3.5 Механизацияланған жетектер
Пневматикалық, гидравликалық, электромагнитті, магнитті және құрамдастырылған жетектер айлабұйымдарда қолданылады.
3.5.1 Пневматикалық жетектер. Пневматикалық жетектер құрылымдарына байланысты пневмоцилиндр және пневмо-диафрагмалы бөлмешіктер ретінде жасалады және олар стационарлы не айналмалы болады. Поршеньді пневмоцилиндрлер ұзын жүрістерде қолданылады, пневмобөлмешіктер соташықтың қысқа қозғалыстары болса пайдаланылады.
Пневматикалық жетектердің бірнеше түрлері қолданылады: пневмоцилиндрлер, диафрагма және вакуум бөлмешіктер.
Пневмоцилиндрлер жұмыс ұстанымдарына байланысты біржақты және екіжақты түрлерге бөлінеді.
3.9-суретте біржақты пневмоцилиндрдің сұлбасы көрсетілген. Бұл пневмоцилиндрдың жұмыс жүрісі кезінде сығылған ауа А қуысқа беріледі, Б қуыс сыртқы ауамен қосылады. Онда соташықтағы күшті мына формуламен есептеуге болады.
Q = , (3.20)
F = , (3.21)
Достарыңызбен бөлісу: |