4. ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы
Кредит саны 3
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Столяров Ю.Н. Библиотечный фонд: Учебник для вузов. — М.: Кн. палата, 1991. — 271 с.
|
4
|
|
40%
|
|
|
2
|
Библиотечное дело: Терминолог. словарь / Рос. гос. б-ка. — 3-е изд., значит, перераб. и доп. — М., 1997. — 176 с.
|
3
|
|
30%
|
|
|
3
|
Библиотечный фонд: Хрестоматия. — Ч. 1—2. — М.: МГИК, 1994-1995.
|
1
|
|
10%
|
|
|
4...
|
Справочник библиотекаря / Под ред. А.Н. Ванеева, В.А. Минкиной. — СПб.: Профессия, 2000. - С. 54-90.
|
7
|
|
70%
|
|
|
5
|
Суслова И.М. Методическая работа библиотек: Перспективные концепции; Учеб. Пособие/ И.М. Суслова.- М., 1995.- 48с.
|
2
|
|
20%
|
|
|
6
|
Герасимова Л.Н. Автоматизация процессов формирования библиотечного фонда: Учебное пособие. — М.: МГИК, 1988. - 84 с.
|
2
|
|
20%
|
|
|
7
|
Григорьев Ю.В. Теоретические основы формирования библиотечных фондов. — М.: МГИК, 1973. — 88 с.
|
1
|
|
10%
|
|
|
8
|
Кокойкина О.Н. Формирование фонда литературы на иностранных языках в библиотеках: Учеб. пособие. — М., 1995. - 56 с.
|
1
|
|
10%
|
|
|
999
|
Терешин В.И. Документные фонды: Учеб. пособие для студентов информационных специальностей вузов России / Мос. гос. ун-т культуры. — М., 1997. — 74 с.
|
2
|
|
20%
|
|
|
|
Столяров Ю.Н. Как сохранить библиотечный фонд (Секреты старого книгохранителя): Учебно-метод. пособие. — 2-е изд., дораб. и доп. — М.: ИПО Профиздат; изд-во МГУКИ. - 2001. - 254 с.
|
1
|
|
10%
|
|
|
|
http://www.rntb.kz
Республиканская научно-техническая библиотека
|
|
|
|
|
|
|
http://lib.kazsu.kz
Научная библиотека Казахского Государственного Национального Университета им.Аль-Фараби.
|
|
|
|
|
|
|
http://www.nlrk.kz
Национальная библиотека Республики Казахстан
|
|
|
|
|
|
|
Библиотечная Ассоциация Республики Казахстан/БАРК
http://rntb.kz
|
|
|
|
|
|
|
http://aclient.integrum.ru- Базы данных - Национальная Академическая Библиотека РК
|
|
|
|
|
|
|
http://hrc.nabrk.kz/gsdl/cgi-bin/library- Об утверждении Инструкции о формировании фонда библиотеки
|
|
|
|
|
|
|
http://www.gpntb.ru- Крым 2004. Программа конференции
|
|
|
|
|
|
|
Культурология, социальная работа и музейное дело | www.ukgu.kz
|
|
|
|
|
|
5. ДӘРІСТІК КЕШЕН.
Дәріс №1
Тақырып: Кітапхана қоры: мәні, қызметі, қасиеті.
Дәрістің мақсаты: Кітапхана қоры: мәні, қызметі, қасиеті түсінігіне мінездеме беру.
Дәрістің мазмұны: «Кітапхана қоры» түсінігі.
Кітапхана қорының қасиеті.
Кітапхана қоры жұмысындағы негізгі технологиялық үрдістер.
Кез – келген кітапхана жұмысының негізі болып құжаттар қоры немесе кітапхана қоры табылады. Кітапхана қоры іргетасы ретінде ұзақ уақыт сақталатын толық, сапалы және жедел түрде пайдалануға арналған белгілі түрде ұйымдасқан, оқырмандардың мүддесі мен сауалдары, мақсаттарына сәйкес іріктелген әртүрлі құжаттарды жинау қызмет етеді.
Кітапхана қорының қасиеттері. Қасиет – бұл ерекше сыйпат, пәннің сипаттамасы (қордың), ол оның бөлектігіне немесе басқа пәндермен бірлігін анықтайды және оларға қатынаста білінеді.Кітапхана қорын жасаудың маңызды технологиялық үрдістерінің сипаттамасы ол: қорды құру, құжаттарды жинау, қорды ұйымдастыру, демек кітапханалық өңдеу, құжаттарды қою, орналастыру, қорсақтау бөлімінде сақтау, қорды басқару.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: «Кітапхана қоры» дегеніміз не?
Кітапхана қорының қандай қасиеті бар?
Кітапхана қоры жұмысындағы негізгі технологиялық үрдістерді атаңыз.
Дәріс №2
Тақырып: КҚ құрамы.
Дәрістің мақсаты: КҚ құрамы мен жіктеуді анықтау.
Дәрістің мазмұны: КҚ құрамы. КҚ жіктеу.
Кітапхана қорының құрамы: кітапхана қорын жасайтын құжаттардың тақырыбы мен орны ерекше маңызды, олар құжаттарды іріктеуде кітапханашыға бағыт көрсетеді. Кітапхана қоры тек кітаптан емес сонымен қатар, микрофиша, магнит таспалары және т.б. жинақталды. Ал кітап қоры баспасөз басылымдарын мазмұндайтын дәстүрлі қор бөлігін білдіретін болды.
Кітапхана қорын жіктеудің көптеген тәсілдері бар. Қорларды мазмұны жөнінде жіктеу кең тараған. Олар: әмбебап, көпсалалы, салалы, мамандандырылған қорларды айтады.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: КҚ құрамы дегеніміз не?
КҚ жіктеудің қандай түрін білесіз?
Дәріс №3
Тақырып: Қорды жіктеу.
Дәрістің мақсаты: Әмбебап қор. Арнаулы қор. КҚ құрылымын анықтау.
Дәрістің мазмұны: Әмбебап қор. Арнаулы қор. КҚ құрылымы.
Арнаулы қор ғылыми мәселелерді талдау үшін оқырмандардың мамандандырылған сұранымындарын қанағаттандыруға бағыт ұстаған,.
Әмбебап қоры түсінігі білімнің барлық салалары бойынша кітапхананың жан – жақты қоры.
Әрбір кітапхана қорында кез – келген кітапхана қорын және шағын қорлар жүйесін қарауға мүмкіндік беретін бүтін құрылымның элементтерін жинау өзіндік принципі қалыптасқан. Кітапхана қорының құрылымы оның оңтайлы құрылуына және кітапхананың ақпараттық педагогикалық қызметінің орындалуына әсер етеді.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Әмбебап қор дегеніміз не?
Арнаулы қор дегеніміз не?
КҚ құрылымы қандай?
Дәріс №4
Тақырып: Ақпараттар қоры жүйесіндегі КҚ. (Басы)
Дәрістің мақсаты: Ақпараттар қоры жүйесіндегі КҚ анықтау.
Дәрістің мазмұны: Ғылыми – техникалық ақпараттар органы (ҒТАО) қоры. Архив қорлары. Музей қорлары.
ҒТАО ірі салалық және салааралық орталықтар мен ақпарат институттары, мекемелер мен ұйымдардың ҒТА бөлімдерінің құжаттар массиві.
Архив қорлары кітапхана қорларына жақын. Архивтердің кең жүйесі орталық, облыстық, жергілікті, кеңселер мен мекемелердің архивтері дамыған.
Музей қорларында әртүрлі мағлұматтар беретін өте бағалы қазыналар орналасқан. Мемлекеттік музейлер қоғам үшін жұмыс істейді, жеке коллекцияларға негізделген мыңдаған мектеп және халықтық мұражайлар бар.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Ғылыми – техникалық ақпараттар органы (ҒТАО) қорына нені жатқызамыз?
Архив қорлары құрамын атаңыз?
Музей қорлары құрамын атаңыз?
Дәріс №5
Тақырып: Ақпараттар қоры жүйесіндегі КҚ. (Жалғасы)
Дәрістің мақсаты: Ақпараттар қоры жүйесіндегі КҚ анықтау.
Дәрістің мазмұны: Кітап дүкендері қорлары. Жеке кітапхана қорлары.
Кітапхана дүкендері қорлары әдебиетті жұртшылыққа кең тарату және кітапханалар, ҒТАО т.б. ақпарат қызметтерін қамтамасыз ету үшін шоғырландырады. Әдебиет бұл қорға уақытша сақталуға түседі.
Жеке кітапханалардың қорларында кітаптар, журналдар, газеттер, диафильмдер т.б. сақталады. Көптеген жеке кітапханаларда бейне материалдың көп бөлігі бар.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Кітап дүкендері қорларына нені жатқызамыз?
Жеке кітапхана қорлары құрамын айтыңыз?
Дәріс №6
Тақырып: КҚ қалыптастырудың жалпы қағидалары мен маңызы. (Басы)
Дәрістің мақсаты: КҚ қалыптастырудың жалпы қағидалары мен маңызын ашу.
Дәрістің мазмұны: «КҚ қалыптастыру» түсінігі. КҚ қалыптастыру үрдісі. Ғылыми үрдісі.
Қалыптастыру дегеніміз – кітапхана қорының үнемі дамуы, өсуі және тұрақты түрдегі қызметте болуы.Кітапхана қорының қалыптасуы деген түсінік 1960 жылы пайда болды. Негізін қалаушысы Ю.В.Григорьев . Кітапхананың барлық құжаттарын жүйеге келтіріп кітап қорын толықтыруға ат салысты. Кітапхана қорын қалыптастыру кітапхананың ролін көтерді. Кітапхана қорын қалыптастыру кітапхананың орналасуы, сақталуы, абоненттарға құжаттарды жеткізу, міне соның бәрі қалыптастыру деген қоғымға кіреді.
Бірақ та бір жағынан кітапхана қорының қалыптасуына көптеген процестер қаралмайды,мысалы : құжаттарды өңдеу кірмейді , ал өңделмеген кітап, құжаттарды да қалыптасылды деп айтуға болмайды. Міне осы процестерді қоспауды таза элтиристік мағынада айтқанда кітапханатану саласында бұл жұмысты каталогтау атқарады.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: «КҚ қалыптастыру» дегеніміз не?
КҚ қалыптастыру үрдісі дегеніміз не?
Ғылыми үрдісін айтыңыз.
Дәріс №7
Тақырып: КҚ қалыптастырудың жалпы қағидалары мен маңызы. (жалғасы)
Дәрістің мақсаты: КҚ қалыптастырудың жалпы қағидалары мен маңызын ашу.
Дәрістің мазмұны: КҚ толықтылығы үрдісі.Үйлестіру үрдісі. Экономикалау үрдісі. Жылдамдылық үрдісі.
КҚ толықтылығы үрдісі сәйкестік ұстанымынан шыққан бұл ұстанымның сақталуы қорда осы кітапханаға , оқырманға қажетті барлық құжаттар бар деген сөз.
Үйлестіру үрдісі кез – келген КҚ аймақтың саланың жалпы жүйесінің , елдің кітапхана қорының бөлігі, тобы ретінде қарау керек.
Экономикалық үрдіс бұл ұстанымды сақтау мақсаты қорды қалыптастыруда аз күш, уақыт, қаржы жұмсай отырып, тиімділікке жету.
Жылдамдық үрдісінің басты көрсеткіші қорды қалыптастыруға жұмсалған уақыт, оны азайту, КҚ жаңа құжаттарды енгізудің жылдамдығы, есебі, өңделуі, орналасуы, оқырманға ұсынылуы.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: КҚ толықтылығы үрдісі дегеніміз не?
Үйлестіру үрдісі дегеніміз не?
Экономикалау үрдісі дегеніміз не?
Жылдамдылық үрдісі дегеніміз не?
Дәріс №8
Тақырып: КҚ модельдеу – оны қалыптастыру үрдісінің бірінші сатысы.
Дәрістің мақсаты: КҚ модельдеу – оны қалыптастыру үрдісінің бірінші сатысына мінездеме беру.
Дәрістің мазмұны: КҚ модельдеу. КҚ сипаттау моделі. КҚ макеттік моделі. Библиографиялық модель.
КҚ моделдеу деп миниатюрада барлық параметрін, шекараларын құжаттармен толу деңгейін қайта шығаратын КҚ бейнесін – моделін түсіну керек.
КҚ сипаттау моделі ескі түрге жатады. КҚ құрамының шекарасы, толығу деңгейінің жазбаша немесе ауызша сипаттамасы.
КҚ макеттік моделі қордың сыртқы бейнесін, кітап сөрелерін, құжаттардың тасымалдау жүйесін айтады.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: КҚ модельдеу дегеніміз не?
КҚ сипаттау моделі дегеніміз не?
КҚ макеттік моделі дегеніміз не?
Библиографиялық модель дегеніміз не?
Дәріс №9
Тақырып: КҚ модельдеу – оны қалыптастыру үрдісінің бірінші сатысы.
Дәрістің мақсаты: КҚ модельдеу – оны қалыптастыру үрдісінің бірінші сатысына мінездеме беру.
Дәрістің мазмұны: КҚ ядросының моделі. КҚ математикалық моделі. Қордың тақырыптық – типологиялық моделі (ҚТТМ).
КҚ ядросының моделі бұл нақты кітапхананың қоры үшін бағалы, тұрақты пайдаланатын әдебиеттердің ерекше кітапханалық сілтемелері.
КҚ математикалық моделі қордың нұсқасын оның бөлімдері қатынастары өзгерістері есебінің сапалық және сандық әдістері көмегімен математикалық формула кейіпінде жасайды.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: КҚ ядросының моделі дегеніміз не?
КҚ математикалық моделі дегеніміз не?
Қордың тақырыптық – типологиялық моделі (ҚТТМ) дегеніміз не?
Дәріс №10
Тақырып: КҚ жинақтау – оны қалыптастыру үрдісінің екінші сатысы.
Дәрістің мақсаты: КҚ жинақтау – оны қалыптастыру үрдісінің екінші сатысын анықтау.
Дәрістің мазмұны: КҚ жинақтау. Сапалы критерия. Қор көкейтестілігі. Сандық критерия.
Қорды жинақтаудың жоспарлылық принципі – қорды толықтыру жоспары негізінде жүргізіледі. Профильге сәйкес толықтыру ісі баспа шығармаларын кітапхананың типтік ерекшеліктеріне, оқырман сұранымына қызмет көрсетілетін территориялық табиғи – экономикалық және әлеуметтік – демографиялық ерекшеліктеріне қарай , жақын маңайдағы кітапханалар қорының бұл саладағы мүмкіндіктерін ескере отырыпіріктеуді көздейді. Қорды жинақтау процесінің негізгі кезеңдері - әдебиеттерді бастапқы іріктеу,
Бұл бастапқы және күнделікті толықтыру үстінде жүзеге асырылады. Екінші рет іріктеу , яғни қордың құрамы мен пайдалану дәрежесіне талдау жасау нәтижесінде , толықтыру жолымен және пайданаылмай жатқан әдебиеттерді қордан шығару жолымен жүргізіледі. Қорды жинақтау процесіне енетін жұмыс түрлері : толықтыру ісін жоспарлау; баспа шығармаларына берілетін заказды белгілеу және есебін жүргізу
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: КҚ жинақтау дегеніміз не?
Сапалы критерия дегеніміз не?
Қор көкейтестілігі дегеніміз не?
Сандық критерия дегеніміз не?
Дәріс №11
Тақырып: КҚ жинақтау – оны қалыптастыру үрдісінің екінші сатысы.
Дәрістің мақсаты: КҚ жинақтау – оны қалыптастыру үрдісінің екінші сатысын анықтау.
Дәріс мазмұны: КҚ толықтылығы. Бастапқы жинақтау. Қосымша жинақтау.
Кітапхана қорын толықтыру – күрделі және шиеленіскен процесс. Осы оқырман сұранысын толық қамтамасыз ету үшін кітапхананың кітап қорын нақтылы жаңа кітаптармен толықтырып , айналымынан шыққан , жыртылып жоғалған құжаттарды , кітаптарды кітап қорынан шығару туралы бағдарлама бойынша жүргізетін шаралар жүйесі деп қарауға болады. Нағыз осындай санада жүргізілген жинақтау ғана кітапхананың барлық негізгі қоғамдық қызметін қамтамсыз етуге мүмкіндік береді.
Қорды толықтырудың алғашқы кезеңі ағымдағы библиографиялық құралдарды пайдалана отырып, көптеген құжаттарды талдау екенін білеміз. Кітап қорын жинақтауға оқырмандар да көмектесе алады. Ол үшін кітапхана сайттарының бетінде берілген арнайы анкетаны толтырып, кітапхана қорынан қандай кітаптарды көргісі келетін бірдірсе болғаны.
Интернеттің көмегімен кітапхана қорын толықтырудың еш айырмашылығы жоқ.Дегенмен мұндай толықтырулар кітапханашының уақытын, қорды толықтыруға бөлінген қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: КҚ толықтылығы дегеніміз не?
Бастапқы жинақтау дегеніміз не?
Қосымша жинақтау дегеніміз не?
Дәріс №12
Тақырып: КҚ жинақтаудың жалпы әдісі.
Дәрістің мақсаты: КҚ жинақтаудың жалпы әдісін анықтау.
Дәріс мазмұны: КҚ жинақтаудың жалпы әдісі. Қорды толықтыруды қамтамасыз ететін операция. Ағымдағы жинақтау. Қорды тазалауды қамтамасыз ететін операция, қосымша жинақтау. Ішкі ақпараттық ағымдар.
Қорға жинақталған баспа шығармаларын үздіксіз пайдаланып отыру мақсатында , оны кітапхана бөлмелеріне орналастыру және ұзақ жылдар сақталуын қамтамасыз ету ісі. Қорды сақтаудың міндеттері : оқырмандар сұраған басылымдарды тез тауып алып , жеткізіп беру, қорды бүліну мен жоғалудан сақтау; кітапхана үйін тиімді пайдалану. Қорды сақтау үшін :
қорды орналастыруға арналған бөлмелер мен жабдықтар дайындалады;
баспа шығармалары белгілі бір тәртіппен орналастырылады;
қор гигиенасының талаптарына сай және қор сақталымын қамтамасыз ететін жағдайлар ұйымдастырылып, үздіксіз жүзеге асырылады.
Кітапханада бар баспа шығармаларының ұзақ жылдар бойы сақталуын қамтамасыз ететін шаралар. Оған қордың есебін алып отыру, оның сақталуыүшін қолайлы жағдайлар туғызу, басылымдарды күтіп ұстау жөнінде оқырмандар арасында тәрбиелік жұмыстар жүргізу, кітаптардың тозып немесе жоғалып кетпеуін қадағалау шаралары жатады.
Кітапхана қорының ұзақ уақыт сақталуын және баспа шығармаларының бүлініп, бұзылмауын қамтамасыз ететін жағдайдың жасалуы . Баспа материалдары табиғи тозу нәтижесінде немесе оларға физикалық , химиялық факторлардың , биологиялық факторлардың зиянды әсер етуінен бұзылып ,
бүлінуі мүмкін. Қор гигиенасы негізіне – баспа шығармаларын саөтау үшін оған оптималды режим жасап, оны үздіксіз сол қалпында ұстау жөнінде жүргізілетін профилактикалық шаралар алынады. Қор гигиенасы сонымен қатар қорды қалпына келтіру , дезинфекциялау, парақ беттері бойынша тазарту және т.б. жұмыстарды да қамтиды.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: КҚ жинақтаудың жалпы әдісі дегеніміз не? Қорды толықтыруды қамтамасыз ететін операция дегеніміз не?
Ағымдағы жинақтау дегеніміз не?
Дәріс №13
Тақырып: КҚ жинақтаудың жалпы әдісі.
Дәрістің мақсаты: КҚ жинақтаудың жалпы әдісін анықтау.
Дәріс мазмұны: Құжаттарды тарату мекемелері. Құжаттарды іріктеу. Бірінші іріктеу. Екінші іріктеу.
Іріктеу – яғни кітапханалық қор құжаттарды сыртқы және ішкі саясатқа, мазмұндылығына оқырманның сұранымына байланысты іріктейді.
Іріктеудің мазмұны: құжаттың түріне салыстыру арқылы. Іріктеу бұл үнемі жүргізілетін тұрақты процесс. Қорға оқырманның сұранымын керексіз ескірген құжаттарды жинай берудің қажеті жоқ. Бөтен тілдегі әдебиеттердің қажеті жоқ.
Сұрыптау – бұл ең негізгі принцип кітапханалық қорды қалыптастыруға қалған принциптер осы принципке арқа сүйейді.
Конгруэнтность – үйлесім. Бұл кітапхана қорын қалыптастыру – негізгі принциптерінің бірі. Егер кітапханаға саясатты міндеттер белгіленсе іріктеу
партиялық принциппен үйлесім табады.Жалпы мемлекеттік кітапханалар өз жұмысын негізгі қолданылатын күнделікті өмір заңына сәйкестіре құрады. Ал бұрынғы әміршілдік - әкімшілік кезінде кітапханалара жоғардан келетін бұйрық. Мұның бәрін 1988 жылы бүкіл елдің конференциясында «жариялық» жойды. Бұл жариялылықтың арқасында жеті мыңдаған саяси және көркем әдебиеттер айрықша сақталудан шағын ашық қорға қойылды.
Кітапханалық қордың ең іріктелген бөлігін құрайтын мәнді-бағалы (ғылыми, өндірістік, оқулық, көркем немесе осы кітапханаға қатысты) құжаттардан құралады. Ол қордың мәнді бөлігінің тұтастығын , тиімділігін және оқырманға қызметте сұранымын қанағаттандырып кітапхана қызметіне көмек етіп оның функцияларын атқарады.
Өзін – өзі бақылау сұрақтары: Құжаттарды тарату мекемелері дегеніміз не?
Құжаттарды іріктеу дегеніміз не?
Бірінші, Екінші іріктеу дегеніміз не?
Дәріс №14
Тақырып : КҚ құжаттарды иелікке алу.
Достарыңызбен бөлісу: |