Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар



бет10/226
Дата05.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#173782
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   226
Байланысты:
Òàóáàåâà ø. Ò., Èìàíáàåâà ñ. Ò., Áåðèêõàíîâà à. Å
2 денгей жауаптары ағылшын, Акт бөж, Тератогенез
1.4.Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар. Білім беру феномені ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдықтардың біріне айналу себебі оның әлеуметтік мәнінің өзектенуімен айқындалып, білім беру жүйесінде үздіксіз реформалар енгізілу үстінде. Енді осы өзгерістерді туындататын негізгі факторларды қарастырып өтейік.
1)Жаһандану үрдісі.Бүкіл дүниежүзілік деңгейде мемлекеттердің өзара ықпалдасуына әсерін тигізіп тұрған жаһандану үрдісі адамдардың планета көлемінде көрініс тауып отырған экологияның бүлінуі, су ресурстары үшін күрес, ғаламдық жылыну қаупі, мемлекеттер мен құрлықтардың экономикалық даму деңгейлеріндегі үлкен айырмашылықтар, ядролық қару зардаптары, саяси тұрақсыздық және терроризм секілді ауқымды мәселелерді шешу әлемдік қауымдастықтың бірлесе әрекеттесуін қажет етеді.
Ағылшын тілінен аударғанда «жаһандану» сөзі әлемдік, жалпы, бүтін, бәрін қамтушы мәнін білдіреді. Жаһандануды әрі дүниежүзілік кеңістікке ену, әрі әлемдік қарым-қатынасқа көпұлтты қауымдастықтардың кіруі ретінде түсіндіруге болады. Сонымен, жаһандану – қарқынды өсіп жатқан дүниежүзілік дәрежедегі факторлардың жеке мемлекеттердегі шынайы әлеуметтік жағдайларға ықпал ету үдерісі.

  1. Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы негізінде адамдардың тұрғылықты жерінің аумағынан аспай-ақ алыстағы қажетті ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейді. Дәлірек айтсақ, бұрынғы кезде адамдар басқа елдің адамдарымен тек хат, телеграмма және т.б. арқылы қатынаса алса, қазір адамдардың қарым-қатынасы уақытпен де, кеңістікпен де еш шектелмеген. Электронды техника мен телекоммуникация желілерінің on-line форматтарының дамуы арқасында қазіргі адамға жер шарының кез келген нүктесіндегі адамдармен байланысу мүмкіндіктері кеңінен ашылған. Ақпараттандыру үдерісі әр адамды әлемдік қауымдастықтың бөлшегі екенін сезіндіріп, объективті шындық шегінің кеңейгенін ұғындырды.

  2. Әлемдік өркениеттің дамуында гуманистік қағидалардың өзектенуі. Дүниежүзі бойынша байқалып отырған экономикалық дағдарыстар мен қатар адамдар арасындағы рухани-адамгершілік дағдарыстың белең алуы қоғамды ізгілендіру мәселесін күшейте түсті. Бұл мәселе адамдардың білімділігімен, олардың кәсіби құзыреттілігімен, адами құндылықтарымен тығыз байланыста қарастырылуда. Қоғамның бәсекеге қабілеттілігі оның адами капиталының сапасына тікелей байланысты.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет