Тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы негізгі ережелер тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу


Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау



бет3/57
Дата09.06.2020
өлшемі90,81 Kb.
#72794
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ
Байболатова Тұмар Курсстық жұмысы
Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау

      1. Егер осы Кодексте, Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарында, Комиссияның шешімдерінде және мұндай тыйым салулар мен шектеулер белгіленген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде өзгеше белгіленбесе, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып жүзеге асырылады.

      2. Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, Кеден одағының кедендік аумағына келген тауарлар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Кеден одағының кедендік аумағынан тез арада әкетілуге жатады.

      Көрсетілген тауарларды әкету жөнінде шаралар қабылдау тасымалдаушыға не, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, олардың меншік иесіне жүктеледі.

      3. Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тауарлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, Кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге жатпайды.

      4. Егер әкелуге немесе әкетуге шектеу қойылған тауарларды Кеден одағыныңкедендік аумағына әкелу немесе мұндай аумақтан әкету кезінде шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар ұсынылмаса, осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет