7. ТАРАПТАРДЫҢ ШЕКТЕУІ
7.1. Тараптарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын немесе Тараптардың құқықтарын шектейтін өзге іс-әрекеттерді жасауға тыйым салынады.
8. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
8.1. Тұтынушы Тараптармен келісілген Газды жеткізу көлемін алудан негізсіз бас тартса, толық алмаса, жеткізу айының аяқталуы бойынша, Жеткізуші Тұтынушыға толық алынбаған Газ көлемі бағасының 10 % (он пайызы) мөлшерінде алынбаған пайда сомасын өтеуді талап етуге құқылы, ал Тұтынушы талап етілген соманы көрсетілген мерзімде төлеуге міндетті.
Төтенше жағдайлар, Тұтынушы өндірісінің жоспарлы тоқтауы, сондай-ақ апат жағдайларға байланысты болған өндірістегі тоқтаулар негізді бас тартулар болып саналады. Қалған барлық жағдайлар негізсіз болып табылады. Бұл ретте Газды алудағы рұқсат етілетін ауытқушылық жоспарланған айлық көлемнің 5 % (бес пайызды) құрайды. Осы шамада Газды алу кезінде алынбаған пайда сомасы есептелмейді.
8.2. Жеткізушінің келісімінсіз газдың артық шығыны болған кезде, Тұтынушы төмендегі коэффициенттердің қолданылуымен әр тәулік үшін Шартпен белгіленген көлемнен артық алынған газ көлемінің бағасын қосымша төлейді:
15 сәуірден 15 қазанға дейін - 1,2;
15 қазаннан 15 сәуірге дейін - 1,5.
8.3. Тұтынушы осы Шарт талаптарына сәйкес есепті кезеңде нақты жеткізілген Газ үшін төлем жөніндегі өз міндеттерін орындамаған жағдайда, Жеткізуші берешектер толық өтелген сәтке дейін бар берешекке әрбір кешіктірілген күн үшін, ақшалай міндеттемелерді нақты орындау күні әрекет ететін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен белгіленген қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасы мөлшерінде өсімпұл есептейді.
Есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күні айыпақы есептеу мерзімінің басы болып табылады.
8.4 Айыпақыларды осы Шарт талаптарына сәйкес есептеу және санау әр айға жеке жүргізіледі. Айыпақы төлемдері Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
8.5. Жеткізушінің кінәсі бойынша Газ жеткізуде олқылық болған немесе көлемі кемітілген жағдайда, Тұтынушы Жеткізушіге әрбір толық жеткізілмеген күн үшін, толық жеткізілмеген Газ құнының сомасынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісімен белгіленген қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасы мөлшерінде, бірақ толық жеткізілмеген Газ құнының 10 % (он пайыз) артық емес мөлшерде өсімақы қолдануға құқылы.
Есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші күні айыпақы есептеу мерзімінің басы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |