниеммен қайшы келіп жатқаны түк емес пе сонда?

Ә д і л е т: Иә, екеуміз екі басқа болып кеттік.

А н а ж а р: Ақыры сен түрмеге түстің де, маған қайтып оралмадың.

Ә д і л е т: Сенің Ақперіштеге іні тауып бергің келіп құдайдан тілегенің ол жақта да есімнен кетпеді. Кінә менен екенін де білдің. Жассың ғой, әлі бағың ашылар, балалы да боларсың деп ойладым. Сөйттім де қайтып оралмадым.

А н а ж а р: Дұрыс істегенсің. Өмірде жоқ принциптерді орнатмын деп босқа әуре болып жүрген мен сияқты ауыш әйел саған қол емес. Кеште болса, өзіңе лайық қосағыңды тауыпсың. Орынкүл де өмірге сенің көзіңмен қарайтын сияқты.

Ә д і л е т: Иә, сыбағаңды бүгін алып қал, ертең кеш болады, Екеуміз де солай ойлаймыз.

А н а ж а р: Бүгінгі сыбағаларың алымды, салымды мейлінше көп жинау ғой.

Ә д і л е т: Солай. Ертең жағдай өзгеріп кетуі мүмкін.

А н а ж а р: Ал, ертең не істемексіңдер?

Ә д і л е т: Жағдайды түзеп алған соң әрекетке көшемін. Мен заң жазумен айналысамын, Орынкүл балаларын қызметке орналастыру қамына кіріседі.

А н а ж а р: Сенен әділетті заң шықпайды.

Ә д і л е т: Неге? Мен бәрін көрдім, басымнан да өткіздім. Мен жазған заң әділетті болады. Мені қолдайтын топ бар. Күшті топ.

А н а ж а р: Сен қиянатты көп көрдің, бірақ әлі күнге қиянатқ барасың. Сыбайластықтың құрбаны болып едің, сол сыбайластыққа қызмет етесің.

Ә д і л е т: Орынкүлдің балаларын тамыр-таныстық арқылы оқуға түсіріп, қызметке орналастырармын. Соған жазықты боламын ба?

А н а ж а р: Ішінде тентегі болса полициядан құтқарарсың.

Ә д і л е т: Иә, бір рет құтқарып көргенмін.

А н а ж а р: Сөйтіп, сауапты іс істедім деп ойладың.

Ә д і л е т: Әрине, солай.

А н а ж а р: Сонда қайсыңдікі дұрыс? Баланы бұзақы деп қамаған полициянікі дұрыс па, жоқ, оны жалған куәліктер жасап құтқарып жіберген сенікі дұрыс па? Екеуің де әділет қызметіндесіңдер.

Әділет: Міне, осы қайшылықтарды болдырмас үшін де заң жазбақпын.

А н а ж а р: Қанша құбылтқаныңмен ол қайшылықтар жойылмайды.

Әділет: Неге?

Анажар: Өйткені өзім жазған заңды өзім бұзуыма болады деп есептейсің. Орынкүлдің балаларын сыбайластықпен қыз­метке орналастыру да, тіпті полициядан құтқарып әкету де сен үшін түк емес.

Ә д і л е т: Ол енді ад ал көңілмен істелген әрекет қой.

Анажар: Сен істегенді елдің бәрі істейді. Заң солай белшесінен бұзыла береді.

Әділет: Сонда не істе дейсің?

А н а ж а р: Алдымен пиғылыңды тазала деп баяғыда айтқанмын.

(Орынкүл келіп, соңғы сөздерді тыңдап тұрған)

О р ы н к ү л: Сен сектантка не деп басын айналдырып жатырсың еркегімнің. Біздің отбасылың тірлігімізге араласпа білдің бе?

А н а ж а р: Мен де сенің бала-шағаңның болашағы туралы айтып тұрмын.

О р ы н к у л: Өз бала-шағамыз үшін өзіміз қам-қаракет жасап жатырмыз.

А н а ж а р: Адал жолмен жасалмаған қаракет бала-шағаңның болашағын кеседі.

О р ы н к у л: Былжырапсың. Мен оларға қандай жолмен болса да ақша жиып берсем, Әділет ол ақшаны қалай заңды жаратуды уйретеді.

А н а ж а р: Бәрің де сейтіп ойлайсыңдар. Бірақ малды адал жимаған соң кесапат шақырғандарыңды білмейсіңдер.

О р ы н к у л: Жағың қарыссын, қара басыңа көрінсін, жалғыз қызын жалмаған жалмауыз.

Әділет: Тым қатты кеттің, Орынкул. Анажарды да тусіну керек.

Орынкул: Тусінбеймін, тусінгім де келмейді. Мен екеуіңнің әңгімеңді түгел тыңдадым. Мұндай сектанткамен қалай бірге тұрғаныңа таңым бар.

Ә д і л е т: Ол енді басқа әңгіме.

Орынкүл: Жоқ, басқа емес, бәрі бір әңгіме. (Анажарға) Сен, сектантка, баяғыда өлемін деп едің, әлі отырсың ғой сайрап. Әлде бұрынғы байыңды көрген соң айнып қалдың ба?

А н а ж а р: Айнығам жоқ, бұрынғы байыммен араздасып жатырмын.

Орынкүл: Сөзің өлетін адамның сөзі емес сенің, түрің де өлетін адамның туріне ұқсамайды. Түс қане, көріңе, тірідей көме саламын.

Әділет: Орынкул-ау, бұның болмайды ғой енді.

Орынкул: Немене, екі қатынды қатар ұстауға бола ма? Бұл жерде біріміз өліп, біріміз қалуымыз керек. Жол мынанікі. Көрі қазулы, жерлеу ақысы төленген.

Әділет: Жалғыз қызынан айрылып, күйініп отырған бейбаққа өлім тілеп қайтесің?

Орынкүл: Сонда мен өлуім керек не? Жоқ болмайды, бес баламды жеткізу үшін маған байымнан айырылуға да, өлуге де болмайды.

А н а ж а р: Дұрыс айтасың, саған болмайды, маған болады, (Пистолетін алып шекесіне таяйды)

Ә д і л е т: Анажар, есіңді жи. Ақылға кед.

А н а ж а р: Қандай ақылға келу керек. Ақперіште мен Aнажар өле берсін, сендер бала-шағаларыңды асырау үшін көмі беріңдер. Бар ақыл осы, өте ұғынықты ақыл, “біреу өлмей, біреу күн көрмейді”.

(Сол кезде Адамұяның жыны қозады. Тағы да қара киінген Пенде, ақ киінген періштедей бір қызбен билеп, икемдеп жүр, Қыз енді болмаса, балконнан секіріп өлердей)

Анажар: Өлді, өлетін болды тағы бір Ақперіште, құтқаруым керек. Қазір жетем, сәл шыда періште қыз! ұра жүгіріп, сахнадан шығып кетеді)

О р ы н к ү л: Жаңағы не деп бақырып, қайда жүгіріп кетті?

Ә д і л е т: Көз алдына қызының өлімі елестеп кетті-ау деймін.

О р ы н к ү л: Есі ауысқан десеңші.

Ә д і л е т: Мен білсем, ол бір сойқанның алдын алуға кетті.

О р ы н к ү л: Көріпкелі бар ма, немене?

Ә д і л е т: Әйтеуір, біздің заманымыздың адамы емес. Әлде кеш, әлде ерте туған.

О р ы н к ү л: Онда менің шаруам жоқ. Қабірлер күтіп қалды. Кеттік.

(Екеуі кетеді).

1 -ші бөлімнің соңы.

ІІ-БӨЛІМ

Сахна сол қалпы. Анажар шығады.

Анажар: Ұстатпай кетті Пенде. Мен жандарына жақындағанша машинаға мінді де зу ете қалды. Жас періштені қоса алып кетті. Бейшара қыз.

(Таугүл мен Далабай келеді)

Д а л а б а й: Анажар, амансың ба қарағым.

Таугүл: Анажар, сен мұнда неғып жүрсің?

Анажар: Бәріміздің келетін жеріміз ғой. Қасиетті мекен, айғай-шуы, атыс-шабысы жоқ моп-момақан ауыл.

Таугүл: Қойшы, қызым, қайдағыны айтпай.

Далабай: Ақперіштенің басына келген шығарсың?

А н а ж а р: Солай десе болады.

Д а л а б а й; Біз де баяғы бастығымыздың басына келдік.

Т а у г ү л: Әйелі екеуі де осында жатыр. Автомобиль апатынан кетті ғой, бейшаралар.

Д а л а б а й: Бүгін бір жыл толды.

А н а ж а р: Ескі достарыңды ұмытпағандарың жақсы екен.

Т а у г у л: Қалай ұмытайық, осылардың арқасында сайранхананы су тегінге түсірдік.

Д а л а б а й; Құмархана ашып алдық.

А н а ж а р: “Түйесі көпірден өткен соң” өлдім десе қарамай кететіндер көп қой. Ал олар тіпті о дүниелік екен.

Т а у г ү л: Есесіне балалары бұл дүниенің мықтысы. Көңіліне жақпасаң салықтан шырқыратып жібереді.

Д а л а б а й: Көңілін тапсаң “көрмес түйені де көрмес” болып жүре береді.

Т а у г ү л: Әкесінің басына келіп, құран оқытып жүргеніміз сол.

А н а ж а р: Құран оқытып, қол жаюымыз да есепке құрылған десеңдерші.

Т а у г ү л: Бұл заманда есепсіз не бар дейсің, қызым-ау, берсең аласың, ексең орасың.

А н а ж а р: Бірақ не бересің, не егесің, гәп сонда.

Д а л а б а й: Ту, қызым-ау, қайдағы бір пәлсананы қайдан тауып алғансың.

Т а у г ү л: Бұлақбай мен Еңлікгүл ғой бұл қыздың басын қатырып жіберген.

Д а л а б а й: Олар елден жырақ емір сүріп заманның ағысынан қалып қалған ғой.

А н а ж а р: Олар елден жырақ болса да, ойдан жырақ емес.

Т а у г ү л: Ертедегідей әлі көшіп-қонып жүрген солардың ойы кімге керек.

А н а ж а р: Елге, әсіресе жастарға керек. Таудың таза ауасы сияқты, оның көшіп-қонып жүрген тұрғындарының да тұнық, таза ойы бізге жетпей жатыр.

Т а у г ү л: Бұлақбай мен Еңлікгүлдің ұшпаққа шыққанын көрмедік қой.

Д а л а б а й; Өркениеттің өркешін ұстаған біздерге олардың тұрмысы да, тұнығы да қол емес.

А н а ж а р: Иә, сендер бірінші кезекте пайда табуды ойлайсыңдар, содан кейін барып, қайырымдылық жасау керек екення еске аласыңдар. Онда да есеппен.

Т а у г ү л: Тәубамызға келіп тұрамыз ғой әйтеуір.

А н а ж а р: Тым кеш келесіңдер, ар сызығын әлденеше аттап барып келесіңдер де, келесі пайданы көргенде көздерің тұнып адамгершіліктің не екенін тағы ұмытып кетесіңдер.

Д а л а б а й: Елдің бәрі сондай.

А н а ж а р: Атам мен апам ондай емес.

Т а у г ү л: Қызым-ау, оларды көрген жоқсың да ғой, сен ес білмей жатып о дүниелік болған олар.

А н а ж а р: Олар маған ылғи көрініп тұратын. Бірақ мен сендер ұрсады екен деп айтпайтынмын.

Д а л а б а й: Астапыралла, мына қыз не дейді?

Т а у г ү л: Мүмкін түсіңде көретін шығарсың?

А н а ж а р: Түсімде де, өңімде де көремін.

Д а л а б а й: Сонда олар не дейді?

А н а ж а р: Жақсылықты есепке құрмай жаса дейді.

Т а у г ү л: Есепсіз дүние келуші ме еді.

А н а ж а р: Жаратылыстың табиғаты сондай, жақсылыққа жақсылық, жамандыққа жамандық қайтарады. Біреуге жа мандық жасап пайда таптым деп ойламай-ақ қой, тю, тю ұшып кетеді.

Д а л а б а й: Ту, қызым-ау, өмір тек жақсылықтан тұрса, сол жақсылықтың қадірін кім біледі?

Т а у г ү л: Өмір - күрес, аспен атқанды аспен ату керек, таспен атқанды таспен ату керек.

А н а ж а р: Сонда адамңың бар өмірі өш алумен өте ме? Адамзат тарихы - өш алу тарихы болды ғой.

Д а л а б а й: Өткенде не болғанында менің шаруам жоқ. Өш алынды ма, өлім болды ма, оны ұмытуым керек. Өтті, кетті, бітті.

Т а у г ү л; Иә, артқа емес, алға қарау керек. Арттағыны ойлаймын деп алдағы сыбағаңнан құр қалма.

Д а л а б а й: Өткеннен біздің қолымызда байлық қалды. Біз үшін ең қажетті нәтиже осы.

Т а у г ү л: Ал, байлық біздің бүгінімізді ғана емес, болашағымызды да қамтамасыз етеді.

Д а л а б а й; Ол байлықтың мұрагері - сенсің, сенің бауырларың.

Т а у г ү л: Қаласаң мұраңды қазір-ақ бөліп берейік.

А н а ж а р: Өзге бауырларыма бере беріңдер.

Д а л а б а й: Олар өз үлестерін әлдеқашан алып, одан әрі дөңгелентіп кеткен.

А н а ж а р: Әке-шешелеріне тартып туыпты. Менің үлесімді де дөңгеленте алатын соларға беріңдер.

Д а л а б а й: Бұл - мұра, қызым, қаласаң да, қаламасаң да үлес сенікі.

Т а у г ү л: Ата-аналық борышымыз сонда толық орындалады.

А н а ж а р: Ата-аналық борыш тек дүние бөліп берумен шектеле ме?

Т а у г ү л: Өткенді бетке салық ете бердің ғой.

Д а л а б а й: Біздің көмегімізсіз-ақ философиядан жоғары білім алғаның рас! Сол кезде жұмсаған қаржыңның орнын толтыру үшін екі үлес мұра берсек ата-аналық борышымыз өтеле ме?

А н а ж а р: Ешқандай қаржы бір үйде тұрып, бір-бірімізді білмей өскен олқылығымыздың орнын толтыра алмайды.

Т а у г ү л: Дүниеге алданбайтын адам болушы ма еді?

А н а ж а р: Бұл өмірдің басты байлығы - қу дүние емес екенін ұғынатын адамдар бар.

Д а л а б а й: Біз саған барымызды ұсындық қызым.

А н а ж а р: Ақперіште де ненделерге өз байлығын ұсынып еді, олар қабылдамады.

Т а у г ү л: Қаршадай қызда қайдағы байлық?

А н а ж а р: Жан байлығы деген бар. Оның жаны бай еді.

Далабай:Әр заманның өтімді тауары бар. Зәру нәрсеге өзі ұмтылады.

Т а у г ү л: Адамзат өркениеті өркендегені сонша, бүгінде ғарышта қарыштап жүр.

А н а ж а р: Иә, ғарышты тілгілеп тесін, бірін-бірі аңдыған аппараттарымен толтырып тастады. Қит етсе, бірін-бірі жойып жібереді.

Т а у г ү л: Қойшы құрысын оларға не жетпейді?

А н а ж а р: Қанағат жетпейді. Кезі тоймайды. Жылтырағанның бәрі солардың қанағатына қызмет етуі керек. Ақперіште де пенделердің қанағатсыздығының құрбаны болды.

Д а л а б а й: Байғұс бала, жазым болды ғой.

А н а ж а р: Ешқандай да жазым болған жоқ. Оны өлтірді.

Т а у ғ ү л: Кім өлтірді?

Д а л а б а й: Не үшін өлтірді?

А н а ж а р: Басты нәтиже - байлық ден есептейтіндер өлтірді. Ар-ұятын қорғағаны үшін өлтірді.

Т а у г ү л: Ол терезеден кездейсоқ құлап кетті емес пе?

А н а ж а р: Ол абыройын төктірмес үшін бесінші қабаттан өзі секіріп кетті.

Д а л а б а й: Рухы қандай күшті еді.

А н а ж а р: Иә, оның дәті менен берік екен.

Д а л а б а й: Құлынымның басына бұл өңірде жоқ мавзолей орнатамын.

Т а у г ү л: Ол, күштілер жасаған қиянатқа халық қарсылығын паш ететін мавзолей болады.

Д а л а б а й: Көрсін мына көзі соқыр жұрт біздің тұқымның қандай екенін.

Т а у г ү л: Үлгі етсін, жастарына.

Д а л а б а й: Мен әлі ақындарға өлең, сазгерлерге ән шығартам.

Т а у г ү л: Кітап жаздырту керек.

Д а л а б а й: Біздің тұқымның даңқы алысқа кетеді әлі.

Т а у г ү л: Енді көп қайғыра берудің реті жоқ.

Д а л а б а й: Иә, тезірек барып осы жоспарымызды жүзеге асыруға кірісуіміз керек. Кеттік.

Т а у г ү л: Кеттік.

А н а ж а р: Мен кідіре тұрсам деп едім.

Т а у г ү л: Кешікпей кел, қызым.

Д а л а б а й: Күтеміз.

(Далабай мен Таугүл шығып кетеді. Анажар жалғыз)

А н а ж а р; Ақперіштені өлтірді, идеясын тұншықтырды, өлімін тірілердің атақ-даңқын аспандату үшін пайдаланбақ. Қор болған адамзат, күнің өстіп көлгірсумен ететін болды.

(Кенеттен қүбылып, аспанға қарап)

Ақ періште! Мен сені сезіп тұрмын. Сен осындасың, менің төбемде жүрсің. Сен мені қайда шақырасың? Қайда бастамақсың? Адамұяға ма? Адамұямен әңгімем бітті ғой Ақперіште. Әне, менің жерұям бар. Мен енді соған кіріп жатайын. Енді тынышымды алма, Ақ періште. Адамұяға барамыз ба? Адамұяның жыны қозды ма? Тағы не сұмдық жасайын деп жатыр олар? Құдай-ай, адам құсап, өлуге де мұрсат берер емес қой бұлар.

ұл кезде Адамұядағылар ойнақ салып, ойына келгенін істеуде. Бізге белгілі терезеден Пенде мен манағы періштедей қыз Тәнбике көрінеді)

Өледі, өледі-ау, анау сорлы қыз. (Анажар тура ұмтылып, Адамұяны аралай жүгіреді. Ақыры Пенделерді табады да, қызды денесімен қорғап тұра қалады)

Тиме, бұл қызға! Мен саған қорлатпаймын.

Тәнбике: (Таң қалып) Сен кімсің? Саған не керек?

Анажар: Мен сенің құтқарушыңмын.

Тәнбике: Неден? Апаттан ба?

А н а ж а р: Иә, апаттан.

Т ә н б и к е: Қайдан келе жатыр ол апат?

А н а ж а р: Мына Пендеден! Ол тажал әкеле жатыр.

Т ә н б и к е; Пенде тажал әкеле жатыр?

(Ішек-сілесі қатып күледі)

Пенде: Сен кімсің? Бір жерде көрген сияқтымын.

А н а ж а р: Мен сенің ажалыңмын.

Пенде: Енді таныдым, сен Анажарсың! Бармысың Ана- жар?

А н а ж а р: Иманыңды үйір деймін мен саған. О дүниеге жөнелтемін.

Пенде: Алдымен жөніңді айтшы?

А н а ж а р: Мен енді сенің мына сияқты жас қыздарды қорлауыңа жол бермеймін.

Пенде: Қайдағы қорлау, мен шәкіртіме консультация беріп жатырмын.

А н а ж а р: Сен, сендер...

Т ә н б и к е: Иә, біз, біздер... арасында секспен айналысамыз.

А н а ж а р: Әр нәрсенің орны бар емес не?

Т ә н б и к е: Иә, әр нәрсенің орны бар. Мына сенің, кәрі кемпірдің үстімізге баса кектеп кіріп, кәйпімізді бұзғаның тіпті орынсыз болды.

А н а ж а р: Мен сені құтқарайын деп едім.

Т ө н б и к е: Мен азатпын! Кәмелетке толғанмын! Енді хұқыма қол сұққанды қойсаңдар қайтеді.

А н а ж а р: Байғұс бала, мен сенің болашағыңды ойлап тұрмын.

Т ә н б и к е: Оған қам жеме. Мен мықты кәсіп үйреніп жа­тырмын.

А н а ж а р: Ал, ана бол уды үйренген жоқсың ба?

Т ә н б и к е: Ол уақыты келгенде шешілетін мәселе. Бұл заманда ана болу үшін өзің бала көтеруің тіпті де міндетті емес.

А н а ж а р: Бала көтерудің де өз қызығы бар.

Т ә н б и к е: Бұл өмірде қызық кен.

А н а ж а р: Қандай қызықты айтпақсың?

Т ә н б и к е: Мәселен, секс. Мен, әрине, бір жыныстағы адамдардың сексіне қарсымын. Олар ештеңе көрмей, белгілі бір ортада шектеліп қалған адамдар. Мүмкіндік болса, оларға көмектесу керек, арнайы психологиялық емдеулер жүргізген жөн. Ал, белек жыныстылар арасындағы секс - бұл енді жаратқанның сыйы.

А н а ж а р: Әр нәрсенің шегі бар.

Т ә н б и к е: Адам мүмкіндігі шексіз. Тек талмай іздену керек. Секс те жетілдіруді қажет етеді.

А н а ж а р: Саған ар сызығын аттама деп тиым салған ешкім болмаған екен.

Т ә н б и к е: Есесіне ар бостандығын пайдалан деген жарнама аттап басқан сайын кездеседі.

А н а ж а р: Ар бостандығы деген не сонда?

Т ә н б и к е: Ар бостандығы деген бұрынғы адамдардың шектеулерін талқандап бұзган қазіргі адамдардың әрекет азаттығы

А н а ж а р: Сонда адамдарда ар, ұят деген болмау керек пе?

Т ә н б и к е: Болсын, бірақ менің көңіл қалауыма тиым салмасын.

А н а ж а р: Адамның арсыз көңілі не қаламайды?

Т ә н б и к е: Бұл заманның адамы көңіл қалауын қанағаттандыруға әзер уақыт табады. Бірақ тапқан уақытын тартынбай пайдалануы тиіс. Міне, көрдіңіз бе, сізбен әңгімелесемін деп уақытымды жіберіп алыппын. Ал, мен бұл уақытта оқушыларға өзім консультация беруге тиіспін. Тез, кеттім.

А н а ж а р: Мен туралы хабарлайтын жеріңе хабарлай бер. Өйткені маған бәрібір.

П е н д е: Керек емес.

Т ә н б и к е: Неге?

А н а ж а р; Олар келгенше мен Пендені о дүниеге жөнелтіп қоямын. Үлгере алмайды.

Т ә н б и к е: Ұстаз...

П е н д е: Анажар да менің шәкіртім, алғашқы шәкірттерімнің бірі. Бір нәрсеге күйінін келген гой. Әңгімелесіп көңілін орнына түсіріп жіберермін.

Т ә н б и к е: Иә, сіз адамдардың жүрегіне жылы әсер бересіз ұстаз. Сіздей ұстаздан оқығаныма мақтанамын. Сау болыңыз.

П е н д е: Сау бол, кішкентай шәкіртім менің, қуанышым менің. (Анажарға бұрылып) Сен мені не үшін өлтірмексің?

Анажар: Сен менің Ақперіштемді өлтірдің. Сенің қолың қанды қол.

П е н д е: Ант етейін, менің қолым қан да, қару да ұстап көрген емес. Пианиноның пернесі үшін жаралған қол гой бұл.

А н а ж а р: Ол сенен қашып құтылып, терезеден қаргып кетіп өлді.

П е н д е: Ақперіште? Мен ондай адамды білмеймін.

А н а ж а р: Ол саған жүмыс сұрап келді.

П е н д е: Жүмыс сұрап табалдырығымды тоздырып жүргендер көп қой.

А н а ж а р: Олар бір төбе, менің Ақперіштем бір төбе болатын.

П е н д е: Қандай мамандық иесі еді соншалықты?

А н а ж а р: Ол Жаратқанның Ұлы үйлесімі туралы арнайы сабақ өтпек еді.

П е н д е: Ұлы үйлесім? Бұл не? Пән бе, заң ба?

А н а ж а р: Бұл табиғаттың ұлы заңы. Шәкірттер оны пән ретінде оқуға тиіс.

П е н д е: Бізде табиғаттанушылар жеткілікті.

А н а ж а р: Олар табиғаттың тәнін ғана зерттеп жүр, ал табиғаттың жаны бар екенін тануға кеудесі көрсоқыр. Сол білімсіздігінен адамдар аттап басқан сайын Ұлы үйлесімді бұзуда. Бұл дегенің апат!

П е н д е: Байбалам салмай қоя тұр. Адамзат ғылымы жеткілікті дамыған. Апаттың қайдан келіп, қайдан қоятынын жақсы біледі.

А к а ж а р: Адамзат ғылымы сол апатты одан сайын жақындата түсуде.

П е н д е: Сонда апаттан құтқаратын кім?

А н а ж а р: Сен, мен, әркім, әрбір адам. Ақперіште осыны сезіндіруі керек еді шәкірттерге.

П е н д е: Ақперіште шәкірттерге қандай кәсін үйретпек болды?

А н а ж а р: Жастар қандай кәсіп істесе де ар сызығын аттамауды үйренетін еді. Адамға ең жетіспейтіні - адамгершілік. Өйткені оның ішкі үйлесімі бұзылған.

П е н д е: Адамдар езіне не қажет екенін жақсы біледі. Керек болса, бәрін табады.

А н а ж а р: Адамгершілік - тауар емес, ал адам оны тұтынушы емес. Адамгершілік адамның басты қасиеті. Ол оның болмысында болуы тиіс.

П е н д е: Тоқта, тоқта, осы жерден тоқта! Бұл сөзіңді тауар пұлдайтындар естімесін. Адам - тұтынушы емес дегенің үшін сандалып кетесің.

А н а ж а р: Тауар пұлдаушыларың онсыз да жұрттың санасын жаулап, ұғымын езгертіп жіберді. Қазір жұмыр бастыларды “адам” деп атау ерсі көріне бастады. Одан гөрі “тұтынушы” десең сүйкімді естілетін болды. Бұл одағайлықтың жөн-жосығын айтатын ешкім жоқ па?

П е н д е: Оған жен-жосықты нарық керсетеді.

А н а ж а р: Мм... жөн-жосықты адамның адамгершілігі емос, тауардың нарығы көрсететін болды ғой. Жүгенсіз нарықта жөн бар ма?

П е н д е: Реттейтін заң бар.

А н а ж а р: Заң ақылды жазылуы мүмкін, бірақ адами жазыла бермейді. Содан да қоғам өз заңымен өмір сүріп жатады.

П е н д е: Мұның енді көпе-көрінеу аққа қара жағу.

А н а ж а р: Көлгірсіме, керісінше қараны ақ деп көрсетіп жүрген сенсің.

П е н д е: Адамдар ақ деп біле ме, демек ақпын.

А н а ж а р: Адамдар сені көрмейді, имиджіңді көреді.

П е н д е: Нені көрсе де, о л ар маған сенеді, қолдайды.

А н а ж а р: Олар сені емес, сенің имиджмейкерің жасаған жарнама-бейңеңді қолдайды. Адамдардың барлығы соған көздері боялып, санасы тұманданып қалған.

П е н д е: Олар халық, халық білмейді деп айтып көрщі.

А н а ж а р: Сен халыққа өтірікті шындай етіп жеткізесің.

П е н д е: Сенің меңзеп тұрғаның баяғы балғын кездегі бір қылығымыз ба? Ескірід кетті, халық оны есіне де алғысы келмейді.

А н а ж а р: Қылығың ескі болғанмен қылмысың жаңа. Сен Ақперіщтені зорламақ болдың.

П е ң д е: Есіме енді түсті, Балконнан құлаған қыз ғой. Жұмыс бермесең өле қаламын деді де, секірді де кетті. Бүгінгі жастарға не дейсің? Айтқанын істемесең еле салады, бітті.

А н а ж а р: Сонымен Ақперіште өзі секіріп кеткен болды ғой.

П е н д е: Иә, медициналық сараптама да сондай қорытынды шығарды.

А н а ж а р: Сонда оның көйлегінің пәршек-пәршегін шығарған кім? Сенен басқа ешкім болған жоқ қой бөлмеде?

П е н д е: Өзі долданды да дар-дар етіп айырып жіберді.

А н а ж а р: Мойнына тырнақтарын батырған да өзі ме?

П е н д е: Мүмкін о л құлағанда алған жарақатының ізі шығар.

А н а ж а р: Жоқ, ол сенің тырнақтарыңның ізі.

П е н д е: Дәлелің қане?

А н а ж а р: Міне. (Өзінің желке түсын көрсетеді) Бұдан жиырма екі жыл бұрын сен менің желкеме дәл сондай дақ қалдырғансың. Көлемі де, ара қашықтығы да, тіпті батқан жері де бірдей.

П е н д е: Ол қыз өзін-өзі өлтірді.

А н а ж а р: Ендеше, сен де өзіңді-өзің өлтіресің.

П е н д е: Қалай?

А н а ж а р: Былай. Мен шекеңнен тық дегіземін. Содан кейін пистолетті қолыңа ұстатып кетемін.

П 6 н д е: Сенің олай етуге хұқың жоқ.

А н а ж а р: Ал, сенің жас қызды зорлауға хұқың бар ма еді?

П е н д е: Заң жүзінде менің ешқандай қылмысым жоқ.

А н а ж а р: Иә, ресми түрде ешқандай қылмыскер емессің. Бірақ сенің қылмыскер екеніңді...

П е н д е: Қоғам да мені қылмыскерден есептемейді, қайта қайраткер ден қошаметтейді.

А н а ж а р: Қылмысыңды адамдардан жасыра аларсың, бірақ Жаратқаннан жасыра алмайсың. Ал, жаратушы заңы бойынша істеген жақсылығың да, жамандығың да алдыңнан шығады. “Қолыңмен істедің бе, мойныңмен көтер”.

П е н д е: Ол қыз өмірден періште күйінде кетті, Оған сенетін шығарсың енді.

А н а ж а р: Иә, менің Ақперіштем, ұрпағын түйсіңуден қалған әкесін адамзаттық абыройсыздықтан қорғап-ақ бақты.

П е н д е: Неден кеттің?

А н а ж а р: Солай. Ақперіште сенің қызың. Сен өз қызыңа шаппақ болдың.

П е н д е: Сен не бәлені бықсытып келесің тағы? Жаппа жалаңды. Мен сені де, сенің қызыңды да білмеймін, білгім де келмейді.

А н а ж а р: Білгің келмесе білдіретін, жала мен шындықты ажырататын жер бар.

П е н д е: Иә, сол тергеу органына барып сөйлесейік. Ақ- қарамызды ажыратып береді.

А н а ж а р: Жақсы тергеудің ең үлкен орғанына жөнелтейін. (Пистолетів Пендеге квзейді) Әзірейіл көзіңе көрінген жоқ па? Ол қазір сенің жаныңды алады, содан соң Әңкүр-Мүңкір әдемілеп тұрып тергейді. Ал, үкіміңді Жаратқанның езі шығарады. Тек ол жақтан құтқаруға сенің сыбайластарыңның қолы жете қоймайды.

П е н д е: (Жылайды) Қит етсең Пенде кінәлі, ұстаз кінәлі! Менен сорлы адам жоқ бұл дүниеде. Ұстаз емес, қолжаулықпын мен.

А н а ж а р: Зарланба, сені тыңдан тұратын енді уақыт жоқ.

Пенде: Соңғы сөзімді айтқызшы ең болмаса.

А н а ж а р: Тек шындықты айтатын бол.

Пенде: Иә, енді маған бәрібір. Әйтеуір сен біліп қалуың керек ол шындықты.

А н а ж а р: Қандай шындықты?

П е н д е: Мен сені сүйетінмін. Анажар, қазір де сүйемін. Өмір бойы сүйіп өтемін.

А н а ж а р: Өз әйеліңді ше?

П е н д е: Мектеп бітірерде ойнап жүріп, отасып тындық. Оның әке-шешесі қыздарының екі қабат екенін білген соң дау шығарып, ақыры екеумізді қосты. Мен мойныма зорлап арбаның қамытын кигізгендей сезіндім. Сол арбаны әлі сүйреп келемін.

Анажар: Мені сүйген болсаң, сүймеген арбаңды сілкім тастап, маған неге үйленбедің?

П е н д е: Балаларымды қимадым.

Анажар: Өтірік айтасың. Қызметімнен айрылып қаламын деп қорықтың.

П е н д е: Ол да рас. Қызметімнен айрылсам, балаларымды кім асырайды?

Анажар: Лауазымсыз әкелер де бала-шағасын асырап жүр.

П е н д е: Саған кетіп қалсам, бала-шағам мүлде әкесіз қалар еді ғой. Балаларды жетім еткен махаббаттың керегі қанша? Тұншықтырдым мен ол махаббатты, балаларым үшін тұншықтырдым.

Анажар: Тұншықтыратын болған соң тұтатып керегі не?

П е н д е: Отты тұтататын шақпақ.

Анажар; Шақпақты жағатын қол.

П е н д е: Қолды билейтін сезім.

Анажар: Сезімді тәрбиелейтін сана. Сенікі санасыз құмарлық. Он жерден ұстаз болсаң да, осыны ажырата алмай етіп барасың өмірден сен Пенде!

П е н д е; (Одан сайын жылайды) Бұл өмірдің бәрі бытысып жатыр ғой.

Анажар: Дұрыс айтасың, бұл дүние бытысып кеткен, бұлай бола берсе одан арман шатасады.

Пенде: Ендеше менің жазығым не?

Анажар: Сенің жазығың өмірдің шатасқан жіптерінің жөн-жөнін ұғындыра алмағаның жұртқа.

Пенде: Өмірдің шатасқан жібі көп, ал мен біреу. Қайсыбірінің жөнін табам?

Анажар: Сен жөнін табудың жолын ғана көрсетсең әр шәкірт өз жібін өзі суыртпақтайды.

Пенде: Бүгінде жөн де көп, жол да көп. Барлығы менікі жөн, менің жолымды үйрет жастарға дейді. Соның бірі - сенсің.

Анажар: Менің жолым емес - Жаратқанның жолы.

П е н д е: Бәрі де тек менің соңыма ілес, Ақиқатқа мен ғана апарамын дейді.

А н а ж а р: Сон да сенің ата-бабаңның жолы жоқ па Ақиқатқа апаратын? Жаратқанның нұры құйылып тұрған сенің елің Ақиқатқа апарар жол - адалдықтың нағыз алтын бесігі емес пе еді! Ата-баба жолынан сырғақтап, жатқа жалтақтауыңның жолы болсын?

Пенде: Қанша санамыздан сылып тастағысы келсе де, ата- бабa жолының алтын өзегі жойылып кетті деп айта алмаймын. Бірақ заманға қарайсың,әлемге қарайсың?

Анажар: Немене, адамгершіліктен айныма, ар сызығынан аттама, адал, таза жүріп - тұр деген өсиеттер жат жұрттық келіп айтса өсиет те, өзіміз айтсақ өтірік көлгірсу ме?

Пенде: Біздің ата-бабаларымызды өзгелер мойындай қоймайды. Ал олардікі мойындалған.

Анажар: Мойындату үшін алдымен өзің мойында.

Пенде: Ол, дұрыс қой. Дегенмен...

Анажар; Немане, дегенмен?.. Әлде бұл өсиеттер нарық заманында қолдануға келмей тұр ма?

Пенде: Дегенмен, нарықпен санаспасқа болмайтыны да рас. Мәселен, сен айтып отырған Ұлы үйлесім туралы жобаны кім қаржыландырады?

Анажар: Жаратқанның өзі.

Пенде: Немене? Сонда Жаратқан нем инвестиция жібереді деп тұрсың ба? Бұл заманда ақысын төлемесең ешкім тұяғын да қимылдатпайды.

А н а ж а р: өз пиғылын түзеу үшін де ақы тілей ме жұрт?

Пенде; Әрине, ол жобаланады, түсетін пайдасы болжалданады, содан кейін барып жүзеге асырылады. Мәселен, сен қанша адамның пиғылын түзеп, қанша пайда түсіре аласың?

Анажар: Оны жаратқанның өзі ғана біледі.

Пенде: Қазіргі адамдар нақтылықты сүйеді. Пайда қайдан, қашан және қанша мөлшерде түседі, бәрі есептеліп қоюы корек.

Анажар; Пиғылын түзесе, оның пайдасын әрбір адам өзі сезіне бастар еді.

Пенде: ... Еді, деді, мұның бәрі ертегі.

Анажар: “Кәрі кәпір мұсылман болмайды” деген рас екен. Ішің ештеңеге тіл алмай тұр. Кәпір кезіңде сайраған әуеніңмен жүре бергің келеді. Бұл пәниде сені түзету мүмкін болмады. “Бүкірді көр ғана түзетеді”. Имансыз кетірейін.

Пенде: (Жанұшырып) Орындай алмай кетіп бара жатқан бip арманым бар. Соны тыңдашы.

А н а ж а р: Тыңдамаймын, сен әншейін уақытты созғың келіп тұр.

П е н д е: Мен де үлкен жоба жасап едім, соны қалдырып кетейін саған.

А н а ж а р: Қандай жоба?

П е н д е: Адамзатты бақытқа кенелтетін жоба.

А н а ж а р: Неге негізделген сенің ертегің?

П е н д е: Менікі ертегі емес, ғылымға негізделген. Жер байлығы біткен сон, ғарыш байлығын игеруді жылдамдататын ұсыныстар.

А н а ж а р: Мұны адамдардың ақырзаманды жақындататын жобасы деп өз атымен атау керек.

П е н д е: Бұл жоба адамдар арасында социологиялық сұрау салу нәтижесінде жасалды.

А н а ж а р: Иә, айта бер. Кім сұрайды, қалай сұрайды, білеміз.

П е н д е: Білсең, сен күресіп жүрген қылмыстың көзі - кедейшілік болып шықты. Менің жобам адамзатты кедейліктен де, қылмыстан да түбегейлі құтқарады.

А н а ж а р: Қылмыстың бір көзі - байлық. Одан туған қылмысты кім жояды?

П е н д е: Дегенмен, кедейліктен байлық жақсы.

А н а ж а р: Пенделердің тұрмысы түзелгенмен, болмысы түзеле салмайды.

П е н д е: Біз сұраныс бойынша жұмыс істейміз. Көпшіліктің сұранысы - тұрмыс мәселесі, болмыс мәселесін сөз қылатындар тым аз.

А н а ж а р: “Көп айтса кенді, жұрт айтса болды, Әдеті надан адамның”.

П е н д е: Тым қатты айттың ғой, Анажар.

А н а ж а р: Қатты айтқан мен емес, Абай. Ғасыр бойы әуеде шырылдап тұрған даусын ешкім құлағына қыстырар емес.

П е н д е: Абайды мен де оқыдым.

Анажар: Оқысаң неге алмайсың ақылын?

П е н д е: Бұл енді басқа әңгіме.

Анажар: Неге басқа әңгіме?

П е н д е: Өлең бөлек, өмір бөлек. Мен оны бастауыш класта оқыа жүргенде-ақ сезінгенмін. “Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой” деп Абайды тақылдатып жатқа айтып, күнделікке бесті толтырып шығамыз ғой. Көшеде Көкшулап күтіп алады. Ол баланы желке шашы как болған соң солай атайтынбыз. Оған күнделікті 20 теңгемізді тастап кетеміз.

А н а ж а р: Бермесең ше?

П е н д е: Күнде таяқ жейсің.

А н а ж а р: Учасковыйға, мұғалімдерге неге айтпайсыңдар?

П е н д е: Ол сатқындық болып табылады. Олай етсең сенімен ешкім сөйлеспейді.

А н а ж а р: Кішкентайлардың қоғамында да өзінің жазылмаған заңы бар екен ғой. Құлдыққа баулитын заң. Құлдыққа бас ұрмай, братствоға қосылмай мектеп бітіретін бала бола ма?

П е н д е: Әділ деген бір бала Көкшуланның таяғын қанша жесе де бас ұрмай қойған. Бірақ өмірде жолы болмады.

А н а ж а р: Неге жолы болмады оның?

П е н д е: Өз заңына бағынбайтын адамды қай орта жақсы көрсін. “Ақжүрекпін” деп жалғыз өзі кеудесін соққанынан ештеңе шықпады, есеңгіретіп жіберді. Кейін ішіп, сотталып жүр деп естігенмін.

А н а ж а р: Демек, ол өмірге бейімделе алмаған болды ғой. Ал, сен болсаң бейімделіп кеттің.

П е н д е: Әділ әлеңді оқығанымен, өмірді оқығысы келмеді. Ал мен болсам, класта әлеңді, ал мектеп ауласында өмір сүруді үйрендім. Тіпті көмектескенім үшін Көкшулан маған үлес беретін болды.

А н а ж а р: Соның арңасында қаланың бас ұстазы болып отырсың.

П е н д е: Еңбегімді багалағаны шығар.

А н а ж а р: Қай еңбегіңді? Жүрегіңнен Абайды ысырып тастап, Көкшуланның алыс-берісін әдемі жетілдіргеніңді ме?

П е н д е: Абай менің жүрегімнен ысырылған жоқ, ол бүркеулі жатыр.

А н а ж а р: Ақперіштені өлтірген адамның жүрегінде Абай мекендейді дегенге мен сенбеймін.

П е н д е: Ақперіште өлген жоқ! Ол менің әнім, жүрегімнен жарып үшқан перзентім.

А н а ж а р: Өтірік айтасың, тағы көлгірсіп тұрсың.

П е н д е: Шын айтамын. Мен сендерге досым шығарып еді дей салғанмын. Шын мәнінде ол ән Көкшуландар орнатқан тәртіпке деген менің ішкі қарсылығым, Абай өлеңдерінен туған арманым!

А н а ж а р: (Жылайды, Пендені аяйды, аялайды) О, сорлы Пенде! Жүрегімен ән тудырып, ақылымен адам өлтірген Пенде! Өз трагедияңды сезіне алар сана бар ма сенде? Әлем байлығын бағындырсаң да, өз санаңның шыңына шыға алмай-ақ қойдың-ау. Бақыт іздеп, сор табатының содан.

П е н д е: Мен ұлы көпірдің ортасында кетіп бара жатырмын.

А н а ж а р: Жай кетіп бара жатқан жоқсың “әуедегіні алмап, жердегіні жалмап” кетіп барасың. Озғанды аяғынан шаласың, таянғанды кеудесінен итересің.

П е н д е: Мен әділеттің тобын омақаса құлатпасам, қазір осы орнымда отырмас едім.

А н а ж а р: Ол да сендерді құлатуға құлшына әзірленіп жатыр.

П е н д е: Осы жұрт неге тыныш жүрмейді екен?

А н а ж а р: Өйткені санасы төмен. Сен де соның бірісің.

П е н д е: Сен не деп тұрсың? Мен қаланың бас ұстазымын ғой.

А н а ж а р: Иә, сен қаланың бас ұстазысың, бірақ білімді болғаныңмен білігің шамалы. Сен саналы болсаң Әділеттің аяғын шалмас едің.

П е н д е: Ал, ол қарап жүре ме? Өзі заңқой, статьясымен қорқытып, кекірейіп шыға келеді.

А н а ж а р: Сен ұстазсың ғой. Оған әсер ет. Ортақ тіл тап.

П е н д е: Әділет «өлді» деген құр сөзге, тінті керсетсең өлікке де сенбейді. Ал, “өліп қалдым” деп, мөр басып куәландырылған қағазды тірі өзің әкеп берсең оған сенеді.

А н а ж а р: Ылғи өтірік айтып, сөз бен ісің қабыспай әбден зөрәзап еткенсің ғой оны. Содан кейін әрине, сенің сөзіңе сенбей, қағаз талап етеді.

П е н д е: Білмеймін, екеуміздің арамызда қағаз көп жүргенімен жұмыс жүрмеді.

А н а ж а р: Өйткені жұмыс істейтін уақыттарың қағаз жазумен кетеді.

П е н д е: Сонда жұмысты жүргізетін не?

А н а ж а р: Сенім. Ешбір қағазсыз-ақ берілетін және орындалатын уәде.

П е н д е: Мына заманда ондай бола ма?

А н а ж а р: Болғанда қандай! Сенім - бизнестегі табыстың бірінші кепілі. Әлемдегі ең мықты фирмалар партнерге деген сенімі мен адалдығы арқылы көтерілген.

П е н д е: Нақтылап айтшы, сонда саналы кім, санасыз кім?

А н а ж а р: Саналы адамның пиғылы — түзу, санасыз адамның пиғылы - бұзу.

П е н д е: Мм... бұл дүниені бұзушы мен, түзеуші сен екенсің ғой.

А н а ж а р: Менің Ақперіштемді өлтірген бұзық та, сенің Ақперіштеңді ән ғып шығарған түзік те мына өз кеудеңде жатыр. Өз кеудеңе үңіл, Пенде! Өз кеудеңе!

П е н д е: Өз кеудеңе дейсің бе?

А н а ж а р: Иә, өз кеудеңе.

(Тәнбике келеді)

Т ә н б и к е: Ұстаз сіздің бүгінгі жұмысты тоқтатып, көңіл көтеретін уақытыңыз болды.

Пенде: Иә, уақыт болыпты. Не істесек екен?

Т ә н б и к е: Ой еңбегінен бірауық арылып, денемізді қимылдатып, энергиямызды шығарамыз. Денсаулыққа өте пайдалы.

Пенде: Мына Анажар бар...

Тәнбике: Бұл кісі әлі кеткен жоқ па? Қаласа ол да билесін. Жас кезінде апамыз во болған-ау.

Пенде: Иә, во болған...

Тәнбике: Қазір де во.

Пенде: Солай, солай.

Тәнбике: Не тұрыс, кеттік. (Бүкіл адамұя билеп кетеді. Баяғы жынойнақ. Анажарды Пенде мен Тәнбике биге тартады. Ол біраз билейді де қашып шығып, өзінің көріне кіріп, бәрін сол жерден бақылап тұрады. Әлден уақытта Адамү

ұяның жыны басылады)

Анажар: Адамұяның жынойнағынан жерұяма қашып тығылып әзер құтылдым-ау. Жерұям, жуасым менің.

Пендені өлтіре алмадым. Қанша кезенсем де бір күш жібермеді. Енді Ақперіштеме не деп бармақпын? Кегіңді ала алма­дым деймін бе?

Ол “мүмкіндікті қолдан жіберіп алдың, аяушылық жасадың апа” десе, не деп жауап қатамын? Мүмкін Ақперіште де аяушы­лық жасайтын шығар? Әкесі ғой. Пенде мені сүйем деді, өле олгенше сүйем деді. Мен де сүйгенмін. Мен ішіме біткен бір жапырақ еттің осылай ақ махаббаттан жаралғанын сезгенмін. Махаббаттан жаралған перзенттер ғана өмірге күнә арқаламай келетінін білгенмін. Некесіз болса да, махаббаттан жаралып еді ол.

(Сол кезде қолында гүлі бар Пенде шығады)

Пенде, сен неғып жүрсің?

Пенде: Ақперіштеге тағзым еткелі келдім.

Анажар: Әкесі екеніңді мойындадың ғой.

Пенде: Мойындадым.

Анажар: Кінәңді ше?

Пенде: Мойныммен көтеремін, ат! Ат деймін, неғып қарап тұрсың?

А н а ж а р: Өлімге бекініпсің, өмірде нең қалады?

П е н д е: Ақперіште жайлы әнім қалады.

А н а ж а р: Ал, менің нем қалады?

П е н д е: Сенің Ақперіште жайлы арманың қалды.

А н а ж а р: Жоқ, мен өлмеймін. Сол арманымды жүзеге асырамын!

П е н д е: Қалай жүзеге асырмақсың?

А н а ж а р: Аналық борышымды орындаймын.

П е н д е: Мен әкелік борышымды орындадым. Бала-шағам өмірден өз орнын тауып кетті.

А н а ж а р: Мен қалайда перзент көруім керек. Адамдардың адамгершілігін оятатын перзент болады ол.

П е н д е: Ол перзентті кімнен кермексің?

А н а ж а р: Сенен!

П е н д е: Мен күнәһармын ғой.

А н а ж а р: Ал, мен Мәриям әулие ана емеспін ғой.
СОҢЫ

ҚЫЗЫР БАБА

Немесе

ҰЛЫС КҮН ХИКАЯСЫ

Екі бөлімді аңызға құрылған, құрастырылған ойын-сауық

Қатысушылар:

Қызыр баба

Қайрат

Ақыл


Жүрек

Ғылым


Наурызгүл

Қонжық


Бөлтірік

Түлкі


Қоян

Қозы


Ата

Әже


Жалқаубек
І БӨЛІМ
Түн. Аспаннан нұр төгіле бастайды. Енді сахнадағыларды ажыратуға болады. Бірақ әлі бозғылт тұман сияқты. Күн шықпаған. Ортада бәйтерек - киелі ағат тұр. Иса пайғамбардың туған күнінен басталатын күнтізбе бойынша 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түнгі жаңа жыл шыршасының безендірілуінен де бөлек. Ол түрлі-түсті лента, шүберектермен, тұмармен, әртүрлі ойыншық, қалам, кітапша өшіргіш, т. б. оқу құралдарымен безендірілген.

Нұр молая түскен сайын жан-жануар өз мекендерінен шыға бастайды. Түлкі мен Қоян індерінен, Бөлтірік пен Қонжық апандарынан шығады. Енді бір сәтте қауашағын жарып бәйшешек - Наурызгүл шығады. Құстар сайрай бастайды. Бір сөзбен айтқанда күллі табиғат ояна бастайды. Жалқаубекті ерткен Ат пен Әже де келіп, нұр төгілген көкжиекке қарайды. Көкжиектен Нұрмен араласып Қызыр баба шығады. Қызыр баба ақ киім киген, ақ сақалды, өзі де Нұр сияқты. Оны ешкім байқамайды Жайлап аралап шығып кетеді.

Ал бұл кезде сахна сыртынан Абайдың «Жазғытұры» өлеңінен үзінді оқылады.

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер,

Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер.

Жаз жіберіп жан берген қара жерге,

Рахметіне Алланың көңіл сенер.

Мал семірер, ақ пенен ас көбейер,

Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер.

Қара тастан басқаның бәрі жадырап,

Бір сараңнан басқаның пейілі енер.

Тамашалап қарасаң тәңірі ісіне,

Бойың балқып, ериді іште жігер.

Күн-күйеуін жер көксеп ала қыстай,

Біреуіне біреуі қосылыспай.

Көңілі күн лебіне тойғаннан соң,

Жер толықсып, түрленер тоты құстай.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,

Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
(Осы сәтте кемпір мен шал төс соғыстырып көріседі. Бұл Ұлыс күні жасалатын дәстүр.)

Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,

Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.

(Осы кезде кауызы толық ашылған Наурызгүл-бәйшешек құлпырып қозғала бастайды.)

Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл,

Тастағы үнін қосады байғыз көкек.

Жаңа пұлмен жамырап саудагерлер,

Диханшылар жер жыртып, егін егер.

Шаруаның бір малы екеу болып,

Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер.

(Аңдар індерінен кезек шығып сахнаның ортасына жақындайды.)
Қ о я н :

Мен Қоянмын, Қоянмын,

Оңашада ноянмын.

Ызыңы шықса бұтаның,

Зәрем ұшып зытамын.

Түлкі:

МенТүлкімін, Түлкімін,

Тесемін көптің құлқынын.

Біреуіңді алдаймын,

Екіншіңді арбаймын.

Бөлтірік:

Мен Қасқырмын, Қасқырмын,

Аң ішінде асқармын.

Талай қойды тамақтап,

Азу тісті басқанмын.

Қ о н ж ы қ :

Мен Люмын, Люмын,

Оңай маған баюың.

Тау ішінде кеземін,

Балды иісінен сеземін.

(Қауашағын жарып Наурызгүл шығады.)
Наурызгүл:

Армысың, жер-тіршілік!

Армысың, жаңа өмір!

Б өлтірік:

Неге жаңа өмір?

Өмір деген....

Наурызгүл: Өмір деген шексіз жалғаса береді демексіу бе?

Т ү л к і: Елдің бәрі де сен дейсің бе, көктемде көктеп, жазда қурап қалатын.

Наурызгүл: Менің өмірім қысқа болса да, күллі әлемге көрік беріп, қуаныш сыйлаймын. Мені бәрі жақсы көреді. Сондықтан мен бақыттымын.

Бөлтірік: Мен де өлемін бе сонда, Ар-р

Наурызгүл: 18 мың ғалам көктемеде түгел түлеп, қайта туады. Жазда жайнап гүлденеді. Күзде жемісін береді, қыста суықтан үсіп өліп, ал көктемде қайта тіреледі. Сондықтан Наурыз - жыл басы. Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні Жаңа жыл келеді.

Аюдың қонжығы: Соғады-ақ екенсің! Жаңа жыл 1-ші қаңтарда келіп қойған.

Т ү л к і: Оны қайдан білесің-ей, қорбаңбай? Сен ол кезде үңгіріңде ұйықтап жаттың ғой пысылдап.

Аюдың қонжығы: Шынында мен ұйықтап жатқанмын.

Наурызгүл: Міне, көрдің бе? Өсімдік біткен қурап, жан- жануар ұйықтап жатқан кезде Жаңа жыл келе ме?

Т ү л к і: Бөлтірік екеумізді де мына пысылдақ сықылды ұйқышылдардың қатарына қосып тұрсың ба, сонда?

Бөлтірік: Шынында да, басқа ұйықтаса да, бәрі ұйықтамайды. Жортып жүреді. Ал мына сияқты қояндар қорқып жүреді. Ар-р...

Қ о я н: Тамағыңа тас тұрсын, көксұр. (Зытып ініне кіріп кетеді. Бөлтірік тұра қуып, басын інге соұып алады.)

Бөлтірік: Ну, погоди, заяц. У-у...

Наурызгүл: Көктемде бәріңнің ата-анаң түлейді.Сендерді өмірге әкеледі. Жаңа өмір басталады дейтінім сол.

Қ о я н: Сен мұның бәрін қайдан білесің, Наурызгүл? Өзің жаңа өсіп шықтың.

Наурызгүл: Жерде менің дәнім қалады. Ол бәрін есінде сақтайды. Мен бәрін білемін. Сондықтан шын Жаңа жыл - тіршілік басы Наурыз айында келеді. Далаға қараңдаршы. Бүкіл табиғат ұйқысынан оянып, түлеп, арудай көріктене бастаған жоқ па? Қане, көктем туралы не айтасыңдар? (Бәрі билеп жүріп, ән айтады.)

Мұз құрсанып, қар жамылған қыс кетті,

Аязы мен боранын да әкетті.

Қара түнек ұзақ түндер қысқарып,

Бүгін тура түн мен күнді тең етті.

Бар табиғат ұйқысынан оянды,

Суық алмас енді қорқақ қоянды.

Бәйшешек те гүлін ашып жадырап,

Бар табиғат түрлі-түске боялды.

Семіз Қонжық қорбаң-қорбаң етеді,

Тұрдым дейді, қыстайғы ұйқым жетеді.

Қу Түлкі де тау мен тасты тінтіп жүр,

Тышқан аулап, күнін көріп кетеді.

Бөлтірік те сүтке енді тоймайды,

Бөрілігін жасамай еш қоймайды.

Тістелесіп, ырылдасып өзара,

Ауызданар күн қашан деп ойлайды.

Көктем келді, көктем тойын тойлаймыз,

Асыр салып, аунап-қунап ойнаймыз.

Жақындасаң, жоқ қылады адамдар,

Құрған торға тамақ іздеп бармаймыз.
А ю д ы ң қ о н ж ы ғ ы: Көктем жақсы ғой. Наурызгүл, сен де әдемісің. Бірақ мен Аяз атаны көргім келеді.

Түлкі: Тегіне тартып тұрғанын жүн-жүн неменің.

Қ о я н: Елдің бәрінің терісі қалың дей ме екен?

Аюдың қонжығы: Сендер маған ұрыспаңдаршы. Аяз атасыз Жаңа жыл бола ма екен?

Наурызгүл: Аяз ата Наурыз мейрамга келе алмайды. Өйткені көктемнің қызуынан еріп кетеді.

Аюдың қонжығы: Сонда енді қар жаумайды ма?

Наурызгүл: «Қара жерде қар жатса, қарды аламын» деген сертімен наурызда жылы жел соғып, қарды майдай ерітіп әкетеді. Ол желді халық «Алтын күрек» дейді. Егер қара жерде қар жоқ болса, қар әкелемін деген сертімен кейде борай да ақша ақша қар жауады жапалақтап. Ол қарды халық «Құс қанаты» деп атайды. Бірақ ол да тез еріп кетеді.

Аюдың қонжығы: Аяз ата жоқ болса, Жаңа жылда кім келеді?

Наурыз гүл: Қызыр баба!

Бөлтірік:Ол тіске басатын бірдеңе бере ме?

Т ү л к і: Наурызда той тойлап, би билейміз бе? Мына сұркөжек екеуміз құсап? (Сүркөжекті шымшып, шик еткізеді.)

Аюдың қонжығы: Шынында қалай тойлаймыз?

Наурызгүл: Алла жер-дүниенің билеушісі етіп адамдарды жаратқан. Солардың не істейтінін бақылаңдар. Сонда бөрім білесіңдер

Бөлтірік: Адамдарды қайтесіңдер? Менің мұрныма жас төлдің иісі келіп тұр. Тіске басатын бірдеңе болатыны анық. Ар-р...

Қ о я н: Жас шөптің иісі мұрнымды жарып барады. Қырт- қырт шайнап, тоятын күн туды.

Аюдың қон ж ы ғ ы: Ауызыма балдың дәмі келеді. О, мамырдың балы-ай!

Бөлтірік: Қу түлкінің сағы-ай! Уызы кеппеген көксұрдың дәмесінің зоры-ай!

Қ о я н: Әне, келді адамдар, зытайық та, ойбай! (Барлығы билеп жүріп ән салады.)

Шын табиғат баласы,

Орны бөлек аңдармыз.

Әрбір жылдың жаңасы,

Ұрпақ жолын жалғармыз.
Табиғатқа қарамай,

Қиратып жүр адамдар.

Болысуға жарамай,

Құртып жатыр надандар.
Жаратылыс заңдарын

Олар мүлдем ұмытты.

Болашаққа алдағы

Сонда неден үмітті?
Балалары Жалқаубек

Табиғатты сүймейді.

Неге деймін бізден кеп,

Үйренбейді, білмейді?
(Би біте бере Ата мен Әже Жалқаубекті ертіп шығады. Аңдар індерінің аузына қашып барып, сыртынан бақылап тұрады.)

Ата: Өмір діңгегі - киелі Бәйтерек! Сенің тағдырың Жер- анадан нәр алады, діңің аспанмен тілдеседі.

Әже: Жер-әлемде бірінші жаратылған өсімдік өзіңсің.

(Екеуі Бәйтерекке шүберек байлап тәу етеді.)

Ата: (Жалқаубекке) Сен де тәу ет, балам. (Ата ағаш еге бастйды, Әжесі оған көмектееіп жүр.)

Жалқаубек: Одан не пайда?

Әже: Пайданың бәрі адамнан емес, Алладан келеді, балам!

Жалқаубек: Оған бұл қақиған ағаштың қатысы қанша?

Әже: Қақылдай бермей, құрмет ет, санаңды бел. Пайдасын сонда сезесің.

Ата: Бәйтерек - адамзат тағдырлас. Тамыры жерде, бірақ аспанмен үндеседі. Сондықтан киелі.

Жалқаубек: Мақұл, сендердің көңілдерің үшін ойланып корейін. (Сол кезде сұркөжекті көріп қалады да, жерден тас алып жіберіп ұрады. Сұркөжек шақ етіп, ініне кіріп кетеді.)

Жалқаубек: Қап, дәл тигізгенде мұрттай ұшыратын едім.

Ата: Бекер ұрдың, балам. Бүгін аспаннан Нұр құйылатын күн. Ол бейшара да Алланың нұрына шомылып тұр.

Жалқаубек: Ол бізге қуырдақ болайын деп тұр еді.

Әже: Бүгін жанды-жансыздың ешқайсысына тиюге болмайды, қайта оларға қамқор болу керек. Көрдің бе, атаң екеуміз ағаш егіп жатырмыз.

Ата: Келесі жылы ағашты сен егетін боласың.

Жалқаубек: Оған ақша төлей ме?

Әже: Ақшасы несі? «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демейтін бе еді? Бұл ата дәстүр.

Жалқаубек: Ата, одан да ана інді қазып, Қоянды ұстап алайықшы. Өнбеген ағаштан бір асым ет болатын сол пайдалы.

Әже: Қой, балам, Тәңірінің көріне ұшырайсың.

Жалқаубек: Қуырдақ жемейміз бе сонда?

Әже: Құрбандыққа атап сойылған малдың жөні белек, ба­лам.

Жалқаубек: Сендердің мына сөздеріңнен ішім пысып кетті.

Қ о я н:

Жалқаубектің ойында арам пайда, шиқ-шиқ.

Арам опа бермейді, наған пайда, шиқ-шиқ.

Ғылым оқып, ғаламға пайдасы көп,

Жомарт жүрек, жаны ізгі адам қайда, шиқ-шиқ.

(Наурызгүл “Жалқаубек» деген ән айтады.)

Қызыр баба: Жалқаубек жалқау ғана емес әбден қияңқы екен ғой. Мектепте оқып жүрсе де, әлі ғылым-білімнің пайдасын білмейді.

Наурызгүл: Мұндай балалар әр мектепте бар. Олар ертең кім болатынын ойланғысы келмейді. Әке-шешелері өмір бойы асырайтындай көрінеді.

(Қонжық, Қоян, Түлкі, Бөлтірік бәрі бірігіп)

Балалары Жалқаубек

Табиғатты сүймейді.

Неге ғана бізден кеп,

Үйренбейді, білмейді?

Үкіметі оларға

Тегін білім береді.

Оқымайды бірақта,

Құр сенделіп жүреді.

Кішілердің теңгесін

Тартып алар үлкені.

Ержеткен соң не істейді,

Жоқ болса басқа білгені?

Біз - табиғат бал асы,

Үйренгенбіз еңбекке.

Ал адамның баласы

Оқымайды жөндеп те.

Балалары Жалқаубек

Табиғатты сүймейді.

Осы неге бізден кеп,

Үйренбейді, білмейді.

Қ ы з ы р баба: Пәлі, жан-жануардың балалары адамның баласына ақыл айтып тұр ғой. Бірақ, Жалқаубек, оны сен дұрыс түсін. Олар ойнаса да, ойындағысын айтты.

Наурызгүл: Бүгінгінің балалары табиғатты түсінбейді, Қызыр баба. Олар әз ата-бабаларының өсиет сөздерін құлақтарына құйып еспеген.Одан гөрі пах-пух деген атыс-шабыс киноларды жақсы көреді.

Қ ы з ы р баба: Бүгінгі балалар қайратты шығар, ақылды шығар. Жүрегі ізгі бала да көп шыгар, бірақ ғылым-білімді меңгермесе, қайрат та, ақыл да, жүрек те түкке жарамай қалады, дамымайды. Бұны Абай аталарың әлдеқашан айтып қойған.

Сондер Абай аталарыңды білесіңдер ғой. Оның кейбір өлеңдерін жаттап жүрсіңдер. Енді оның қара сөздерін оқыңдар. Он жетінші сөзінде Абай аталарың былай дейді, оны қазір көресіңдер. Кәнекей, Абайдың он жетінші сөзін сахнада ойнап, көрсетіп жіберіңдерші.

(Сахнага Қайрат, Ақыл, Жүрек, Ғылым төртеуі шыгады. Ғылым - төреші. Ал қалган үшеуі соған жүгінуге келген.)

Қайрат: Ей, Ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде менсіз еш нәрсе кәмелетке толмайды. Қайраты, күш-жігері болмаса, ешкім сені меңгере алмайды. Сені білу үшін ерінбей, жалықпай үйрену керек. Сонда ғана ғылым өзінің құпиясын ашады. Адамның әртүрлі өнерге, кәсіпке деген қабілеті артады. Сөйтіп ол кәсіп істеп, өнер қуып, мал табады. Тіпті Аллаға құлшылық отін, мұсылманның бес парызын етеу үшін де қайрат ету ке­рек. Ал мына Ақыл мен Жүрек мені менсінгісі келемейді.

Ғылым: Ойыңды түсіндім, Қайрат. Енді Ақылды тыңдан көрелік. Ол не айтар екен?

Ақыл: Мен не айтушы едім. Күш-жігері көп болса да, Қай­рат шіркінде ес бар ма? Ес жоқ болса, ақыл қайдан болсын! Ақылы жоқ адам құр қара күшпен не істейді?

Қайрат: Мен біреудің нанын тартып жесем де күн көремін.

Ақыл: Дұрыс айтасың, ақылсыз адам сөйтеді. Біреудікін тартып жейді, оның арты не болады, білесің бе?

Қ а й р а т: Не болушы еді, қарның тояды.

А қ ы л: О, ақымақ! Айттым ғой мұны ақымақ деп. Оның арты - түрме. Басың түрмеде шіриді, есуас.

Қ а й р ат: Біреудің нанын түрмеде де тартып жеймін.

Ақыл: Айттым ғой мұны есалаң деп. Сен мен болмасам, біреу арақ іш десе - ішесің, темекі шек десе - шегесің, наша тарт десе - тартасың.

Қайрат: Мен күштімін, оның бәрі маған түк әсер етпейді.

Ақыл: Ақымақ, дөңбек! Оның бәрі сені қылмысқа итереді. Төбелесесің, жазықсыз біреуді жазым етесің. Біздің Таразда бірін-бірі өлтіріп жатқан бала аз ба? Соның бәрі ақылының аздығынан.

Ж ү р е к: Ей, Ақыл, сен өйтіп асқақтай берме. (Ғылымға қарап) Ғылым-құдырет, маған мұрсат берсең екен.

Ғ ы л ы м: Сөйле, Жүрек, сен ағыңнан жарыласың.

Ж у р е к: Сөйлесем, Қайрат та, Ақыл да менсіз не істей алады?

Ақыл: Сен де асқақтап кеттің ғой.

Ғ ы л ы м: Ақыл, Жүректің сөзін бөлме, ақырына дейін тыңдайық.

Жүрек: Асқақтап тұрған жоқпын, ойлансын деп тұрмын. Артық айтсам, кешір.

Ғ ы л ы м: Міне, Жүрек осылай сөйлер болса керек. Айта бер.

Жүрек: Айтсам, мен адамның денесінің патшасы емеспін бе? Қан менен тарайды. Жан менде мекен етеді. Сондықтан да адамның бар жақсы қасиеті менен шығады. Үлкенді сыйлататын, кішіні аялататын мен. Мен адамдарды мейірімді, бауырмал етемін, бір-біріне көмектестіремін. Менің ізгілігім болмаса, мына екеуінің күні не болады.

Қ а й р а т: Не болушы еді? Қайрат қайратын көрсетеді.

Ақыл: Ақыл қашанда жол табады.

Жүрек: Рас, Қайрат, сен қайратыңды көрсетесің, бірақ қай жерде көрсетесің?

Қайрат: Қай жерде керек болса, сол жерде көрсетемін.

Жүрек: Көшедегі шамдарды таспен ұрып сындыру үшін де қайрат керек. Біреудің сөмкесін ала қашу үшін де қайрат керек. Біреудің жеріне басып кіретін соғыс құмар басқыншыларға да қайрат керек. Сен соның бәріне бара бересің бе? (Қайрат үндемейді.)

Ақыл: Не істесе де баспен, ақылмен істеу керек екенін осы дөңбек түсінеді дейсің бе?

Жүрек: Сен дұрыс айтасың. Бірақ ұры да ұрлықты ақылмен жасайды. Зымиян да аңқауларды ақылмен алдайды. Жалқау бала да мұғалімді ақылмен алдамақ болады. Міне, бұл екеуінің жағдайы осындай, Ғылым-құдырет. Ендігі төрелігін өзің айт.

Ақыл,Қайрат: Біз де төрелікті өзіңнен күтеміз.

Ғ ы л ы м: Мен үшеуіңді де ыждаһатпен тыңдадым. Айтқандарыңның бәрі дүрыс. Бір қатесі жоқ. Қайратсыз ештеңе бітпейтіні рас. Барлық жұмыс қайратпен бітеді. Үй салуға да, арық қазуға да, машина айдауға да қайрат керек. Демек, қай­рат дегеніміз - еңбек. Бірақ ақылсыз қайрат жарға ұрындырады. Оны да жақсы айттыңдар. Жүрексіз ақыл да адасады екен.

Жамандық жасауға жұмсалған ақыл - суық, қатігез ақыл. Одан адамдар зардап шегеді.Сондықтан екеуіңе де жүректің ізілігі, мейірімі керек. Бірақ сендер неге таласасыңдар? Неге ортақ тіл таппайсыңдар. Неге үшеуің бір адамның бойынан табыласыңдар? Үшеуің ортақ үйлесім тауып, бір адамның бойынан табылсаңдар, ондай адамның басқан ізінен айналу керек. Ортақ тіл табу үшін сендер Ғылымға жүгінгендерің дұрыс. білім-ғылым ғана сендерді үйлестіреді. Кітапты көп оқыған, спортпен шұғылданған баланың денсаулығы күшті, күш-қуаты көп, ақылды әрі адамгершілігі мол болып еседі.
Қ ы з ы р баба: Бәрекелді, Абай аталарың қалай тауып казған! Сендер не түсіндіңдер, балалар? Қалай, Жалқаубек көкірегіңе бірдеңе кірді ме? (Жалқаубектің басын сипайды.)

Жалқаубек: Қызыр баба! Мен сізді көріп түрмын! Көріп тұрмын, Қызыр баба! Алақай!

Қызыр баба: Міне, Жалқаубектің кекірек көзі ашылды.

(Залға). Абай аталарыңның сөздерін түсініп оқысаңдар, бәріңнің де көкірек көздерің ашылады, балалар. Наурыз мерекесі - Ұлыстың Ұлы күні осындай кереметтер болады.

Наурызгүл; Бұл Сіздің арқаңыз, Қызыр баба. Сіз балаларға көрінсеңіз, оларға Қызыр қонады. Қызыр қонған адам ырысты, жұғысты болады.

Қ о н ж ы қ: Жаңа жылда сыйлық береді деуші еді. Қызыр бабаның сыйлығы қайда?

Т ү л к і: Бағанадан бері Қызыр баба не берді? Соны білген жоқсың ба, қорбаңбай? Мәселен, мен тойдым. Әбден тойдым.

Бөлтірік: Сен неге тойдың ей, бұлаң құйрық?

Т ү л к і: Сенің топастығыңа тойдым, көксұр.

Қ о я н: Енді Жалқаубек мені таспен атпайтын болды.

Т ү л к і: Міне, естідің бе, көксұр?! Сұркөжек құрлы ақылың жоқ...

Наурызгүл; Сұркөжек дұрыс түсініпті. Әрине, түлкі де бәрін біліп түр. Бүгін Алланың Нұры жауды, Қызыр баба құт- береке әкелді. Одан артық не керек сендерге? Сол Нұр - жыл айналып келгенше сендерге азық. Мол ризық.

Қ о н ж ы қ: Балдай тәтті шоколадты, мүмкін, Жаңа жыл әкеліп беретін шығар? Жаңа жыл қайда? Қашан келеді?

(Көкжиектен Қызыр баба көрінеді.)

Қызыр баба: Жаңа жыл келе жатыр, балалар. Мына төбенің астында жан-жануарлар бәрі жиналып жатыр. Жаңа жылды көреміз дейді. Кім бұрын көрсе, Жыл соның атымен аталады. Былтыр Жылқы бірінші көрген. Биыл кім көрер екен?

Наурызгүл: Қонжық, Бөлтірік, өңкей маубас сендер неғып тұрсыңдар? Түйенің төбесіне шығып кетіп, Тышқан да көрген ғой жылды. Тіпті бірінші көрген. Кәне, ұмтылыңдар!

(Жыл көреміз деп барлығы сахнадан айқайлап жүгіріп шығып кетеді.)

II БӨЛІМ

(Сахнада Ата, Әже, Жалқаубек, Наурызгүл көкжиекке қарап тұр. Көкжиекте бір ақбоз ат ақ нұрға малынып, еріп кет кен сияқты болады. Бір кезде ақ Қозының сүлдесі сызылады, ол құлдыраңдап жүгіріп келеді.)

* - Жылга байланысты бұл кейіпкер өзгеріп тұрады.

Қ о з ы: Алақай, алақай, жылды бірінші мен көрдім. Жыл көрдім! Жыл көрдім! (Оның соңынан бастары салбырап Қонжық, Бөлтірік, Қоян, Түлкі келеді.)

Бөлтірік: Мынау тіс басар, закускі елдің бәрінен қалай озып кетті-ей? Ар-р. Алқымдап жіберер ме еді өзін...

Түлкі: (Сызданып) Ырысты, жұғысты деген сол да.

Қоян: Мен бұл Қозыдан озып бара жатыр едім, бір уақытта қарасам, Ит жақындап келеді. Басқа жаққа зытып кетіппін, Содан не болғанын білмеймін.

Қ о з ы: Ал мен қорыққан жоқпын. Тауықтан да, Иттен дс, Мешіннен де озып кеттім.

Наурызгүл: Момынның ісін құдай қылады деген осы

Ата: Ендеше Жаңа жыл оны ең бірінші көрген Қой жылы деп аталады. Бұл сенің жылың. (Барлығы Қозыға жыл белгісііі тағады.)

Әже: Қой жылы қой үстіне бозторгай жұмыртқалайды.

Ата: Иә, төрт түлік төлді елдің қағанағы қарқ, саганағы сарқ болады.

Әже: Ит басына іркіт төгілген жыл болады.

Ата: Қой жылы, жыл басында туған сәбилердің мінезі жан, сы, өздері сұлу болады.

Әже: Жыл ортасында туылған сәбилер игілікке бай, өздері енді болады.

Наурызгүл: Қой жылының барлық жақсылығын білдік. Қызыр түнін көрдік. Ұлыс күні Нұрға шомылдық. Жаңа жылға аяқ бастық. Бір-бірімізді құттықтаймыз ба?

Ата: Иә, жас қосқандарың құтты болсын!

Б а р л ы ғ ы: Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Наурызгүл: Жыл басының бірінші нышаны - самалық айту. Қане, кім айтады?

Жалқаубек: Мен.

Самалық, самалық,

Көк құс көзін ашты ма?

Аяғын жерге басты ма?

Самалық, самалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?

Самалық, самалық,

Қап тауының көк құсы

Жүгірді ме, көрдің бе?

Наурызгүл: Жарайсың, Жалқаубек. Сен шынында да алғыр бала болыпсың. Мен енді Жалқаубек деп ән айтпаймын. Самалық ретінде басқа бір ән айтып берейін. (Осы жерде көктем, наурыз туралы ән айтылып, би биленеді.)

Ата: Бәрекелді, Наурыз күні бәрің кешірімді болуларың керек. Осылай ойнан-күліп жүріңдер.

Жалқаубек: Мен Сұркөжекпен әлде қашан достасқанмын.

Т ү л к і: Сүркөжекпен менің де сүйіскім келіп тұрғаны...

Бөлтірік: Биыл Қой жылы, қой көп болса жаман болмас. Дос болайық, ақ Қозы.

Қ о н ж ы қ: Мамырдың балы-ай!

Ата: Ойнадыңдар, күлдіңдер, Талай нәрсе білдіңдер. Үйлеріңе барып, апаларыңның жасаған Наурыз көжесін ішетін уақыт та жақындап қалды.

Ә ж е: Оның қалай, қанша дәмнен жасалатынын апаларыңнан сұрап алыңдар.

(Көкжиектен Қызыр баба көрінеді.)

Қ ы з ы р баба: Мен енді басқа ауылдарға кетемін. Онда да күтіп отырған ұрпақтарым өте көп. Сендерге бата берейін. Қане, қолдарыңды жайыңдар. (Бата береді.)

- Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Ата-анаға мейірлі болсын!

Өнерге, білімге зейінді болсын,

Тұла бойы тұнған өнер болсын.

Он саусағы майысқан шебер болсын!

Ел қорғайтын батыр болсын,

Шындықты айтар ақын болсын!

Халқым деген жүрегі болсын,

Жұртының қамқор, тірегі болсын,

Бейбітшілік тілеуі болсын,

Мемлекетінің тіреуі болсын!

Абыройы өрлесін,

Ел алдында ерлесін,

Бейнет істеп терлесін,

Жаманшылық көрмесін!

Менің берген бұл батам,

Ұлыс күнге сақтап жүрген сүр батам. Аумин!
Григорий Горин

Лаңкесті ұмыту

(Атың өшсін, Герострат!)


Екі бөлімді трагикомедия
Орысшадан аударған Елен Әлімжан
Қатысушылар:

Театр адамы

Тиссаферн – Эфестің әміршісі, Парсы патшасының сатрапы

Клементина – оның әйелі

Клеон – Эфестің архонт-басилейі

Герострат

Крисипп – өсімқор

Эрита – Артемида храмының абызы

Түрмеші

Бірінші қалалық

Екінші қалалық

Үшінші қалалық


Оқиға Эфес қаласында біздің дәуірімізден бұрынғы 356 жылы өтеді.
ІІ БӨЛІМ

Алдымен айқай-шу, құлаған тастардың тарсылы, ыңырсу естіліп барып тыныштық орнайды. Қатыгез тыныштық. Адамдардың артынан опық жеп, көз жасына ерік беруі үшін бірнеше секундқа ғана созылған тыныштық.

Авансценада - театр адамы.

Театр адамы: Гректің Эфес қаласындағы Артемида храмын қайран хас шеберлер тұп-тура жүз жиырма жыл салыпты Ал шеберлерге әйел құдайдың өзі кемектесіпті деген аңыз бар Храмның сәулеттілігі сонша, оны кезінде әлемнің жеті кереметінің біріне жатқызған. Ой, шіркін-ай десеңші. Дүниенің төрт бұрышынан ағылған жұрт оның табалдырығында тоғысып, әйел құдайға құлшылық етумен бірге, адам өнерінің ұлылығы на тамсанумен болады екен. Сол храм жүз-ақ жыл тұрыпты Мыңдаған жыл тұра берер еді. Не шара, сол қаланың Герострат деген базар бақалшысы Артемида храмын өртеген де жіберген Оқиға біздің дәуірімізге дейінгі үш жүз елу алтыншы жылдың қарғыс атқан түнінде болыпты.

Бірінші картина

Театр адамы қола шырақ жағады. Түрменің бөлмесіне әлсіз сәуле түседі.

Театр адамы: Эфес қаласының түрмесі. Еңсеңді басқан осынау жер асты жайын тура тас қапшық дерсің. Ежелгі гректер түрмені емес, сәулетті сарайлар мен храмдар салуды тамаша меңгерген еді. Ал түрме дегенің қай заманда да қолапайсыз салынады. (Отыратын жер таппай, сахнаның шетіне барып тұрады.

Сахнаның сыртында абыр-сабыр қозғалыс, ұрысқан дауыс Есік ашылып, еңгезердей түрмеші Геростратты сүйреп кіреді. Геростраттың түрі ұйпа-тұйпа: киімі жыртылған, бет жүзі мен қолы жырылған. Түрмеші оны кіргізіп алған сон, кенеттен caрт еткізіп соғып жібереді. Герострат еденге ұшып түседі).

Герострат: Мені ұрма!

Түрмеші: Өшір үніңді, оңбаған, жерге қағып жіберемін! Сарбаздар сені тобырдың тепкісінен бекер арашалап алған. Сол алаңда-ақ о дүниеге аттандырын жіберуі керек еді. Жоқ, болмайды, заң бар, оны сақтау керек деп осында сүйреп әкелді, Қолын былғап... Тфу!

Г ерострат: (Еденнен көтеріле беріп) Дегенмен қол жұмсауға хұқың жоқ сенің. Мен - құл емеснін, мен - адаммын!

Түрмеші: Жап аузыңды! Қайдағы адамсың сен! Құтырған итсің! Храмды өртеу деген не сұмдық! Қалай басыңа келді?

Жарайды, таңертең сенің аяқтарыңды арбаға байлан сүйрткенде, сорлы басың тастан-тасқа секіріп, талқаны шығатын болады. Сенің сол күйіңді көріп масаттанармын.

Герострат: Ұр, түрмеші, ұр! Сен де үй күзеткен итсің ғой. Бірақ бүгін мен бұдан да сорақысын естідім. Олар менің қолымды да сындыра жаздады. (Ыңырсып) Ой, иығым-ай, сырқырап әкетіп барады. Су берші!

Түрмеші: Немене?

Герострат: Су бер деймін. Тамағым құрғап қалды. Жарамды да жуу керек, әйтпесе іріңдеп кетеді.

Т ү р м е ш і: Е, жігітім, сен шынында да есуас екенсің! Қолдың іріңін қайтесің, ертең басыңды алады ғой.

Герострат: (Айқайлайды) Су бер деймін! Сен су беруге міндеттісің!

Түрмеші: (Геростратқа жақындап келеді де, тағы да тартып жібереді.) Міне, саған су, шарап және басқасы... (Кетуге ниеттенеді.)

Герострат: Тоқтай тұр. Сенде шаруам бар.

Түрмеші: Сенің шаруаңда менің шаруам жоқ.

Герострат: Тоқташы! Менде не барын қарашы. (Күміс монета шығарады.) Афинаның драхмасы! Менің өтінішімді орындасаң, сенікі болады.

Түрмеші: (Мырс Әрине, менікі, түрмедегінікі қашанда түрмешінікі. (Геростратқа ұмтылады.)

Герострат: (Шегініп) Жоқ, жайдан жай ала алмайсың!

Түрмеші: (Жылжи түсіп) Маған қарсылық көрсетнекпісің, кексау неме? Әкел бері!

Герострат: Жайдан-жай ала алмайсың дедім ғой саған. Ал ендеше! (Монетаны аузына салып, жұтып жібереді.) Енді саған менің өлуімді күтуғе тура келеді.

Түрмеші: (Абыржып) Қан, мынаны-ай! (Оның ішінен тиынды суырып алуға болмас па екен дегендей Геростратқа сәл ойланып қарап тұрады да, өкініштен жерге бір түкіріп бұрылып кетеді.)

Герострат: Тоқта!

Түрмеші: Немене тағы?

Герострат: Менде әлі бар. (Монетаның тағы біреуін шыға­рады. Түрмеші Геростратқа жақындауға әрекет жасайды.) Әуре болма! Бұл да менің қарныма, алғашқысының қасына барып жақсы жайғасатынына ант етемін. Қалай, мені тыңдайсың ба, жоқ па? Әлде аш қарынға тиын жұта берейін бе?

Түрмеші: (Райынан қайтқандай) Не керек өзіңе?

Герострат: Міне, енді жөнге келдің. Өсімқор Крисиптің үйін білесің бе?

Т ү р м е ш і: Білемін.

Герострат: Білсең, Крисипке бар да, мені тез арада келсін деп өтінді де.

Т ү р м е ш і: Не тантып тұрсың? Сыйлы азамат сен сияқты малғұнмен кездесу үшін түрмеге қарай жүгіре жөнеледі деп тұрсың ба?

Герострат: Жүгіргенде қандай! Сен үшін өте пайдалы жұмысы бар екен деп айт. Естіп тұрсың ба? Крисиптің қалтасын қалыңдататын жұмыс. Байлықтың иісі бұрқырап тұр бұл істе, ұқтың ба? Ал ол келген кезде сен де мына драхманы аласың. Екіншісін де! (Тағы біреуін шығарады.) Бұлар біздің Эфестің қаңылтыр дөңгелектері емес, нағыз күміс теңгелер. Неге ойланып қалдың? Әлде жасауылдардың жалақысын көтеріп е еді?

Т ү р м е ш і: Ой, бәле! Өмірімде мұндай бәлені көрсем көзім шықсын. Жарайды, барамын. Бірақ алдасаң бар ғой, құдайлар мен ант етейін, өзіме тиесіліні қарныңды қарс айырып тұрып аламын. (Кетеді. Герострат еті ауырған иығын сипалап, камераның ішінде ойланып әрі-бері жүр. Театр адамы оны бақылауда.)

Г ерострат: Сен бізге неменеге келдің?

Театр адамы: Екі мың жылдан астам уақыт бұрын Эфес қаласында не болғанын түсінгім келеді.

Герострат: Ақымақтың әуресі. Естен шығып кеткен ескі заманда не болғанына бас қатырын не жының бар? Немене, сендердің өз роблемаларың аз ба?

Театр адамы: Мәңгілік проблемалар адамдардың алдынап қай заманда да шығады. Оларды түсіну үшін өткеніңді, тіпті, өте ертедегі еткендерді білудің терістігі жоқ.

Герострат: Дегенмен, ертеде өткен оқиғаларға орынсыз араласа берген аса әдептілік емес.

Театр адамы: Өкінішке орай, мен ол оқиғаларға араласа алмаймын.Тек даму қисынын бақылаумен ғана шектелемін.

Герострат: Сонда сені не қызықтырып жүр?

Театр адамы: Саған қорқынышты ма? Түсінгім келеді.

Герострат: (Өрекпіп) Қайдағы қорқыныш? Құйттай да қорқыныш жоқ менде!

Театр адамы: Мұның тарихшылар үшін айтылды. Ал шын мәнінде?

Герострат: Қорқынышты. Бірақ бұл алғашқы емес, төртінші қорқыныш.

Театр адамы: Неге төртінші?

Герострат: Менің басымнан үш қорқыныш өтті. Біріншісі бұл істегенімді алғаш ойлағанымда келді. Ол - сұмдық ой әкелген үрей еді. Бұл үрей аса қорқынышты болған жоқ. Сондықтан оны даңқ туралы армандарыммен жеңдім. Екінші рет храмның қабырғаларына шайыр-смола шашып, от лақтырып жатқанда үрейлендім. Бұл алғашқыдан күшті болды. Қолым қалтырап, аузым қүрғап, тілім таңдайыма жабысып қалды. Бірақ бұл да ештеңе емес екен. Шарап ішіп бастым. Оншақты рет ұрттадым. Одан мае болып қалмайсың, бірақ үрейден арылады екенсің. Ең қиыны үшінші үрей болды. Храм жанып жатты. Төбесі ортасына түсіп, бағаналардың біреуі солқ етіп құлады. Тура кескен емендей дүңк еткенде, мәрмәр қаптамаларының күл-талқаны шықты.

Ал жан-жақтан адамдар қаптап келе жатты. Еш уақытта, ешқандай мерекеге мұншама жұртты жия алмас едің. Қатын- қалаш, бала-шаға, қүл-құтан, парсылар. Аттылысы, арбалысы, байы мен кедейі, құдайым-ау, кімі жоқ дейсің бұл қаланың! Бәрі мен салған өртке жан ұшыра жүгіріп, улап-шулап жүр. Мен болсам бір биікке жүгіріп шықтым да: “Ей, адамдар! Бұл храмды мен өртедім. Менің есімім - Герострат!!!” деп айқай салдым. Олар мені естіді. Үйткені тым-тырыс бола қалды. Тек бөрене- лерді соңғы түқылына дейін жалмаған жалындардың ысылы ғана естіледі. Тобыр маған қарай жылжыды. Үнсіз жылжыды. Олардың қанын ішіне тартқан жүздері мен от шағылысқан көздерін қазір де коріп түрмын. Ең қорқынышты үрей сол кезде келді. Бұл адамдарды көргендегі қорқыныш еді. Адамдар әкелген үрейді мен ештеңемен баса алмадым... Ал төртінші үрей - өлім алдындағы үрей... Бірақ бұл бәрінен әлсіз. Өйткені мен өлетініме сенбеймін.

Театр адамы: Қалай сенбейсің? Сонда сен жазадан құтылып кетемін деп үміттенесің бе?

Герострат: Көріп тұрсың ғой, әзірге тірімін.

Театр адамы: Бірақ “әзірге” ғана...

Герострат: Ал бас не үшін берілғен? Сол “әзіргені” қалай шексіз соза беруді ойлау керек.

Қабырғаның ар жағынан айқай-шу, алысқан дыбыс естіледі.

Театр адамы: Сенің ойлануға уақытың қалмады ма деп қорқамын, Герострат. Тобыр есіктің аузында тұр. Олар түрмеге лап етіп кірді!.. Осында келе жатыр...

Герострат: (Қорыққанынан) Олардың хұқы жоқ! Бұл бас- бұзарлық. (Айқайлайды.) Ей, қарауыл! Сарбаздар! Көмектесіңдер! (Ары-бері аласұрады.) Бірдеңке істеші, алдағының адамы!

Тоқтатшы аналарды!

Театр адамы: Менің араласуға хақым жоқ.

Герострат: Бірақ бұлай болмайды ғой. Заңдысақтау керек қой.

Театр адамы: Бұл сезді сенен естігеніме таңданып тұрғаным...

(Есік ашылып үш қала тұргыны кіреді.)

Герострат: Кімсіңдер? Не керек сендерге?

Бірінші тұрғын: Шық, қане!

Герострат: Сендер бұл үшін жауап бересіңдер, мисыз малғұндар! Маған қол ұшын тигізіп көріңдер...

Үшінші тұрғын: Мынау не деп лағып тұр?!Байлап таста!

Екінші тұрғын: (Геростратқа жақындап) Шық, Герос­трат, ең болмаса өлімді лайықты қарсы ал.

Герострат: Кім сендерге ырық берген? Малғұндар! (Жыларман.) Маған тимеңдерші. Өтінемін сендерден...

Екінші тұрғын: (Геростраттың иығына алаңанын қойып) Кеттік. (Тез басып Клеон кіріп келеді. Ол елулердегі, ұзын бойлы, ақ басты. Қызыл өрнегі бар қымбат ақ плащ тәрізді гиматий киген.)

Клеон: (Әмірлі үнмен қалалықтарға) Қалдырыңдар оны! (Клеонды көрген қалалықтар оған бағынып, Геростратты қалдырады.) Сендер кімсіңдер?

Бірінші: Біз - Эфестің азаматтарымыз.

Клеон: Аттарыңды айтыңдар?!

Екінші: Оның керегі қанша, Клеон? Біз қарапайым адамдармыз. Мен - тас қалаушымын, ол - құмырашы, ал анау - шаштараз.

Клеон: Дегенмен, аттарыңды неге айтқыларың келмейді?

Екінші: Біз өз атымыздан сейлеп тұрған жоқныз, архонт. Бізді халық жіберді.

Клеон: Халық не тілейді?

Бірінші: Халық Геростратты соттағысы келеді.

Клеон: Сот мен белгілеген куні - ертең не арғы күні болады.

Бірінші: Халық көтеріліп тұр. Ертеңге қалдырудың реті жоқ деп есентейді...

Үшінші: Мына оңбағанға қолымыз қышып тұрғаны!..

Клеон: (Зілмен бөліп) Мені өзінің архонты етіп сайлаған сол халық. Әлде енді эфестықтар үшін Клеон ешкім болмай қалды ма? Онда қайтадан сайлау өткізіңдер! Ал әзірге, мен жоғарғы судья болын тұрғанымда, қалада заң мен тәртін қатаң сақталады! Сендерді жіберген тобырға солай деп айтыңдар.

Б і р і н ш і: Біз бұл сөзіңді жеткіземіз. Бірақ халық қандай әрекетке баратынын болжау қиын.

Клеон: Сотсыз әрекетке жол бермеймін! Бәрі заңды болуы керек. Ал занда: “Қылмыскерді кім сотқа дейін өлтірсе, өзі өлім жазасына кесіледі” деп жазылған. Бұл шешімді халық жиналысы қабылдаған, әзірге ешкім күшін жойған жоқ. Геростраттың лайықты жазасын алатынына ант етемін! Сендер менің сөзіме сенбейсіңдер ме?

Е к і н ш і: Біз саған сенеміз, архонт... Сен бізді ешуақытта алдаған емессің.

Б і р і н ш і: Бұл жолы да сөзіңде тұратын бол.

Ү ш і н ш і: (Геростратңа) Біз сенімен есептесеміз!

Қала тұргындары кетеді. Клеон мен Герострат бір-біріне біраз уақыт үнсіз қарайды. Клеон - сабырлы, тіпті, ептеген қызығушылық байқатады. Ал үрейден айыққа нГерострат өзін өр ұстап тұр.

Герострат: Клеон!

(Клеон үнсіз.)

Армысың, Клеон! Немене, Эфестің азаматымен амандасуға арланып тұрсың ба?

(Клеон үнсіз.)

Жарайды, үндемесең үндеме. Бірақ мұның ақымақтық. Өйткені мені ізден келген сен, мен емес.

Клеон: Сөйлесеміз. Тек, саған әбден қарап алғым келді.

Герострат: Мені адам ден ойламаған шығарсың? Азу тісі ақсиған, әлде мүйізі арбиған бір мақұлық көрдің ғой, ә?

Клеон: Жоқ, мен сені шынында да осындай деп елестеттім. Бірақ безеу бет шығар деп ой лап едім?

Герострат: Неге?

Клеон: Әйтеуір солай ойладым.

Герострат: Жоқ, Клеон, менің бетім тап-таза, тістерім әннақ, тәнім сап-сау.

Клеон: Одан жағдайың жақсармайды. Қайта халің қиындай түседі. Ертең сенің күші тасыган дененді құрдымға лақтырады. Тілегенің де сол емес не, Геростор?

Герострат: (Ызамен) Менің атым Герострат! Өтірік ұмытып тұрсың.

Клеон: Сенің атың өшеді.

Герострат: Жоқ! Ғасырларга кетеді. Ал сені, Клеон, мені соттағаның үшін ғана есіне алатын болады алдағылар.

Клеон: Осынау жағымсыз міндетті атқарғаным үшін келер ұрпақ маган іш тартатын болар деп ойлаймын. Бірақ мәңгілік туралы былшылды доғарайық, Герострат. Сенің бір-ақ түндін өмірің қалды. Одан да өзің жайлы айт - кімсің, қайдан шықтың, сотқа бәрін білу керек.

Герострат: Бар ықыласыммен айтамын! Мен - Стратон ұлы Герострат, Эфесте туып өстім, азат азаматпын. Жасым отыз екіде, мамандығым дүкенші. Базарда балық, көгерін, жүн саттым. Екі құлым мен екі бұқам бар еді. Құлдарым қашып кетті, бұқаларым өлді. Өзім қайыршылық халге жеткен соң коммерцияңа түкірдім де, кәсіби храм өртеуші болып шыға келдім.

Клеон: Сенің сыбайластарың болды ма?

Герострат: Бәрін өзім істедім!

Клеон: Алдаймын деп ойлама, Герострат, онда шындықты саған қыл бұрау салып білуге тура келеді!

Герострат: Ант етемін, жалғызбын. Өзің ойлашы, мұндай даңқты кімнің бөліскісі келеді дейсің.

Клеон: Храмға қалай кірдің?

Герострат: Кәдімгідей, есігінен. Кешкетұрым келдім де, бір залында жасырынып қалдым. Ал абыздар кеткен соң түндо іске кірістім.

Клеон: Шайыр құйылған құмыраны храмға қалай білдірмей кіргіздің?

Герострат: Мен оны жасырған жоқпын. Бәрінің көзінше алып өттім. Абыздардың көкейін бай адамдардың әкелген бағалы сыйлықтары тесіп тұрады. Менің шытынап тұрған құмырама көздерін де салған жоқ.

Клеон: Сен мае па едің?

Герострат: Жоқ! Батылдық үшін бірер ұрттап қана алғанмын.

Клеон: Саудагер көршің сені базарда ес-түссіз құлаған дейді ғой.

Герострат: Бір рет емес, Клеон. Бірақ менің талма ауруым бар деген сөз емес ол. (Күледі.) Бүл өзі қызық тарих! Білесің бе, саудам жүрмей, өсімқорлар тамтығымды қалдырмаған кезде мен қандай жұмыстан болса да тайынбадым. Әйтеуір, жақсы төлесе болды. Біздің базарда балыққа су шашуға болмайтын заң бар. Шоршымасын әрі шын мәнінде қандай болса, сондай көрінсін дегені ғой. Бақылаушылар бұл заңды бұзған дүкеншілерге қатаң айын салады. Талыл қалуды мен сол кезде ойлап тапқанмын.

Балық жайманы аралап жүресің де, бір кезде корзинаға құлай кетесің. Дүкеншілер саған су шашады, сонда су балыққа да шашырайды... Бұл үшін дүкеншілерді не деп айыптайсың?

С.оның арқасында балық суланады, мен ақша табамын.

Клеон: Қулығың мықты екен.

Герострат: Бақылаушылар бәрібір біліп қойды, оларды алдап жүргенімізді. Содан мені жақсылап сойды.

Клеон: Таяқты көп жейтін сияқтысың?

Герострат: Болып тұрды. Адамдар өзінен ақылдыларды ісешірмейді.

Клеон: Адамдар өзін ақымақ санағандарды кешірмейді. Әйелің бар ма?

Герострат: Болған, ажырасып кеттік. Менің әйелім Теофила - өсімқор Крисиптің қызы. Ол қызы үшін маған он мың драхма берген еді. Жасауына қызығып, қармағына іліктім. Ақшамен бірге өзі ақымақ әрі көріксіз әйелдің де үйге ілесіп кіретінін ойламаппын... Бұл аз десең, тойымыз өткен соң тура төрт айдан кейін әйелім ұл туып алды. Мені алдап соққанын түсіндім де, сотқа бердім. Бірақ алаяқ Крисипп мені өзінің “бейкүнә” қызының басын тойдан көп бұрын айналдырып қойған деп соттарды сендіріп, процесті жеңіп шықты. Бізді ажыратқанымен, заң бойынша қызының жасауын он сегіз пайыз үстемесімен төлеуіме тура келді. Сөйтіп бұл алдампаз өз қызының ойнап қойғанынан да пайда түсірді.

Клеон: Мен сенің өмірде жолың болмаған адам екеніңді бірден түсінгенмін.

Герострат: Солайы солай. Менің егесте де, сүйек ойнағанда да, қораз төбелестіргенде де жолым болған емес.

Клеон: Енді соның бәрі үшін адамдардан өш алғың келді ме?

Герострат: Мен ешкімнен өш алған жоқпын, Клеон. Бірақ белгісіз біреу болып жүре беру жалықтырды... Аты шулы тағдырға лайық екенімді түсіндім. Міне, енді менің атымды әркім біледі.

Клеон: Бақытсыз бейшара. Бүгін бүкіл қала сенің есіміңді қарғыс айтын қайталайды.

Герострат: Мейлі!.. Бүгін қарғайды, ертең қызығады, бір жылдан кейін жақсы коретін болады. Ал бес жылдан соң аспанға көтереді әлі. Құдайларға қарсы шыққан адам оңай ма? Маған дейін кімнің батылы барды? Прометей ме?

Клеон: (Ашумен) Өзіңді онымен салыстырма, оңбаған! Про­метей құдайдан отты адамдарға сыйлау үшін алды. Ал сен болсаң қолыңа отты адамдарды тонау үшін алдың! Артемида храмы Эфестің мақтанышы еді. Біз оған бала кезімізден сүйсінетінбіз. Өйткені оның ербір мәрмәр сәнтіреуінде, әрбір әсем өрнегінде жүз жиырма жылдық адам еңбегі жатқанын білетінбіз. Естіп тұрсың ба, Герострат? Жүз жиырма жылдық еңбек! Ұрпақтар ауысып, шеберлер өз өнерін ұлдарына үйретті. Одан әрі шөберелеріне жеткізді.

Не үшін солай етті олар? Бір малғұн келіп, бір-ақ түнде беріп күлге айналдыру үшін бе? Жоқ, сен адамдарды жақсы білмейсің, Герострат. Олар сенің атыңды өшіреді, қорқынышты түсті ұмытқандай ұмытады.

Герострат: Оны көрерміз.

Клеон: Кормейсің! Сенің желкең ертең кешке жетпсмі қиылады.

Герострат: (Қоқиланып) Көреміз...

Клеон: Түсінбеймін, сен неге сенін тұрсың?

Герострат: Адамдарға, Клеон!

Клеон: Қандай адамдарға?

Герострат: Мәселен саған. Сен жаңа ғана мені өлімнеп құтқардың ғой.

Клеон Геростратқа күдікпен қарайды да, содан соң ештеңе түсінбей иығын бір қиқаң еткізіп шығып кетеді.

Театр адамы: Сен шынында да үмітіңді үзген жоқсыңба, Герострат?

Герострат: Әрине. Бұл женінде халық даналығы былай дейді: Ақшаңнан айырылсаң, тәжірибе аласың, әйеліңнен ай ырылсаң, бостандық аласың, денсаулықтан айырылсаң, қанағат табасың... Бірақ ешуақытта үмітіңді үзбе, үмітің үзілсе, бәрінен айырыласың!

Театр адамы: Сені өлтіреді. Оқиға қисыны...

Герострат: (Сөзін бөліп) Қисыныңды қалтаңа салып қой. Қисынның келмей қалатын кезі де болады. Одан да сен мынаны айтшы, алдағының адамы, мені храмның қасында, одан соң қазір түрмеде неге өлтірмеді?

Театр адамы: Адамның адамгершілігі деген бар...

Герострат: Олардың адамгершілігі болса, неге мені ертең өлтіргісі келеді?

Театр адамы: Сен адамдарга қайғы әкелдің, намысын қорладың, сол үшін жазалануың керек.

Герострат: Былжырақ. Ұрланған әйелі үшін гректердің Трояны талқандан, трояндықтарды қырғанында қандай әділгеттілік бар? Бұл қатыгездігін қандай қисынмеп түсіндіресің? Ал сен мынаны қара, уақыт өткен соң Гомер оларды “Иллиадасында” жырлады. Жоқ, қисын емес, күш керек. Күшімді сезінуге мүмкіндік берші, мен оқиғаларыңды да, адамдарыңды да үршықша иіріп басқарамын. Ал содан соң болғанның бәрін философтар ақтап жатады.

Театр адамы: Мүмкін. Бірақ бәрібір о дан кейін басқа философтар келеді де, ақиқатты қалпына келтіреді.

Герострат: (Мазасызданып) Сенімен салғыласатын уақытым жоқ! Әлгі алаяқ Крисипп қайда? Күттіріп қоймай, алып кел...

Театр адамы: Мен саған қызмет ету үшін жүрген жоқпын мұнда. (Бір шетке шығып, оқиғаяы одан әрі бақылайды. Кри­сипп кіреді. Толық қарт адам, қоңыр гиматий киген.)

Герострат: (Қуанып) Келдің-ау, әйтеуір. Сәлем саған, Крисипп!

Крисипп: Қанша жұмысбасты болсам да, сенің бетіңе былш еткізіп түкіріп, рахатқа белену үшін келдім.

Герострат: Түкір! Мен қазір оған да төземін.

Крисипп: Шын айтып тұрмын. Жұмысым көп екенін жақсы білесің ғой. Бүгін Криттен тауар келді, оны барып түгендеу керек. Базарға соғамын, ақша айырбастаушыға да бас сұғамын. Одан әрі сотқа кіремін: бүгін маған қарыздар екі адамды соттайды, содан соң парсы саудагерімен іскерлік кездесуім бар... Бірақ әйелім: “Крисипп, барлық жұмысыңды жиып таста да, барып Геростраттың бетіне түкір” деп жата жабысты. Сүйікті әйелімнің етінішін қалай орындамаймын. (Геростраттың беті­не түкіреді.)Бұл әйелімнен!

Герострат: (Сүртініп) Жақсы! Енді қызыңның атынан да түкір, содан соң шаруаға көшейік.

Крисипп: Қызым көзіңді ағызып, тіліңді жұлып алуды өтінді.

Герострат; Мұнысы жарамайды. Мен сені көруім және әңгімелесуім керек.

Крисипп: Арамызда қандай әңгіме болмақ, адамның жексұрыны?

Герострат: Мәселе ақша туралы, Крисипп. Немене, бұл әңгіменің тақырыбы бола алмай ма? Мен саған жүз драхма қарызбын.

Крисипп: Әрине, қарызсың. Бірақ енді оны қалай қайтарасың? Сен жүзі қара қарызыңды қайтармау үшін өртеген шығарсың храмды?

Герострат: Мен сол қарызымды қайтарғым келеді.

Крисипп: (Таң қалып) Мұның енді адамгершілік. Сірә, ұятыңның бір жұрнағы бойыңда әлі жүрген-ау. (Қолын созады.) Әкел.

Герострат: Жанымда қазір екі-ақ драхмам бар, оның өзін түрмешіге беруім керек.

К р и с и п п: Онда мен қызыма берген уәдемді орындаймын. Басқа әңгіме керек емес.

Г ерострат: Асықпа! Мен борышымды қайтарамын, тіпті, сенің түсіңе де кірмеген өсіммен қайтарамын. Мен саған мынаны сатқым келеді... (Папирус орамасын шғгарады.)

К р и с и н и: Мұнда не бар?

Герострат: Геростраттың жазбалары! Әлемдегі ең ұлы храмды өртеген адамның мемуары. Мұнда бәрі бар: өмірі, өлеңдір, философиясы.

К р и с и п п: Бұл қоқысың кімге керек?

Герострат: Аңымаң, мен саған тап-таза алтын ұсынып отырмын. Сен мұны көшіруге бересің де, әрбір ораманы үш жүз драхмадан сатасың.

К р и с и п п: Алтыныңмен артыңды сүрт. Мына мазасы кеткен заманда кітап сатын қарық болған кімді көрдің? Адамдардың құлқыны тоймайтын болды, ал кітап оқып, жан азығын жинайтындар аз. Кітап сататындар күндерін әрең көріп жүр Эсхилді ешкім алмайды. Аристофан, әйтеуір, арзанға өтіп жатыр. Аристофаның не, қойма біткенде Гомер үйіліп тұр. Ұлы Гомердің өзін ешкім оқымайды! Сонда сенің сандалбай шығармаларың кімге керек? Кім алады оны?

Герострат: Ақымақсың, Крисипп! Кешір мені, бірақ сем нағыз есуассың! Мүндай келте ойыңмен осы уақытқа дейін қайыршыланып қалмағаныңа таңғаламын? Шарап пен сүтті қалайша теңестіруге болады? Мен саған мылжың мифтерді емес, “Эфос тегі Артемида храмын өртеп жіберушінің жазбаларын” ұсынып тұрмын ғой! Мұндай кітапты қолдан қолға тигізбейді. Ойлан, Крисипп! Мен сияқты сойқанның ойлары кімді қызықтырмаіі ды? Қызық қуғандар мұның әрбір жолын тамсанып тұрып талғайды! Талғайды да, тамақша жұтады. Мен оның әйеліне қалай оқып бергенін көріп тұрмын, ал әйелі болса, үрей мен шаттықтан ыңырсиды.

Крисипп: (Ойланып)Қала басшылары сенің кітабыңды сатуға тиым салады.

Герострат: Онда тіпті жақсы! Бағасы шырқап көтеріледі.

К р и с и п п: Ел айтып жүргендей ақымақ емес сияқтысың... Жарайды, әкел!

Герострат: Нені әкел дейсің? Нені?

Крисипп: Қарызыңды төлеймін деген жоқсың ба? Жазбаларыңды сол үшін аламын.

Герострат; (Ашуланып) Немене? Менің мәңгілік туындымды жүз-ақ драхмаға алмақсың ба? Ұятың қайда? Бұл - түпнұсқа, өз қолыммен жазылған. Мың драхмадан кемге бермеймін!

К р и с и п п: Мың? О,қүдайлар, мынаның шынында есі ауысқан екен! Мың драхмаң не, ей!

Герострат: Жарайды, мен саған жүз драхма қарызбын ғой. Демек, тоғыз жүз бересің. Келістік пе?

К р и с и п п: Қайдағы келісім?! Мұндай күдікті тауар үшін мұншама ақша телеуге кім келіседі?

Герострат: Ендеше өз бағаңды айт?

К р и с и п п: Менің бағам? Менікі... Тыңдашы, осы саған ақша неменеге керек? Ертең өлесің гой.

Герострат: Онда шаруаң болмасын. Мен сатамын- сен аласың, демек, төле!

К р и с и п н: Марқұмга қолма-қол ақшаның қажеті қанша? О дүниеде күміс ақша жүрмейді.

Герострат: Оған сен басыңды қатырма дедім гой. Бағасын айт.

К р и с и п п: Жарайды, мейірімділігімнен ғана, жай қызық көргенімнен, қол боста бірнәрсе оқуым керек қой, әйтеуір... жүз елу драхма!

Герострат: Қайқай, Крисипп! (Папирусын живайды.) Бар, бара бер... Жұмыртқаңның жүнін қырқып сата бер. Несиеге берген ақшаңның үстінен бір пайыз тағы әндіресің. Бірақ миллиондарды уысыңнан шығары алғаныңды түсінгенде шашыңды жұлуды ұмытпа. Мен тап қазір өсімқор Менандрды шақыртамын. Ол маған тұп-тура бір жарым мың телейді...

Крисипп: Бұның енді әділетсіздік. Қанша дегенмен екеуміздің туыстығымыз бар ғой. Бүрынгы болса да, күйеу баламсың.

Герострат: Менің байлыгымды сот арқылы сыпырып алғаныңда сол туысқандық сезімің қайда еді? Қайқай, Крисипп!

Крисипп: Екі жүз!

Герострат: Күлкім келіп тұр.

Крисипп: Екі жүз елу.

Герострат: Сараңданба, Крисипп! Мен саған аса данышпандық шығарма ұсынып тұрмын. (Папирусты алады.) Тыңдап кар. қиды) қараңғылығына оранған Эфес қалың ұйқыга кетті. Әйел құдай храмында қолыма шайыр мен факел ұстап мен ғана тұрмын! Содан да денемді аяз қарығындай!

Крисипп: Үш жүз!

Герострат: «О, Герострат! - дедім мен өзімді өзім қайрап - Қайтпа, қайсарлық көрсетіп, ойлағаныңды орындап шық!»

К р и с и п п; Сен шектен шығып барасың, төрт жүз!

Герострат: Қолымдағы факел аспандағы күндей жарқ жанды. Сейтіп Артемида құдай әйелдің бейнесіне сәуле түсірді (Крисипке) Жеті жүз!

К р и с и п п: Төрт жүз елу, Герострат, одан көп бере алмаймын.

Герострат: “Тыңда мені, әйел құдай!” - деп айқайладым мен тас мүсінге. Мені тыңдап тынышың кетсін де... (Оқуын тоқтатып) Жарайды, бес жүз бер! Келістік не?

К р и с и н н: (Күрсініп) Келістім... (Мазаңтап) “Мүсінге!" Жазғыш-ақ екенсің.

Герострат: Осы да жарайды. Әкел ақшаңды!

К р и с и н п: Жанымда ештеңе жоқ еді. Папирусыңды бер, үйге барып келейін...

Герострат: Қуланба. Сен сияқты саудагер көшеге әмиянсыз шықпайды.

К р и с и п п: (Сипаланып) Ант етейін, ештеңем жоқ.

Герострат: Қолыңды сілкілеген сайын сыңғырлап тұрсың!

К р и с и п п: (Басылып) Жарайды! Менің ақшама қақалып өл, қарақшы! (Геростратқа монеталарын санап беріп, папирусты алады.) Ай, күйіп қаламын-ау, сенің шығармаңнан...

Герострат: Өзіңді өзің алдама, Крисипп... Сен бір драхмаң жүз драхма болып қайтатынына көзің жетпесе, еш уақытта келісім жасамайсың.

К р и с и п п: (Папирусты тығып) Комплиментіңе рахмет. Жалпы сенің миың жаман пішілмеген, Герострат. Бұрын маған ешқандай идея сыйламағаның өкінішті-ақ.

Герострат: Бұрын сен мені тыңдамас едің, Крисипп. Бұрын мен сен үшін қалтасы жұқа күйеу бала ғана болатынмын. Ал қазір храм өртеуші деген атағым бар.

Крисипп: Жоқ, сен аса ақымақ емессің. Белгілі дәрежеде... (Кетеді.)

Герострат: (Артынан айқайлап)Тезірек көшірт, Крисинп! Қазір әрбір минут есепте... қшаны сыңғырлатып) Міне, алғашқы... қадамым құтты болды... {Айқайлайды.) Ей, түрмеші! (Түрмеші келеді.) Екі драхмаңды ал! Тағы үшеуі - адал қызметің үшін.

Түрмеші: (Алып тұрып)Дегенмен мырза екенсің, малғұн.

Герострат: Егер мені қорлағаныңды қойсаң, тағы екі драхма беремін.

Т ү р м е ш і: Келістік.

Герострат: Ал менің енді бір тапсырмамды орындасаң, елу драхмаға ие боласың.

Т ү р м е ш і: Не істеу керек, айт...

Герострат: Мына әмиянды көріп тұрсыңба? Толған күміс, осыдан өзіңнің елуіңді санап аласың да, қалғанын Дионисия шарапханасына апарасың.

Т ү р м е ш і: Эфестің бүкіл маскүнемдері жиналатын жер ғой.

Герострат: Ақшаны соларға бересің ішсін.

Т ү р м е ш і: Мұнша күмісті адам кейпінен шығып, азғындап кеткендердің құр сиіп тастауы үшін бересің бе? Обал емес пе?

Герострат: Онда шаруаң болмасын. Бар, күмістібер де, өрт салғыш Герострат денсаулығым үшін ішсін деп өтініш айтты де. Мені алдап, бар ақшаны пайдаланып кетемін деп ойлама, түрмеші. Ант етемін, олар менің демеушілік көрсеткенімді бәрібір біліп қояды. Сол кезде мойныңды бұрап, басыңды жұлып тастайды! Ұқтың ба?

Түрмеші: (.Әмиянды алып) Ойың не, Герострат?

Герострат: Ойың не дейсің бе, түрмеші? Мен Клеонға адамдарды тым жаман білмейтінімді дәлелдегім келеді...

ЕКІНШІ КАРТИНА



Билеуші Тиссаферн сарайының залы. қоңыр қошқыл патша киіміне малынған Тиссаферннің өзі биік ағаш тағында. жартылай жатыр. Алдындағы кішкентай үстелге жеміс-жидек пен шарап қойылған. Тиссаферн жүзімді үзіп жеуде.

Театр адамы: Әмірші Тиссаферн, сен толқып отырмысың?

Тиссаферн: Неге олай деп ойлайсың?

Театр адамы: Саған мінездеме берген тарихшылардан оқыдым. Толқыған кезінде араны ашылып кетеді деп жазыпты.

Тиссаферн: Өзім байқамадым. (Жүзімнің сабағын аузына салады да, өз әрекетін байқап, Қайтадан түкіріп тастайды.)Тфу! Тамақты да тыныш ішкізбейді. Тарихшы мен ақын біткенің өріп жүр сарайда, қимылыңды қалт жібермей жазып қалдырғысы келеді.Бүгін таңертең арқам қышып, тіреуге сүйкендім. Иығымды енді үйкелей беріп едім, қайдағы бір шежіреші қайдан көре қалғанын, орамасын жайып, жазайын деп жатыр. Не айтасың бұларға? Өмір емес, азап!

Театр адамы: Түсінемін.

Тиссаферн: Оларды желкесінен түйгіштеп қудырар едім, Клементина қорғаштайды. Ол ұлылық ауруымен ауырған. Біздің иығымыздағы ең ауыр жүк осы боп тұр. Клементина күнде таңертең мені: “Тұр, Тиссаферн, тарих күте алмайды”, - деп оятады. Тарих тоқтамай зулайды екен деп, мен ұйқымды қандырмауым керек пе?

Театр адамы: Сен Эфестің әміршісісің ғой.

Тиссаферн: Қатынынан әмірші де қайқаңдап кетеді. Оның үстіне қартайдым, ал ол жас, мен - парсымен, ол - грек. Күйеуін уысында ұстау жәнінен грек әйелінен асатын әйелді көрмедім. Гректердің өздері оларға қалай үйленетініне таңым бар? Тіпті, данышпан Сократтың өзін әйелі алақанында ойнатып, бүкіл қалаға күлкі еткен.

Театр адамы; Қатты мазасызданып кеттің...

Тиссаферн: Күн сайын тосын оқиға туып жатса, қалай мазасызданбайсың. Мен патша емес, тек сатрап екенімді ұмытпа. Парсы патшасына бағыныштылығымды көрсетін, Спартамен келісімде өмір сүріп, Афинымен қарым-қатынасты үзбей, Фиваны қалтқысыз бақылап, Македониядан, тіпті, бәрінен сақтануға тиістімін. Міне, маған сеніп тапсырылған қаланың хра­мы қандай қиын кезде өртенді! Бұл не - сырттың бүлдіргісі ме, әлде іштен ұйымдастырылған ба?

Театр адамы: Мұны мен әзірге білмеймін...

Тиссаферн: ұңайып) Мен өмірден шаршадым, көгершінім. Жасымда батыл да, батыр да едім, қалың қолды ұрысқа бастап кіретінмін. Гректер менің атымды естігеннен- ақ дір-дір ететін. Енді қартайдым, дәрігерлер орынсыз ашуланба, тамақты көп жеме дейді. (Жүзімнің сабақтарын аузына тығады.)

Театр адамы: Саған Клеон келді.

Тиссаферн: (Қуанып) Күткенім сол еді, кірсін! (Театр адамы кетуге бет алады.) Сен қала бер, өтінемін.

Театр адамы: Неге?

Тиссаферн: Ақылың бар сияқты, кеңесіп отырамын... Қажет кезінде данышпандардың өсиет сөздерін есіме түсіресің. Қазір мен маңызды шешім қабылдаймын.

(Театр адамы сахнаның бұрышына отырады. Клеон кіреді.)

Клеон: (Бағыныштылықпен иіліп) Армысың, Тиссаферн! Эфестің архонт-басилейі саған сәлем береді.

Тиссаферн: Бар бол, Клеон! Сеңі күте-күте тағатым таусылатын болды. Түрмеге соқтың ба?

Клеон: Ия.

Тиссаферн: Онда, баянда. Бұл ұйымдасқан, сыбайлас қылмыс па?

Клеон: Жоқ, Тиссаферн. Храмды өртеген жалғыз адам.

Тиссаферн: Құдайлар қолдасын. Бір адам болса, жарасы жеңіл. Қандай ессіз екен?

Клеон: Осы Эфестің тұрғыны, Герострат деген бұрынғы бақалшы.

Тиссаферн: Грек пе?

Клеон: Ия.

Тиссаферн: Өзім де солай ойлап едім.

Клеон: {Сэл ренішпен) Бұл сөзіңді қалай түсінуге болады, Тиссаферн? Оның парсы, скиф, мысырлық, тіпті, кез-келген болуы мүмкін еді ғой.

Тиссаферн: Бірақ ол - грек.

Клеон: Мен де грекпін! Эфестің көпшілік тұрғыны - гректер. Бірақ бір жексұрын үшін халық жауапты емес.

Тиссаферн: Әрине, әрине, қадірлі Клеон. Ашуланбай-ақ қой. Мен бүкіл гректердің шамына тиейін деген жоқпын. Жәй, өрт салғыштың грек екеніне сенімді болдым. Эфес Персияның иелігіне өткелі грек патриоттарынан нені де болса күтуге бола­ды!

Клеон: Геростратта қайдағы патриотизм?! Ол патриот бол­са, ең алдымен парсы әскері тұрған казармаға ерт қояр еді. Немесе сені өлтіруге әрекет жасайды.

Тиссаферн: (Жүзімді түрткілеуін жалғастырып) Ия... Мұны неге істеді екен ол?

К л е о н: Өз есімін мәңгілік қалдыру үшін.

Тиссаферн: Қызық екен...

Клеон: Түк те қызық емес. Әншейін алғашқыда солай көрінеді. Бұл әрекеттің аржағында сұмдық жатыр. Бұл бүкіл адамзатқа жасалған лаң, Тиссаферн.

Тиссаферн: Бәрібір қызық. Өмірімде бұл сияқты ештеңе естіген жоқпын. Ол өзінің өлім жазасына кесілетінін сезе ме?

Клеон: Оның есі бүтін.

Тиссаферн: Сонда өлімнен қорықпай ма?

Клеон: Дөл осыны түсінбедім. Менімен сөйлескенде өзін тәуелсіз әрі айбынды ұстады. Ал өз қылмысы туралы Герострат тура ұлы дүние тудырған жазушыдай айызы қана әңгімелейді.

Тиссаферн: Өте қызық екен. Сен мені оған одан әрі ынтықтырып барасың, Клеон. (Кенеттен сәнтіреулердің біреуіне бұрылып айқайлайды.) Клементина, жасырынғаның жетеді!

Келіп, біздің досымыз Клеонның не айтып жатқанын тыңда. (Сәнтіреудің артынан Клементина шығады. Ол өзін байқап қойғанына сәл ыңғайсызданатын сияқты.)

Клеон: Эфес әміршісінің әйеліне сәлем бердім.

Клементина: Армысың, Клеон! (Тиссафернге)Мені тығылып тұр дегенді қайдан шығардың? Залдан өтіп бара жатыр едім, сандалымның бауы шешіліп кеткені.

Тиссаферн: Аяғыңа кигенің әлемдегі ақылды сандалетип екен, Клементина. Тура осы залда қызық бірдеңе айтылып жіп ңанда шешіліп кетеді.

Клементина: Сен мені тың тыңдады демексің бе?

Тиссаферн: Олай демеймін, қайта алғыс айтамын. Менің сөздерімнің сенің құлағыңа қалайда жететінін білгендіктеп, әрқашанда ақылды сөйлеуге тырысамын. Сонымен, өрт туралы не айтасың?

Клементина: Бұл сұмдық қой. Тек, бұл арамза храмды атын шығару үшін ғана өртемеген сияқты.

Клеон: Өзі маған солай деп мойындады.

Клементина: Сіз - судьясыз, Клеон, айыпкер сізге ешуа қытта шынын айтпайды.

Тиссаферн: Сен сонда мұның басқа себебі бар деп ойлай сың ба?

Клементина: Иә! Ол мұны сәтсіз махаббатының салдарынан істегеніне сенімдімін!

Клеон: Олай деп ойламаймын. Герострат бұрынғы әйелін жек көреді.

Клементина: Әңгіме өз әйелінде емес, қадірлі Клеон. Өз әйелі үшін ешкім де храм өртемейді. Жоқ, бүнда басқа сыр бар. Бұл адамды мұндай күйге жеткізген қайтарымсыз ғашықтық. Ол туралы тергеу кезінде ешкім айтпайды, мұндай құпияны өзімен бірге о дүниеге алып кетеді. Қазір бір жерде Геростраттың махаббатын кері тепкен әйел шашын жұлын еңіреп отыр. Ол өзінің “жоқ” деп айтқанына өлердей өкінеді! Бірақ содан да жан тереңіндегі бақытты сезініп, өзін тәкаппар ұстайды. Men мұны қызғанамын.

Тиссаферн: Қызғанасыңба?

Клементина: Әрине, мен үшін ешкім храм өртеген жоқ.

Тиссаферн: Менің әйелім ешкімді күндемеуі керек! Одан да өртті ұнататыныңды осы уақытқа дейін маған неге айтпадың? Мен сен үшін өрт салар едім ғой, Клементина!

Клементина: Жоқ, сүйікті Тиссаферн. Сен мен үшін көп болса екі-үш үйді өртерсің, бірақ мен үшін өлімге бас тікпейсің ғой.

Тиссаферн: Әрине, тікпеймін! Сүйген әйеліңді жесір
қалдыруға болмайды.


Клеон: Меніңше, Эфес әміршісінің құрметті әйелінің айтқаны артықтау. Ол мөлдір, таза жан болғандықтан сезімге
беріліп, бұл сойқанның салдарын жете түсінбей тұр. Ол Геростраттан ізгілікті есуасты көргісі келеді, бірақ ол бар болғаны өзін
ессіз сүйетін маньяк қой. Күшті махаббат иесі храмдар тұрғызады, оны өртемейді.


Тиссаферн: Дұрыс айтасың! Сондықтан да бұл қаскүнем
ертең өлтірілуі керек!
(Театр адамына бүрылады.) Осы жерде
маған бір нақыл сез керек болып тұрғаны...


Театр адамы: Софокл қалай?

Тиссаферн: Не деп еді?

Театр адамы: “Құдайлар жаратқан әлемде әділдік бар, ал
жауыздықтың артында кек алушы бар!”


Тиссаферн: Жақсы! “Құдайлар жаратқан әлемде әділдік бар, ал жауыздықтың артында кек алушы бар!”

Клеон:Бұндай сөз данышпанның ғана аузынан шығады, әміршім.

Клементина: Шежірешілерді шақыру керек, бұл сөзді
сарай кітабына жазып қойсын.


Тиссаферн: Өкінішке орай, бұл сөзді ойлап тапқан мен
емес - Софокл.


Клементина: Тым кішіпейілсің, сүйіктім. Софокл сенің
айтар ойыңды аңғарып қалған ғой.


Тиссаферн: Солай ма?..

Театр адамы: Тиссаферн, саған Артемида храмының
абызы Эрита келді.


Тиссаферн: Жаны да күйді гой бейшараның, кірсін!

Клеон: Біз кетейік пе, әмірші?

Тиссаферн: Кетпендер. Бұл кемпірмен жеке сейлесу ылғи
да азап. Ал қазір шашын ж
ұлып, басын ұрып, талып түсетін
шығар. Шынымды айтсам, өзінен қорқамын.


Клементина: Эфес әміршісінің ешкімнен қорқуға хұқы
жоқ!


Тиссаферн: Бірақ бұл әйел құдайларға бәрімізден жақын
түр
ғой... (Эрита кіреді. Қаралы киінген. Тиссаферн тағынан
т
ұрып, алдынан шыгып, құрметпен қарсы алады.) Армысың,
Эрита! Эфестің әміршісі саған с
әлем беріп, өзіңмен бірге қайғырады!

Клеон: Армысың, Эрита! Қайғыңа ортақпыз.

Клементина: Сенің қайғың - бәріміздің қайғымыз, Эрита!

Э р и т а: (Аспанға арнап, бірақ елдің бәрі еститіндей етіп сөйлейді). Адамдарға қаралы күн келді! Қаралы күн! Мен құдайлардың Олимпке, қорқынышты сотқа қалай жиналғанын көріп тұрмын... Оу, адамдар, олардың кегінен қорқыңдар!..

Клементина: Эрита, біз олардан аяушылық тілеп, құлшылық етеміз.

Эрита: Артемида храмы енді жоқ. Ормандардың құдайы үй-жайсыз қалды! Мен оның үйін сақтай алмадым. Әйел құдайдың адал қызметшісіне бұдан өткен қайғы бар ма? Неге өлмедім? Отқа неге түсіп кетпедім? Менің мына басыма храмның қабырғасы құлағанда болатын еді. Мұндай сұмдықты көргенше, көзімді ағызып жібергенім жақсы болар еді. (Бетін тырнап жылайды.)

Тиссаферн: Сабыр ет, қадірлі Эрита! Өзіңді өзің қинама. Сен біздің жебеушімізсің ғой. Әйел құдай біздің кешірім сұрағанымызды тек сен арқылы ғана естиді.

Эрита: Әйел құдайға олай деп жалбарынатын бет жоқ менде. Оның үйіне қарақшыны кіргізгенім үшін кінәлімін.

Тиссаферн: Оның қарақшы екенін қайдан білуші едің, Эрита. Сен алтарьға мейірімді адам кірді деп сендің.

Эрита: (Долданып) Бүл жауызды тудырған адамзат тайпасын қарғыс атсын! Төбелерінен Зевстің найзағайы түссін!

Клеон: Құдайлардың жазасын бүкіл адамзатқа неге шақырасың, Эрита? Ел-жұрттың кінәсі жоқ!

Тиссаферн: Жоқ, Клеон, адамдардың айыбы бар, сол күнәсін жуып-шаюы тиіс. Мен әйел құдай мен оның абыздарының пайдасына Эфес тұрғындарынан жаңа салық жинаймын. Ал ана жексұрынды ертең қала алаңында о дүниеге жөнелтеміз!

Клеон: Солай болсын!

Тиссаферн: Тек жазаның ең аяусыз түрін табуымыз керек. Қалай ойлайсың, Клеон, қайсысы жақсы: дөңгелекпен пәршектеген бе, әлде дарға асқан ба?

Клеон: Әміршім, мұны ертең біздің сот шешеді. Бірақ мен бұл жазаның көрермендердің қызығына айналғанын қаламас едім. Атаққұмар Геростраттың тілегені де сол. Ұлы өлім. Бірақ оған лайықты емес ол. Сондықтан кәдімгі көшенің кәззабындай елеусіз соттау керек...

Тиссаферн: Дұрыс айтасың. Мен “Эфестің барлық тұрғындары Геростратты мәңгі ұмытсын!” деп тақтаға жаздырып, қала алаңына іліп қоюға бұйрық бердім.

Клеон: Бұлай етсең, қайта қылмыскердің есімін мәңгі қалдырасың. Ешқандай бұйрықтың керегі жоқ. Сонда адамдардың жадынан өзінен-өзі шығып кетеді...

Тиссаферн: (Ыңғайсызданып) Coлай екен-ау. Мен мұны ойламаппын. (Театр адамына бұрылып) Мына Клеон мені қайта-қайта түзетіп бітті ғой. Бір ой берші...

Театр адамы: Еврипидтен: “Құдіретті патшаларға билік жер бетінде әділеттік орнату үшін берілген!”

Тиссаферн: Алысқа сілтеп жіберген екен, дегенмен... “Құдіретті патшаларға билік жер бетінде әділеттік орнату үшін берілген!” Еврипид осылай жазған, мен де солай істеймін. (Маңызды дауыспен) Архонтбасилей Клеон, сотты ертең бастауды бұйырамын!

Э р и т а: Эфестің әміршісі, мен сотты кейінге қалдыруыңды сұранып келдім.

Тиссаферн: Не?

Э р и т а: Храмның... бүрынғы храмның барлық қызметшілері атынан... (Жылап алады да, ньщ сөйлейді.)Әйел құдай храмының барлық қызметшілері атынан Геростраттың сотын кейінгі қалдыруыңызды өтінемін.

Тиссаферн: Себебі бар ма?

Э р и т а: Аңшы Актеон Артемиданы кездейсоқ жалаңаш күйінде көріп қалғанда, әйел құдай қатты қаһарланып, оны бұғыға айналдырып жіберген. Сонда иттері аңшының өзінің пәршек-пәршегін шығарған.

Тиссаферн: Естіген аңызым. Онда не тұр?

Э р и т а: Геростратты әйел құдайдың өзі жазалайды. Ол жаза біздей әлсіз адамдар ойлап таба алмайтын аяусыз жаза болады.

Тиссаферн: Бүл мүмкін емес. Халық Геростратты тез арада жазалауды тал ап етеді.

Э р и т а: Халықтың ақылы келте, ал әйел құдай - данышпан!

Клеон: Герострат сол ел-жұртқа қайғы әкелді.

Э р и т а: Герострат ең алдымен әйел құдайды өкпелетті! Одан өш алуға әйел құдайдың өз құдыреті жетеді!

Тиссаферн: Эрита, біз әйел құдайдың құдыретіне күмән келтірмейміз, бірақ түсінсеңші, заң бар...

Эрита: Заңдармен патшалар басқарады, ал патшалар құдай­дың құзырында, мұны ұмытпа, Тиссаферн.

Клеон: Арттық айтсам кешір, Эрита, Герострат храмды өртеп жатқанда, әйел құдайдың өз құдыретімен ара түспегені саған түсініксіз көрінбей ме? Ана жексұрын храмның қабырғаларын майлап жатқанда қайда қарады? Қасиетті садағымен көздеп атпады ма? Әлде орман құдайының тап сол кезде қолы тимей, қылмыскерді көрмей қалды ма екен?

Э р и т а: Күпіршілік қылма, Клеон! Құдайлардың ойын оқу өлімділердің қолынан келмейді! Мүмкін, олар бізді сынағысы келген шығар?

Клеон: Онда біз бұл сынақтан сүрінбей өтуіміз керек. Қүдайлар адамдарды жаратқанда ақыл мен ар-ұят берді. Бұл екеуіне салсаң, қылмыскерді соттау керек!

Э р и т а: Мен сот болмасын деп тұрған жоқпын, тек, кейінге қалдырылсын деймін. Осыдан екі сағат бұрын біздің храмның қызметшілерінің бірі Дельфтегі құдайлармен тілдесетін абызға аттанып кетті. Геростраттың ендігі тағдырын абыз құдайлардан сұрап білсін. Содан соң олардың үкімін бізге айтып келеді.

Клеон: Дельфтік абызға?! Дельфке дейін он тәуліктік жол. Қайтуы тағы он тәулік, онда да жел оңынан тұрса. Демек, сотты бір айсыз белгілей алмаймыз. (Тиссафернге) Әмірші, Эфестіц халық құрылтайы атынан, қаланың барлық тұрғындары атынан мен қылмыскерді күттірмей жазалауды талап етемін!

Э р и т а: (Тиссафернге) Әмірші, құдайлардың қызметшілері атынан мен кейінге қалдырылуын талап етемін!

Клеон: Халықты қоздырма, Тиссаферн!

Э р и т а: Құдайлардың көңіліне тиме, әмірші!

Клеон: Герострат - қауіпті адам, Тиссаферн. Ол айлакер жауыз.

Э р и т а: Олимп жебенп тұрғанда эфестіктердің қорқатын түгі жоқ.

Тиссаферн: Тыныш. Бастырмалатып барасыңдар ғой. (Жүзімді қомағайлана жейді.) Клементина, неге үндемейсің? Сенде кеңес бер.

Клементина: Сен шешім қабылдап қойған жоқсың ба, Тисаферн? Өз сөзіңде тұруың керек.

Э р и т а: (Ызамен) Әміршінің әйелінен кеңес сұрағаны келіспейді.

Клементина: (Ызамен) Ері жұбайымен кеңесіп жатқанда бөтен әйелдің киліккені де келіспейді.

Тиссаферн: Тоқтатыңдар! Менің ойлануым керек. (Ойланып отырып жүзім жейді.)

Клементина: (Театр адамына ақырын) Сен Геростратты көрдің бе?

Театр адамы: Кердім.

К л е м е н т и н а: Ол көрікті ме?

Театр адамы: Түрі тартымсыз емес.

Клеме н т и н а: Жас па?

Театр адамы: Жас. Мұны неге қазбалап сұрап тұрсың?

Клементина; Жәй, әйелдік әуестік қой баяғы...

Клеон; (Тиссафернге) Не шештің, әмірші?

Тиссаферн: Мен бұл істі кәдімгі дауыспен шештім. Кейінге қалдыруды жақтайтын біреу - Эрита, тез арада өлім сұрайтын екеу - Клеон мен Клементина.

Эрита: Өзің ше?

Тиссаферн: Мен қалыс қалдым. Сонымен шешілді: Өлім!

Клементина: Қоя тұршы, Тиссаферн. Мен ойымды қайтып алдым. Шынында да сотты кейінге қалдыра тұрған дүрыс шығар? Қосымша ұтергеу жүргізу керек деп ойлаймын.

Клеон: Клементина, мұның қалай? Шешіміңді әр минут сайын өзгертесің бе?

Эрита: Құдайлар ақылыңды кіргізді сенің, Клементина. Мені Клеонның тоқтамы иландырмайды.

Клеон: Мені архонт етін сайлаған халық! Бұл атаққа еш уақытта кір келтірген емеспін...

Тиссаферн; Ей, ей, Клеон, менің әйелімнің сені ренжіткісі келмегені анық...

Клементина: Мен біздің архонттың сіңірген еңбегін жоғары бағалаймын, бірақ оның да қателесуі мүмкін. Сондықтан Геростратты тағы да тергеу керек деп есептеймін.

Тиссаферн: Жағдай езгерді. Тез арада өлтіруге - бір дауыс, қарсы - екі. Шешім; кейінге қалдырылды!

Клеон: Әмірші! Асығыс шешім қабылдама. Эфестің заңдарына қауіп төніп тұр!

Театр адамы: Тиссаферн, тоқта! Мені тыңда. Мен саған цитата емес, нақты кеңес берейін. Геростраттың сотын кейінге қалдыру қауіпті. Жазасын дер кезінде алмаған зұлымдық көктемеде еріген күртік қардай, тегеурінді тасқынға айналып кетуі мүмкін. Әміршісінің жалтақтығы қала үшін қымбатқа түсіп жүрмесін... (Сырттан айқай-шу естіледі.) Естимісің? Эфестің даусы сарайыңа жетті. Халық сенің сөзіңді күтіп тұр, Тиссаферн!

Тиссаферн: (Ашумен)Жетті Мен шаршадым, бар жүзімді де жен біттім... Сендер мені шатастырып жібердіңдер. Соңғы рет дауысқа саламын.

Клеон: Ертең өлтірілсін!

Эрита: Кейінге қалдыру керек.

Театр адамы: Өлтірілсін!

Клементина: Кейінге қалдырылсын!

Б а р л ы ғ ы: (Тиссафернге) Әмірші, шешіміңді айт! (Сарай терезесінің ар жағындағы шу күшейеді.)

Тиссаферн: (Тура тісі ауырған адамдай тыржиып) Шиебөрідей шулауын қарашы.

Клеон: Халық сенің шешіміңді талап етеді, әмірші.

Тиссаферн: Мен шешім қабылдадым: терезені жабыңдар! (Клементинаны қолтықтап, екеуі асықпай, аяңтарын маңғаздана басып, залдан кетеді.)

Үшінші картина

Бірінші картинадағы түрме камерасы. Мұнда Герострат. Сахнаның сыртынан міңгірлеғен дауыс пен мас адам айтқан ән естіледі. Теңселген турмеші кіреді.

Т ү р м е ш і: (Әндетіп) Даңқты Симеланың ұлы Дионис туралы ән шырқайын. Бір жолы ашық мүйісте отырғанынан оның бастайын...

Герострат: Келдің бе, әйтеуір, тасбақа! Алған ақшаңа жылдамырақ жүгіруге болатын еді ғой.

Т ү р м е ш і: (Әнін жалғастырып)Күші тасыған жас емес пе, сілкілеп бүйра шаштарын...

Герострат: Е-е, тойып алыпсың ғой, достым!

Т ү р м е ш і: Ия, Герострат, іштім! Ішкенімді жасырмаймын... жүзі қараға қызмет еткенде сау жүргеннің өзі ұят... Ұятыңа өртенбеу үшін ішіп алған дұрыс.

Герострат: Ұятың енді қинамай ма?

Т ү р м е ш і: Қинайды, деғенмен бұрынғыдай емес... Жалақым жетіп тұрса ғой, сен сияқтылардан көк тиын алмас едім...

Герострат: Саған ақшаны өзімді балағаттасын деп төлеген жоқ шығармын.

Т ү р м е ш і: Қойдым, қойдым, Герострат. Сені сондай сыбап алғым келіп тұрса да, қойдым.

Герострат: Сен бәрін орындадың ба?

Т ү р м е ш і: Бәрін.

Герострат: Қане, қалай болғанын баянда.

Т ү р м е ш і: Дионисияның шарапханасына келсем, Эфестің маскүнем біткені түгел жиналыпты. Біреулерінің ішкісі келіп ындыны құрып тұр, екіншілері басын жаза алмай жынданып кетуге бар. Әмиянды көрсеткенімде көздері жайнап, мені Дионистің өзі жіберген екен деп ойлады. Тіпті бетімнен сүйіп алғысы келгендері болды. Бірақ мен алдымен оларға сенің жібергеніңді айттым. Олардың ашуланып, сені қалай боқтағанын айтайын ба?

Герострат: Керегі жоқ, әрі қарай айт...

Т ү р м е ш і: Өкінішті-ақ. Айызыңды қандыратын сөздер еді... содан соң олар ақшаны не істейміз деп ойланды. Біреулері тіпті лақтырып жібермек те болды. Дегенмен, ішкісі келгендер көп еді. Содан бастап кеп жібердік. Әрине, сен туралы айттық.

Герострат: Не дедіңдер?

Т ү р м е ш і: Біз сені оңбаған шошқа дей келінп, өлім алдында ындыны қурап тұрғандарды ойлағанына қарағанда, мейірімнен де құралақан емес деп шештік...

Герострат: Тіпті ешкім де мені тамаша жігіт деген жоқ па!

Т ү р м е ш і: Олай деуге аздау болып қалды, Герострат.

Герострат: Оқасы жоқ! Айьш оңынан туып кетсе, әлі-ақ тойып ішетін боласыңдар, арамтамақтар. Сол кезде мені тама­ша жігіт деп атайтындарыңа сенемін.

Т ү р м е ш і: Әбден мүмкін. Ал сенің ақшаң бола ма?

Герострат: Сөз жоқ!

Т ү р м е ш і: Саған сенемін. Крисиптің бір қалта күмісін сауып алғаныңа қарағанда сиқырың бар-ау деймін. Ең бастысы, сенің арқаңда мен де мал тауып қалатын бол дым. Қақпаның сыртында біраз адам тұр. Сені бір көріп шығу үшін қанша сұрасам да төлеуге дайын...

Герострат: Солай ма? Қарсылығым жоқ. Бұл жұрттың назарының маған ауа бастағанының нышаны. Тіпті тамаша! Кімдер екен?

Т ү р м е ш і: Біразы алып-сатарлар, біреуі тас қалаушы, біреуі суретші, есімі Варнатий, ол вазаларды әшекейлейді және тағы бір әйел.

Герострат: Түу, бүтін бір экскурсия ғой!.. Әйелден бастайық, түрмеші. Қалай өзі, сұлу ма?

Т ү р м е ш і: Біле алмадым, бетін бүркеген адам.

Герострат; Ендеше, бірінші соны жібер!

Түрмеші: Құп болады! (Есі кіріп) Сен маған бұйрық бере бастадың ба, жексұрын?

Герострат: Несі бар? Менің бұйрықтарымның ақысы тәп- тәуір.

Түрмеші: (Шығып бара жатты)О,қүдайлар, менің айлығымды көтер деп неге бұйырмайсыңдар! Сатылған сайын жанымды жегі жеп барады... (Шығып, Клементинаның артынан кіреді. Клементина қара гиматий киіп, бетін шәлімен жапқан.) Көргің келген жауыз мынау.

Клементина: Рахмет саған, түрмеші. (Оған ақша береді.) Онымен оңаша сөйлесуге мүмкіндік берерсің?

Түрмеші: (Аңшаны санап) Сөйлесіңдер. Тек ұзақ емес, кезекте тұрғандар көп... (Кетеді.)

Г ерострат: Әйел, сені маған не айдап келді?

Клементина: Әуестік.

Герострат: Несі бар, жаман қасиет емес. Қызыққұмарлар болмаса, өмір дегенің көңілсіз болып кетер еді. Менің нем қызықтырады сені?

Клементина: Бәрі.

Герострат: Мені тауысып білу мүмкін емес. Бірақ саған мынандай кеңес берейін. Көп ұзамай қалада менің жазбаларым таратыла бастайды, оқып шық. Құмарпаздардың шерін тарқататын көп қызық бар онда.

Клементина: Міндетті түрде оқимын. Ал қазір саған жақсылап қарап алайын.

Герострат: Қалай екенмін?

Клементина: Сұңғақ бойлы, сұлу жігітсің.

Герострат: Мен неге таппақ болуым керек? Осы жұрт қызық. Храм ертеуші кейіпсіз болуға тиіс дегенді қайдан шығардыңдар? Клеон мені безеу бет деп ойлаған, ал сен болсаң тәштиген біреу деп елестеткенсің? Солай ма?

Клементина: Қаладағылар сені храмды атын шығару үшін өртеді деп жүр. Мен оған сенбеймін. Меніңше, басқа себебі бар сияқты.

Герострат: Даңқтан артық не бар, әйел. Даңқтың күші - құдайлардың күшінен де артық. Даңқ адамға мәңгілік сыйлайды.

Клементина: Келісемін. Бірақ даңқтан ешқандай кем бағаланбайтын бір сезім бар емес пе?

Герострат: Қандай сезім?

Клементина: Махаббат.

Герострат: Махаббат? Сен адасып тұрсың... Махаббатадамды қорлауы мүмкін, ал даңқ – еш уақытта.

Клементина: Тіпті жауыздық даңқы болса да ма?

Герострат: Ия. Айта қойшы, Артемида храмын кім тұрғызды? Қане? Әбден ойлан. Көрдің бе, қанша бас қатырсаң да есіңде жоқ. Бірақ сен Геростраттың есімін ешуақытта ұмытпайсың. Көрдің бе, даңқ адамды бір түнде қалай мәңгілік етеді?

Клементина: Дегенмен, сенің қылығыңның түп себебі бұл емес қой деп ойлап едім. Сол алауды Эфестік бір әйелге деген махаббаты үшін жаққан шығар деп есептегенмін.

Герострат: (Мырс Аңқау екенсің! Ойбай-ау, Эфестің барлық әйелдерін қосқанда бір тауық күркені өртеуге татымайды!

Клементина: Маған жақындашы.

Герострат: Неге?

Клементина: Жақында! (Герострат жақындағанда Кле­ментина оны шапалақпен тартып жіберді.)

Герострат: Ей,сен! Мен есемді бірден іқайтарамын! (Клементинаға карай ентелейді.) Бұл өмірде кергня құқайым онсыз дн аз емес. Ал өлім алдында тіпті де шапалақ жегім келген жоқ...

Клементина: Бұл саған барлық әйелдер атынан, бейшара! (Шәлісін сыпырады.)

Герострат: Клементина? (Еріксіз күледі.) Ай, Герострат! Жарайсың! Саған Эфестің әйел әміршісінің өзі кездесуге келді!

Клементина: (Ызамен) Кездесу бітті, Герострат! Сенімен ендігі әңгіме қызық емес.

Герострат: Неге? Неден жақпай қалдым, Клементина?

Клементина: Құлдың ішінде де патшаның сезін айтатындар бар! Ал сен, Герострат - кішкентай дүкеншісің, ойың да алып-сатардың ойындай ұсақ...

Герострат: Түсінбедім.

Клементина: Әрине, түсінбейсің! Әке-шешең ана қауашағыңа шөкімдей ғана ми салған екен. Оның өзі, оңдырып жұмыс істемейді. Мен сенің Артемида храмын әдейі өртегеніңе сенбеймін. Мастықпен істегеніңді білмей қалғансың гой? Солай ма? Мойында!

Герострат: Саған не керек екеніне түсінбей тұрмын?

Клементина: (Мазасызданып ары-бері жүреді.) Бос қауақ бейшара! Мен сені ойы сұлу ержүрек батыр деп елестеттім емес пе? Ал сен -аяқтың астындағы жерқұртсың. Жерқұрт құсап жаншыласың да қаласың. Клеон дұрыс айтыпты: мұндай бейшаралықты түсінуге тым биікте тұр екенмін...

Герострат: Тоқтай тұр, Клементина. Мен сенің не айтып жатқаныңды ұға алар емеспін... Ойлануға мұрсат бер!.. 0,бәрін түсіндім. Түу, ақымақ басым-ай! (Күледі.) Ап-анық әңгіме ғой бұл! (Клементинаға жақындап келіп, қолын жүрегіне қояды.) Мен сені сүйемін, Клементина!

Клементина: Өтірік айтасың, оңбаған!

Герострат: Әрине, өтірік айттым, бірақ сен тап осы сөзді естігің келді ғой менен? Мен храмды саған деген махаббатым үшін өртедім, Клементина!

Клементина: (Қысылыңқырап) Мен болуым міндеті емес, басқа бір әйел бар шығар...

Герострат; Қуланба,Клементина. Сен басқа әйелдерге түкірмейсің де! Эфестің бірінші сұлуы екенің ел - жұртқа аян. Суретшілер сенің бейнеңді салып, ақындар ән-жыр арнауды Мыңдаған жас жігіттер сені армандап, түні бойы көз жасын көлдетіп шығады... Осындай кезде Артемида храмы өртенді! Неге? Әрине, бақытсыз махаббат үшін. Кімге ғашық екен? Қай дай сұлу екен храм өртеткен? Мойында, Клементина, бәсекелсі біреу шығып қала ма ден қорықтың. Қалайша Эфестен сені сүйгеннен де күшті сүюге болатын әйел табыла қалды? Осы мәселе мазалап әкелді маған. Солай ма?

Клементина: Солай-ақ болсын. Бірақ мен қателесіппін.

Герострат: Соған басыла қалдың ба? Сенбеймін. Сенің атақ құмарлығың менікінен кем түспейді. Тарихта еркектер өзің үшін өлімге барған әйел ретінде қалғың келеді. (Сыбырмен) Білесің бе, Клементина, мен Артемида храмын не үшін өртедім? Өйткені мен сені әйел құдайдың өзінен де асқан тама ша жансың ден есептеймін!

Клементина: (Қорқып) Айтпа! Маған құдайлардың ызасын келтірме!

Герострат: Қорықпа, Клементина! Олардың ашуын шақырған мен, өзім көтеріп аламын. Ал саған тек даңқ қалады. Артемида деген кім? Аңшылардың қатыгез жүректі құдайы. Өзінің айуан нөкерлерімен орман кезі, садақ атады да, адамдардың көзіне түсуден қашады. Ол бейшара сүю деген ді де білмейді! Оған не үшін храм тұрғызып, құрбан шалады екен? Ол сеніп шынашағыңа да тұрмайды!

Клементина: Тоқтатшы! Қорқып барамын!

Герострат: Жаныңа жайлы тиіп жатыр, Клементин. Сезіп тұрмын, қаның бетіңе шауып, басың айналды. Ойлашы, жылдар өтеді, тәнің қартаяды, шашың ағарады, сол кезде адамдар саған қарап: ғажайып көркімен әйел құдайдың өзіне дес бермеген сұлу осы деп әңгіме ететін болады. Бұл әйелді сүйгендей, жарық дүниеде ешкімді сүйген емес!.. Сен туралы поэмалар, трагедиялар жазылады... Әлемнің ең таңдаулы актрисалары өз бетін сенің бетіңе ұқсатып гримденетін болады. Ал Клементина есімі сұлулық пен ұлылықтың символына айналады. Қызғанатын-ақ тағдыр!

Клементина: Қандай тілегің бар, Герострат?

Герострат: Ертең дар алдында жиналған жұртқа Клеметина деп сенің есіміңді атаймын. Сені ес-түссіз сүйгенімді, бірақ осынау әлемде теңдесі жоқ бейкүнә сұлудан менің жауап сезім күтуге хұқым жоқтығын, содан да есім кетіп, құдайларға соқтыққанымды айтамын. Арамызда сен сияқты керемет құдырет жүргенде гректер қайдағы бір Артемидаға табынбасын деймін. Осыны айтуға рұқсат бер.

Клементина: (Толқып)Рұқсат.

Герострат: (Іскер дауыспен) Ендеше, келістік! Келісім шарт жасалды деп есептейміз. Енді бағасын айт?

Клементина: Ненің бағасы!

Герострат: Даңқ үшін мен өмірімді қиямын, ал сен?

Клементина: Мен саған алтын берейін.

Герострат: Оның керегі қанша маған? Өлімге бас тіккен адам дүние қоңыз болмайды.

Клементина: Басқа не тілейсің? Қашқың келе ме?

Герострат: Мен қашын кетсем, сенің атыңды мәңгілік биікке кім көтереді?

Клементина: Не айтып тұрғаныңды енді мен түсінбедім.

Герострат: Сен бұл өмірде даңқтан кем бағаланбайтын сезім бар, ол - ғашықтық деген жоқсың ба? Мен оған сенімсіздікпен қарайтынмын, бәлкім, адасқан шығармын? (Батыл түрде) Мен сенің махаббатыңа бөленгім келеді, Клементина.

Клементина: (Қорқып) Немене?! Есің ауысқан шығар сенің?

Герострат: Мүмкін. Бірақ бұл менің белгілеген бағам.

Клементина: Ақымақ! Сенің алдыңда Эфес әмірінің әйелі тұр, ал сен онымен қызығын сататын әйелдей сөйлескің келеді!

Герострат: (Қылжақтап) Oй, кешіріңіз, патшайым, мен сіздің айрықша мәртебеңізге құйттай да нұқсан келтіргім жоқ еді. Өмір бойы дөрекі ортада оскен мен бейбақ жылы сөйлеп, жайлап жақындауды қайдан білейін? Сен дұрыс айттың, пат­шайым, мен алып-сатарша ойлаймын. Мені сатып алады екен, демек, мен бағамды айтуым керек!

Клементина: Тоқтат қылжағыңды! Есіңді жи, Герострат! Менің Тиссаферннің әйелі екенімді, оған айтқанымды істете алатынымды ұмытпа. Қаласаң, сенің өліміңді кап уақытқа ұзарта аламын.

Герострат: Қалаймын! Бірақ оған қоса сенің құшағыңды да қалаймын. Өлім алдындағы азабым көп болса бірнеше күнге созылар, есесіне ол азабым сенің махаббатыңмен сұлуланады.

Клементина: Менің махаббатымды қайтесің? Жарты сағат бұрын мен туралы ойлаған да жоқ едің.

Герострат: Мен саған бір көргеннен ғашық болдым.

Клементина: Алдайсың! Сен қулықпен бірдеңе ойлап тұрсың.

Герострат: Қуланып тұрған жоқпын, Клементина, жой, жаңа рөліме машықтанып жатырмын. Ертең бүкіл қала менің, есі кеткен ғашық екенімді естиді, оған өзімнің де сенуімс мүмкіндік берші. Берілші маған, Клементина.

Клементина: Түрменің камерасы - ғашықтардың берілетін орны емес.

Герострат: Қылмыскерге шымылдығы төгілген төсегін салып бермегені үшін мен кінәлі емеспін ғой.

(Театр адамы орнынан тұрып, Клементинаға жақындайды.)

Театр адамы: Кешір, Клементина, маған еріксіз сөйлеуге тура келіп тұр. Өйткені сен Геростратқа көніп қалдың. Берік бол. Сенің ізгі ниетіңді оның қалай пайдаланып кететінін ешкім де білмейді.

Герострат: (Ызамен) Сен араласпаймын дегенсің!

Клементина: (Театр адамына) Мен оның дар алдында атымды атағанын қалаймын. Мен оған лайық емеспін бе?

Театр адамы: Төрелік айтатын мен емес, Клементина. Сенің сұлулығыңды ақындар онсыз да асқақтата жырлауда. Мына көзбояудың керегі қанша?

Герострат: Клементина, менол жерде басқа әйелдің есімін атай аламын.

Клементина: (Шошып) Басқа әйелдің?

Герострат: Эфесте өз даңқын шығарғысы келетін сұлулар аз дейсің бе?

Клементина: Сен менен өзге ешкімді атамайсың!

Герострат; Маған жақсылап қарашы, Клементина. Менің қолымнан бәрі келеді

Театр адамы: Клементина, есіңді жи. Сен сыйлы әйелсің. Даңқты мұндай бағаға сатып алмайды...

Клементина: Ол маған ұнап тұрса ше? Тіпті, сүйіп қалған сияқтымын.

Герострат: Жарайсың!

Театр адамы: Сүйіп қалдым? Геростратқа ғашықпын? (Қапамен) Онда не істесең де өзің біл...

(Түрмеші кіреді.)

Т ү р м е пі і: Жетеді. Көп сөйлестіңдер. Басқалар да күтіп тұр. (Клементинаны танып) 0,құдайлар! Кімді көріп тұрмын?

Клементина: Сен ешкімді де көріп тұрған жоқсың, түрмеші!

Т ү р м е ш і: Неге? Көріп тұрмын ғой.

Клементина: (Зілмен) Сен ешкімді де көріп тұрған жоқсың, түрмеші! Ал егер тілің тісіңнің ар жағында тыныш жатпаса, басың жұлынады. Түсіндің бе?

Түрмеші: (Үрейленіп) Бәрін түсіндім, әйел әміршім.

Клементина: Онда жоғал! (Театр адамына) Сен де жоғал! Айтқан ақылың іш пыстырып жіберді. (Түрмеші кетеді.)

Герострат: (Клементинаны құшаңтап, содан соң Театр адамына бұрылады.) Бұйрықты естідің ғой? Енді неғып тұрсың? Жарықты сөндір де, жөнел! (Колымен залды көрсетіп) Аналар да шықсын!..

Театр адамы: (Шырақты сөндіріп, сөзін залдағыларға қапамен айтады). Мен үзіліс жариялауға мәжбүрмін.
ІІ БӨЛІМ
Авансценада – Театр адамы

Театр адамы: Тарих парақтарын аударып отырғанда, барлық атаулы күндер мен оқиғаларды орны-орнына қойып, кімдікі дұрыс, кім кінәлі екенін айтып беру оп-оңай! Өмір ап- анық әрі түсінікті сияқты көрінеді. Бірақ сол атаулы күндер мен оқиғалардың бір минут қана замандасы болып көрші, бәрінің күрмеуі шатысып жатқанын бірден байқайсың. Жиырма күн болды Эфестің жүрегіне қадалып тұрған Герострат деген адамның артық өмір сүргеніне. Мұның қалай болғаны?

(Сот залына жарық түседі. Шағын қоршаудың ар жағында присяжныйлар отыратын ағаш орындықтар. Залдың ортасындағы биікте Клеон отыр.)

Қазір біз Эфес сотының залындамыз. Мәжіліс кезінде мұнда топырлап, жиналғандар құмарларын қандырады. Қуынушы мен жауанкер қызылкеңірдек болып, шешендік салыстырады. Ал міз бақпайтын қазылар вазаға қара әлде ақ тас салу үшін олардың создерін қалт жібермей тыңдайды. Сенің қара тасың қайда, Клеон?

(Тобырдың айқай-шуы. Есік-айқара ашылып, екі қалалық үшіншісін сүйреп кіреді.)

Клеон: Азаматтар, не болды?

Б і р і н ш і: (Үшіншіні көрсетіп). Мына адам қаланың театрын өртеп жібергісі келді.

Е к і н ш і: Біз оны қабырғаға шайыр жағып жатқан жерінен ұстадық...

Ү ш і н ш і: Қолымды шешіңдер, малғұндар. Бұл үшін өкінесіңдер әлі! Күніміз туғанда біз сендердің бастарыңды аламыз!

Клеон: (Үшіншіге зерттей қарап) Сені бір жерде көрген сияқтымын. Жиырма кун бұрын Геростраттың камерасына баса- көктеп кірген сен бе едің?

Б і р і н ш і: Ия, ол бізбен бірге болған.

Ү ш і н ш і: Мен ақымақ болыппын! Герострат - құдайлар ұлы! Жақында ол азаттыққа шығып, бізге келеді, сол кезде біз Эфесті ескі көрпедей сілкілейміз. Біз мұнда жаңа тәртіп орнатамыз! Қалалық алаңды алаулатып, қызған табаның үстінде билетеміз сендерді!

Клеон: Сен ертең дарға асыласың!

Ү ш і н ш і: Қойсаңшы, Клеон. Сен Геростратқа да солай дегенсің. Сен, бейшара пенде, құдай ұлына қарсы не істей алмақсың? Жасасын Герострат!

Клеон: (Біріншіге) Алып кет мынаны! Түрменің жасауылдарына тапсыр. Сотын таңертеңге белгіледім!

Ү ш і н ш і: Таңертеңге дейін өзің жетесің бе, архонт!

(Бірінші қалалық Үшіншіні әкетеді.)

Е к і н ш і: (Клеонға жақындап) Тыңдашы, Клеон...

Клеон: (Сөзін бөліп) Не айтқың келетінін білемін, тас қала шы. Мен сөзімді орындай алмадым. Бірақ кінәлі емеспін. Мен судья болғаныммен, әмір беретін Тиссаферн. Сот Дельфке жіберілген шабарман оралған соң ғана басталады. Төзімділік танытып, күтейік...

Е к і н ш і: Мұның бәрі белгілі, архонт. Өтінішім бар: мені түрмеге, Геростратқа кіргізші...

Клеон: Тас қалаушы, мұның жарамайды. Эфестің заңы бойынша қылмыскерді сотқа дейін өлтірген адамның өзі өлім жазасына кесіледі.

Е к і н ш і: Оны білемін, дегенмен кіргіз ден бұйыршы!

Клеон: Жоқ!

Е к і н ш і: Өзім жауап беремін.

Клеон: (Кесіп айтады) Жоқ! Бәрі заңмен атқарылуы керек...

Е к і н ш і: Герострат біздің заңымызды сыйлай ма? Ол әрекет етуде, ал біз күтіп отырмыз. Артынан кеш болып қала ма деп қорқамын.

Клеон: Герострат түрмеде, қарауыл сенімді. Ол қалай әрекет етеді?

Е к і н ш і: Дионисияның шарапханасында Эфестің барлық алаяқтары Геростраттың ақшасына ішуде...

Клеон: Оларды қамшымен қуалатып тастаймын!

Е к і н ш і: Онда басқа жерге жиналады! Олар көбейіп барады, архонт. Ішкен сайын өз жарылқаушыларының Даңқын аспанға котеруде. Кеше базарда бір балгер әйел, тіпті, Герострат — Зевстың бел баласы деп жар салды, білесің бе, көпшілік ықыласпен тыңдады оның сөзін.1

Клеон: Мен балгерді ұстап алыңдар деп бұиырамын...

Е к і н ш і: Архонт, сен адасып тұрсың. Геростраттың әрекеті күшті. Ол өзінің өнегесімен ықпал етуде!.. Мені түрмеге кіргіз деп бұйыршы... ,

Клеон: Жоқ! Мені үгіттеп әуре болма. Өз шешімімді бәрібір өзгертпеймін.

Е к і н пі і: Жарайды, арыңа салдым, архонт. Шешіміңді өзгертсең, шақыра ғой. Дайын тұрамын... (Кетеді.)

Театр адамы: Эфестегі оқиға осынша тез дамиды деп ойлаған жоқ едім...

Клеон: Өрт салғалы жиырма күн өтті. Аз мерзім емес.

Театр адамы: Геростраттың жақтастары кімдер?

Клеон: Қайбір жақтас дейсің. Ұждансыздың қаскүнемдігін қызықтап жүрген, қолынан түк келмейтін бейшаралар... Жаңа біреуін көрдің ғой. Бақытсыз шаштараз. Геростраттың шығармаларын оқып, ойыма келгенді мен де істеймін деп ойлаған...

Театр адамы: Сен ол шығарманы оқыдың ба?

Клеон: Әрине. Судья қылмыскер туралы бәрін білуі керек.

Театр адамы: Онда бір бағдарлама бар ма?

Клеон: (Жек көре) Жоқ. Герострат философ дейсің бе?! Өзінен жарты құдай жасағысы келіп жүрген шала сауатты біреу. (Үзінді оқиды.)Құдайлардан қорықпай, адамдармен санаспай, не істегің келеді, істе! Сонда даңқыңды шығарасың, саған бас иетін болады!” Оның ойлап тапқан бар теориясы осы.

Театр адамы: (Ойланып қайталайды).Қүдайлардан қорықпай, адамдармен санаспай, не істегің келеді, істе...” Бұл сөздерге құр қолыңды сілтей салма, Клеон. Мұнда тартып тұрған бір күш бар. Маған сен. Қанша дегенмен сенен екі мың жылдан астам уақыт кеп өмір сүрдім ғой. Бұл сияқты шала сауаттылардың миллиондардың басын айналдырып ала алатынын білемін. Сен кейіннен адамзатқа қасірет әкелген дерттің бастауында тұрсың.

Клеон: Білмеймін. Мен тарихшы да, көріпкел де емеспін.

Мен қазір өмір сүріп тұрған кәдімгі адаммын. Мың жылдардан кейін не болғанына жауап беретін мен емес.

Театр а д а м ы: Олай деме, Клеон. Әрбір адам өз тұсында және өзінен кейін не болғанының бәріне жауапты!

Клеон: Бізге неге келдің, алдағының адамы? Сендер болашақта Эфесті тек осы бір жауыздыққа байланысты ғана еске алмақсыңдар ма? Оларың әділетсіздік! Эфес - көрікті қала, oнда тату да мейірбанды адамзаттар өмір сүреді, ол мына жүзі қара шиден тысқары... Ол жазда жауған қар немесе қыстағы құрғақшылық тәрізді біздің өміріміздегі кездейсоқтық... Мен оның өмірде болғанына жадымыздан қалай өшіріп тастауды ойлап басымды қатырудамын. Ұмыту керек оны. Туған сағатын да, өлген күнін де ұмыту керек. Қарғыс атсын оны! Болған жоқ, бітті!..

Театр адамы: Сенің басты қателігің де осында, Клеон. Ол болды, бар, өкінішке орай, қайта туады әлі... Білесің бе, Клеон, сонау болашақтағы мен өмір сүретін заманның проблемасы жетіп жатыр. Бірақ онда да ауық-ауық жер бетіне Герострат есімді адам келіп тұрады. Ол: “Құдайлардан қорықпай, адамдармен санаспай, не істегің келеді, істе!” - деп қайта жар са.пм ды. Содан өрттер тұтанып, қан суша төгіліп, талай кінәсіз жандар қырылады. Ал көпшілік: “Бұл бәле төтеннен қайдан келді деп алақанын жаяды. Ол бәленің пайда болғанына екі мың жылдан асты. Бастауы - осында, Эфесте. Менің сендерге келу себебім осы, архонт. Сондықтан да саған айтарым: “Қасіретті ұмытып, жадыңды жеңілдетуге тырыспа!”

Клеон: (Көңілсіз)Мен күресуге жаралған жан емеснін, адам, Нашар жауынгермін, бірақ адал судьямын. Ешуақытта ешкімді өлтірген жоқпын, заңға ғана қызмет еттім. Сондықтан мені эфестіктер сыйлайды... Бірақ қазір мынаны алын жүретін болдым. (Пышақ шығарады). Егер Дельфке кеткен шапқыншы Геростратқа бостандық әкеліп, құдайлар қылмысын кешірген болса, мен бұл өмірден кетемін...

Театр адамы: Райыңнан қайт, архонт! Пышақты маған бер. Сен еліңе керексің.

Клеон: Қаланы заңсыздық жайлан алса, судьяның барынан жоғы...

Театр адамы: Дегенмен, пышағынды маған берші.

Клеон: (Пышақты ұсынады) Ал... Ашынғаннан ғой бәрі. Ой мен істің арасы ұзақ жол, әркім өте алмайды оны... Бәрі заңға кедергі келтіруге уәделесін алғандай... (Кенеттен ызамен әрі батыл) Бірақ әзірге мен тірімін, мен судьямын! (Айқайлайды.) Түрмеші! Кір бері! (Театр адамына) Бұл алаяққа қазір шынын айтқызамын. Түрмеші кіреді.

Түрмеші; Мені тағы шақырдың ба, құдыретті архонт?

Клеон: Ия, бірақ біліп қой, бұл біздің соңғы әңгімеміз болады. Егер еткен жолғыдай өтірік айтатын болсаң, шекеңе қыл бұрау салып шыңғыртуға бұйырамын.

Түрмеші: Маған сонша неге қаһарыңды төгесің, Клеон? Мен саған ешқандай өтірік айтқан жоқпын. Сен сияқты мәртебеліні қалай алдаймын?

Клеон: Безілдеме! Одан да сұраққа жауап бер... Саған қатерлі қылмыскерді күзету тапсырылган. Сол қызметіңді қалай атқарып жүрсің?

Түрмеші: Күні-түні коз айырмаймын ол оңбағаннан. Әрбір қадамы аңдулы.

Клеон: Сонда ол ақшаны қайдан алды? Жазбалары қалаға қалай тарап кетті?

Түрмеші: Білмеймін, Клеон. Кішкентай түрмеші мұндай мәселені қайдан білсін?

Клеон: Геростратқа кім келді?

Түрмеші: Сен.

Клеон: Өтірік аңқаусыма? Тағы кім кірді?

Түрмеші: Туғандарыммен ант етемін, архонт, ешкім кірген жоқ! Мен шыбын өткізбеймін бұл камераға.

Клеон: Айтқың келмей тұр ма? Жарайды, онда арбаның дөңгелегіне байлап кергілегенде сайрайсың.

Түрмеші: (Аягына жығылып) Аяшы мені, Клеон!

Клеон: Кім келді, Геростратқа?

Түрмеші: Өсімқор Крисипп.

Клеон: Өзім де солай ойлан едім. Тағы кім?

Түрмеші: Басқа ешкім кірген жоқ.

Клеон: Алдама! Есіңде болсын, саған соңғы рет мүмкіндік беріп тұрмын...

Түрмеші: Мен оны саган да айта алмаймын, Клеон.

Клеон: Демек, әлгің келген екен.

Түрмеші: (Ышқынып) Геростратқа кім келгенін айтпасам, азаптайсың, ал айтсам - өлім күтіп тұр! Не істе дейсің бақытсыз түрмешіге, архонт?

(Залға Клементина кіреді, ол түрмешінің соңғы сөзін естіді.)

Клементина: Бұл адамның жағдайы шынында да қиын, Клеон. Оған түсіністікпен қарауға болады...

Клеон: (Оған қарсы жүріп) Әміршінің әйелі Эфес сотына келіп, үлкен құрмет көрсетіп тұр.

Клементина: Қастарыңнан өтіп бара жатқан соң, Геростраттың ісі бойынша тергеу қалай жүріп жатқанын біле кетейін дегенім ғой. (Түрмешіні көрсетіп) Бұл адам кім?

Клеон: Геростратты күзететін түрмеші. Бірақ бұған жалақыны бекер төлеп жүр екен... қылмыскердің камерасына бөтен адамдарды кіргізіпті. Ішінде, тіпті, бір мәртебелі әйел бар кәрінеді...

Клементина: Ол мәртебелі әйелдің кім екенін білдің бе?

Клеон: Әлі білген жоқпын.

Клементина: Білесің ғой.

Клеон: Әрине, қысып жіберсе, бәрін айтады.

Түрмеші: (Қорқып, Клсментинаға). Жоқ, әйел әмірші. Жоқ! Менің денемді пәршектеп тастаса да, оның есімін атамаймын! Қауіптенбе, Клементина!

Клементина: (Одан ыршып) Ақымақ! (Ыңғайсыз үзіліс пайда болады.) Бұл адам шығып кетсінші, Клеон. Сен білгің келгенді білдің.

Клеон: (Клементинага ойлана қарап) Ия, білдім. (Түрмешіге) Көзіңді қүрт! (Түрмеші кетуге ұмтылады.)Жоқ қоя тұр. Кіре берістегі кішкентай бөлмеге барып отыр, маған керек болып қаласың. (Түрмеші кетеді.) Сонымен, Клементина, Геростратқа не үшін жолықтың?

Клементина: Бұл тергеу ме?

Клеон: Ия.

Клементина: Эфес әміршісінің өйелін тергей алатыныңа сенімдісің бе?

Клеон: Эфес әміршісінің әйелі - эфестің азаматшасы, ол қаланың барлық заңдарына бағьшады.

Клементина: (Ызамен) Байқа, Клеон, саған мені жауықтыру аса пайда бере қоймас! (Жымиып) Алдымдағылардың сызылып тұрып сөйлескеніне үйренген едім.

Клеон: Мен сызылып сөйлеуге тырысамын, әміршінің әйелі. Қадірлім, Геростратқа не үшін кірдің?

Клементина: Қызық үшін.

Клеон: Оны күйеуің біле ме?

Клементина: Ол сенің шаруаң емес!

Клеон: Қылмыскерге қатыстының бәрі - менің ісім! Соны­мен, Тиссаферн сенің барғаныңды біле ме?

Клементина: Жоқ! Бірақ айтуыма да болатын еді.

Клеон: Онда неге айтпадың? Неге?

Клементина: Мүмкіндік болмады.

Клеон: Осы күндердің ішінде сендер бірде-бір рет кездескен жоқсыңдар ма?

Клементина: Бұл мысқылың маған ұнап тұрған жоқ, Клеон. Күйеуіммен қашан, не туралы сөйлесетінімді өзім ('іілемін.

Клеон: Дегенмен, осы уақытқа дейін күйеуіңе айтпағаныңның себебі бар шығар, Клементина?

Клементина: Өзіңше болжалдап, бас қатырмай-ақ қой, Клеон. Геростратнен арадағы әңгімемді айтып беруге сотқа өзім келіп тұрмын. Есіңде ме, сарайдағы әңгімеде мен сенің Герост­рат храмды атын шығару үшін ертеді дегеніңе сенбегенмін. Ол қайтарымсыз махаббаттың салдарынан істеген шығар деп ойлағанмын. Менің айтқаным дұрыс болын шықты. Оның басын жоғалтуына себенкер шынында да әйел екен...

Клеон: Ол әйел — сенсің?

Клементина: Дәл таптың.

Клеон: Мен оны сарайдағы әңгіме үстінде-ақ сезгенмін. Өйткені сен өз шешіміңді тез өзгертіп, Эританы қоштадың. Ал мұны Герострат қашан білді?

Клементина: Нені?

Клеон: Саган ғашық екенін...

Клементина: Бұл мысқылыңа жол болсын, Клеон. Сенің маған сенбеуге хақың жоқ.

Клеон: Мен сені тым жақсы білемін, Геростратты да жаман зерттеген жоқнын. Ол мұндай аңызды өзі ойлан таба алмайды. Бұл ойды сен бердің оған. Ес-түссіз ғашық болган бозбала сезімтал присяжныйлардың мейірімін жап-жақсы оятады. Ал өзі үшін құдайдың храмын өртеген әйелдің даңқы өлемге жайылады. Өте әдемі ойластырылған... Бірақ Герострат жайдан-жай келісе салмайды. Өтеуіне не талап етті екен?.. Нені?

Клементина: Менімен бұлай сөйлесуге қалай батылың барады? Мен сенің өміршіңнің әйелімін, ал сен менің қызметшімсің?

Клеон: Мен өз қаламның қызметшісімін, Клементина, менің мырзам біреу - Эфес. Мен бар шыныммен әрі сеніміммен соған қызмет етемін. Геростратнен қалай келістіңдер?! Сен өз даңқыңның өтеуі үшін ол оңбағанмен қалай есептесесің?

Клементина: Мен саған жауан бермеймін!

Клеон: Құдайлармен ант етемін, жауан бересің, Клементи­на. Түрмеші де бәрін сайрап береді.

Клементина: Сенімен сөйлескім келмейді! Тап қазірТиссафернге барамын. Ол сені әйелінің арына тигенің үшін жазалайды. (Кетуге бұрылады.)

Клеон: Тоқта, Клементина! Эфестің халқы берген билікпен сенің шығуыңа тиым саламын!

Клементина: Немене?

Клеон: Геростраттың астыртын әрекетіне қатысынды анықтағанша сен сот залында боласың. (Айқайлайды.)Клемантинаны шығармаңдар!!!

Театр адамы: Солай, архонт, солай!

Клементина: Бұл үшін өкінесің әлі, Клеон. Әбден өкінесің... (Кетеді.)

Клеон: Мейлі, не болса о болсын! Енді орта жолда тоқтауға болмайды. Эфес азаматтары, өз судьяларыңның сөзіне сене беріңдер. Ол сендерді бұрын да алдаған емес, қазір де... (Айқайлт'і ды.) Крисипп, кір, мен сені күтіп отырмын! (Крисипп кіріп, ізетпен еңкейеді.)

К р и с и п и: О, архонттардың ең әділі де кемеңгері, сәлемімді қабыл ал. Отбасың тыныш болып, саған құдайлардың шарапаты тисін...

Клеон: Қызыл сөзді көпіре бермей доғар, алаяқ!

Крисипп: Саған не жаздым, Клеон?

Клеон: Соттан шақыру алғанда түсінген жоқсың ба?

Крисипп: Құрғақ қағаздан не түсіне қояйын? Шамасы, бір түсініспестік болған ғой деймін. Әдетте борышкерлерін Крисипп шақыртушы еді сотқа, бірақ Крисипті мұнда ешкім ша қыртқан емес.

Клеон: Өсімқор Крисипп, сен Геростратпен қылмыстыь байланысқа барғаның және пайда табу мақсатымен оның шығармаларын қалаға таратқаның үшін айыпталасың.

Крисипп: Сол ғана ма? Қадірлі, Клеон, менің сатқаным кәдімгі папирус қой. Эфесте қашаннан бері коммерция қылмыс деп саналып еді?

Клеон: Эфестің халық жиналысы мен әміршісі Тиссаферп лаңкес Геростраттың атын атауға және бұл жауыздың даңқын шығаруға ықпал ететін басқа да әрекеттерге тиым салатын заң шығарғалы.

Крисипп: Бәрі дұрыс. Бірақ заң өрттен бір апта кейін жарияланды, менің адамдарым Геростраттың жазбаларын екінші күні-ақ сата бастаған... Ал тиым салынған кезде мен қалған папирустың бәрін жыртып тастадым.

Клеон: Өтірік. Папирус орамаларын базарда бүгін де сатып жатыр. Тіпті, бағасы көтеріліп кетті.

К р и с и п п: Құдайлармен ант етейін, енді бүған ешқандай қатысым жоқ... Менің сататыным тері-терсек, балық, астық, ағаш... қайдағы бір папирус үшін басымды тігіп не жыным бар. Тіпті, кім алады оны қазір? Заң бойынша орама кітапты сатып алған да сатқан адаммен бірдей жазаланады.

Клеон: Сен заңды жақсы білін алғансың, Крисипп, дегенмен оны белден басып жібересің.

Крисипп: Сені сендіру үшін қандай ант берейін?

Клеон: Анттың керегі жоқ, кілттерді бер.

Крисипп: Қандай кілтті?

Клеон: Сенің тауарларың жатқан қоймалардың кілттерін. Біз тінту жүргіземіз.

Крисипп: (Кілттерін асығыс ұсынып) Өтінемін, Клеон, ізде!

Клеон: (Кілттерді кері итеріп) Демек, онда емес. Сонда орама-кітаптардың қайда болуы мүмкін? Дүкенде? Әлде үйіңде?

Крисипп: Ант етемін, архонт, адасып тұрсың...

Клеон: Қайда жасырдың, өсімқор, айт? Мен бәрібір табамын, бірақ ол кезде кінәң ауырлап кетеді... Өзіңді ойла!

Крисипп: Әйелім мен қызымды аяшы, архонт! (Өксіп жылайды.)

Клеон: А-а, түсіндім! Сен оларды әйелдердің бөлмесіне жасырған екенсің. Әйелдердің үстіне ешкім баса-көктеп кірмейді деп ойладың ғой? Дәл таптым ба? Неге үндемейсің? Мен олардың бөлмесін де тінтуді бұйырамын...

Крисипп: Шалды масқаралағың келе ме, Клеон!

Клеон: Мен сенің аузыңнан бірде-бір шын сөз естіген жоқпын! (Айқайлайды.) Ей, қайсың барсың! Өсімқор Крисиптің үйіне тінту жүргізуді бұйырамын. Әсіресе, әйелдер бөлмесін ыждаһатпен қарап шығыңдар!

Крисипп: (Үрейленіп) Тоқтатшы, Клеон! Мен шын жүректен мойындағым келеді. Әлі кеш емес шығар.

Клеон: Айта бер.

Крисипп: Үйімнің әйелдер бөлмесінде шынында да Геростраттың папирустары жатыр. Он бес дана.

Клеон: Солай ма?!

Крисипп: Бір алымсақтың тапсырысы еді.

Клеон: Бір алымсақ он бесін бірдей алмақ па? Оның бәрін иі істейді?

К р и с и п п: Оны қайдан білейін? Маған төлесе болды, тауарын тауып беремін.

Клеон: Кім ол?

К р и с и п п: Белгілі адам, бірақ мен есімін ешкімге айтпауғ уәде бердім.

Клеон: Кім болса да менің білуім керек? Орама-кітапты сатып алған сатқан адаммен бірдей жаза алады, Тиссаферніии бұйрығы сондай.

К р и с и п п: Бірақ маған жеңілдік болатын шығар, өз еркіммен мойындадым ғой...

Клеон: Сот сенің шын жүректен мойныңа алып, бәрін баяндап бергеніңді ескереді. Айт, қане, кім?

К р и с и п н: Бейшара алымсаққа не істейсіндер?

К л е о н: Ол тұтқындалын, түрмеге отырғызылады?

К р и с и п п: Тіпті, солай ма? Сен өз шешіміңді езгертпейсің бе, Клеон?

Клеон: Ешуақытта!

К р и с и н п: Бұл архонттың сөзі ғой.

Клеон: Ант етемін!

(Сот залына Тиссаферн кіреді.)

К р и с и п п: (Оны байқап, ашық мысқылмен) Жолың болды, Клеон. Алымсақ сотқа өзі келді. Сенің оны тек түнекке тыға салуың қалды. Артыңа қарашы! (Клеон бұрылып, әміршіиі көреді. Үнсіздік.)

Клеон: (Жаңғалақтап, ізет жасап иіледі). Эфестің әміршісіне сәлем бергеніме қуаныштымын! (Крисипке) Бара бер, әңгімемізді артынан аяқтаймыз...

К р и с и н н: (Езу тартып) Әрине, архонт, әрине. Бірақ жаңағы берген антыңды ұмытпа.

Клеон: (Ызамен) Жоғал!

(Крисипп Тиссафернге ізетпен иіліп, шығып кетеді.)

Тиссаферн: Күн күйіп тұр, кеше қапырық, саған жеткенше терлеп кеттім... Ал сен жұмыс істеп жатырсың ба?

Клеон: Көріп тұрсың ғой, әмірші. Қызметкер өз қызметін ауа райына қарамай атқаруы керек.

Тиссаферн: Оның дұрыс, дегенмен зорығып кетін жүрме... Жас емессің ғой, Клеон, денсаулықты да ойлау керек...

Клеон: Әміршінің қамқорлығына ризашылығымды білдіремін.

Тиссафер н: Өз қызметшілеріме қамқорлық жасау менің борышым.

Клеон: Әмірші, саған қояр сұрағым бар: Геростраттың орама-кітаптарын не үшін сатып аласың?

Тиссафер н: Кім сатып алады? Мен бе? Өтірік! (Клеонның тесіле қарағанынан бәрін түсініп) Ия,ия, дұрыс айтасың, сатып аламын!.. Ана алаяқ Крисипп ақтарыла салған ба? Мен оған көрсетемін!..

Клеон: Ол саған не үшін керек болды, әмірші?

Тиссафер н: Әуесқойлық қой. Кітапханада бір данасы тұрсын деп едім...

Клеон: Сен он бес данасына тапсырыс бердің.

Тисса ферн: Бұны да айтып қойған ба? (Ашуланып) Ой, адамдар-ай! Ешкімге сенуге болмайды! Түсінесің бе, Клеон, Ге­рострат жазбаларының бір данасын Македония патшасы сұратып еді. Тағы біреуін Сиракуз әмірі... Содан соң бірнеше ықпалды адамдар. Бұл қарақшының не деп сүйкегені дегенмен таңсық. Онда қызық ойлар бар...

Клеон: Сен заңды бұзасың!

Тиссаферн: Бұзамын. Өйткені өзім жаздым. Демек, мен заңға емес, заң маған бағынады! Сондықтан мұндай ұсақ-түйекке ренжімей-ақ қой, менің сүйікті архонтым...

Клеон: Бұл өзгелерге жаман үлгі!

Тиссаферн: Қандай үлгі? Мен бәрін құпия істеп жатырмын. Тек сенің мына қалғымайтын көзің ғана байқаған. Сон­дықтан қайталап айтамын, бұл әншейін нәрсе, құр босқа қос үрейленбе. (Театр адамына) Сендіретіндей үзінді келтіріп жіберші...

Театр адамы: Софоклден: “Даурықпадан үрейленгеннің сыбағасы - шын қорқыныш!”

Тиссаферн: Солай! Софокл дұрыс айтады! (Жан-жагына қарайды.) Клементина қайда? Қызметшілер оны осында деді ғой.

Клеон: (Ресми) Әмірші, мен сенің әйеліңді тұқындадым!

Тиссаферн: (Үнсіздіктен кейін) Қалада күн сұмдық күйіп

түр, Клеон. Мұндай қапырықта жүмыс істеуге болмайды, сенің миың шайқалып кетіп жүрмесін...

Клеон: Менің басым ойымды анық жеткізіп тұр, әмірші. Сенің әйелің тұтқындалды! Оған Геростратпен кездескені және онымен құпия келісім жасағаны үшін айып тағылды.

Тиссаферн: (Мазасызданып) Бірдеңені айтарда ойланып алған дұрыс. Содан соң не айтып қойғаның туралы, ойлан! Ойлан, Клеон, ойлан...

Клеон: Мен ер сөзім үшін жауап беремін, Тиссаферн.

Тисса ферн: (Мазасызданып) Қателесіп кетпе, Клеон, қателеспе! Мұндай қателікті мен саған да кешірмеймін. (Маза­сызданып, театр адамына) Сен кет! Сен мұны тыңдауға тиіс емессің... (Теат радамы кетеді. Клеонга) Сенің дәлелің, куәлерің бар ма?

Клеон: Клементина Геростратқа жолыққанын жасырмайды. Түрмеші де осында, ол мұны куәландырады...

Тиссаферн: Шақыр Клементинаны!

Клеон: Құп болады. (Шыгып кетіп, ізінше Клементинаға ілесіп кіреді.)

Тиссаферн: Сүйкімдім менің, Клементина, біздің қадірлі архонт қайдағы бір әңгімені айтып тұр.

Клементина: Ол менімен түсініксіздеу сөйлесті, егер дөрекілігін түсініксіздігі деп есептесек.

Тиссаферн: (Клеонға) Сен менің әйеліме дөрекілік көрсеттің бе?

Клеон: Мен онымен судья тілінде сөйлесемін.

Тиссаферн: (Клементинаға) Сен Геростратта болып па едің?

Клементина: Жоқ!

Тиссаферн: (Клеонға) Ал сен болғанын растайсың ғой?

Клеон: Растаймын!

Тиссаферн: Демек, екеуіңнің біреуің алдан тұрсың? Ал өтірік өрге баспайды. Парсылар мен гректердің барлық құдайларымен ант етемін, өтірікші жазаланады! (Клеон сахнаның сыртына айцайлайды.) Түрмешіні алып келіңдер!

Тиссаферн: Түрмешіні тыңдайық. Еғер мені досым алдаса, ол маған дос емес, егер әйелім алдаса, ол маған әйел емес!!!

Клементина: Тамаша сөздер, біз оны сарай кітабына енгіземіз...

(Театр адамы оралады.)

Клеон: (Оған қарсы ұмтылып) Түрмеші қайда? А?

Театр адамы: Оны елтіріп кетіпті.

(Үнсіздік. Тиссаферн Клементина мен Клеонға күдікнен қарайды.)

Клеон: Кім өлтіріпті? (Клементина мен Тиссафернғе қарап) Сен бе, әлде сенбісің?

Клементина: Мүмкін сен шығарсың, архонт? (Тиссафернді қолтықтап) Кеттік, сүйіктім! Бұның күдіктен есі ауып қалды... (Екеуі кетеді.)

Клеон: (Жанүшырып театр адамына қолын созады). Пышағымды қайтаршы, алдағының адамы! Өтінемін сенен, пышағымды қайтаршы...

Бесінші картина

Түрмеші! Түрмеші!” деген Геростраттың даусы шырақтар жағылып, түрме камерасына жарық түсіргенше естіліп тұрады. Камера бірінші және үшінші картинадағыдан біршама тәртіпке келтіріліп, төсек қойылған, оның қасында тамақтан тын аласа стол түр. оның үстінде бос тарелкалар мен су ыдысы - құмыра, ал камераның бұрышында жазуы бар үлкен ваза.

Герострат: (Камера ішінде ары-бері жүр). Түрмеші! Түрмеші! Төбеңе жай түскір, қайда жүрсің? Оңбаған!.. Ей, маған біреу келе ме, жоқ па? Түрмеші! (Клеон кіреді.)

Клеон: Неге айқайлайсың?

Герострат: (Ызамен) Қалай айқайламайсың, бұл түрме емес, шошқа қора! Маған ешкім келмегеніне екі күн болды. Түрмешілеріңнің жон арқасынан жосытып алуға бұйрық берші, архонт, олар жалақыны босқа алып жүр... Тұтқынды ішкізіп- жегізіп, артынан шыққанды ыдысымен апарып төгіп түру керек, ал ана жауапсызың өз міндетінен қашып жүр... ( Тағы ай- қайлайды.) Ей, түрмеші!

Клеон: Айқалама, ол келмейді.

Г е^р о с т р а т: Неге?

Клеон: Оны өлтіріп кеткен.

Герострат: Өлтіріп кеткен? Солай ма? Кім?

Клеон: Әзірге белгісіз.

Герострат: Өкінішті, жаман жігіт емес еді.

Клеон: Әсіресе, саған.

Герострат: Ия, мен үшін де. Түрмешілерді тұтқындардан басқа кім жақсы көрсін... (Ойланып жүріп үстелге жақындап су ішкісі келеді, бірақ ыдыс бос.) Қарғыс атқыр! Екі күннен бері ешкім бір жұтым су әкелмеді! Басқа түрмеші тағайындайтын уақыттарың болды ғой, архонт!

Клеон: Тағайындалды.

Герострат: Енді қайда ол?

Клеон: Алдыңда тұр.

Герострат: Әзілдеп тұрсың ба?

Клеон: Сен әзілдесуге тұрмайсың!

Герострат: (Клеонга таң қала қарап) Мәссаған, безгелдек! Ай, Герострат, тұлғасың ғой, тұлғасың! Саған түрмеші етіп, архонттың өзін жіберді... Тап осыны күтпеп едім! Ха-ха-ха, міне кереметтің көкесі!

Клеон: (Ашумен) Неменеге жетісіп қуанып тұрсың?

Герострат: Қалай қуанбаймын? Менің отырып кеткен ыдысымды аса құрметті Клеонның өзі сыртқа төгіп түрады деп ойлаппын ба?

Клеон: (Ызамен) Ыдысыңды өзің шығарасың, оңбаған!

Герострат: (Күлкіге көміліп)Бәрібір сен қасымда иіскені жүретін боласың... Эй, күлкіден өлдім-ау!

Клеон: Өшір үніңді!

Герострат: (Күлкісін жалғастырып) Байғұс Клеон, не үшін мұнша төмендетті сені? Эфес халқының қаһарына қалай ұшырап қалдың?

Клеон: Саған түрмеші етіп тағайындауды өзім сұрандым, Герострат.

Герострат: (Күлкісін тиып) Өзің?.. Қызық екен. Маған бәрібір, түрмешісің бе, мархабат, маған ас-сусын әкел... Мен ашпын! (Клеон үнсіз бұрылып, шығып кетеді. Артынан айқайлайды.) Екі күндікін бір-ақ әкел, түрме маған қарыздар! Және жылдамырақ қимылда, су жаңа түрмеші... (Күледі.) Эфесте небір көңілді оқиғалар етіп жатыр (Төсекке отырады. Театр ада мы келіп, сахнаның бұрышындагы орнына отырады. Оны байқап, Геростраттың қабағы түсіп кетеді.) Неменеге келдің?

Театр адамы: Менің отырғаным ыңғайсыз ба?

Герострат: Маған тұмсығыңды керексіз жерге тықпалайтының ұнамайды.

Театр адамы: Мен ештеңеге араласпаймын, тек оқиғаның қисынын бақылаймын.

Герострат: Қисыныңмен тойдырып біттің! Мені де, менің есімімді де жайына қалдыршы. “Геростратты ұмыт” деп әмірші жарлық шығарды ғой. Демек, ұмытыңдар!!

Театр адамы: Солай ма? Сен енді елдің ұмытқанын қалайсың ба? Жоқ, олай болмайды... Ұмыту - демек, кешіру деген сөз!

Герострат: Кешіру, кешірмеу... О, құдайлар, қанша ар­хонт қайталайды әлі бұл сезді? Сотты екі мың жылға шегереді деп еш уақытта ойлаған жоқ едім...

Театр адамы: Сот одан әрі қаталдана түседі, Герострат.

(Театр адамы мен Герострат бірін-бірі жек көріп қарап тұрады. Клеон тамақ салған табақ пен құмыра альт кіреді.)

Герострат; (Мысқылмен театр адамына) Міне, тағы бір ойшыл келді... Мұны зерттеген ұрпақтар әбден әжуалайтын шығар... (Клеонға) не бытқытты екен, қане?

Клеон: (Өзін ұстай алмай айқайлап) Тұр! Тез тұр! Түрмеші кіргенде тұтқын тік тұруы тиіс!!! Бол! (Тамақты Геростраттың бетіне шашып жіберердей сермейді.)

Герострат: (Үрейленіп, төсегінен тұрады). Әй, әй, Клеон! Не болды? Байқамайсың ба?!

Клеон: Өшір үніңді! Әйтпесе мынаның бөрін сенің арсыз бетіңе шашып жіберемін. Камераны тазалап болғанша тамаққа қол созбайсың. Бір минуттың ішінде айнадай жалтырайтын болсын!

Герострат: (Қаугалақтап) Түсіндім, түсіндім. Бұған бола жүйкеңді жұқартудың керегі қанша? (Еденнен қоқыстарды, жемістің қабықтары мен дәнін жинайды.)

Клеон: Мынау не?

Герострат: Бұл - қабықтар! Мынау - апельсиндікі, ал мынау - банандікі!

Клеон: Жаман тұрмаған екенсің! Қаланың кейбір тұрғындары тұтқынның өміріне қызығуына болады. ұмыраны қарап) Саған шарап та әкелген ғой?

Герострат: (Езу тартып) Бөрі де қайғыдан ғой, Клеон, қайғыдан. Адам өлерінің алдында тойып алғанынан келетін қауіп бар ма?!

Клеон: Өлетін минуттарың тым созылып кетті, Герострат! (Вазаны көріп) Ал мынау не?

Герострат: Ваза.

Клеон: Түрме камерасы қымбат вазамен безендірілген?! Ия! Егер түрмеші қазір тіріліп келер болса, жерге қайта қағып жіберер едім... (Вазаны қарап) Мынау кімнің бейнесі?

Герострат: Танығың келмей тұр ма?

Клеон: (Назарын вазадан Геростратңа аударып) Сенің портретіңді салуға кімнің батылы барды?

Герострат: Суретші Варнатий ғой. Ол маған: “Бет жүзіңде керемет бір құдырет бар” - деді. Онысы рас. (Вазаны қарап) Дегенмен, көзімді онша келістірмеген, оқасы жоқ, жөндейтін шығар, жұмысын өлі аяқтаған жоқ қой.

Клеон: Варнатийға бұл жүгенсіздігі тым қымбатқа түседі. Эфестің архонты ретінде...

Герострат: (Сөзін бөліп) Бұрынғы...

Клеон: Эфестің азаматы ретінде мен оны қарақшыны насихаттағаны үшін сотқа шақырамын!!! Немесе вазасын сындырғаным үшін сотқа ол мені шақырсын!!! (Ашуланып вазаны сындырады.)

Герострат: (Қапаланып) Мені не үшін үнатпайсың, Клс он?

Клеон: Мен сені жек көремін!

Герострат: Өкінішті! Демек, екеуміз бірдей жұмыр жерге сиыспайды екенбіз.

(Олар бір-біріне бір пәс жеп қоярдай қарап тұрады да. Герострат көзін тайдырып кетеді. Содан соң столына отырып, тамақ іше бастайды.)

Клеон: (Өктем үнмен) Тамағыңды ішіп болған соң, ыдыс аяқпен камераның еденін жуасың! Бұдан былай бәрі тап тұйнақтай болуы тиіс. Қалып кеткен әрбір қылтанақ үшін қамшы жейтін боласың!..

Герострат: Былғайтын мен емес, келушілер...

Клеон: Енді ешкім келмейді! Түсіндің бе? Бұл театр емес, түрме.

(Тиссаферн келеді.)

Тиссаферн: Сен өте дұрыс айттың, Клеон, бірақ кейде жағдаймен санаспауға болмайды...

(Әміршіні көрген Клеон мен Герострат құрмет көрсетіп, иіледі.)

Клеон: (Көңілсіз)Эфес әміршісінің кімді және қай уақытта көргісі келсе де еркі.

Тиссаферн: Мен де солай ойлаймын. Қауіпті қылмыскерлерді қалай ұстайтьшдарыңды қаланың басшысы да біліп қоюы керек. (Клеонға жақындап) Сенімен сөйлескім келді... Бұлай болғаны өкінішті-ақ, Клеон. Мен сені архонттықтан алып тастайын деген жоқ едім, әншейін жеңіл жазалап қоя салғым келген.

Клеон: Халық жиналысы шешім қабылдады мен бағындым.

Тиссаферн: (Бейбіт үнмен) Қуланба, Клеон. Кешірім сұрағаныңда бұлай болмайтынын сен жақсы білдің... Қателігін көрсеткенде... кісі өзім білермендігін ауыздықтар болар, достым менің!

Клеон: Мен кешірім сұрайтындай ештеңе болған жоқ еді, әмірші. Бірақ жағдай менен күшті болып шықты.

Тисса ферн: Өкінішті! Адасқан бетіңнен қайтқың келмейтіні өкінішті. Өз әміршісіне сенбеген адамның архонт бола алмайтынына келісетін шығарсың.

Клеон: Келісемін. Сондықтан да отставка сұрадым.

Тисса ферн: Бұл өз хұқың. Бірақ неліктен қарапайым түрмеші болуды қаладың? Бұл не? Қарсылығың ба? Онымен нені қиратасың? Мұндай өкпе алып-ұшқан бозбалаға ғана жараса ды. Сенің жасыңдағы адамға жараспайды!

Клеон: Жараса ма, жараспай ма, маған бәрібір. Маган маңыздысы - өз халқыма пайдамды тигізу. Бүгін Эфеске қауіп төніп тұр. Ол қауіпті төндірген мына адам. (Геростратты нұсқайды.) Демек, менің орным - осында!

Тиссаферн: Бұл малғұннан келер қауіпті тым қоюлатын жібердің. Кім ол? Маса, басқа ештеңе емес.

Клеон: Мен де солай ойлағанмын, Тиссаферн, бірақ қателескенімді енді білдім.

Тиссаферн: Неге?

Клеон: Әміршілер масамен кездесуге келмейді!

Тиссаферн: (Ыңғайсызданып) Сен мені онымен кездесуге келді деп ойлайсың ба? Бос сөз... (Клеонның жанарына көзі түсіп, бірден беріледі.)Ия, ия! Мен Геростратен сөйлесейін деп едім! Онда тұрған не бар? Мен неге ол үшін ақталуым керек?!

Клеон: Мен олай ет деп тұрған жоқпын, әмірші.

Тиссаферн: Әрине, енді жетпегені сол еді..., Дегенмен, сенің көзің мені ылғи кінәлап тұратыны тойдырды мені, Кле­он... Әр нәрсенің шегі бар. (Ызамен) Кет көзіме көрінбей!

Клеон: Сен менімен ешуақытта бұлай сөйлескен жоқ едің, әмірші!

Тиссаферн: Бұрын сен архонт едің, енді - түрмішісің! Өзіңнің жаңа жағдайыңа үйренуің керек... Бар! Керек болсаң, шақырамын.

(Клеон кетеді.)

Герострат: (Көңілді) Жарайсың, Тиссаферн, жарамсың! Оган сол керек! Өркөкірек немені орнына қоятын кез келді.

Тиссаферн: (Көңілсіз, кекесінмен:) Сенің мақтағаның жетпей тұр еді.

Герострат: Әңгімені осылай бастаудың керегі қанша? Келуіңді қанша күн күттім десеңші, ал сен болсаң, сөйлеспей жатып, көңілімді қалдырғың келеді.

Тиссаферн: Сен менің келуімді күттің бе?

Герострат: Әрине! Осы күндердің бәрінде, қапастағы ұзак сағаттарда сені сарыла күттім, Тиссаферн. Менімен сөйлескің келетінін сезгенмін. Ол ойыңа ықпал етсін деп құдайларға ди жалбарындым.

Тиссаферн: Құдайларды қоя тұрайық, Герострат, олармен қатынасың күрделілеу ғой. Ал менің шынында да сенімен оны- мұныны әңгіме еткім келгені рас...

Герострат: Мен үшін үлкен құрмет.

Тиссаферн: Әрине! Мен, тіпті, сарай қызметкерлеріне де мұндай ілтипат көрсете бермеймін...

Герострат: Сенің мейірімділігіңді бағалаймын,әмірші, бағалаймын.

Тиссаферн: Жарайды, іске көшейік. Сені Клементинаға ғашық екен деп бүкіл қала шулап жүр...

Герострат: Сенбе, әмірші!

Тиссаферн: Бірден жауап бермей-ақ қой. Әңгіме менің әйелім туралы болғанымен, сен шындықты айт...

Г ерострат: Мен шынымды айтып тұрмын, Тиссаферн Менің Клейментинаға ғашық болмақ түгіл, тіпті, соған ұқсас құйттай да жылы сезімім болған емес.

Тиссаферн: әл ренжіп) Сонда қалай? Бәрі айтып жүр...

Герострат: Кім не оттамайды, әмірші? Егер өсек айтпаса, елдің іші жарылып кетеді...

Тиссаферн: Оған таңғалатын ештеңе жоқ... Клементина жас, қаланың бірінші сұлуы... Ол тұрғанда басқа кімге ғашық боласың?

Герострат: Айтқаның орынды, әмірші. Бірақ неге екенін білмеймін, Клементинаның жанарына ілінуді ойламаппын. Сірә, шын сезімді сезінбейтін топас болуым керек...

Тиссаферн: (Мазасыздана бастайды). Сонда қалай болғаны? Қызық... Мен сені храмды жауабы жоқ махаббаттан қиялиланын өртеген шығар деп ойлап едім...

Герострат: Жоқ, Тиссаферн, олай болған жоқ. Мен тек өз атымды өшпейтін етіп қалдырғым келді. Бұл ақымақтың атақ- құмарлығы, басқа ештеңе емес...

Тиссаферн: Аянышты...

Герострат: Солай болды...

Ти с с а ф е р н: Қайғылы хал...

Герострат: Өкінішке орай...

Тиссаферн: (Күрсініп) Басқа ештеңе болмаса, болмай-ақ қойсын. Демек, мұның бәрі тек өсек қой?

Герострат: Әрине, әмірші. Тіпті, оның неден шыққанын да білемін... Мәселе мынада, Клементина маған ғашық болын қалды... (Үнсіздік орнайды. Театр адамы таңқалғанынан аузын шып: “Не боп кетті өзі, қисыны қайда?” деген сияқты бірдеңені міңгірледі.)

Тиссаферн: Сен не дедің? Қайталашы!

Герострат: Клементина маған ғашық болып қалды деймін.

Тиссаферн: Жалған.

Герострат: Әміршіге қалай өтірік айта аламын? Бұл шындық, Тиссаферн.

Тиссаферн: Оған қандай дәлелің бар?

Герострат: Махаббатқа қандай дәлел керек? Болып өтті, бітті.

Тиссаферн: Клементина осында болды деп айтқың келін тұр ма?

Герострат: Мен енді оны сарайға іздеп барған жоқпын ғой...

Тиссаферн: (Жынданып) үніңді!.. Сұраққа тікелей жауап бер.

Герострат: Жауап беріп тұрмын, әмірші... Клементина келіп, мені сүйетіндігі туралы айтты да, мойныма асыла кетті...

Тиссаферн: Өшір үніңді!

Герострат: Сөйлемесем сұрағыңа қалай жауап беремін, Тиссаферн. Саған мұны есту ыңғайсыз болса, несіне сұрап тұрсың? Қызық. Мен сені бәрін біледі екен десем.

Тиссаферн: Мен қайдан білуім керек, малғұн?

Герострат: Білмесең, түрмешіні неге өлтірдің? (Тағы да үнсіздік орнайды, театр адамы тағы да түсініксіз бірдеңені міңгірлейді...)

Тиссаферн: қырын) Мұны қайдан білесің?

Герострат: Болжалмен. Түрмешіні өлтіріп кеткенін естігенде, оны кім істеуі мүмкін екенін түсіне қойдым.

Тиссаферн: Қауашағың жаман жұмыс істемейді сенің, Герострат. Ия, оны менің бұйрығыммен өлтірді... Отбасының масқарасына куәгердің керегі қанша? Бірақ мен меселенің мұншама тереңден кеткенін білғен жоқ едім.

Герострат: Көзін жойғаның дұрыс болған.

Тиссаферн: Енді сен қалдың.

Герострат: Мен куәгер емеспін, істі бірге істеген адаммын.

Тиссаферн: Бәрібір көзіңді жоғалту керек. Бүгін өлесің!

Герострат: Қоя тұр, Тиссаферн! Асықпа. Тұтқынды өлтіру түкке тұрмайды. Рас, өлген түрмешінің үні өшті, қайтып сөйлемейді. Ал мені өлтірсең, қайта сөздеріме азаттық бересің... Сенің, әйеліңнің ғашықтық кездесулері менің жаңа папирусымда сипатталып қойған. Ол менің достарымның қолында, сенімді жерде тығулы. Мен өлсем, ертең-ақ бүкіл эфестіктер Клементинаның Геростратты қалай аймалағаны туралы оқып білетін болады...

Тиссаферн: Сенің жазбаларыңа кім сенер дейсің? Ақылынан алжасқан есуастың оттағаны дейді де қояды.

Герострат: Онда автордың шын жазғанына күмән келтіртпейтін нақты суреттеулер бар. Мәселен, сол жақ кеудесіндегі қалы, оң жамбасындағы кішкентай ғана тыртық...

Тиссаферн: (Еңсесі түсіп кеткен)Ия, айтқаныңның өтірігі жоқ.

Герострат: Мен парасатты адаммын, Тиссаферн. Әйелдермен қатынастарымды айтып мақтанатын мен емес. Бірақ болған іс болды.

Тиссаферн: Демек, оның да өлуіне тура келеді!

Герострат: Өлімді тым кебейтін жіберген жоқсың ба, әмірші? Онымен не ұтасың? Ел есіркесін дейсің бе? Ешуақытта! Алданған ерді ешкім есіркемейді, қайта мазақ етеді. Эфестің мүйізді әміршісі! Сенің мұның эфестіктерге де, парсы патшасына да ұнамайды, өз беделіңді ойла, Тиссаферн!

(Тиссаферн ойланып кетеді, төсекке келіп отырады да үнсіз тамақ жей бастайды.)

Тиссаферн: (Бірдеңені ойлап отырып) Қандай қойыртпақ беріп жүрген саған?

Герострат: Клеонның ісі ғой. Бұрын тәп-тәуір тамақтандыратын.

Тиссаферн: Толқыған кезімде бірдеңе ішуім керек.

Герострат: (Қонақжайлықпен) Әңгіме жоқ. Қысылмай ішіп-же, ас болсын.

Тиссаферн: (Табақты ысырып)Сонымен сен маған қандай кеңес бересің?

Герострат: Саған менің кеңесім керек болып тұр ма, әмірші?

Тиссаферн: Әрине, бұл айланың бәрін жап-жақсы ұйымдастырған екенсің, оның шешімін де ойлап қойған піығарсың? Тыңдап отырмын, Герострат.

Герострат: Мен тым кішкентай адаммын.

Тиссаферн: (Ырза болтай) Жетеді қылымсығаның! Сен Тиссаферн болсаң, не істер едің?

Герострат: О, мен Тиссаферн болсам, мынадай қулық жасар едім. Геростратқа кешірім жасап, еркіне жіберемін. Бірақ оны өзіме мүдделі етіп, менсіз аттап баса алмайтын етіп қоямын!

Тиссаферн: Ойың күңгірт, тым түсініксіз. Сені дарға асқысы келетін мен емес, отандастарың ғой. Дельфке кеткен шапқыншы бүгін-ертең келіп, құдайлардың пешенеңе не жазғанын хабарлайды. Олардың саған өлім жазғанына сенімдімін.

Герострат: (Тұрып, ары-бері жүреді.) Тыңдашы, Тисса­ферн, мен саған құдайлардың құдыретіне сенуді қалай қойғанымды айтайын. Қорықпай-ақ қой, менің бұл әңгімемде құбыжық көрінетін дәнеңе жоқ. Осыдан екі жыл бұрын басымнан өткен. Ол кезде ісім оңға баспай, таза қайыршыланып қалсам да, әйтеуір үмітімді үзбедім. Құмар ойыншылар сияқты бірден көп ақшаға кенелуді армандадым. Ал мен өмірде шынында да құмар ойыншының езімін. Содан қораз тебелесінен қарқ болғым келді. Өсімқордан бес жүз драхма қарыз алдым да, родостық бір әтештің саудасына келістім. Тамаша қораз еді! Бүркіт тұмсық, топшысының тепкісіне сенің кез-келген аттылы сарбазың қызығатындай, өзі шикіл сары әтеш еді. Бір ай бойы мен оған сарымсақ жегізіп, төбелеске жаттықтырдым. Әбден күшейіп, беті қайтпайтын болған кезде Эфестегі ең күшті әтештердің иесі, базардағы Федорға бардым да, шикіл сарым кез- келген қоразыңды түтіп тастайды деп, онымен бәстестім. Ол қара қоразын қарсы қоятын болды. Бәске әрқайсымыз мың драх­ма қойдық. Мен оны да қарызға алғанмын. Әтешімнің жеңетініне әбден сенімді едім.

Бұл төбелеске бүкіл базар жиналды. Менің шикілім қарсыласынан екі есе үлкен болатын. Мұны көрген Федор сұп-сұр болып кетті. “Герострат, - деді ол, - сенікі түріне қарағанда менікінен күшті сияқты, мен құдайлардан кішкентай қарама көмек сұрайын”. “Сұра! Бірақ пайдасы тие қоймас” дедім мен. Менің шикілім бес минуттың ішінде түтіп жіберді. Енді сәл болса пәршек-пәршегін шығаратынын сездім.

Герострат, құдайларға тағы жалбарынуға мұрсат бер”, - деді Федор. “Еркің білсін”дедім. Біз жауынгерлеріміздің жараларын сүрттік. Федор қарасына бірдеңені сыбырлап, қайта жіберді. Не болды деп ойлайсың, Тиссаферн? Оның қарасы таяқ жемегендей-ақ күшейіп шыға келді. Бірақ менің сарым Гераклдің өзі еді ғой. Бір көзінен айырылса да, шабуылын тоқтатпады. Ақыры оның әтеші мекиенше, “хақ, хақ” етіп бір жамбастап құлай бастады. Федор ұрысты тағы тоқтатып, құдайларға

жалбарыну үшін рұқсат сұрады. Оның қарасының күні біткені көрініп тұрған соң, келісе салдым.

О, сұмдық! Қара қораз қайта туғандай құтырды. Қалай күшейіп алғанын білмеймін? Ол менің сарымды теуіп жығып, кеудесіне мініп алды да, тура жүрегінен шоқыды. Сарымның демі үзілді! Мен мың драхманы Федорға лақтырып жібердім де, көшеге жүгіріп шыққан соң аспанға қолымды жайып: “Құдайлар, күштеріңе сенбегеніме, кешіріңдер! Сендердің ғажайыптарыңды көрдім, мен дұрыс жазаландым!” деп айқайладым. Сол кезде қасыма бір кәрі құл келіп: “Ақымақ! Бұған құдайлардың қатысы қанша? Сен соқырсың. Өйткені ол құдайларға құлшылық етемін деп үзіліс алғанда, бір қара қоразын екіншісімен ауыстырып отырды!” деді. Мен ызадан жылап жібердім. Бірақ артынан күлдім. Өйткені мен өзім үшін ұлы ақиқатты аштым. Құдайлардан адамдардың арсыздығы күшті екен! Бұл шындық үшін мен мың драхма төледім, ал саған тегін сыйлаймын.

Тиссаферн: (Ой үстінде) Қызық екен. Бірақ қандай кеңес

беретініңді түсінбедім?

Герострат: Әтешті ауыстыр, Тиссаферн! Дельфке кеткен шапқыншы құдайлардан әміршіге тиімді хабар әкелуі керек. Ал әміршіге менің өмір сүріп, оған қызмет еткенім керек.

Тиссаферн: Соған сенімдісің бе?

Герострат: Әрине! Эфесте толқу бар, гректер парсылардың басынан сипамайды, әміршіге бағынған түр көрсеткенімен, сені сарайдан сүйрен тастайтын сәтті күтуде. Мені солардың үстінен бақылаушы етіп қой! Қазір маған адал, берілген кемінде мың қызметші соңыма ереді. Олар шамалы ақы үшін от пен суға түседі. Біз халық жиналысын қуып, соттарды таратын жібереміз. Эфесте тәртіп орнатқан сен боласың, ал бақылайтын мен боламын! Геростратты құрметтеп, қорқатын болады. Өйткені оның қылығын құдайлардың өзі кешірді ғой. Мүмкін, Геростраттың өзі құдай тектес шығар? Базарда бір балгердің мені Зевстің бел бал асы деп айқайлағанын қазір елдің бәрі біледі.

Тиссаферн: (Мысқылдап) Ол әйелге қанша төледің?

Герострат: Мен әтешті ауыстырдым, Тиссаферн. Шикіл сары әмірем қапқанша солай етіп отырамын!

Тиссаферн: Ал абыздарды қайтесің? Олар не дейді?

Герострат: Олар үндей алмайды! Онсыз да масқара болған жоқ па? Зевстің жай болып түсетін жазасы қане? Артемиданың қасиетті оғы қайда? Мен дін аманмын!... Демек, екінің бірі: не құдайлар мүлдем жоқ, не мен құдай тектімін!

Тисса ф ер н: Қисынын келтіре білесің. Ал біздің арамыздағы мәселе қалай шешіледі?

Герострат: Қандай мәселе, Тиссаферн? Әйелің саған адал, ал өсекшілердің тілін қалалық алаңға шығарып, өзім жұламын!.. Менің ұсынысымды ойлан, әмірші. Сен гректердің арасында бөтенсің, оның үстіне қартайдың.

Тиссаферн: Ей, тым алысқа кеттің?

Герострат: Кешір мені, Тиссаферн. Уақыт өз дегенін істейді. Сенің отыз жыл бұрынғы күйің жоқ. Қаланы ұстап тұру үшін қатты жұдырық керек. Ол үшін саған менен артық адам табылмайды.

Тиссаферн: Ойлану керек. (Быламықты асықпай жеп отырады, содан соң қасьщты қойып, басын төмен салбыратады.)

Герострат: Не болды, әмірші? Көзіңде жас бар ғой?

Тиссаферн: Мына быламық... Олар пияз бен бұрышты аямай салыпты.

Герострат: (Мырс етіп) Байқаған емеспін.

Тиссаферн: Доғар, Герострат! Кәріліктің қаншалықты қайғылы екенін сен қайдан түсінуші едің. Білесің бе, менің әмірші болғым келген емес, менің жаным бар болғаны балықшылықты қалайтын. Мен балықтарды, олар мені жақсы көреді. Қармағымды ұстап теңіздің жағасында отырсам ғой, шіркін.

Ал оның орнына сарайда өмір сүріп, өзінді жек көретін адамдарға билік жүргізуге тура келді. Мен өз әйелімді қатты сүйемін, Ге­рострат. Бірақ қартайып қалдым, одан да солай етуді талап ете алмаймын. Оның көзіме шөп салатынын білгенмін, бірақ менің ғана жүрегімді ауыртар деп ойлағанмын. Сөйтсем, мемлекеттік проблемаға айналып кетті... Менің әмірші болғым келмейді.

Соңғы кезде тарих үшін емес, өзім үшін өмір сүргенді қалаймын. Бірақ біздің проблемамызды кім сұрап жатыр? (Батылданып) Сені босатып жібере алмаймын, Герострат. Халық наразы болады. Бірақ өзің түрмеден қашып кетсең ғой...

Герострат: Бұрын әбден мүмкін еді, ал Клеон қарауылдағалы бері...

Тиссаферн: Соны айтып отырған жоқпын ба... Онымен саудаласу мүмкін емес...

Герострат: Сонда не істеу керек?

Тиссаферн: Ойланып отырмын. (Быламықты жейді.)

Нанды немен кесесің, Герострат?

Герострат: Мен оны кеспеймін, әмірші, қолыммен сындырамын.

Тисса ф ер н: Әй,әй,әй, қолың былғаныш қой... (Қанжарын алады.) Мә, мынаны ал! Өзі өткір әрі ыңғайлы...

Герострат: (Қанжарды жасырып) Рахмет, әмірші! Сеп кемеңгерсің әрі мейірімдісің...

Театр адамы: (Наразылықпен) Сен не істеп тұрсың, Тиссаферн?

Тиссаферн: ұрқ етіп) Мен сенің пікіріңді сұраған жоқпын, адам! Маған тыныштық бер, аяғыма оралғы болмай! (Театр адамы сахна шетіне барып, үнсіз отырады.) Ал маған кету керек! (Айқайлайды) Клеон!

(Клеон кіреді.)

Мына алаяқтың әңгімесін біраз ермек еттім. Енді көзіңнен таса қылмай, белгіленген күні аман-есен сотқа алып кел.

Клеон: Міндетімді орындаймын, әмірші... Дельфке кеткен шапқыншы қашан келеді?

Тиссаферн: Қайтып келе жатыр. Егер ештеңеге ұшырамаса...

Клеон: (Күдіктеніп) Неменеге ұшырауы керек?

Тиссаферн: Кездейсоқтық аз ба? Теңіз толқын, кемелер батып жатады...

Клеон: Мұнымен не айтқың келеді, әмірші?

Тиссаферн: Бәрі құдайлардың қолында, Клеон, бәрі солардың қолында... (Кетеді.)

Клеон: (Геростратіса)Тиссафернмен не деп сөз байластыңдар? Айт, қане!

Герострат: Сөз байласу? Ол - әмірші, мен — құйтақандай маса. Арамызда қандай келісім болуы мүмкін?

Клеон: Не туралы әңгімелестіңдер?

Герострат: Күн райы туралы...

Клеон: Әзілдің уақыты емес, Герострат! Эфесте қастандық әзірленіп жатқанын мен сезіп жүрмін! Жауап бер, әйтпесе...

Г ерострат: Қорқыта мені! Мен енді ештеңеден қорықпаймын. Содан соң, сұрағыңа жауап беретіндей сен кім едің? Түрмеші міндетіне жатпайтын жайды сұрамай-ақ, өз орнын білгені жен.

Клеон: Тыңдашы, Герострат, мен саған жаныңда ұятыңның бір жұрнағы қалған шығар деген үмітпен айтын тұрмын! Сен - грексің, сен - эфестіксің! Жалынамын саған, қаламызға қайтадан қауіп төндірме, қиратпа, өлім әкелме! Сен Тиссафернмен не сыбырластың? Барлық эфестіктердің атынан жалбарынамын: оның қара ниет ойларына көмектеспе... Қаласаң, аяғыңа жығылайын. Тоқтал, Герострат! Ең қауіпті қылмыскер де жазасын жеңілдете алады, егер...

Герострат: (Ызамен) Өшір үніңді, бүрынғы архонт! Биліктің маған ештеңе істей алмайтынын түсініп, енді аяушылық сезімімді оятқың келе ме? Оныңнан ештеңе шықпайды. Аулақ кет!

Клеон: (Театр адамына) Олар не деп сөз байласты?

ұл кезде Герострат қанжарын суырып, Клеонның артынан жақындайды.)

Театр адамы: (Орнынан атып тұрып) Клеон, артыңа қара!

(Клеон бұрылады. Герострат қолындағы қанжарымен қатып қалады.)

Герострат: (Жынданып, театр адамына) Сен араласпаймын дегенсің!!!

Театр адамы: Кешір, бүл енді менің еркімнен тыс болды.

Герострат: (Клеонға) Мен қазір түрмеден шығамын, егер жолымды бөгемесең, өміріңді өзіңе қалдырамын.

Клеон: Мен сені жібермеймін, Герострат!

Герострат: Онда өлім! (Клеонға өоне береді, ол сахнаның шетіне қарай шегінеді.)

Театр адамы: (Клеонға нышағын созып) Сенің пышағың, архонт.

Герострат: (Қиналын) Сен араласнауың керек!

Театр адамы: (Клеонға)Пышақты ал, архонт! Саған басқа жол жоқ. Екі мың жыл бұрын өмір сүрсем, мен де сүйтер едім...

(Клеон театр адамының қолынан пышақты алады.)

Герострат: (Үрейлені) Сен мені өлтіре алмайсың, Клеон! Қылмыскерді сотқа дейін өлтірген адамның озі өлім жазасына кесіледі!

Клеон: Оны білемін, Герострат. (Оған қарай жылжиды.)

(Камерада жарық өшеді. Алысқандардың дыбысы біраз естілін басылады. Тыныштықты құлаған тастардың тарсылы бұзады. Содан кейін ән басталады. Оны ерлер Дауысы айтады. Алдымен ақырын, бірте-бірте дауыс күшейіп, салтанатты естіледі.

Жарық қайта жанады. Басын томен салған Клеон Геростраттың өлігінің үстінде тұр.)

Клеон: (Театр адамына) Өмірімде бірінші рет адам өлтірдім...

Театр адамы: Сен үкімді орындадың.

Клеон: (Қатты қызынын) Мен өлтірдім!..

Театр адамы: Күрес басталды!!! (Құлаған тастардың тарсылы мен ән күшейеді.) Бұл не?

Клеон: Олар Артемида храмын қалпына келтіріп жатыр...

Театр адамы: Кімдер?

Клеон: Олар эфестіктер...

Театр адамы: Аттары кім? Ең болмаса біреуінің есімін аташы... Бұл біз үшін өте маңызды. Қане!

Клеон: (Шарасыз) Есімде жоқ...

Театр адамы: Есіңе түсір, Клеон! Олардың ылғи да аты аталмай қалуы әділеттілік емес. Есіңе түсір!..

(Сахнаның түкпірінен құлаған тастардың тарсылы мен он естіліп тұр.)

СОҢЫ

БІРҚАҚПАЙЛАР

Мерекелік мінездеме
Б а с т ы қ: Осы сендер 8 марттың концертін неғып жатсыңдар? Худрук: Мерекелік леп беріп, дайындап жатырмыз.

Б а с т ы қ: Мерекелік леп бергенде, әнеукүнгі менің айтқаным бойынша ма? Жоқ, лағып кеттіңдер ме?

Худрук: Сіздің айтқаныңыз бойынша. Әр кезеңдегі әйелдердің характерін ашудамыз, былайша айтқанда, мерекелік мінездеме берудеміз.

Б а с т ы қ: Әй, характерін ашқанда, былай... саяси мән бердіңдер ме?

Худрук: Әрине, сүйттік. Тындайсыз ба?

Б а с т ы қ: Көрейікші, кәне, не дайындапсындар.

Худрук: Боргүл, қайдасың?

Б о р г ү л: Мен мұндамын.

Худрук: Дайындап жатқан өлеңдеріңді айтшы, кәне.

Боргүл: (Бастықты айналып билей жөнеледі).

Қайтып ал малыңды, тимеймін,

Еркім бар, өзімді билеймін!

Кемпір боп аузымнан тіс түспей,

Мың жылда мен шалды сүймеймін!

Көмпиіп теріңе сия алмай,

Отырсың мені әлі қия алмай.

Баландай адамға сөз айтып

Әппақ боп сақалың ұялмай...

Енді шалға тимейміз,

Сақалына симейміз!

Тралла-ла, трала-ла.

Б а с т ы қ: Әй, мыналарың нелеу екен.

Худрук: Қазақ әйелінің әр кезеңдегі көңіл-күйін керсетіңдер деп өзіңіз айттыңыз ғой.

Б а с т ы қ: Ол дұрыс қой. Сонда да шыли секіріп тұр ғой, мынауың. «Қорқытқанда өстіп қорқыт деп пе едім» дегендей.

Худрук: Қазақ әдебиетінің классик ақыны жазған өлең.

Б а с т ы қ: Түу, классиктер де айта береді екен-ау. Классик еместерді-ақ керсеңдерші. Былай, қазіргі өмірге жақын болсын да.

Худрук: Қазір, жақындап келе жатырмыз. Қане, Боргул!

Бор г у л:

Техниканы бес саусақтай меңгеріп,

Әйелдерді ұшқыш қылған партия.

Куйеуімен правосын теңгеріп,

Әйелдерді ішкіш қылған партия.

Вытрезвительге түскіш қылған партия.

Әйелдерді сан жағынан кетеріп,

Қызметін асыра білген партия.

Жиі-жиі выездной бюро ғып,

Күн тәртібін жасыра білген партия.

Б а с т ы қ: Ой, сендер де қай-қайдағыны қозғайды екенсіңдер. Енді выезд жасап тұрғанымыз рас. Бәрі жоспарланған меселе. Істесек, сол жоспар бойынша істедік. Біздің тірлігімізді қайтесіндер. Сендер сынасаңдар, қазіргі өз замандарыңды сынасаңдаршы. Мына нарықтық кездегі әйелдердің жағдайын айтындар.

Худрук: Енді біртіндеп келе жатырмыз ғой. Қане, Боргул!

Б о р г у л: Үйде жатқан кемпірді Базар қуған бұл нарық.

Қонақ үйді қыздары

Азар қылған бұл нарық.

Сылдыр сөзді сапырған

Қу кедейден бар жақсы.

Жұмыссыз жүрген ақыннан «

Мерседес» мінген шал жақсы.

Шалмен бірге шалқақтап,

Мен де мінсем сол жақсы.

Келіп-кетер шетелдіктен

Келіп тұрар шал жақсы.

Б а с т ы қ: Боргул, қарағым, ақылың бар бала екенсің. Жаман емес қой, иә, жағдайымыз. Құдайға шүкір, жетеді. Әнеукүні қажылыққа барғанда, Сауд Арабиясынан бір жақсы-жақсы заттар әкеліп едім. Жүріндерші, мен сендерге 8 мартқа арнап сыйлық беріп жіберейін. әрі шығып кетеді)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет