1- кесте Базалық құзыреттер (белгіленген және жоғарғы деңгей)
Құзыреттер коды
|
Базалық құзыреттер
|
БҚ 1
|
Өмір бойына білімін мен дағдыларын жаңартып отыру;
|
БҚ 2
|
Өндіріс экономикасы мен автоматтандыру негіздері және автоматтандырылған технологиялық үрдістер жүйесі бойынша білімін тереңдетіп отыру;
|
БҚ 3
|
Тұлғааралық және коммуникативті мінез-құлық ережелерін сақтау;
|
БҚ 4
|
Жеке дара және командада жұмыс істей алуы;
|
БҚ 5
|
Жеке еңбекі ісін жоспарлауды;
|
БҚ 6
|
Қажетті ақпаратты тауып қолдана білу;
|
БҚ 7
|
Техникалық құжаттармен жұмыс жасай алу;
|
БҚ 8
|
Жабдықтарды қолдануда еңбекті қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін сақтау;
|
Базалық құзыреттер (орта буын маманы)
Құзыреттер коды
|
Базалық құзыреттер
|
БҚ 1
|
Өмір бойына білімін мен дағдыларын жаңартып отыру;
|
БҚ 2
|
Өзінің еңбектегі ісін жоспарлауды.
|
БҚ 3
|
Әртүрлі халықтардың мәдени іргетасы жайында білімін жетілдіру.
|
БҚ 4
|
Әлемдегі философиялық, ғылыми және діни көріністер жайында түсінігінің болуы.
|
БҚ 5
|
Құқықтық нормаларды білу, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу, қоғамға, қоршаған ортаға бейімделе білу,
|
БҚ 6
|
Кәсіби және әлеуметтік қызмет етуде әлеуметтік-маңызы бар мәселелерді талдау.
|
БҚ 7
|
Кәсіби қызметін шет ел тілінде жүргізе алу.
|
БҚ 8
|
Құжаттарды мемлекеттік (орыс) тілде рәсімдей алу.
|
БҚ 9
|
Кәсіби қызметте экономикалық талдау жасай алу.
|
БҚ 10
|
Мәліметтерді жинақтау, сақтау және өңдеу үшін компьютерлік әдістерді меңгеру.
|
БҚ 11
|
Өзін-өзі физикалық жетілдірудің дағды мен білігін меңгеру.
|
2- кесте. Кәсіби құзыреттер
Тжәне КБ деңгейі
|
Біліктілік
|
Кәсіптік құзырет (КҚ)
|
Белгіленген деңгей
|
050401 1– Булаушы-нығыздаушы
|
КҚ1.1.1. Нығыздағышта немесе булағыш столдарда тоқыма бұйымдарды, тік белдемшелерді, сөгілген маталарды, кесінді маталарды, перделер мен тік шымылдықтарды, көрпелерді, төсек жапқыштарды, жылы орамалдарды, дастархандықтарды, орамалдарды, драп бұйымдарды, қаптамаларды, кілемді бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеуді орындау;
КҚ1.1.2. Пальто, жадағайлар, пиджактар, жекеттер, шалбарлар,көйлектер, плиссе және гофре, блузкалар, буфты перде бұйымдарының манекенде немесе ылғалды ауа камерасында, нығыздауыштарда орындап, электр үтікпен кейбір жұмыстарын аяқтау;
КҚ 1.1.3. Электр үтікпен бұйымдардың астарын үтіктеу;
КҚ 1.1.4. Бұйымдарды бірге жүретін құжаттармен бірге қабылдау және оларды жұмыс орнына жеткізу;
КҚ 1.1.5. Бұйымдардың ассортиментіне, материалдың түрі мен талшықты құрамына, белгіленген жабдықтарға қарай өңдеудің ылғалды-жылумен өңделу режимін анықтау;
КҚ 1.1.6. Бұйымдарды экспедиция бөліміне тапсыру.
|
0504021 – Дақ кетіруші
|
КҚ 1.2.1. Жүннен, жартылай жүннен, мақта-мата талшықты ашық түсті, табиғи жібек, синтетикалық және әртүрлі түсті аралас талшықты, жасанды күдеріден жасалған бұйымдардан дақ кетіргіш станокта немесе қолмен дақтарды кетіру;
КҚ 1.2.2. Белгіленген рецепт бойынша тазалауға арналған ерітінділер дайындау;
КҚ 1.2.3. Киімдерді тазалау үшін машинаның ластанған жерлерін тазалау;
КҚ 1.2.4. Бұйымдарды кір жуғыш машиналарда немесе қолмен сулы ерітінділермен жууға арналған құралдармен өңдеу;
КҚ 1.2.5. Бұйымдарды бірге жүретін құжаттармен қабылдау және оларды жұмыс орындарына жеткізу;
КҚ 1.2.6. Бұйымдардың қатты ластанған жерлерін анықтау үшін қарап шығу;
КҚ 1.2.7. Бұйымдарды келесі технологиялық операцияларға жіберу.
|
Жоғары деңгей
|
050404 2 – Химиялық тазалаудың аппаратшысы
|
КҚ 2. 4.1. Бұйымдарды қолмен немесе автоматты түрде басқарылатын химиялық тазалау машинасында арнайы құралдармен және органикалық ерітінділермен өңдеу;
КҚ 2.4.2. Адсорберде белсендіргіш көмір қышқылының регенерациясын жүргізу;
КҚ 2.4.3 Бұйымның кірлену дәрежесіне, ассортименті мен түсіне, түріне, талшық құрамына және материалдың тығыздығына қарай өңдеудің технологиялық режимін анықтау;
КҚ 2.4.4. Клиенттермен қауіпсіздік техникасы және машиналарды пайдалану ережесі бойынша нұсқаулар жүргізу;
КҚ 2.4.5. Шикізат пен материалдар алу;
КҚ 2.4.6. Тапсырыстарды кассалық ведомость немесе квитанциялар бойынша тіркеу, прейскурантқа сәйкес өңдеу үшін ақы алу, жетондар беру, қажетті құжаттарды рәсімдеу және белгіленген тәртіп бойынша түскен ақшаны өткізу;
КҚ 2.4.7. Жабдықтар жұмысының есебі мен ерітінділер шығыны бойынша журнал жүргізу.
|
0504062 – Бұйымдарды өңдеу сапасын бақылаушы
|
КҚ 2.6.1.Технологиялық үрдістің әртүрлі кезеңдерінде бұйымды өңдеу сапасын бақылау;
КҚ 2.6.2. Ақауы көрсетілмей қабылданған бұйымдарды қабылдау пунктіне қайтару;
КҚ 2.6.3. Технологиялық өңдеу түрлерінің дұрыс анықталуын тексеру;
КҚ 2.6.4. Бұйымдарды қарап шығу және өңдеу сапасын қолданыстағы технологиялық нұсқауларға, кәсіпорын стандартына республикалық стандарттар мен техникалық талаптарға сәйкес анықтау;
КҚ 2.6.5. Өңдеу ақауларымен бұйымдарды таңдау және ақау себептерін анықтау;
КҚ 2.6.6. Ақауы бар бұйымдарға сәйкес ақау сипаты мен түрі көрсетілген құжаттарды рәсімдеу.
|
Орта буын маманы
|
0504073 – Техник-технолог
|
КҚ 3.7.1. Тоқыма материалдардың талшықты құрамын, табиғи және жасанды былғары үлбір материалды, бұйымдағы дақ түсірген затты танып білу;
КҚ 3.7.2. Бұйымды өңдеу режимдерін таңдау (тазалау, бояу, жуу және т.б.);
КҚ 3.7.3. Іскерлік қарым-қатынаста кәсіби этика мен психология негіздерін сақтау;
КҚ 3.7.4. Нормативтік және анықтамалық әдебиеттерді қолдану;
КҚ 3.7.5 Негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерді есептеу.
КҚ 3.7.6. Кәсіби қызметте компьютерлік техниканы қолдану.
|
|
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 15 маусымдағы
№ 384 бұйрығына 35-қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |