Технологиялық жабдықтарды жобалау



бет1/2
Дата20.06.2018
өлшемі0,86 Mb.
#43449
  1   2
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

технологиялық жабдықтарды жобалау

050712 – Машина жасау мамандығының студенттеріне курстық жобаны орындау үшін

арналған әдістемелік нұсқау

Павлодар


ӘОЖ 621.9.001.63-229(07)

КБК 34.4-5я7

Т38
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің машинажасау, металлургия және көлік факультетінің машинажасау және стандарттау кафедрасының отырысында басуға ұсынылды

Пікірсарапшы

Шумейко И. А. – техникалық ғылымдар кандидаты, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры


Құрастырушы: Баймагамбетов Т. Ш.
Т38 Технологиялық жабдықтарды жобалау: 050712 – Машина жасау мамандығының студенттеріне курстық жобаны орындау үшін арналған әдістемелік нұсқау / құраст. : Баймагамбетов Т. Ш. – Павлодар : Кереку, 2010. – 24 б.

«Технологиялық жабдықтарды жобалау» пәні бойынша курстық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқау 050712 «Машинажасау» мамандығының студенттеріне ұсынылады. Мұнда жұмыстың құрамы, мазмұны көрсетілген. Сонымен қатар тиісті есептерді жүргізу реті және айлабұйымдардың сызба жобасын жасау реті бар.


ӘОЖ 621.9.001.63-229(07)

КБК 34.4-5я7
© Баймагамбетов Т. Ш., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010


Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты



Кіріспе
Машиналардың тетіктерін, механикалық өңдеу, машиналармен оның бөлшектерін құрастыру үрдістері орындалғанда, түрлі жабдықтар қолданылады. Олар құрастыру, өңдеу, тексеру жұмыстарды өткізгенде тетіктерді орнықтандырып, қысып бекітеді. Осы жұмыстарды өткізгенде әмбебап құрал-саймандар, мысалы жұдырықшалы қысқылар, машиналы іскенже, бөлгіш бастиектер және басқалар қолданылады. Мұндай әмбебап құрал-саймандар көбінде жеке және шағын сериялы өндіріс түрлерінде қолданылады. Ірі-сериялы және жаппай өндірістерде арнаулы айлабұйымдар қолданылады.

Машинажасау зауыттарында аталған құрал-саймандарды, айлабұйымдарды жобалау жұмыстары көлемді орын алады, сондықтан 050712 «Машинажасау» мамандығы бойынша тәлімгерлер тиісті түрде білім және тәжрібе алулары керек.

«Технологиялық құрал-саймандарды жобалау» пәнінен курстық жұмыс механикалық өңдеу, құрастыру, тексеру технологиялық бір операцияға жобаланады. Осы жұмыс құрамында А1 форматты жобаланған айлабұйымнын құрастыру сызбасы және А4 форматты 30 – 40 бет түсініктеме жазба.

Технологиялық құрал-жабдықтарды жобалау пән бойынша курстық жұмыстың түсініктеме жазбасының мазмұны:



  1. кіріспе – машинажасау саласында технологиялық құрал-жабдықтардың орны және мәні; машинажасау бакалаврды оқытудағы осы пәннің орны мен мазмұны – 2-3 б.;

  2. тетіктің құрылымын сипаттау (құрылымының пішінінен – қорапша; білік; қақпақша; тісті дөңгелек және басқалар; өлшемдерімен – ірі; орташа; кіші; салмағына байланысты: ауыр, орта және жеңіл); тетікке қойылған техникалық талаптар; жасалған материалы – маркасы оны сипаттау. Химиялы құрамы – 2-3 б.;

  3. өндіріс түрін таңдау және айлабұйымның ерекше дәрежесін тағайындау – 1-3 б.;

  4. тапсырма бойынша жобаланатын айлабұйымның технологиялық үрдістің қолданылатын операциясын сипаттау (операцияның аты; қысқаша қандай операциаяар орнындалды; өңдеу сұлбасы келтіріледі; яғни тетікпен кесу құралдың бір біріне қатысты жылжу сұлбасы; білдектің үлгісі және оның құрылымымен сәйкес орналастыруын сипаттау; яғни ол тік не болмаса көлденең түрде сәйкес орналастырылған; станоктың жұмыс аумағының өлшемдері; үстел бетінің өлшемдері; орнатылған электрқозғалтқыштың қуаты; қандай кесу аспап қолданылады және ол қандай материалдан жасалған – 4-5 б.;

  5. тапсырмадағы операцияда тетіктің орнықтандырылу сұлбасын талдау: Мұнда тапсырма бойынша тетіктің өңделу операциясының эскизі көрсетіледі және оның өлшемдері (габарит; аталған операцияда жетілінетін өлшемдер; негіздеуші) және осы операцияның техникалық талаптары, орнықтандыру нүктелері және мұнда қай беттер орнық; бағыттаушы қос бағытты; тірек орнықтар болып есептеледі. Осында орнықтандыру қателікті есептеу керек – 2-3 және одан көп бет;

  6. кесу рәсімдерін есептеу – 5-8 б.;

  7. айлабұйымды эскиз түрде сәйкес орналастыру. Мұнда орнықтандыру сұлбаға сәйкес орнықтаушы элементтермен құралдардың құрылымын таңдау; кысып-бекіту элементтерін (бастырущы; бұрандалы; сыналы; эксцентрикті және басқа) олар стандартты болса, онда стандарттарды; жасалатын материалдардың маркалары және олардың термикалы өңдеу түрлері көрсетіліп келтіріледі – 3-5 б.;

  8. айлабұйымның есептеу сұлбасы келтіріледі және оны қолданып тетікті қысып бекітетін керекті күшпен моменттерді есептеу – 3-5 б.;

  9. айлабұйымның бір тетігін мықтылыққа не қатандылыққа есептеу – 1 б.;

  10. айлабұйымның күштермен жылжымдардың беріліс қатынастарын және жетектің өлшемдерін есептеу – 2-3 б.;

11) айлабұйымға қойылатын техникалық талаптарды анықтау. Ол үшін технологиялық өлшемдер тізбегін салып, оны есептеу арқылы анықталады – 2-3 б.;

  1. айлабұйымның жұмыс істеу рәсімін сипаттау – 1,5-2 б.;

  2. жобаланған айлабұйымды қолданып технологиялық операцияның жұмысын атқарғандағы техникалық қауіпсіздік ережелері – 1-2 б.;

  3. айлабұйымның экономикалық тиімділігін есептеу – 1-2 б.;

  4. қорытынды – 1 б.;

  5. әдебиеттер тізімі – 1 б.

1 Курстық жұмыстың әдістемелік нұсқаулары
Айлабұйымның жобасы механикалық өңдеу, құрастыру немесе тексеру технологиялық үрдістерінің бір операциясына жобаланады. Тапсырмада бастапқы мәліметтер ретінде:

  1. тетіктің және дайындаманың техникалық талаптары көрсетілген сызбалары;

  2. орнықтандыру сұлбасымен онда көрсетілген қысып бекітетін күштердің орындары, қолданылатын станоктың үлгісі.

Айлабұйымдарды жобалау олардың атқаратын жұмысын анықтаудан басталады. Одан кейін нобайын сәйкес орналастыру, қысып бекітетін күшті, айлабұйымның дәлдігін есептеу, әлсіз элементтердің қатандықтарын және беріктіктерін есептеу, жетектердің өлшемдерін және жылжу қозғалыстарының мөлшерлерін есептеу.
1.1 Айлабұйымның атқаратын міндетін анықтау

Мұнда анық түрде айлабұйымның атқаратын міндеті сипатталады. Онымен қоса өндіріс түріне байланысты айлабұйымның арнайландыру дәрежесі анықталып тағайындалады. Жеке өндіріс түрде әмбебап айлабұйымдар, шағын сериялы және орта сериялы өндірістерде қалыптандырылған тетіктер мен бөлшектерден құрастырылған әмбебап-реттелетін және әмбебап-құрастырылатын айлабұйымдар қолданылады. Ірі сериалы және жаппай өндіріс түрлерінде арнаулы айлабұйымдар пайдаланылады. Мысалы, ішкі жану қозғалтқыш реттегішінің тұрқысының орнату жазықтығын жоңғылауға арналған айлабұйым. Осы айлабұйым аталған жазықтық реттегіштің білдегін орнататын тұрқының тесігіне қатысты перпендикулярсіздігін 100 мм ұзындықта 0,02 мм-ден асырмауы тиіс. Айлабұйым айналмалы үстелді жоңғылау моделі 623 станокта қолданылуға орнатылады.



Айлабұйымның нобайын сәйкес орналастыру және жобалау:

  1. өңделетін тетік қарамы сызылады. Ол айлабұйымның құрылымының қиындығына байланысты бір, екі не үш проекцияда сызылулы мүмқін. Аталған проекциялар тисті бір-бірінен алшақ орналасып және пунктирлі сызықшалармен не болмаса көк қарындашпен сызылады. Тетік мөлдір деп есептеледі;

  2. тетікті орнықтандыру сұлбаға сәйкес айлабұйымның орнату және орнықтандыру элементтері сызылады;

  3. тетікті қысып бекітетін айлабұйымның құрылғысы сызылады. Олар тетікті қысып бекіту сұлбасымен сәйкестіріледі;

  4. кескіш құралды бағыттайтын құрылғылар сызылады;

  5. айлабұйымның көмекші құрылғылары сызылады, мысалы бөлгіш, бұралу және басқадай құрылғылар;

  6. қысатын құрылғыларды механикаланған жетекпен қосатын иінтіректерді сызу;

  7. жетекті сызу. Мұнда құрылымның ықшамдылығын және станок айлабұйымның жұмыс аймағына сәйкестігін еске ұстау қажет;

  8. айлабұйымның тұрқысын сызу, мұнда тұрқының құрылымы технологиялық жяне қатаң болуы тиіс;

  9. пунктирлі сызықшалармен айлабұйым орнатылатын станоктың үстелінің орны сызылады және онымен қоса айлабұйымды орнықтандыратын және бағдар элементтер сызылады. Осындай бағыттауш элемент ретінде бағыттаушы кілтектер не саусақтар қолданылады, олар Т-тәрізді станок үстелінің ойықтарын орналасады. Станкотың үстелінде центрлеу тесігі болса, онда айлабұйымды орнықтандыратын центрлеу белдеуше жасалады;

  10. керекті тіліктер мен қималар сызылады.

Осыдан кейін сызбада бірнеше өлшемдер көрсетіледі (қосылыс беттерде өлшемдермен қондырғылар, кезеулеткіштердің төлкелерінің тесіктерінің диаметрлерімен шақтамалары, кезеулеткіш төлкелердің тесіктерінің арасындағы өлшемдер шақтамаларымен, айлабұйымның габариттік өлшемдері және басқа).

Осылармен бірге технологиялық құрал-сайманға қойылатын техникалы талаптар жазылады. Ол талаптар бірінщіден құрал-сайманның дәлдігін сипаттады, нәтижеде қолданылатын жерлерді көрсету, таңбалау.

Соңында сипаттізім жазылады.

Мысал. 1 суретте төлкеде тесікті бұрғылайтын айлабұйымның жобалау реті көрсетілген.





1 сурет
2 Дайындамаларды қысып бекітетін күштерді есептеу әдістемесі


Дайындаманы қысып бекітетін күштер оны ұстап жылжытпауға жеткілікті болу керек, сондықтан осы күштердің мөлшері дұрыс түрде есептеліп анықталу қажет. Қысып бекітетін күшті есептеу үшін есеп сұлбаны салу керек. Онда жұмыс кезіндегі пайда болатын барлык күштер көрсетіледі және орнықтандыру нүктелер реакцияға ауыстырылады. Әрбір күштер тілмен белгіленеді. Дайындаманың деформациясын азайту үшін қысып бекітетін күштер мүмкіндігінше орнықтандыру нүктелерге қарсы көрсетіледі. Дайындама кесіп өңделген кезінде пайда болатын барлық күштерден статикалық тепе-теңдікте болады, сондықтан, кысып бекітетін күшті есептуге күштердің теңдеуін жазу қажет. Пайда болатын күштер арасында, үлгілер, үйкеліс күштер, кесу күштері, қысып бекітетін күш және басқа. Статикалық тепе-теңдік жалпы түрде алты теңдеумен сипатталады. Олар
, ,
, ,
мұндағы – x осінің бағытында пайда болатын күштер;

– y осінің бағытында пайда болатын күштер;

– z осінің бағытында пайда болатын күштер;

x осіне қатысты пайда болатын моменттер;

– y осіне қатысты пайда болатын моменттер;

– z осіне қатысты пайда болатын моменттер.
Осы теңдеулер мен дайындаманы бекітіп ұстайтын күш есептеледі .

Дайындамана қысып бекітуге жеткілікті күштің шамасы есептеледі



мұнда К – қор коэффициент.

Қор коэффициенті К = К

мұнда К - кепілді қор коэффициенті, бұл коэффициент әрқашан Ко = 1,5.

К1 коэффициент дайындаманың кездейсоқ ойлы-қырлылығын ескереді. Қара өңдеу операцияларда К1=1,2 және таза өңдеу мен ажарлағанда К1=1,07.

К2 – коэффициент пен кесу құралдың мұқалуы ескеріледі. К2 коэффициенттің мәндері 1 кестеде.
1 кесте – Коэффициент К2

Өңдеу әдістері

Кесу күштердің компоненттері

Коэффициент К2

Қосымша мөлімет

Бұрғылау

Бұрау моменті

Осьтік жону күші



1,12

1,0


Шойынға

Алдын ала (кебіртек бетті) үңгілеу

Бұрау моменті

Осьтік жону күші



1,2

1,2


Кесу құралдың артқы бетінің үйкелісі 1,5 мм

шойынға


Таза

үңгілеу


Бұрау моменті

Осьтік жону күші



1,2

1,2


Кесу құралдың үйкелісі 0,7-0,8 мм

шойынға


Алдын ала жону

не кеулейжону




P
P
P

1,0

1,0


1,4

1,2


1,0

1,3


Болат

Шойын


Болат

Шойын


Болат

Шойын


Таза жону

не кеулейжону



P
P
P

1,0

1,05


1,05

1,4


1,0

1,3


Болат

Шойын


Болат

Шойын


Болат

Шойын


Цилиндрлі, алдын ала не таза жоңғылау

Шеңбер күш

1,6 – 1,8

1,2 -1,4


Тұтқырлы болат

Қатты болат не шойын



Шетжақ, алдын ала және таза жоңғылау

Тангенцалды күш

1,6 – 1,8

1,2 -1,4


Тұтқырлы болат

Қатты болат не шойын



Ажарлау

Шеңбер күш

1,15 – 1,2

-

Тартажону

Тартажону күші

1,5

Кесу құралдың артқы бетінің үйкелісі 0,5 мм-ге дейін

К3 коэффициент пен үзілісті кесу әсерінен кесу күштердің көбеюі ескеріледі. Жонуда және шетжақ жоңғылауда К3 = 1,2; басқада К3=1,0.

К4 коэффициент пен бекіту құралдар күштерінің тұрақтылығы ескеріледі. Қолмен бекітетін құрылғыларда К4 = 1,3, пневмо, гидро және басқа тура қысатын қыспақтарда К4= 1,0. Дайындаманың шақтамасы және өлшемі бекіту күшке әсері болса, мысалы қаңылтақ қыспақ не пневмобөлмешік, К4= 1,2.

К5 коэффициент пен қол мен бекітілетін құрылғылардың тұтқасының жайлы орналасуы ескеріледі. Тұтқа жайлы орналасса және оның бұрылу бұрышы аз диапазонды болса К5 = 1,0.



Тұтқаның бұрылу бұрышының диапазоны көп болса (90ºтан) К5=1,2.

К6 коэффициентпен дайындаманы бұрылуға әсер жасайтын айлабұйымдағы элементтері ескеріледі. Мысалы, дайындама тақтайшаға не басқадай көп тиіспелі бетті элементтерге орнатылса, онда К6= 1,5.

Мысал. Цилиндрлі дайындамада тесік бұрғыланады. Мұнда кесу осьті күш Рос және кесу момент М кесу үрдісте пайда болады. Олардың әрекеті Z оське қатысты. Дайындаманы бекітетін күшті есептеу. 2 суретте дайындаманың орнықтандырылу сұлбасы.



2 сурет – Орнықтандыру сұлбасы
Мұндай орнықтандыру сұлбасы үш тірек және бір призмамен материалданады (3 сурет).

Сұлбадан келесіні көруге болады: X және Y осьтерге қатысты күштер дайындаманы жылжытуға әрекет жасамайды, сондықтан статикалық тепе-теңдік екі теңдеумен сипатауға болады, Олар


Онда
Q=
Осы формулаларда S, T және Т үйкеліс күштер. Оларды келесідей есептейді:
Т= Qf = P,
T= P,
S = N × f.
N күштер бекіту күшке Р қарсы әсер – реакция ол
N = .
Онда
S = .
Шығарылған күштердің байланыстарын және бастапқы моменттер тепе-теңдігін қолдансақ, онда қысып бекіту күштің шамасын есептеуге болады
Р= .
Қор коэффициенті К = КК К = 2.1, онда күдіксіз дайындаманы бекітуге жеткілікті күш
Р = 2,1 .

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет