Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


"Шаштараз өнері және сәндік косметика" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары



бет71/141
Дата08.07.2018
өлшемі2,01 Mb.
#48691
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   141

      "Шаштараз өнері және сәндік косметика" мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламалары

      Ескерту. 48-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.01.2016 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       Пәндер циклы және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұны (белгіленген деңгей)

Циклдің, пәннің индексі

Пәннің, практиканың атаулары және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білімдер, іскерліктер және дағдылар

Қалыптаса

тын құзыреттердің коды

ЖБП. 00

Жалпы білім беретін пәндер





ЖГП. 00

Жалпы гуманитарлық пәндер





ЖГП. 01

Кәсіптік қазақ (орыс) тілі

Орыс тілінің фонетикасы, лексикасы, морфологиясы, синтаксисі. Сөзжасам. Мамандық бойынша кәсіби терминология. Кәсіби терминологиялық сөзжасам. Мәтіндердің кәсіби бағдарлы аударма (сөздікпен) техникасы. Кәсіби қарым-қатынас мәселесі. Кәсіби қарым-қатынас саласындағы сөйлеу стилінің негізгі ерекшеліктері. Сөйлеудің мәнерлілігі, дұрыстығы, стилистикалық мақсатқа сәйкестігі, нақтылығы, ойлылығы, тазалығы, байлығы. Сөйлеудің құрылымы. Сөзді айту, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік нормалар. Тілдік құралдардың стилистикалық жіктелісі. Ғылыми қарым-қатынас мәдениеті және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті. Мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын талаптар.



Білімдер:

орыс тілінің фонетикасы, лексикасы, морфологиясы, синтаксисі, сөзжасамы жайлы;

кәсіби терминологиялық сөзжасам мәселелері жайлы;

кәсіби бағдарлы аударма техникасын;

кәсіби қарым-қатынас саласындағы сөйлеу стилінің негізгі ерекшеліктері жайлы;

сөйлеудің құрылымы жайлы;

мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын негізгі талаптарды.

Іскерліктер:

мәтінге фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, сөзжасамдық талдау жасай алады;

мамандыққа сәйкес кәсіби терминдерді қолдана алады;

мәтіндерді кәсіби бағдарлы түрде аудара алады;

мәнерлі, дұрыс, стилистикалық мақсатқа сай сөйлей алады;

кәсіби қарым-қатынаста сөзді лексикалық, морфологиялық, синтаксистік нормаларға сай дұрыс қолданады;

кәсіби қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу тілінің және жазу тілінің нормаларын дұрыс қолданады;

ғылыми қарым-қатынас мәдениеті және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті негізінде қарым-қатынас жасайды;

мұғалімнің сөйлеуіне қойылатын негізгі талаптарға сай сөйлеуді меңгереді.


БҚ 1

БҚ 2


БҚ 7

ЖГП 02

Кәсіптік шетел тілі

Шетел тілі дыбыстарының артикуляциясы, интонациясы мен акцентінің өзіне тән ерекшеліктері. Транскрипцияны оқу. Лексиканың қолданылу саласына қарай жіктелісі. Ауызша және жазбаша кәсіби қарым-қатынасты қамтамасыз ететін грамматикалық дағдылар. Кәсіби сөйлеуге тән негізгі грамматикалық құбылыстар. Стиль, оның түрлері туралы түсінік. Мамандыққа байланысты ғылыми әдебиеттерді түсіну, аудару техникасы. Тілін үйреніп жатқан елдің мәдениеті мен әдет-ғұрыптары, сөйлеу этикетінің ережелері. Айтылым. Кәсіби қарым-қатынас жағдаяттарындағы диалогтық және монологтық сөйлеу. Көпшілік алдында сөйлеу негіздері. Тыңдалым. Оқылым. Мәтін және оның түрлері. Жазылым. Кәсіби қарым-қатынасқа қажетті жазбаша сөйлеу түрлері.



Білімдер:

мәтіндердің түрлері, олардың ерекшеліктері жайлы;

жазбаша сөйлеудің түрлері;

шетел тілі дыбыстарының интонациялық, транскрипциялық ерекшеліктері жайлы;

кәсіби қарым-қатынас саласындағы сөйлеу стилінің негізгі ерекшеліктері;

стильдер, олардың ерекшеліктері жайлы;

ауызша сөйлеу мен жазбаша қарым- қатынас үшін қажетті грамматикалық білімдер;

шет елдің мәдениеті, әдет-ғұрыптары, сөйлеу этикеті жайлы;

диалогтық және монологтық сөйлеуде қажетті лексикалық сөздік қор;

кәсіби қарым-қатынасқа қажетті грамматикалық құрылымдар.



Іскерліктер:

жеңіл мәтіндер мен мамандыққа байланысты шағын, жеңіл публицистикалық мәтіндерді оқи алады;

аннотация, реферат, тезистер, хабарлама, іскерлік хат, өмірбаян, т.б. жаза біледі;

транскрипцияны оқи алады;

сөйлеуге қажетті кәсіби-лексикалық минимумды қолдана алады;

кәсіби қарым-қатынас жасау үшін қажетті грамматикалық материалдармен жұмыс жасай алады;

ғылыми әдебиеттерді аудара алады;

әдеби, ресми-іскерлік, ғылыми стильдердің нормаларын сөйлеуде және жазуда қолдана алады;

мәтіндерді аудара алады;

сөйлеу этикетінің ережелеріне сай сөйлей алады;

көпшілік алдында қысқаша хабарлама жасай алады;

кәсіби қарым-қатынас саласы бойынша диалогтық және монологтық сөйлеуді біледі.



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 7

ЖГП 03

Дене тәрбиесі

Дене тәрбиесінің қазіргі заман талабына сай мамандарды тәрбиелеудегі орны. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты.

Дене тәрбиесінің табиғи-ғылыми негіздері. Салауатты өмір салтының негіздері. Өзін-өзі дене және спорттық жетілдірудің негіздері. Кәсіби қолданбалы дене дайындығы. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы дене мәдениетінің маңызы. Президент сынамаларының құрылымы.


Білімдер:

адамның жалпы мәдени, кәсіптік және әлеуметтік дамуындағы дене тәрбиесінің рөлі;

дене тәрбиесінің табиғи және ғылыми негіздері жайлы;

дене тәрбиесі және салауатты өмір салтының негіздері;

денсаулықты сақтауды және нығайтуды, психо-физикалық қабілеттердің дамуы мен жетілуі.

Іскерліктер:

кәсіби маман ретінде өзін-өзі іске асыруды қамтамасыз ететін іскерліктер мен дағдылар жүйесін меңгереді;

өзінің қозғалыс белсенділігі мен жұмыс қабілеттілігінің режимін дұрыс жоспарлай біледі, өзін-өзі бақылайды;

еңбек пен демалысты ұтымды кезектестіре алады;

дұрыс тамақтанады;

жұмыс қабілеттерін арттыру үшін дене шынықтырудың "шағын түрлерін" пайдаланады;

кәсіби қолданбалы дене дайындығын үнемі жетілдіріп отырады.


БҚ 4

БҚ 5


ЖГП 04

Казахстан тарихы





ЖКП 00

Жалпы кәсіптік пәндер





ЖКП 01

Сызу

Сызбаларды графикалық бейнелеу: форматтар, масштабтар, сызба сызықтары,шрифтілер, сызбалардағы жазулардың орындалуы. Геометриялық сызу. Проекциялық сызу: аксонометриялық проекциялар. Техникалық сызу: құрылыс сызбаларының элементтері; мекеме орнының кесінділері мен жоспарын құру; сызбаларды орындаудың жалпы ережелері. Түйісетін және түйіспейтін бірігулердің сызбалары.



Білімдер:

құрылыс сызбаларының элементтерін;

құрылыс сызбаларының түрлерін;

үш жақызтықта геометриялық денелерді проекциялау ережелерін;



Іскерліктер:

сызбаларды сызудың негізгі ережелерін қолдануды;

екі және үш жазықтықтарда тік және жазық фигуралардың бөліктерін, нүктелерін проекциялауды;

сызбалардағы бөліктер мен түйісулерді орындауды;

әр түрлі схема және графиктерді құрауды және орындауды.


БҚ 2

БҚ 3


ЖКП 02

Пластикалық анатомия және физиология негіздері

Сүйек туралы ұғым: адам қаңқасының пластикалық анатомиясы; бас сүйек – бастың сүйекті негізі. Бұлшық еттер туралы ұғым: мойын бұлшық еті және мойын пластинасы; бастың бұлшық еттері; қол және аяқ бұлшық еттері. Бет бөлшектерінің пластикалық анатомиясы және олардың конструктивті құрылысы: көз, мұрын, құлақ, ауыз, терінің пластикалық анатомиясы. Анатомиялық негізінде бастың құрылысы: бастың пропорциялары; бастың пішіндері; бастың қозғалуы.



Білімдер:

адам денесінің сүйектерін, адам басын;

қол және аяқ анатомиясын;

бұлшық ет механизмдерін, қызметтерін, сол сияқты формаларын; бұлшық еттердің тыныштықтағы жағдайы мен жұмыс кезіндегі өзгеруін;

терінің құрылысын, қызметтерін және пластикалық мәнін;

адам басының пропорциясын;



Іскерліктер:

адам қаңқасын және адамның бас сүйегін әр түрлі жағынан кестелеп бейнелеуді;

адам басының суретін салуды;

анатомиялық құрылысын ескере отырып, әртүрлі жағынан адам басын кестелеп бейнелеуді.



БҚ 2

БҚ 3


БҚ 4

ЖКП 03

Нарықтық экономика негіздері

Нарықтық жүйесіндегі кәсіпорын: ҚР-ның қызмет көрсету сферасындағы экономикалық дамудың негізгі бағыттары, кәсіпорын – экономиканың негізгі буыны, кәсіпорынның негізгі қорлары, айналым құралдары; тұрғындарға қызмет көрсету ұйымдары, еңбек өнімділігі, еңбекті ұйымдастыру, еңбекті нормалау, кәсіпорын кадрлары.

Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжау: жылдық жоспардың негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері. Бағаның құралуы: салықтар мен басқа да міндетті төлемдер.


Білімдер:

мемлекеттік экономикалық құрылымын, ҚР экономика-сының жағдайы мен дамуын;

қызмет көрсету кәсіпорындарының ұйымдастырылу қағидаларын;

кәсіпорынның жұмысын жоспарлау негіздерін;

кәсіпорынның бизнес-жоспарын;

кәсіпорынның қызметін басқару жүйесі ретіндегі маркетингті;



Іскерліктер:

еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеуді;

еңбек төлемдерінің әр түрлі формасындағы жалақыларды есептеуді;

шығын сметаларын құрауды;

кәсіпорын жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеуді;

маркетингтік зерттеулер жүргізуді.



БҚ 2

БҚ 3


ЖКП 04

Санитария және гигиена

Жұқпалы аурулар жайлы жалпы мәліметтер және олардың алдын алу шаралары; микробиология; эпидемиология; иммунитет туралы жалпы түсінік. Тырнақ аурулары және олардың алдын алу шаралары; тері ауруларының себептері; туа біткен ерекшеліктері; бактериялар тудыратын тері аурулары; кәсіби және басқа да аурулар, олардың теріге әсері; сифилис, гонорея берілетін жолдары, белгілері; ЖИТС; өндірістік санитария және гигиена; құралдар мен жабдықтарға санитарлық-гигиеналық талаптар; шаштараз салондары мен шаштараз құралдарына қойылатын санитарлық талаптар; дезинфекциялық құралдар; салондағы еңбек гигиенасы; қауіпті жағдайдағы: жарақаттанғанда, кесіп алғанда, қан тоқтамай қойғанда, күйгенде, талып қалғанда, тоқ ұрғанда алғашқы көмек.



Білімдер:

инфекциялар және ауру тудыратын микробтар түрлерін;

тері, тырнақ ауруларының басты себептерін;

терілердің іріңді, саңырауқұлақ тудыратын, туберкулез ауруларын;

қан тоқтататын құралдар түрлерін;

дезинфекциялаушы құралдар түрлерін;

таңдап алынған процедураларды қолдану және қолдануға болмайтын жағдайлар.

Іскерліктер:

инфекцияларға қарсы шаралар өткізуді;

салонда тері, тырнақ іріңді және саңырауқұлақ тудыратын ауруларының алдын алу шараларын өткізуді;

қызмет көрсетушілердің жұмысқа байланысты гигиеналық талаптарды сақтай білуді;

шаштараз құралдары мен жабдықтарды пайдаланудағы санитарлық ережелерді сақтай білуді;

құрал-жабдықтарды және құралдарды дезинфекциялау және стерилизациялауды жүргізу;

қатерлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуді.


БҚ5

БҚ 7


КҚ 1.4.7

КҚ 1.4.1


КҚ 1.5.1

КҚ 1.5.7


ЖКП 05

Еңбекті қорғау және экология

Еңбек қорғаудың жалпы мәселелері: еңбек қорғау туралы заңдар негіздері, еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, еңбек жағдайларын анализдеу, жарақаттар мен кәсіби аурулардың себептері. Қауіпсіздік техникасы: еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі; өндірістік санитария. Өндіріс орындарының микроклиматы; өрт қауіпсіздігін алдын алу негіздері; өндірістік экология; атмосфералық ауаны, ауа ресурстарын қорғау.



Білімдер:

еңбек заңдылықтарының негізгі баптарын;

еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік және қоғамдық бақылау түрлерін;

жұмыстың қауіпсіздігі туралы нұсқаулардың түрлерін;

жарақаттану мен қауіпті жағдайлардан қорғанудың негізгі құралдарын;

еңбек жағдайының адам ағзасына әсерін;

ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы құжаттарын;

Іскерліктер:

алғашқы медициналық көмек көрсетуді;

қауіпті жағдайлар мен жарылыстардың, өрттердің алдын алу шараларын жүргізуді.

основные статьи трудового законодательства;

виды государственного и общественного надзора в области охраны труда;

виды инструктажа по безопасным методам работы;

основные средства защиты от поражений и несчастных случаев;

влияние условий труда на организм человека;

документы, регламентирующие охрану окружающей среды в РК;

Умения:

оказывать первую медицинскую помощь;

проводить профилактические мероприятия по предупреждению пожаров, взрывов и несчастных случаев.


БҚ 2

БҚ 3


БҚ 5

КҚ 1.4.7


КҚ 1.5.7

ЖКП 06

Арнайы сурет және көркемдік графика

Арнайы сурет негіздері: геометриялық денелерден натюрморттар салу, жұмсақ материалдармен (көмір, соус, сангина) драпировка суретін салу, гризайль техникасымен бір түсті драпировка негізінде 3-4 тұрмыстық заттың натюрморттық суреті, парик суреті, натюрморттың графикалық шешімі (ақ-қара, түсті графика). Түстер туралы жалпы мәлімет, драпировкамен натюрморттың кескіндеу этюді. Парикпен натюрморт салу (аралас графика). Адам басының пропорционалды сызбасы, бас қаңқасының суреті, бет бөліктерінің суретін салу. Үлгілерді шығармашылық өңдеу; "боди-арт" өнері, денелерге сурет салу, берілген тақырып бойынша фантазиялық бейнелер жасау.



Білімдер:

графикалық бейнелеудің негізгі құралдарын: сызық, штрих, дақ, нүкте;

түстердің негіздерін, түстердің қасиеттерін, түстердің әрекеттесуін, түстердің тұтастығы мен мөлдірлігін;

бас сүйегінің құрылысын, сүйектердің, бұлшық еттердің орналасуын;

адам басын бөлшектеу пропорциясын;

Іскерліктер:

түстердің сәйкестілігі мен заттардың материалдарының көмегімен заттардың әр түрлі түстерін бере білуді;

графикалық бейнелеудің құралдарын пайдалануды;

бояуларды араластыруды және әртүрлі түстерді жасауды;

түстердің үйлесімділігін, түстер бірлігін анықтауды;

шаш сәні мен шаш қиюдың формалары мен силуэттерін, үлгінің идеялық көркемдік мәнін бере;

әртүрлі ракурстарда бастың суретін салуды, шаштың төгіліп тұруын бейнелеуді.


БҚ 5

БҚ 7


КҚ1.4.2

КҚ 1.4.6


КҚ 1.5.2

КҚ 1.5.6


ЖКП 07

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Оргтехника құралдарына жалпы сипаттама, олардың қолданылуы және кәсіпорынға ұйымдастыру мен басқару үрдістерін енгізу; құжаттардың қызметтері мен оларды жасау тәсілдері, топтастырылуы, құрамдас бөліктері, құжаттарды рәсімдеу ережелері; құжат айналымы, құжат ағындары, олардың түрлері;

тіркеу, есептеу, сақтау және құжаттардың толтырылуын бақылау; іс-қағаздарын компьютерлеу.


Білімдер:

пәннің мақсаттары мен міндеттерін;

іс-қағаздарын жүргізу және корреспонденциялау туралы түсініктерді;

құжаттарды жасау тәсілдерін;

топтастырылуын, тағайындалуын, құрамдас бөлімдерін, құжаттардың дұрыс толтырылуын;

іс-қағаздарын компьютерлеудің негізгі қағидаларын, құрамдас бөліктерін;



Іскерліктер:

құжаттармен, құжаттар айналысымен, құжаттар ағымымен жұмыстарды ұйымдастыруды;

толтырылған құжаттарды тіркеуді, есеп жүргізуді, сақтауды және оларға бақылау жүргізуді.понятие о делопроизводстве и корреспонденции;

способы создания документов;

классификацию, назначение, составные части, правила оформления документов;

основные принципы компьютеризации делопроизводства;



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 6

БҚ 7


ЖКП 08

Кәсіби этика және қызмет көрсету мәдениеті

Қызмет көрсету мәдениетінің психологиясы; психология туралы негізгі мәліметтер; қызмет көрсету психологиясы; жеке тұлғаның психологиясы. Қызмет көрсету мәдениетінің этикасы; қызмет көрсетудің этикалық мәдениеті туралы ұғымы; кәсіби іс-әрекет. Кәсіби этика; қызметкерлердің клиенттермен қарым-қатынас мәдениеті; клиенттермен болатын бүліктер және шағымдар. Еңбек ұжымындағы қарым-қатынас этикасы; оқыту үрдісіндегі этика. Эстетикалық мәдениет. Техникалық эстетика және дизайн; тұрмыстық бұйымдардың (қызмет) және жарнамалардың эстетикасы; қызметкердің сыртқы түрінің эстетикасы; байланыс зонасындағы қызметкердің этикеті; қызмет көрсету сферасының маркетингі мен қызмет көрсетудің прогрессивті түрлері.



Білімдер:

психология туралы жалпы мәліметтерді;

кәсіби этика мен кәсіби іс-әрекеттерді;

қызметкердің клиенттермен қарым-қатынас мәдениеттерін;

бүліктерді шешу тәсілдерін;

еңбек ұжымындағы қарым-қатынас этикасын;

жарнаманың әлеуметтік, экономикалық, эстетикалық мәнін;

кәсіпорын мен жұмыс орны интерьерінің сыртқы безендірілуінің эстетикасын;



Іскерліктер:

қызмет көрсету сферасында кәсіби этиканы қолдануды;

қызметкердің сөйлеу мәдениетін, клиенттермен қарым-қатынас мәдениетін сақтауды;

қызмет көрсету сферасындағы кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы қажетті ақпараттарды беруді;

қызмет көрсету сферасында қызметкердің сыртқы бейнесіне қойылатын эстетикалық талаптарды сақтауды;

байланыс зонасындағы қызметкердің этикетін сақтауды;

еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруді;

қызмет көрсетудің прогрессивті формаларын қолдануды;

қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізуді.


БҚ 2

БҚ 7


АП 00

Арнайы пәндер:

050609 1 – Тырнақтарды өсіру шебері

050610 1 – Тырнақтар дизайны бойынша шебер

050611 2 – Тырнақтарды өндеу шебері





АП 01

Арнайы технология (біліктілігі бойынша)

Саланың бағыттарының даму тарихы. Кабинеттің орны мен жабдықтары. Қауіпсіздік техникасы. Құралдар, аппаратуралар мен оларға қажетті нәрселер. Келушілерге қызмет көрсетудегі дайындық және қорытынды жұмыстар. Жұмыстардың технологиясы (біліктілік бойынша).



Білімдер:

жеке гигиена және еңбек шарттарына қойылатын талаптарды;

маникюрдің (педикюрдің) қазіргі заман түрлерін;

тырнақ аурулыраның белгілерін;

маникюрдің (педикюрдің) барлық түрлерін орындау технологиясын;

проблемалы тырнақтармен жұмыс істеу технологиясын;

қолға (табанға) массаж жасау технологиясын;

парафинотерапия технологиясын;

тырнақ сервисіндегі қазіргі заманғы әдістерін;

Іскерліктер:

жұмыс орнын ұйымдастыруды және жабдық, құралдарды дайындауды;

стерилизация тәртіптерін сақтауды;

маникюрдің (педикюрдің) барлық түрлерінің техноло-гиялық процедураларын орындауды;

қолға (табанға) массаж жасауды;

парафинотерапия процедураларын жүргізуді;

проблемалы тырнақтармен жұмыс істеу технологиясын сақтауды;

жасанды тырнақтармен жұмыс істеу технологиясын сақтауды;

орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуді

қызмет көрсетуде уақыт мөлшерін сақтауды



БК 1

БК 2


БК 5

БК 6


КҚ1.4.1

КҚ1.4.2


КҚ1.4.3

КҚ1.4.4


КҚ 1.4.5

КҚ1.4.6


КҚ 1.4.7

КҚ1.4.8


КҚ 1.5.1

КҚ1.5.2


КҚ 1.5.3

КҚ 1.5.4


КҚ 1.5.5

КҚ 1.5.6


КҚ 1.5.7

КҚ 1.5.8



АП 02

Материалтану

Тырнақ сервисіндегі қазіргі заман материал мен препараттардың құрамы және қасиеттері, олардың тері және тырнақтарға әсер етуі. Дезинфекциялық қуралдардың құрамы және концентрациясы. Дезинфекциялық құралдардың тағайындалуы және қолдану ережелері, қауіпсіздік техника ережелері. Нейл-арт арналған материалдар және аксессуарлар. Қызмет көрсетудің түріне байланысты материал және препараттардың шығын нормалары.



Білімдер:

тырнақ сервисіндегі қолданылатын қазіргі заман материал мен препараттардың негізгі түрлерін;

материал және препараттардың құрамы мен қасиеттерін, олардың тағайындалуын;

кәсіби препараттардың тері мен тырнақтарға әсер етуі;

нейл-артқа арналған материалдар мен аксессуарлардың сипаттамасын;

қызмет көрсетудің түріне байланысты материал және препараттардың шығын нормаларын.



Іскерліктер:

әртүрлі концентрациялы дезинфекциялық құралдарды дайындауды;

дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды;

қызмет көрсетудің түріне байланысты материал және препараттарды таңдауды;

тері және тырнақ күтіміне арналған құралдарды пайдалануды;

препараттар және материалдардың шығын нормаларын есептеуді;


БҚ 3


БҚ 4

БҚ 5


БҚ 7

КҚ1.4.3


КҚ1.4.4

КҚ 1.4.7

КҚ 1.5.3

КҚ 1.5.4


КҚ 1.5.7

АП 03

Жабдықтар және құралдар

Тырнақ сервисіндегі жабдық және құралдардың түрлері, олардың сипаттамасы. Арнайы қурал, жабдықтарды тағайындалуы және қолдануы бойынша нұсқаулар. Қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы шаралар.



Білімдер:

жабдықтар және құралдардың тағайындалуын, құрылымы мен қызмет принциптерін;

жабдықтар мен құралдармен техникалық қолданудың ережелерін;

жабдықтар мен құралдарды дезинфекциялау ережелерін;

қауіпсіздік техникасы, электр және өрт қауіпсіздігі ережелерін;

Іскерліктер:

құралдар мен электр жабдықтарын қолдануды;

қызмет көрсету үшін кәсіби жабдықтармен құралдарды таңдауды;

жабдықтармен құралдарды дайындауды;

электр құралдары мен аппаратурасының қарапайым бұзылуларын жөндеуді.


БҚ 4

КҚ 1.4.1


КҚ1.4.2

КҚ1.4.3


КҚ1.5.1

КҚ 1.5.2


КҚ 1.5.3

АП 04

Тырнақтарды үлгілеу және көркемдеу

Пәннің жалпы сипаттамасы. Тырнақтарды үлгілеу және көркемдеуге арналған құралдар. Табиғи тырнақтарды үлгілеу және көркемдеу. Акрил және типстермен; акрил және формалармен; гель және типстермен; гель және формалармен қолдану арқылы жасанды тырнақтарды үлгілеу және көркемдеу технологиясы. Жасанды тырнақтардың профилактикасы. Клиенттің қолдарының (аяқтарының) эстетикалық жағдайларын бағалау.



Білімдер:

тырнақтарды үлгілеу және көркемдеуге арналған құралдардың сипаттамасын;

табиғи тырнақтарды көркемдеу технологиясын;

қазіргі заманғы әр-түрлі құралдар көмегімен жасанды тырнақтарды үлгілеу және көркемдеу технологиясын;

жасанды тырнақтар профилактикасының технологиясын.

Іскерліктер:

тырнақ пластинасы ерекшіліктерін және элементтердің күрделілігін ескертіп табиғи тырнақтарды көркемдеу тәсілдерін орындауды;

жасанды тырнақтарды үлгілеуге және профилактикасына арналған құралдарды таңдауды;

клиенттің табиғи тырнақ пластинасының жеке формасын ескеріп жасанды тырнақтардың формасын таңдауды;

әр-түрлі құралдар көмегімен жасанды тырнақтардың үлгілерін жасауды;

жасанды тырнақтардың тырнақ пластинасының профилактикасын орындауды;

қызмет көрсетуден кейін клиенттің қолдарының (аяқтарының) эстетикалық жағдайына сипаттама беруді;

клиентке жасанды тырнақтарды күту жөнінде ұсыныстар беруді



БҚ 2

БҚ 3


БҚ 5

БҚ 7


КҚ 1.4.1

КҚ 1.4.6


КҚ 1.5.1

КҚ 1.5.6


ӨО және КП 00

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика




Практика арнайы пәндерден алған білімдерін бекітуге арналған және өз мамандықтарының кәсіби дағдысына ие болуға арналған

Өндірістік оқыту кезінде білім алушы ішкі тәртіпті ескере отырып белгілінген бағдарламаға сәйкес жұмыс істейді.



Іскерліктер:

- жұмыс орнын ұйымдастырып, қолдануға арналған құрал-жабдықтарды дайындайды;

залалсыздандыру тәртібін орындайды;

маникюр (педикюр)бойынша барлық процедуларды жасайды;

қол-аяққа массаж жасайды;

парафинді және спа-процедурасын қолдану

проблемасы бар тырнақтарды өңдеуде технологияларды сақтау

Дағдылар:

жасанды тырнақтармен жұмыс жасауда технологияларды сақтау;

сапалы жұмыс жасау

қызмет көрсетуде жұмысқа жіберілетін уақытты ұстану;



БҚ 1

БҚ 2


БҚ 3

БҚ 5


БҚ 7

КҚ 1.4.1- 1.4.8

КҚ 1.5.1-1.5.8



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   141




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет