Тауарды Сатып алушыға жеткізу шарттары



Дата14.04.2022
өлшемі15,45 Kb.
#139329
Байланысты:
shipping terms kz


Құрметті сатып алушы!
"Мечта" электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің желісі сізге өз ризашылығын білдіреді және тауарды сатып алғаныңыз үшін алғыс айтады.
Сізден тауарды жеткізу және беру ережелерімен және шарттарымен танысуыңызды сұраймыз
Тауарды Сатып алушыға жеткізу шарттары.

  1. Тауар жеткізіледі:

    1. Егер тауар "Мечта" бөлшек сауда дүкендерінің бірінен сатып алынса, "Жеткізуге тапсырыс" құжатында көрсетілген күні.

    2. Егер тауар www.mechta.kz компания сайтынан сатып алынған болса, интернет-дүкен тағайындаған күні.

Нақты уақытты курьер тапсырыс саны мен оларды жеткізу мекенжайларын ескере отырып анықтайды. Сізге тауарды курьермен келісілген уақытта қабылдауды қамтамасыз ету қажет, қабылдау уақыты туралы жеткізу сәтіне дейін жеткізу тапсырысында көрсетілген телефон арқылы немесе тапсырыс компания сайтында ресімделген жағдайда SMS-хабарламамен ескертіледі.

  1. Тауар Сіз көрсеткен мекенжайға жеткізіледі.

  2. Егер тауар компанияның немесе серіктестің сайтында сатып алынған болса, бұл жағдайда Сатып алушы тауарды алғанын растау үшін курьерге SMS-кодты ұсынуы тиіс.

  3. Мына жағдайларды қоспағанда, тауар жеткізіледі және есікке дейін кіргізіледі:

    1. Жиһазды немесе басқа заттарды жылжыту қажет;

    2. Бөлмедегі есіктерді ілмектерінен алу қажет;

    3. Жалпы өлшемдерін азайту үшін тауардың қаптамасын немесе кез-келген бөлігін алып тастау қажет;

    4. Тауарды өткізу кезінде тауардың жағы мен үй-жайдың айналасындағы заттар арасындағы қашықтық он сантиметрден аз.

Мұндай жағдайларда, туындаған себептерге байланысты, тауар сізге жеткізуді жүзеге асыру мүмкін болған жерде берілетін болады.

  1. Тауар берілетін болады:

    1. "Мечта" бөлшек сауда дүкендерінің бірінде тауарды рәсімдеген тұлғаға немесе төлем белгісі бар кассалық және/немесе тауарлық чекті ұсынған тұлғаға. Көрсетілген құжаттар жоғалған жағдайда тауар жеткізу орнындағы, төлқұжатын немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжатты (шетелдік төлқұжат, жүргізуші куәлігі және т.б.) ұсынған адамға берілуі мүмкін. Бұл жағдайда жеткізу құжатында чектің жоғалғаны туралы белгі қойылады. Құжат толық тегі мен аты көрсетіле отырып, жеткізу орнында болған адамның, сатып алушының қолтаңбасымен расталады.

Егер бұл шарттар орындалмаса, онда тауар берілмейді, Сізге жеткізілімді қайта рәсімдеу және оны төлеу үшін дүкенге бару қажет болады.

    1. Тауарды алғанын растау үшін SMS-кодты ұсынған,, тапсырысты компания сайтында ресімдеген тұлғаға.

Егер осы шарттар орындалмаса, онда тауар берілмейді, Сізге қайта жеткізуді және оның төлемін рәсімдеу үшін интернет-дүкеннің call-орталығына жүгіну қажет.

  1. Егер Сізге сатып алу ақысын төлегеннен кейін жеткізу мекенжайын немесе байланыс телефонын өзгерту қажет болса - "Жеткізуге тапсырыс" құжатында көрсетілген телефондар бойынша жеткізу қызметіне хабарласып, операторға тапсырыс нөмірін хабарлауыңыз қажет. Бұл жағдайда тауарды алған кезде сатып алу фактісін растайтын құжатты көрсету қажет.

  2. Егер Сіз өзіңіз көрсеткен мекенжайда және курьер көрсеткен уақыт аралығында болмасаңыз курьерлер 15 минуттан аспайтын уақыт күтеді, содан кейін Сізге жеткізу туралы хабарлама қалдырылады. Бұл жағдайда Сізге қайта жеткізуді рәсімдеу және оның ақысын төлеу қажет болады.

  3. Сізге жеткізілген тауарды тексерген кезде мұқият болыңыз. Көрінетін механикалық зақымданулардың жоқтығына және жиынтыққа кіретін барлық заттардың болуына көз жеткізіңіз. Пайдалану нұсқаулығының болуын және кепілдік талонының дұрыс толтырылуын тексеріңіз (мөрлердің болуы және тауардың таңбалануына сәйкестігі), сіздің тауарды сыртқы түрі, жинақтылығы және құжаттардың болуы бойынша қабылдауыңыз бен тексеруіңіз тауарды жеткізуге ілеспе құжатқа сіздің қол қоюыңызбен расталады және тауарға қатысты қандай да бір наразылықтардың жоқтығын куәландырады. Тауарды алғаны туралы ілеспе құжаттарға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, тауар дүкенге қайтарылады, қайта жеткізу осы нұсқаулықтың 10-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, оны төлегеннен кейін жүзеге асырылады.

  4. Тауардың кездейсоқ зақымдану немесе жойылу қаупі тауарды Сізге немесе жеткізу орнында болған адамға берген және тауарды жеткізуге ілеспе құжатқа қол қойылған сәттен бастап Сізге өтеді. Тауарды қабылдап алғаннан және көрсетілген құжаттарға қол қойылғаннан кейін сыртқы түрі, жинақтылығы, құжаттаманың болуы бойынша наразылықтар қабылданбайды.

  5. Егер жеткізілген тауардың көрінетін сыртқы зақымдары болса, Сіз оны ілеспе құжатқа белгі қою арқылы қабылдамауға құқығыңыз бар. Бұл жағдайда тауарды қайта жеткізу Сіз үшін тегін жүзеге асырылады.

  6. Сызаттардың, жарықтардың, кетіктердің, майысулардың болуы немесе тауардың толықсыздығы, сондай-ақ жеткізу қызметінің жұмысына қатысты наразылықтар ілеспе құжатта көрсетіледі.

  7. Жеткізу қызметінің міндетіне мыналар кірмейді: қаптаманы кәдеге жарату; жеткізілген тауардың мүмкіндіктері мен сипаттамалары бойынша кеңес беру; техниканы баптау және орнату; жеткізілген техниканы пайдалануға үйрету; техниканы газ, су және электрмен жабдықтау желілеріне қосу (теледидарлар мен мониторлар экранның тұтастығын тексеру үшін электрмен жабдықтау желісіне қысқа уақытқа қосылуы мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет