- Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пунктерге бөлуге болады:
- І. Жалпы
- ІІ. Дк-де жұмысты бастау
- алдында
- ІІІ. Жұмыс істеу кезінде
- ІҮ. Авариялық жағдайларда
- Ү. Жұмысты аяқтағанда
- І. Жалпы қауіпсіздік талаптары:
- Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарды, розеткаларға, штекерге тиісуге тыйым салынады.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз класқа кіруге және кластан шығуға болмайды.
- ДК-де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
- Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.
- Компьютер кабинетінде жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.
Тыйым салынады - Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
- ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.
- Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.
- ІІ. ДК-де жұмыс істеуді бастау алдында қойлатын қауіпсіздік талаптары:
- ДК электр тоғына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.
- Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.
- ІІІ. ДК-мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:
- ЭЕМ-да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық-50см.
- Келушілер келгенде оқушылар орнынан тұруының қажеті жоқ.
- Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.
- Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білу керек.
- ІҮ. Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:
- ДК-де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.
- Қажет болса өртті сөндіруге көмектесу керек.
- Қажет болса, электр тогын зақымдағандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.
- Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.
- Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.
- Ү. ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:
- Аппаратураны оқытушының нұсқауымен
- өшіру керек.
- Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
- Жұмыс орнын пайдалануды есепке
- алу журналына белгі қою керек.
- Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері.
- І. Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:
- Токты ажырату
- 2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын
- өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату.
- 3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету.
- 4. Дәрігер шақыру.
- ІІ. Күйгенде көмек көрсету:
- Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (аналгин, валерьянка)
- Күйген жеріне май жағу (винилин)
- Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдынала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау
- Дәрігер шақыру
- ІІІ. Талып қалғанда көмек көрсету:
- Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу.
- Дәрігер шақыру
- ІҮ. Демі тоқтағанда көмек көрсету:
- Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек,
- егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру
- Дәрігер шақыру.
- Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан
- дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.
Достарыңызбен бөлісу: |