Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет24/226
Дата05.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#173782
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   226
Байланысты:
Òàóáàåâà ø. Ò., Èìàíáàåâà ñ. Ò., Áåðèêõàíîâà à. Å
2 денгей жауаптары ағылшын, Акт бөж, Тератогенез
Педагогикалық бейімділік – тұлғаның педагогикалық кәсіпке деген сезімдік талғамының арта түсуі, құлшынысының, ынтасының жоғары деңгейде танылуы. Педагогикалық бейімділіктің негізі мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетке деген және өзіне деген құндылықтық қатынастар жүйесі.Педагогикалық бейімділікадамныңпедагогикалық іс-әрекеттерге деген қабілеттер жүйесінің даму және қалыптасу деңгейі. Педагогикалық бейімділік болашақ мұғалімнің нақты оқыту немесе тәрбиелік іс-әрекетке қатысу кезінде айқындалады. Сонымен, педагогикалық бейімділік болашақ мұғалімнің теориялық және практикалық педагогикалық тәжірибе жинақтап, өзінің педагогикалық қабілеттерін бағалай алу негізінде қалыптасады. Мұғалімнің негізгі кәсіби маңызды қасиеттері ретінде педагогикалық парыз, педагогикалық жауапкершілік, педагогикалық ұстаным ұғымдарын атап өтуге болады.
Педагог тұлғасының құрылымында оның кәсіби-педагогикалық бағыттылығы маңызды рөл атқарады. Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық бағыттылығы оның негізгі кәсіби маңызды қасиеттерінен құралады. Осы қасиеттердің ішінде мұғалімдік кәсіпке деген қызығушылық, кәсіби-педагогикалық қабілеттер ерекше мәнге ие.
Мұғалім мамандығына деген қызығушылық балаларға, олардың ата-аналарына, жалпы педагогикалық іс-әрекет түрлеріне деген жағымды эмоциялық қатынаспен және педагогикалық білім мен іскерлікті меңгеруге деген құштарлықпен сипатталады.
Педагогикалық қабілеттілік - тұлғаның педагогикалық іс-әре-кетті орындауда жоғары деңгейде көрінетін жеке қасиеттері. Психологиялық сөздіктерде педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы ретінде анықталады.
Мұғалімнің педагогикалық қабілеттері негізінде оның оқушылар мен әріптестері алдында абыройы жоғарылай түседі. Педагогикада педагог абыройы деген сөз тіркесі педагог авторитеті деген ұғыммен синонимі болып қолданылады.Педагогтың авторитеті – оқушыларға деген қатынасын анықтайтын, маңызды шешімдерді қабылдауға құқылы, басқаларды бағалай алатын, оларға кеңес бере алатын мұғалімнің ерекше кәсіби позициясы. Шынайы мұғалімдік авторитет оның жасының үлкендігі мен лауазымына емес, оның жеке тұлғалық, адами қадір-қасиеттеріне қарай анықталады. Абыройлы ұстазға оқушылар сенеді, оны ұстаз ретінде мойындайды, оның идеяларын қолдайды. Педагогикалық авторитеттің құрылымы 4 компоненттен құралады:

  • кәсіби компонент (білімі, әдістемесі, құзыреттілігі, танымының тереңдігі, т.б.).

  • тұлғалық компонент (көзқарастары, өмірлік ұстанымы, құндылық бағдары, мінезі, мәдениеттілігі, т.б.).

  • әлеуметтік компонент (кәсібінің әлеуметтік мәнін түсінуі, кәсіби табыстылығы, т.б.).

  • рөлдік компонент (лауазымы, қызметтік рөлдері, құқықтары мен кәсіби міндеттері, т.б.).

Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі көпшілік бақылауында болады. Олар оқушылар ұжымының, ата-аналар қауымының, әріптестерінің тікелей болмаса да жанама түрдегі назарында болатыны анық. Мұғалімдікті таңдаған адам басқаларға үнемі үлгі-өнеге көрсете алуы керек, себебі бұрыннан бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның білімімен, ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі, киген киімі, жүріс-тұрысы, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы барынша үйлесімді, жарасымды болуы шарт. Кәсіби-педагогикалық қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы педагог беделінің қалыптасу негізі.
Педагогтық кәсіпті таңдау бейімділікке, қабілеттілікке негізделгенімен, кейбір зерттеушілердің пікірінше, педагог мамандығын таңдаудың басқа да мотивтері кездеседі: саяси, экономикалық ақыл-ой, қоғамдық және жеке мақсат. Оларды екі түрге ажыратуға болады: 1) айқын анықталған белгілі мотивтер (яғни бір нәрсені жақсы көру, оған деген ұмтылыс); 2) анық емес мотивтер (яғни мұнда негізгі себепті табу қиын).
Е.А.Климов жастардың кәсіби таңдауларын анықтайтын мынандай
8 негізгі факторларды атап көрсетеді: отбасының, үлкендердің пікірлері; құрдастарының пікірлері; мектептегі педагогикалық ұжымның пікірі (мұғалімдер, сынып жетекшісі т.б.); жеке кәсіби және өмірлік жоспарлары; қабілеттері және олардың байқалуы; қоғамдық құрметке иеленуге талпыныс; кәсіби іс-әрекет жайлы хабардар болуы; бейімділіктер.
Көптеген психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде студенттердің педагогикалық кәсіпті таңдау мотивтерін жан-жақты зерттеу мақсатында түрлі әдістемелер құрастырылған. Мысалы, И.П.Ильина студенттердің жоғары оқу орындарында оқу мотивтерін анықтау әдістемесі бойынша олардың оқуға келулерінің үш шкаласын анықтайды:

  • «білімді меңгеру» шкаласы (нақты бір пәнге деген қызығушылықтың басым болуы, білімдерді игеруге деген құлшыныс, білім алуға деген талпыныс);

  • «кәсіпті, мамандықты меңгеру» шкаласы (кәсіптік білімдерді меңгеруге құлшыныс, кәсіптік маңызды сапаларды қалыптастыру);

  • «диплом алу» шкаласы (білімдерді үстіртін меңгеріп диплом алуға тырысу, емтихандар мен сынақтарды өтуде жеңіл жолдарды іздестіруге ұмтылу).

Сондықтан да мектеп қабырғасындағы мұғалімдердің барлығының дипломдары біркелкі болса да, олардың кәсіби шеберліктерінің деңгейлері әр түрлі. Бұлай болуы заңды да шығар, өйткені педагогикалық жоғары оқу орнының дипломы –үлкен де күрделі іске кірісуге жас маманның құқығы бар екенін білдіретін құжат қана.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет