11. Сапа көрсеткіштері мен қасиеттері.
Қасиет -өнімнің (немесе тауардың) объективті ерекшелігі, оның дамуы кезінде баға және қолданғанда (эксплуатация), сақтауға көрініс береді. Өнімнің қасиеті және күрделі болуы мүмкін.
Қарапайым қасиеті-бір ерекшелігімен сипататлады, мысалы: қышқылдылық, сүттің майлылығы және т.б.
Күрделі қасиеті –ерекше комплексті жиынтығын көрсетеді. Күрделі қасиетке мысал ретінде өнімді қоректенуі, тағамның құндылығы бойынша қызмет етеді, оған қоса бүтін қасиетті комплекстерді-энергетикалық, биологиялық, физиологиялық, органолептикалық құндылығы және де сіңімділік пен қауіпсіздікті сипаттайды.
Сапа көрсеткіші - сандық және сапалық өнім (немесе тауар) қасиетіне бөлінеді. Әр көрсеткішке сәйкес аталуы мен мағынасы болады.
Мағына көрсеткіші – сапалы мен санды өлшемнің нәтижесі болады. Аталу көрсеткіші орнатуға сәйкес немесе анықталған талапқа сәйкес келмейтін немесе констатация өлшемінің нәтижесі үшін қолданады.
Сапа көрсеткіші атауы бойынша қасиет сипаттамасына тәуелді (бірлік немесе комплекс) болып екі топқа бөлінеді.
Сапа көрсеткішінің жіктелуі және оның мәндері 6 суретте көрсетілген.
Бірлік көрсеткіштері – тауардың қарапайым қасиетін сипаттау үшін арналған. Мысалы бірлік көрсетікштеріне түсі, формасы, қышқылдығы, тұтастығы жатады.
Комплексті көрсеткіштер – тауардың күрделі қасиетін атау үшін арналған. Нанның жұмсағы – комплексті көрсеткіш, мынандай бірлік топар арқылы: түс, кеуектілігі, созылғыш және т.б. сипатталады.
Базалық көрсеткіштері – негіз бойынша сапа көрсеткіштерін салыстыру арқылы сипаттап қабылдап алу, мысалыға: эталон түсі, анықталған сорттың түсіне сәйкес келуі мүмкін көрсеткіштер жатады. Базалыққа сәйкес өнімнің аналогиялық базалы үлгі көрсетікштерін қолдануға болады, ауыспалы ғылыми-техникалық жетістік бейнеленген.
Анықталған көрсеткіштер – тауар сапасын бағалау кезінде мағыналық шешімдер болады. Оларға көптеген органолептикалық көрсеткіштер – сыртқы түрі, барлық тұтынатын тауарлардың түсі, тағам өнімдерінің дәмі мен иісі, физико-химиялық көрсеткіштер – массалық майдың бөлігі (майлы өнімнің құрамында – сиыр сүті, маргарин т.б.) этил спирті (алкаголь сусындары) және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |