Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стильдері



бет21/226
Дата05.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#173782
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   226
Байланысты:
Òàóáàåâà ø. Ò., Èìàíáàåâà ñ. Ò., Áåðèêõàíîâà à. Å
2 денгей жауаптары ағылшын, Акт бөж, Тератогенез
2.5.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стильдері.Мұғалімнің іс-әрекет стилі деп оның кәсіби іс-әрекет түрлерін орындауындағы көрініс табатын әдіс-тәсілдердің тұрақты жүйесін атайды. Әр мұғалімнің іс-әрекетінде оның жеке тұлғалық ерекшеліктеріне, құндылық бағдарына немесе өзіндік ұстанымдарына байланысты қалыптасып қалған стильдері болады.
Жалпы қарастырғанда мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекет стильдері төмендегідей факторлардың әсеріне байланысты қалыптасуы мүмкін: а) іс-әрекет түріне, іс-әрекет ерекшеліктеріне; б) іс-әрекетке қатысатын субъектілер (оқушылар) ерекшеліктеріне; в) мүғалімнің даралық-психологиялық ерекшеліктеріне.
Мұғалім тәжірибесінде орын алатын педагогикалық қарым-қа-тынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерін білу маңызды.Педагогикалық іс-әрекет стилі-педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мұғалімнің балалармен қарым-қатынас орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал орын алады.
Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында педагогикалық іс-әрекеттің мынандай стильдері топтастырылған: авторитарлық, либералдық, демократиялық.

    1. Педагогикалық іс-әрекеттіңавторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып есептелмейді, олар тек мұғалімнің айтқанын, нұсқауларын орындаушылар ретінде қабылданады.

    2. Педагогикалық іс-әрекеттің либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас тартып, жауапкершілікті әріптестеріне, оқушыларға ысырады. Мұғалім тек оқыту үдерісімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз беттерінше жібереді. Бұндай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады.

    3. Педагогикалық іс-әрекеттің демократиялық стилінде оқушы мен мұғалім педагогикалық қарым-қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, оқушылардың жеке пікірлері есепке алынып, олардың белсенділігі, шығармашылығы жоғары бағаланады. Өзара қарым-қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске асырылады.

В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың мынандай топтамасын анықтап көрсетеді:

  1. Бірлескен шығармашылық іс-әрекетке әуестену негізіндегі қарым-қатынас (мұғалім оқушыларды шығармашылыққа ынталандырады, балалар мұғалім соңынан қалмайды).

  2. Достық ықылас негізінде құрылған педагогикалық қарым-қатынас (мұғалім оқушының ересек жолдасы ретінде қарым-қатынаста болады, татулық, достық қатынас орнайды).

  3. Дистанциялық қарым-қатынас (түрлі әлеуметтік роль атқаруларына байланысты оқушы мен мұғалім арасында нақты дистанция сақталады, мұғалімнің жетекші ролі орын алады).

  4. Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату (мұғалімнің өктемдігі басым болады, балалар үнемі мұғалімнің ұрсуынан үрейленіп жүреді).

  5. Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжыңға негізделген қарым-қатынас (балаларға ұнау үшін жас мұғалімдер қалжыңдасып сөйлеуді ұстанады, бірақ бұл дұрыс нәтижеге жеткізбейді).

  6. Мұғалім шәкірттер алдында өзінің артықшылығын көрсетуге бағытталған қарым-қатынас (мұғалім тек өзінің беделімен ғана айналысады, үнемі өзінің балалардан жоғары екенін дәлелдеуге тырысады).

Кейінгі жылдары педагогикалық іс-әрекет стильдерін зерттеуде түрлі критерийлер анықталуда. Аса көп таралған іс-әрекет стилін анықтауда мұғалім бағыттылығы негізге алынып қарастырылады: мұғалімнің оқыту үдерісіне бағытталуы, мұғалімнің оқыту үрдісіне және нәтижесіне бағытталуы, мұғалімнің психологиялық ерекшелігіне байланысты.
Осы аталған бағыттылықтар негізінде мынандай стильдер топтамасы анықталған:
а) эмоционалды-импровизиациялық стиль (мұғалім үшін оқыту үдерісіне, оның жылдамдығы, интуицияға негізделуі маңызды, оқу материалын бекітуге аз көңіл бөлінеді).
б) эмоционалды-әдістемелік стиль (мұғалімнің оқыту үдерісіне және оқыту нәтижесіне бағытталуы, оқытуды жоспарлауға, оқу материалын саралауға, бақылап, бағалауға аса мән береді).
в) пайымдаушылық-импровизациялық стиль (оқыту үдерісіне және оқыту нәтижесіне бағытталуы, дәстүрлі оқыту әдістерін қолдану, жұмыс жылдамдығы баяу).
г) пайымдаушылық-әдістемелік стиль (оқыту нәтижесі ғана маңызды, жоспралау, оқыту құралдары мен тәсілдерін пайдаланудағы консервативтілік, жаңашылдықтың жетіспеушілігі).
Педагогикалық іс-әрекет стильдері оның нәтижесінің табысты немесе табыссыз болуына әсер етеді. Мұғалім стиліне қарай оның оқушылар арасындағы, ұжымдағы беделі артады немесе төмендейді, оқытатын оқушыларының білім, білік, дағдылары жоғарылайды немесе төмендейді, сондай-ақ өзінің жеке «Мен»жүйесінің дамуы не дамымай қалуы орын алады. Сондықтан әр мұғалім үшін өзінің педагогикалық іс-әрекет стильдерінің маңызын жақсы түсінуі абзал. Әр жас мұғалім өзінің дербес ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне байланысты педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастырады. Қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастыру үшін ең алдымен жас маман өзінің психологиялық ерекшеліктерін, құндылық бағдарын, ішкі қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін арнайы зерттеп білуі қажет. Мұғалімнің педагогиалық қабілеттерін зерттеуге арналған диагностикалық әдістемелердің түрлері психологиялық әдебиеттерде жеткілікті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет