84
Тəжірибенің екіншіі бөлімінде
əр такандағы зерттелінетін суға алдын ала
коагулянттың бірдей мөлшері қосылады (10 мг/л 1%-тік алюминий
сульфатының ертіндісі). Араластырғаннан кейін (30 сек аралығында),
пробаларға флокулянттың ПАА (бірінші зерттеу жұмысында сияқты) белгілі
мөлшерін қосамыз (тəжірибенің бірінші бөліміндегідей). Тұндырудан кейін
мөлдірленген судың оптикалық тығыздығын жəне жарық өткізгіштігінің
пайызын өлшейміз. Тəжірибенің екі бөлімінен алынған нəтижелерді салыстыру
негізінде, алюминий сульфаты коагулянтын енгізудің тиімділігі туралы
қортынды жасау керек.
ПАА флокулянтінің мөлшерін есептеу
.
Берілген 0,1%-тік ПАА ерітіндісінен араластыру əдісімен 0,02%-тік,
құрамы 0,2 г/л немесе 0,2 мг/мл жұмыс ерітіндісін дайындау керек.
Зерттелінетін суға мысалы, 0,25 мг/л ПАА мөлшерін енгізу үшін, осы
мөлшердін көлемі пропорция құру арқылы есептелінеді:
0,2 мг - 1 мл
0,25 мг - х мл х = 0,25*1/0,2 = 1,25 мл
Осылайша, 1 л суға 1,25 мл ПАА, ал 100 мл суға , сəйкесінше, 0,13 мл
0,02 % ПАА қосу керек.
Осылай флокулянттың барлық мөлшерлері есептелінеді. Есептелу
нəтижелері кестеде келтірілген:
№
ПАА мөлшері, мг/л
ПАА көлемі, мл/л
ПАА көлемі, л/100мл
1
0,25
1,25
0,13
2
0,50
2,50
0,25
3
1,00
5,00
0,50
4
1,50
7,50
0,75
5
2,00
10,0
1,00
Алюминий сулфаты А1
2
( SО
4
)
3
*18Н
2
О реагентінің дозасын есептеу
Коагулянт дозасын алюминийдің құрғақ сульфатына есептейді, бастапқы
ерітіндіні - 0,1% құрғақ зат
бойынша дайындайды, құрамы 1 г/л немесе 1 мг/мл
болып табылады. Мысалы, зерттелетін суға дозасы 10 мг/л болатын реагент
қосу қажет болса, дозаның көлемін төмендегі пропорция бойынша анықтайды:
1 мг - 1 мл
10 мг - х мл х = 10*1/1= 10 мл
Сонымен, 1 л суға 0,1% , 10 мл алюминий сульфатын қосу қажет, ал 100
мл суға осыған сəйкес 1 мл коагулянт қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: