Технологиялық құрал-саймандарды жобалау


Құрастыру айлабұымдарды құрылымдау негіздері



бет102/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   147

8 Құрастыру айлабұымдарды құрылымдау негіздері
Машиналармен олардың бөлшектерін құрастыру жұмыстары құрастыру айлабұйымдарды қолданып жүргізіледі. Құрастыру жабдықтармен және жұмыс құралдардан айырмашылықтары құрастыру айлабұйымдар құрастырылатын тетіктер мен бөлшектерді бір біріне қатысты дұрыс орналастырып бекітуге арналған. Бұл айлабұйымдар қалыпта әмбебап және арнайы түрлеріне бөлінеді.

Әмбебап түрі жеке және шағын сериялы өндірістерде пайдаланылады. Мұнда тақталар, құрастыру жиынтықтар, призмалар, бұрыштықтар, домкраттар, ұстағыштар, көмекші тетіктер мен құрылғылар және басқа.

Арнайы құрастыру айлабұйымдар ірі сериялы және жаппай өндірістерде қолданылады. Олар арнайы операцияларда қолдануға арналған.

Атқаратын міндеттеріне байланысты құрастыру айлабұйымдар төрт топқа бөлінеді:

1) қысу айлабұйымдар, олар құрастырылатын заттарды, бөлшектер мен тетіктерді керекті күйде, аталған бөлшектер құрастыру кезінде аунамау үшін қысып ұстайды;

2) қондыру айлабұйымдар, олар құрастырылатын тетіктердің және бөлшектердің бір біріне қатысты дұрыс және керекті дәлдікпен орналасып қондыруларына арналады және олар тиісті жинақтау өлшемдерді жетілдіреді;

3) жұмыс айлабұйымдар; олар құрастыру технологиялық процесстің ерекше бір операцияларын орындауға арналады, мысалы баспалау, сақиналарды, серіппелерді, тығырықтарды орнату, босатып алу және басқа;

4) тексеру айлабұйымдар, олар құрастырылған заттардың сапа көрсеткіштерін тексеруге арналады.

Құрастыру айлабұйымдардың жалпы құрылымына қойылатын техникалық талаптар:

- құрастырылатын тетіктермен бөлшектердің бір біріне қатысты тиісті дәлдікпен орналасып қондырулылаары;

- құрастырылатын заттың қолайлы орналасуы және оның жабайы қысып бекітілуі;

- құрастыру жұмыстар аяқталғаннан кейін затты түсіруге мүмкіншілік болу;

- құрастыру жұмыстарды атқарғанда еңбек қауыпсыздігі болу.

8.1 Құрастыру айлабұйымдарды есептеу ерекшеліктері

Құрастырылған бөлшектің дәлдік көрсеткіштері құрастырылатын тетіктердің арасындағы қосылыс түрімен, тетіктердің жасалған дәлдігімен, оларды орнықтандыру әдістерімен және айлабұйымның дәлдігімен байланысты. Құрастыру дәлдік көрсеткіштердің жеткізу әдістері айлабұйым - құрастырылатын тетіктер не бөлшектер жүйесінің өлшемдер тізбегін есептеумен анықталады.

Егер құрастырылатын тетіктер центрлеу элементтермен саңылаусыз бір біріне қатысты бағытталып орналасса онда ең жоғары дәлдікке жетуге болады.

Центрлеу элементтер болмағанда, құрастыру жұмыстарды өткізгенде құрастырылатын тетіктердің қондыру беттері құрастырылған затты тексеретін беттерімен бірыңғай болуы керек, яғни мұнда қондыру және тексеру орнықтардың бірыңғайлы принципті ұстану. Мысалы,



8.1-сурет – Айлабұйымда қондыру және тексеру орнықтарды қолдану
Құрастыруда монтаждалған өлшемнің дәлдігі өлшемдер тізбекті есептеумен анықталады. Мысал, бірнеше тетікті құрастыру Аөлшемді ұстанып (8.2-сурет).

8.2-сурет – Құрастыру айлабұйымның өлшемдер тізбегі
Егер тұйықтау буынның ТАшақтамасы белгілі болса онда өлшемдер тізбектер теорияны ұстанса
ТА= ТА1 + ТА2 + ТА3 + ТА4 + ТА5 + ТА6, (8.1)
мұнда ТА6 – айлабұйымның өлшемінің шақтамасы былай есептеледі
ТА6 = ТА- (ТА1 + ТА2 + ТА3 + ТА4 + ТА5), (8.2)
Осылай шақтама есептеледі егер тұйықтау буынның дәлдігі толық өзара ауысымдылық әдіспен жеткізілсе.

Егер тұйықтау буынның дәлдігі толық емес өзара ауысымдылық әдіспен жетсе, онда


(8.3)
Осыдан
. (8.4)
Құрастыру жұмыстарды өткізгенде, керекті дәлдікті жеткізуде тетіктердің айлабұйымда орнықтандырылудың анықтылық принципіне көп мән беріледі.

Мысал, төлкені білікке қондырғанда орнықтар анықталмаса онда аталған екі тетік құрастырылмалуы мүмкін, оның себебі төлкемен біліктің екі арасында осьсіздік пайда болуы мүмкін, яғни олар бір біріне тіреліп қалады. Сондықтан құрастыру айлабұйымның құрылымында тетіктерді бір біріне қатысты орнықтарды анықтайтын элементтер болу керек.



8.3-сурет – Білікпен төлкені құрастыратын айлабұйымның сұлбасы
Пісіру, дәнекерлеу, желімдеу әдістерімен құрастырғанда айлабұйымның қондыру элементтерімен құрастырылатын бөлшектің орнықтандыру беттерінің арасында температурлық саңылау қалтыру керек. Аталған саңылау болмаса онда температуралық қызу әрекетінен тетіктер ұзарады, сондықтан бөлшектер қысылып қалуылары мүмкін.

8.4-сурет – Температуралық саңылауды анықтау сұлба
Осы саңылауды өлшемдер тізбекті пайдаланып есептейміз
, (8.5)
мұндағы t – температура;

- сызықтық ұзару коэффициентер.
Айлабұйымның өлшеміне шақтама сонда есептеледі
TA3 = . (8.6)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет