129
24-сурет.
LM
ақша секторының тепе-теңдік қисығы.
LM
қисығының сол жағында ақша ұсынысы, одан сұраныс асып түседі;
оң жағында керісінше ақшаға сұраныс, олар ұсыныстан артық.
LM
қисығының еңістік бұрышы кіріс деңгейі мен пайыздық мөлшерлеме
өзгерісімен салыстырғанда ақшаға сұраныстың сезімталдығын көрсетеді.
Ақшаға сұраныс пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне тәуелді, сондықтан
LM
қисығының еңістік бұрышы үлкен емес.
ВР
қисығы төлем балансы тепе-теңдікте болатын кіріс деңгейінің және
пайыздық мөлшерлемелердің мүмкін комбинацияларын көрсетеді. Ол тікелей
ұлттық және халықаралық экономиканың өзара байланысын білдіреді, ал
оның орын ауысуы валюталық бағам динамикасы мен капиталдың
халықаралық қозғалысының режимі тәрізді аса маңызды параметрлерге
тәуелді.
ВР қисығынан төмен і және
Ү
-тің кез-келген тіркесі төлем балансының
тапшылығына алып келеді, ал
ВР
қисығынан жоғары і және
Ү
-тің кез-келген
тіркесі сыртқы экономикалық операциялардың оң сальдосына алып келеді.
25-сурет.
ВР
төлем балансының тепе-теңдік қисығы.
Капиталдың икемділігі - пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісіне жауап
ретінде капиталдардың бір елден екінші елге орын ауысуының еркіндік
дәрежесі.
Капиталдың икемділігі әр түрлі елдерде бірдей емес: капитал ағынының
жолындағы заңнамалық кедергілер де, қаржы рыноктарының даму дәрежесі
де, экономикалық және жалпы саяси тұрақтылық деңгейі де және т.б.
ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: