32
айналдыру мақсатымен суды реагенттер арқылы өңдеу əдістері қолданылады,
соңынан тұндыру немесе фильтрлеу арқылы бөлініп алынады.
Реагентті əдістердің əр түрлі варианттарын қолдану, бастапқы судың
сапасына жəне қажетті жұмсарту тиімділігіне байланысты. Мысалы, судың
карбонатты қаттылығын известеу арқылы жою əдісі (судың декарбонизациясы)
судың əрі қаттылығын, əрі сілтілігін азайту қажет болған жағдайларда
қолданылады. Əдістің мəні суды известпен немесе известь сүтімен Са(ОН)
2
арқылы өңдеу, сонымен қатар жұмсартудың известь-сода əдісі
де қолданылады,
яғни известпен бірге сода Nа
2
СО
3
қосылады. Суды термохимиялық жұмсарту
əдісі 100
0
С жоғары температурада жүргізіледі. Жоғары жылыту кезінде
түзілген тұнбалардың ұлпақтары ірі болады жəне олар кəдімгідей жақсы
тұнады. Жоғары температурада жұмсарту əдісі негізінен бу қазандарында су
дайындаған кезде қолданылады, яғни осы кезде суды жылытуға жұмсалған
жылу ұтымды пайдаланылады. Суды термохимиялық жұмсарту əдісінде
қолданылатын негізгі реагенттер – известь жəне сода, кейде известь орнына
күйдіргіш натр қолданылуы мүмкін.
Суды катионитттермен жұмсарту – суда ерімейтін материалдардың
(катиониттердің) судағы еріген суға қаттылық беретін катиондарда өзіне
сіңіріп, эквивалентті мөлшерде ерітіндіге өтетін, ион алмасу қабілетіне
негізделген. Су тазарту практикасында көбінесе жасанды шайырлардың
негізінде күшті қышқылды катиониттер қолданылады. Суды катионит қабаты
арқылы фильтрлеген кезде төмендегі реакциялар жүруі мүмкін:
2[Kat]Na + Са(НСО
3
)
2
↔ [Каt]
2
Са + 2N аНСО
3
2[Kat]Na + Mg(НСО
3
)
2
↔ [Каt]
2
Mg + 2N аНСО
3
[Kat] –
символы арқылы катионит полимерінің матрицасы белгіленген.
Суды фильтрдегі катионит қабаты арқылы фильтрлеген сайын, активті топтың
негізгі бөлігі судағы кальций жəне магний иондарымен алмасады. Соңында,
катиониттің алмасу қабілеті біткен кезде, яғни активті топтардың барлығы
кальций жəне магний иондарымен алмасып біткенде, катионит фильтрін
тоқтатып, оны ас тұзы ерітіндісімен регенерация жасайды (жуады). Осының
нəтижесінде катиониттегі кальций жəне магний иондары натрий иондарымен
алмасады, катиониттен ығыстырып шығарылған кальций жəне магний
иондары элюатқа өтеді. Суды Nа – катионит фильтрінде жұмсарту, судағы
кальций жəне магний иондарының мөлшерін өте аз шамаға дейін азайтуға
мүмкіндік береді.
Негізгі əдебиет: 1[188-340, 472-484], 2 [132-220], 4[36-41], 5[227-278].
Қосымша əдебиет: 9 [335-362], 21[1-25].
Бақылау сұрақтары:
1. Табиғи суларды ағарту жəне түссіздендіру кезінде жүретін негізгі
процестер.
2. Суды реагентсіз ағарту процесінің принциптері.
3. Суды фильтрлеу процесі неге негізделген?
4. Күшті тотықтырғыштарды қолдану арқылы суды залалсыздандыру
əдісінің принциптері.