21
тауарлар мен қызметтердің бағасы және факторлар бағасы белгілі бір түрде
келісімделген болуы керек.
Тауарлар мен қызметтердің бағасы шығындардың орнын толтырып және
пайда алу үшін жеткілікті кіріспен қамтамасыз етіп тұруы керек. Еңбек етуге
және кіріс алуға деген ынтаны қамтамасыз етіп тұруы үшін еңбектің құны
біршама жоғары болуы тиіс.
Ашық экономиканың сараптамасын жүргізген кезде
IS-LM
моделін
қолдану біршама ерекшеліктерге ие болады.
Біріншіден,
IS-LM
моделі валюталық курстың өзгерісін көрсететін
көрсеткіштермен кеңейтілуі керек. Яғни бұл модель
тағы да бір деңгеймен
толықтырылған жағдайда алгебралық жүйе анықталына алады. Мұның
салдарынан моделдің графикалық кескіндемесі үш өлшемдіге айналады. Үш
өлшемді, интерпретациялаудың қиындығы салдарынан сараптама не
координаттардың дағдылы жүйесінде (
і/Ү
), не көлбеу сипаты мен ирек
жылжуын анықтайтын қосымша факторларды
енгізулері бар координаттар
жүйесінде (
е/Ү
) жүргізіледі (5-сурет).
Екіншіден, экономикалық саясаттың бір, не басқа шараларының
әрекеттеріне деген экономика реакциясының сипаты көп дәрежеде ұлттық
экономиканың сыртқы әлеммен арақатынасының формасына тәуелді болады.
Есепке алуды талап ететін негізгі сәттер келесілер:
-
ұлттық экономиканың әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы
дәрежесі (кіші - үлкен экономика);
-
валюталық курсты реттеу режимі (бекітілген жылжымалы валюталық
курс);
-
капиталдардың еркін қозғалысы үшін
экономиканың ашықтығы
дәрежесі (капиталдың жоғары - төмен ұтқырлығы).
IS
ирегінің түр мен сипаты факторлар тізбегімен анықталады.
Автономды шығындардың өсуі жағдайында
IS
ирегі оңға қарай жылжиды,
бұл жағдайда ирек автономды шығындар мультипликаторының азаюы және
барынша инвестициялауға бейімділік жағдайында неғұрлым тігірек көтеріле
бастайды.
IS
ирегінің жылжуына ұлттық валюта курсының өзгеруі әсер етеді.
Валюталық курстың төмендеуі (яғни ұлттық валютаның құнсыздануы)
IS
ирегін солға қарай, курстың жоғарылауы оңға қарай жылжуына әкеледі. Бұл
бірінші жайда таза экспорттың өсуімен,
екіншіде - оны төмендеуімен
түсіндіріледі.
Валюталық курстық
IS
ирегінің сыйпатына әсер етуін ескеру маңызды.
Егер де жабық экономикада ақша ұсынысы экзогендік көрсеткіш ретінде
қарастырылса, бекітілген валюталық курсты ашық экономикада ақша
ұсынысы эндогендік мөлшерге айналады.
Орталық банкі (ОБ) бір мезгілде ақша базасын да, валюталық резервтер
базасының
мөлшерін де реттей алмайды, яғни оның алдында не ақша
ұсынысына бақылауды, не валюталық курсқа бақылауды,
екеудің біреуін
жүзеге асыру керек дилеммасы тұрады. Ақша-кредиттік саясаттың мақсаты
22
ретінде бекітілген валюталық курсты таңдап алса Орталық банкі ақша
массасына бақылаудан толықтай айрылады.
Валюталық курстың өсуі (ұлттық валютаның қымбаттауы)
LM
ирегінің
оңға, төмендеуі солға жылжуына алып келеді. Бұл ұлттық валютаның
қымбаттауы жағдайында Орталық банктің
валюталық резервтерінің
көбеюімен, бұған сәйкес ақша базасының да өсуінің жүруімен, ал валюталық
курстың төмендеуі жағдайында ақша базасының азаюымен түсіндіріледі.
Бұл тәуелділікті формалды (үстірт қарау) түрде айырбастауды сандық
теңгеру мен сатып алушылық мүмкіндік паритетін теңгеру арқылы шығарып
алуға болады. Айырбасқа сандық теңдеу жүргізуге сәйкес
Достарыңызбен бөлісу: