Техникасы мен технологиясы



Pdf көрінісі
бет79/80
Дата13.01.2022
өлшемі0,66 Mb.
#129301
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
табиги суларды тазарту адистери
окончательный диплом, билеты экология, 116010
Глоссарий
Абсорбция
 – белгілі  бір  сұйық  заттың  газдың  немесе  сұйықтың
құрамындағы затты өзінің бетіне сіңіру қабылеті.
Акватория
 - əр  түрлі  текті  су  кеңістігі. Акватория  көлемдік  түзілімдерді
де, судың  бетінен  оның  түбіне  дейінгі  қабатын  да  жəне  атмосфера  мен
литосфераның қатар жатқан қабаттарын да қарастырады.
Аэрация -
  əр  түрлі  су  қоймаларын  немесе  топырақты  жасанды  немесе
табиғи  жолмен  атмосфералық  ауамен  қанықтыру. Табиғи  су  қоймаларын
аэрация  жасау  үшін  мынадай  техникалық  тəсілдер  қолданылады: мұз  қабатын
жою  немесе  бұзу, су  қабаты  арқылы  ауа  тогын  жіберу, май  немесе  мұнай
қабаттарын жою.
Аэробтар –
 ортада оттегі бар кезде ғана өмір сүре алатын организмдер.
Анаэробтар
 – бос оттегі жоқ кезде тіршілік ететін организмдер.
Ағынды  сулар
 – адамның  тұрмыс  жəне  өндіріс  мақсатына  қолданылып,
шығарылған  сулар, сондай-ақ  ластанған  территориялардан  жауын  шашынмен
ағып шыққан сулар.
Ағынды суларды тазарту
 – ағынды суларды ластаушы заттарды ыдырату
немесе  бөліп  алу. Ағынды  суларды  ластаушы  заттардан  тазартудың  көптеген
əдістері жəне механизмдері белгілі.
Айналмалы  сумен  жабдықтау
 – халықтың  жəне  экономика  салаларының
техникалық мұқтажы үшін суды бірнеше мəрте қолдану.
Бентос
 – су түбінде тіршілік ететін организмдердің жиынтығы.
Биоиндикаторлар
 – биотикалық  текті  қоршаған  табиғи  ортаның
компоненттері – қоршаған  орта  жағдайының  мониторингінде  қолданылатын
жануарлар, өсімдіктер жəне микроорганизмдер.
Гидросфера
 – құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер  бетіндегі),
мұхиттағы  жəне  атмосферадағы, яғни  жер  шарындағы  барлық  сулардың
жиынтығы.
Гидробионттар
 – су объектілерін тұрақты мекендеушілер.
Гидролиз
 – судың  қатысуымен  жүретін, əр  түрлі  қосылыстардың  ыдырау
процесі.
Грунт сулары
- геологиялық жыныстар қабатының бірінші (жоғарғы) сулы
қабатында түзілген сулар.
Детергенттер
– синтетикалық  беттік  активті  заттар, тұрмыста  жəне
өнеркəсіпте  эмульгаторлар  жəне  жуғыш  заттар  ретінде  қолданылады,
микроорганимдер  ыдырата  алмайды, су  қоймасының  оттек  балансын  бұзады,
судың  органолептикалық  қасиеттерін  нашарлатады, микрофлораның  құрамын
өзгертеді, тірі организмдерге зиянды əсер етеді.
Судың агрессивтілігі
 – судың құрамындағы еріген заттардың əсерінен  əр
түрлі  материалдарды  бұзуға  қабілеті. Судың  əсерінен  гидролиз, гидратация,
жəне еру процестері жүруі мүмкін. Құрамында күйдіргіш нарт жəне күйдіргіш
калий бар сілті сулар өте агрессивті.
Су  шаруашылық балансы
– су ресурстарын жəне белгілі аймақтың шегінде
суға қажеттілікті сандық сипаттау.


112
Су ресурстары
 – қарстырылатын территориядағы жер үсті жəне жер асты
суларының  қорлары. Су  ресурстарына  теңіз, өзен, көл, батпақ, тоған  сулары,
мұздықтар, жер асты сулары, топырақ ылғалы жатады.
Су  пайдалану –
  халықтың  жəне  экономика  салаларының  суға
мұқтаждықтарын қанағаттандыру.
Су  тұтыну
– су  қоймаларынан жəне сумен  жабдықтау  жүйелерінен  суды
тұтыну.
Су  реттейтін  құрылғылар
 – су  шығынын  жəне  су  деңгейін  реттеуге
арналған құрылғылар.
Су ресурстарын орнына келтіру
 – табиғи су айналымының нəтижесінде су
ресурстарының  қалпына  келуі  жəне  тазаруы. Су  ресурстарының  сандық  жəне
сапалық  сипаттамаларын  жақсартуға, өздігінен  тазару  қабілетіне  қажетті
жағдайлар жасауға да бағытталған шаралардың кешені.
Судың  қаттылығы
– құрамында  сілтілік-жер  металдарының  еріген
тұздарының, əсіресе кальций мен магний мөлшеріне байланысты бағаланатын,
табиғи  судың  сипаттамасы. Қаттылығы  жоғары  суда  сабын  ерімейді, көп
мөлшерде қақ түзіледі, су техникалық мақсаттарғы қолдануға жарамайды.
Судың тұздылығы
– судың құрамындағы тұздардың жалпы мөлшері.
Суды  хлорлау –
  ауыз  суды  немесе  ағынды  суларды  залалсыздандыру
мақсатымен, хлордың судағы ерітіндісімен өңдеу.
Судың  түсі  –
судың  оптикалық  тығыздығы, фотометриялық  əдіспен
толқын ұзындығының əр түрлі интервалдарында өлшенеді.
Судың  сілтілігі
 – табиғи  судың  құрамындағы  сілтілік  реакция  беретін
қосылыстар. Сілтілікті  негізігнен  натрий, кальций  жəне  магний  карбонаттары
береді.  Титрлеген  кездегі  рН-тың  соңғы  мəні  арқылы  анықталатын, жалпы
жəне еркін сілтілік түрлері бар.
Су  қоймасының  эвтрофикациясы
– су  қоймасының  эвтрофикациясы  биогенді
элементтердің  жинақталуы  нəтижесінде  су  қоймасының  өнімділігінің
жоғарылауы. Азот, фосфор, калий жəне  басқа  да биогенді элементтердің біраз
мөлшерінің  су  қоймасына  түсуі  нəтижесінде  су  қоймасын  мекендейтін
организмдер  күрт  өседі. Өсімдіктер  биомассасының  өсуі  оттегінің  азаюына
əкеледі  жəне  балықтардың, басқа  да  тірі  организмдердің  тіршілік  жағдайы
нашарлайды. Ең  соңында, еріген  оттегі  мөлшерінің  күрт  азаюынан, су
қоймасында  тотықсыздандырғыш  орта  пайда  болады, тұнбада  органикалық
заттардың жинақталу процесі күшейеді жəне шіріген батпақ түзіледі.
Седиментация
 – ағатын  немесе  ақпайтын  сулардағы  кез  келген  қатты
бөлшектерді тұндыру.
Нөсер сулары
– жауын-шашын сулары.
Фильтрация  алаңдары
– тазарту  құрылыстарының  құрамында  ағынды
суларды табиғи биологиялық əдіспен тазарту үшін дайындалған, грунты жеңіл
жер  участоктары (құм, т.б.). Фильтрация  алаңдарына  механикалық
қоспалардан, гельминттердің жұмыртқаларынан тазартылған сулар түседі.
Тіке  сумен  жабдықтау  жүйесі
 – су  бір  рет  пайдаланылған  соң
тұндырғыштарға немесе коллекторларға төгілетін сумен жабдықтау жүйесі.


113
МАЗМҰНЫ
ПƏННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS                                            3
Оқу жоспарының көшірмесі                                                                                3
Пəн туралы мəліметтер                                                                                        3
Тапсырмалардың тізімі мен түрлері жəне оларды орындау кестесі               4
Əдебиеттер тізімі                                                                                                  5
Білімді бақылау жəне бағалау                                                                             7
НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ                             9
Курстың тақырыптық жоспары                                                                         10
Дəріс сабақтарының конспектісі                                                                       10
Тəжірибелік сабақтардың жоспары                                                                  56
Лабораториялық сабақтардың тақырыптары                                                   80
Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өз бетімен жұмыстарының
(СОӨЖ) көлеміндегі сабақтардың жоспары                                                   97
Студенттердің өз бетімен жұмыстары көлеміндегі сабақ жоспары (СӨЖ)      100
Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары                                  101
Өз бетімен бақылау үшін тест тапсырмалары                                               103
Курс бойынша емтихан сұрақтары                                                                 107
Глоссарий                                                                                                          111


114
Керейбаева Гүлсара Хабиболлақызы
Лапшина Ирина Зайнидиновна
ТАБИҒИ ЖӘНЕ АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТАЗАРТУ ТЕХНИКАСЫ МЕН
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Пəннің оқу-əдістемелік кешені
(5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі жəне қоршаған ортаны қорғау мамандығы
үшін)
Редактор
Техн. редактор
«Қолданбалы экология”
кафедрасы мәжілісінің хаттамасы      №___  «__» _____________  2012 ж.
Жоғары технологиялар жəне
тұрақты даму
институты
ОӘК мәжілісінің хаттамасы                 №___  «__» _____________  2012 ж.
Басуға қол қойған күні
… 20…ж.
Таралымы … дана. Пішімі 60х84 1/16.  № 1 баспаханалық  қағаз.
Көлемі....б.т. Тапсырыс № … Бағасы келісімді.
Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің басылымы
ҚазҰТУ Ақпараттық-баспа орталығы,
Алматы қ., Сəтбаев көшесі, 22



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет