Технологиялық құрал-саймандарды жобалау


Айлабұйымның жалпы түрінің сызбасын сызу реті



бет50/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   147

5.2 Айлабұйымның жалпы түрінің сызбасын сызу реті

5.2.1 Айлабұйымның құрастыру сызбасының жалпы түрі 1:1 масштабта сызылады. Осы масштаб көрнекті түрде қабылданған шешімдер туралы мағлұмат береді.

5.2.2 Барлық сызбалар, құрастыру және тетіктердің жұмыс сызбалары, конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) стандарттарының талаптарына сәйкес сызылып жасалады.

Сызбалардың жақсы және дұрыс сызылып жасалғанын мына көрсеткіштермен бағалауға болады:

1) тетіктердің жұмыс сызбаларын конструктор мен кеңеспей сызуға мүмкіншілік;

2) айлабұйымның құрастырылу мүмкіншілігі.

Айлабұйымның сыэбасын сызу реті:

1) өңделетін тетік нобайы сызылады. Ол айлабұйымның құрылымының қиындығына байланысты бір, екі не үш проекцияда сызылуы мүмқін. Аталған проекциялар тисті бір-бірінен алшақ орналасып және пунктирлі сызықшалармен не болмаса көк қарындашпен сызылады. Тетіктің нобайы мөлдір деп есептеледі;

2) тетікті орнықтандыру сұлбаға сәйкес айлабұйымның орнату және орнықтандыру элементтері сызылады;

3) тетікті қысып бекітетін айлабұйымның құрылғысы сызылады. Олар тетікті қысып бекіту сұлбасымен сәйкес болады;

4) кескіш құралды бағыттайтын құрылғылар сызылады;

5) айлабұйымның көмекші құрылғылары сызылады, мысалы бөлгіш, бұрылу және басқадай құрылғылар;

6) қысатын құрылғыларды механикаланған жетекпен қосатын иінтіректерді сызу;

7) жетекті сызу. Мұнда құрылымның ықшамдылығын және білдектің жұмыс аймағына айлабұйымның сәйкестігін еске ұстау қажет;

8) айлабұйымның тұрқысын сызу, мұнда тұрқының құрылымы технологиялық және қатаң болуы тиіс;

9) пунктирлі сызықшалармен айлабұйым орнатылатын станоктың үстелінің орны сызылады және онымен қоса айлабұйымды орнықтандыратын және бағыттайтын элементтер сызылады. Осындай бағыттайтын элемент ретінде бағыттайтын кілтектер не саусақтар қолданылады, олар Т-тәрізді станок үстелінің ойықтарына орналасады. Станоктың үстелінде центрлеу тесігі болса, онда айлабұйымда орнықтандыратын центрлеу белдеуше жасалады;

10) керекті тіліктер мен қималар сызылады.

Осыдан кейін сызбада бірнеше өлшемдер көрсетіледі (қосылыс беттерде өлшемдермен қондырғылар, кезеулеткіштердің төлкелерінің тесіктерінің диаметрлерімен шақтамалары, кезеулеткіш төлкелердің тесіктерінің арасындағы өлшемдер шақтамаларымен, айлабұйымның габариттік өлшемдер және басқа). Сызбаның бос жерлерінде керекті көріністер мен қималар сызылады.

Осылармен бірге технологиялық құрал-сайманға қойылатын техникалық талаптар жазылады. Ол талаптар біріншіден құрал-сайманның дәлдігін сипаттайды, нәтижеде қолданылатын жерлерді көрсету, таңбалау.

Техникалық талаптарды үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топтағы техникалық талаптар орнықтандыру элементтерінің дәлдігін, олардың айлабұйымның тұрқысына байланысты орналасу дәлдігі.

Екінші топтағы техникалық талаптар ерекше айлабұйымның құрастыру әдістерін, жетектің ерекшеліктерін көрсетеді.



Үшінші топтағы талаптар техникалық қауіпсіздік шараларын, экспортқа шығарылатын айлабұйымдардың ерекшеліктерін сипаттайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет