5. ТӨЛЕМ ТӘРТІПТЕРІ
5.1. Газды жеткізу үшін төлем осы Шарттың №1 Қосымшасында көрсетілген газға арналған баға бойынша 100% (жүзпайыздық) ай сайынғы алдын ала (аванстық) төлем жағдайында жүргізіледі. Егер мемлекеттік мекеме Тұтынушы болып табылса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алдын ала төлемге рұқсат етіледі.
5.2. Газдың бағасы негіздемелер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Газ бағасының өзгергені туралы ақпарат Тұтынушыға бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) арқылы жеткізіледі.
5.3. Шарттың жалпы сомасы №1 Қосымшада көрсетіледі және Газ бағасының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін. Бұндай жағдайда Тараптар бағаның өзгеруін оған сәйкес Шарттың жалпы сомасының өзгеруін есепке ала отырып, осы Шартқа қосымша келісімге қол қояды.
5.4. Тұтынушы осы Шарт бойынша Тараптармен келісілген Газ көлемін жеткізу үшін алдын ала (аванстық) төлемді жеткізу айы басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күн бұрын Жеткізушінің есептік шотына төлейді.
5.5. №1 Қосымшаға сәйкес баға бойынша есептелген, бір айда нақты жеткізілген Газ бағасының сомасы Газды жеткізу Актісімен расталады, Жеткізуші оның негізінде есепті айдан кейінгі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей шот-фактура қояды.
Шот-фактура, ол қойылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күннің ішінде Тұтынушының жеткізілген газдың соңғы төлемін жүргізуіне негіз болып табылады.
5.6. Осы Шарттың 4.6-тармағында айтылған жағдайда, Тұтынушы Газдың даусыз көлемінің төлемін Газды жеткізу Актіге қол қоюдан бас тарту туралы негіздер берілген күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізуі тиіс.
5.7. Осы Шарттың 4.7-тармағында айтылған жағдайда, Тұтынушы Газдың қабылданған көлемінің төлемін Газды жеткізу Актіге қол қоюдан бас тарту туралы негіздерді беру мерзімі өткен күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде жүргізуі тиіс.
5.8. Тұтынушы газ үшін төлем бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда, Жеткізуші:
осы Шарттың 8.3-тармағына сәйкес өсімпұл қолдануға;
осы Шарттың 3.11-тармағына сәйкес Газ жеткізуді тоқтатуға құқылы. Бұл ретте Жеткізуші газ жеткізуді тоқтатуға немесе қысқартуға байланысты залалдар мен шығындар үшін жауап бермейді.
5.9. Тараптар ай сайын әр айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін Жеткізуші ресімдеген Газ жеткізу және жүргізілген төлемдер жөніндегі салыстырып тексеру Актіге қол қояды.
Салыстырып тексеру Актісіне әр Тараптың бірінші басшысымен немесе өкілетті өкілімен және бас бухгалтерімен қол қойылады және Тараптардың мөрлерімен расталады.
5.10 Егер ағымдағы ай үшін төлем/алдын ала төлем сомасы нақты жеткізілген Газдың бағасынан артық болса, онда артық сома келесі ай үшін төлем/алдын ала төлем есебіне саналады.
Берешек болған жағдайда (өсімпұл және алынбаған пайдамен қоса), түскен төлемнен бірінші берешек өтеледі, ал қалған сома ағымдағы айдың төлемі ретінде есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |