Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Қазіргі білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы



бет9/226
Дата05.04.2023
өлшемі0,69 Mb.
#173782
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   226
Байланысты:
Òàóáàåâà ø. Ò., Èìàíáàåâà ñ. Ò., Áåðèêõàíîâà à. Å
2 денгей жауаптары ағылшын, Акт бөж, Тератогенез
1.3.Қазіргі білім беру парадигмасының нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы.Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялық, әдіснамалық тұғырнамалары болады. Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигмадеп аталады. Парадигма ұғымын ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т.Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер бар: парадигманың орнығуына дейінгі кезең, парадигманың қалыптасуы, орнығуы; ғылым саласындағы дағдарыс, ғылыми революция парадигмалардың ауысуы.
Заманның өзгеруіне байланысты парадигмалардың ауысып отыруы заңды құбылыс. Оны философиялық заңдар да дәлелдейді. Ал педагогикалық парадигма дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын, қалыптасып қалған негізгі ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды, оларға негіз болады. Мысалы, қазіргі отандық педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы байқалады: «білімді адам» парадигмасының орнына «өмірге бейімделген, белсенді, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам» парадигмасына ауысуы айқын көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша адамға білім, білік, дағдылар жүйесін меңгерту жеткілікті деп есептелінген болса, қазір ол жеткіліксіз. Себебі адам тек дайын білімдерді меңгерген болса, бірақ оны шығармашылықпен практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейімделмеген болса, онда бұндай адам қоғам талабына жауап бере алмайды.
Сондықтан қазіргі білім беру саласында жаңа педагогикалық парадигма қалыптасуда. Білім беру жүйесі педагогикалық жаңашыл идеяларды енгізуге дайын, ашық салаға айналып келеді. Осыған байланысты білім беру парадигмасы да өзгереді: адамның еркіндігін шектейтін білім берудің қатаң жүйесінің орнына өзінің қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкес жеке білім алу жолын (траекториясын) саналы түрде таңдай алатын адам парадигмасы дүниеге келді.
Білім беру саласындағы дағдарыстық жағдайлардан шығудың басты тетіктерінің бірі – педагогикалық парадигманың өзгеруін талап етіп отырған білім берудің нәтижеге және жеке тұлғаға бағдарлануы. Бұл бағыттардағы зерттеулердің барлығы өз алдына жеке-жеке педагогикалық теорияларға айналуда.
Білім берудегі жеке тұлғаға бағдарланутұғыры (тұлғалық-бағдарлық бағыт) оқыту мен тәрбиелеуүдерісіндегі әр оқушы тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауды көздейді. Педагогикалық сөздіктерде тәрбие барысындағы жеке тұлғаға бағдарлану тұғыры деппедагогтардың оқушыны тәрбиелік ықпалдың саналы, жауапты субъектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасын атайды. Педагогика саласында бұл теория тәрбиенің субъект-субъектіліүдерісретінде анықталуына байланысты ХХ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Оның әр түрлі философиялық, психологиялық-педагогикалық қырларын Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, М.С.Каган, В.В.Сериков, И.С.Якиманская т.б. көптеген ғалымдар зерттеген.
Бұл теория бойынша педагог әрбір балаға объект ретінде емес, керісінше, оны белсенді позицияға қойып оқушы тұлғасын субъект ретінде қабылдауы қажет. Яғни әрбір баланың жеке дара тұлға екені ескеріліп, оның құндылығын басты мәселе ретінде қарастырған абзал. Бұл идеяның негізгі мақсаты - балаға құрмет көрсете отырып оның өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасау, өзіндік санасын, өзін-өзі іске асыра алу, өз күшіне деген сенімділікті арттыру сияқты әлеуетідамыту.Білім беру үдерісінің тұлғаны дамытуға бағ-дарлануы оқушылардың білімді меңгеру арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізе алатындығын басты назарға алады.
Барлық дамыған мемлекеттер білім беруге инвестиция жасаудың ұтымдылығын бағалай отырып,оның нәтижелілігін негізгі басымдық ретінде қарастыруда. Сондықтан білімнің практикалық құндылығын арттыру мақсатында оқушылар бойында қажетті сапаларды қалыптастыру үшін олардың функционалдық сауаттылығын дамыту қажеттілігі заман талабына айналды. Кең мағынадағы функционалдық сауаттылық білім беру үдерісінің адамдардың көп жоспарлы қызметімен байланысын кіріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Функционалдық сауаттылықтың маңыздылығы адамның қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасқа тез бейімделіп, өз білімдерін өмірлік тәжірибеде тиімді пайдалана алуында.
Әлемдік деңгейдегі функционалдық сауттылық идеясына негізделген оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламалары: (PISA - Program for International Student Assessment),TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study), PIRLS(Progress in International Reading Literacy Study).
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңінде 12-жылдық жалпы орта білім беру негізінде жас ұрпаққа білім берудің мазмұны күрделеніп, оқушыларды болашақ кәсіптерін саналы түрде таңдай білуге бейімдеу, сол арқылы білікті және құзіретті маманы етіп қалыптастыру, ел мүддесі үшін қызмет ететін ерікті азаматтар ретінде тәрбиелеу әр мектептің жауапты міндеті.Қазіргі кезде білім беру барған сайын қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, жалпылық сипатты иеленіп, тұтастай қалыптасып жатқан үздіксіз білім беру жүйесінің бір маңызды бөлігіне айналуда. Бұл салада мектеп пен жоғары оқу орындарындағы сабақтастық, мектеп бітірушілердің болашақ мамандықтарын бейіндік оқыту арқылы дұрыс таңдай алулары, сол таңдаған кәсіптері арқылы әр тұлғаның толық өздерін іске асыра алулары көзделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет