Тауарлық газды бөлшек саудада өткізу шарты Орал қ. 2018 ж. «ҚазТрансГаз Аймақ»



бет12/23
Дата19.05.2020
өлшемі102,08 Kb.
#69525
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
2 дог комбыт 2018 (3)
2 дог комбыт 2018 (3)
10. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
10.1. Осы Шарт бойынша немесе оған байланысты Тараптардың арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

10.2. Келіспеушіліктер мен дауларды келіссөз арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тәртіппен сот тәртібімен қарауға жатады.


11. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
11.1. Осы Шарт 2018 жылдың «01» қантарынан бастап күшіне енеді және 2018 жылдың «31» желтоқсан қоса алғанға дейін, ақшалай міндеттемелерді орындау бойынша - олар толық орындалғанға дейін әрекет етеді.

11.2. Тұтынушы осы Шартқа қол қоя отырып, Жеткізушінің келесі әрекеттеріне осы Шарттың 6.3-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайда, «Мемлекеттік кредит бюросы» АҚ ақпарат беруіне өз келісімін береді;

11.3. Осы Шартқа өзгертулер, толықтырулар, Шарт шеңберіндегі Тараптардың келісімдері жазбаша түрде ресімделеді және екі Тараппен қол қойылған сәттен бастап заңды күштері бірдей, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

11.4. Шарт мемлекеттік және орыс тілдерде екі данада жасалды. Егер Шарттың мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған мәтініне байланысты келіспеушілік туып жатса, Тараптар Шарт талаптарын орыс тіліндегі мәтіннің мазмұнына сәйкес талдау жасайды.

11.5. Тараптар бірінші басшы ауысқан, заңды мекенжайлары, банкілік деректемелері, атаулары, ведомствалық жабдықтары, меншік нысандары өзгерген жағдайда, жаңа есеп шоттары ашылған, жойылған және осы Шартты тиісінше орындауға әсер ететін басқа мәліметтері өзгерген жағдайда, бір-біріне 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде жазбаша хабарлауы тиіс.

11.6. Тұтынушының келесі күнтізбелік жылға Шартқа қол қоюдан бас тартуы Газды жеткізуді тоқтатуға ықпал етеді. Жеткізуші тұтынушыға алдын ала хабарлай отырып, кіре берістегі кранға пломба қойып немесе дәнекерлеп жабу арқылы Тұтынушыға газ жеткізуді тоқтатуға құқылы.

11.7. Тараптар осы Шартпен реттелмеген барлық басқа жағдайлар бойынша, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын басшылыққа алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет