Технологиялық құрал-саймандарды жобалау



бет13/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   147
Тетік жылжымау үшін оның шетжағына тірек қолданылады. Цанга қысқы ретінде де қолданылады. Цангалы қысқының сұлбасы 2.18 суретте.

2.18 сурет – Цангалы қысқының сұлбасы
Цангалар жасалатын материалдар:

1) қоспалы болат 12ХН3А. Температуралық өңдеу – 1.0-1,5 мм-ге дейін көмірмен байыту, одан кейін жұмыс бетін HRC 60-65 қаттылыққа шынықтыру, құрал сағасының беттері HRC 40-45 қаттылыққа дейін шынықтырылады;

2) көмір текті болат У10А. Температуралық өңдеу – жұмыс бетін HRC 58 – 62 қаттылыққа шынықтыру, құрал сағасының беттері HRC 39-45 қаттылыққа термоөңделеді;

3) хромды болат. Олардың құрамында 0,6 – 0,7 % С, 1 % Si, 1 % Mn, 0,5 % Cr. Марганец пен хром жоғары қаттылық және үйкеліске жоғары төзімділік береді.



Табақша серіппелі құралбіліктер. Құралбіліктің жұмыс істеу реті (2.19-сурет). Тартқыш Р күштің бағытында қозғалып жылжиды және қысым төлке арқылы табақша серппілердің жиынтығын деформациялайды. Деформацияны жеңілдету үшін әр бір табақша серіппенің ішікі және сыртқы қарамдарында радиал бағытта ойықтар кертіктелген. Табақша серіппе 60С2А болат табақтарынан қалыптанады және термикалық өңдеуден өтеді , қатылық HRC 40-45. Табақ қалыңдығы 0,8 – 1,0 мм. Дайындаманың орнықтандырылатын ішкі бетінің дәлдігі 6 – 7 квалитет болу тиіс, сонда центрлену дәлдік 0,01 – 0,03 мм болады. Жалпы Р тарту күш екі қүштен құралады
Р =Р + Р (2.17)
мұндағы Р- бұл күш табақтар арасындағы саңылауларды ығыстырады, Р = 0, 33 Р


2.19-сурет – Табақша серіппелі құралбілік
Р- бұл қүш дайындаманы қысатын қүш
Р = К tg , (2.18)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет