5.4 Айлабұйымның экономикалық тиімділігін есептеу
Экономикалық тиімділікті есептегенде ұсталған қаражатпен айлабұйымды қолданғаннан өнім шығару мүмкіндіктің өсуінен түскен пайдамен салыстырылады. Ол үшін біріншіден өңделетін тетіктің сапасын көтереді - дәлдік көрсеткішін, жобаланған айлабұйым еңбек өнімділігін өсірсе, онда операцияның орындалу мерзімі төмендейді, сондықтан біріншіден операцияға жұмсалатын уақытты есептеу қажет. Онда кесу режімдері өзгеру мүмкін. Бірақ айлабұйымның тағы бір тиімді жері ол еңбек қауіпсіздігін көтеруі мүмкін. Жобалау кезде айлабұйымның бағасын шамалап есептеуге болады
S = CТ (5.5)
мұндағы S – айлабұйымның бағасы,
С – коэффициент, ол айлабұйымның қиындығына байланысты. Жабайы айлабұйымдарға С=15, орта қиындығы бар айлабұйымдарда С=30, қиын айлабұйымдарда С=45, Т – айлабұйымның құрамындағы тетіктердің саны.
Экономикалық тиімділікті есептеу үшін операцияға жұмсалатын екі нұсқа қаражатты есептеп салыстыру керек.
Э = (С2 - С1)N (5.6)
мұндағы С1, Сә – салыстырылатын операцияның екі нұсқаның өздік бағалары;
N – тетіктің бір жылда шығарылатын жоспары.
Негізде айлабұйымның тиімділігін есептеу үшін алдында жобаланған айлабұйымды қолданып жасалып шығарылатын тетіктің не заттың өздік бағасы есептеледі мына формуламен
Сj = тенге. (5.7)
Айлабұйымға жасалған шығынмен қоса келтіріңді шығын мына формуламен есептеледі
Сj = Зj (1+ ) + , тенге, (5.8)
мұндағы Мi – i материалға шығын;
Зj - бір тетікке қатысты білдекшенің жалақысы;
- әлеуметтік шығындарды есептеу пайызы;
- қосымша үстеме шығындар пайызы;
Oj – жабдықтарды амортизациялау;
Пj – айлабұйымдарды амортизациялау;
Иj – кесу құралды амортизациялау;
N – жылдық бағдарлама;
Sj – айлабұйымның бағасы;
А – айлабұйымды амартизациялау мерзімі (құрылымы жай – 1 жыл, құрылымы орта – 2 – 3 жыл, құрылымы қиын – 4-5 жыл);
Q – айлабұйымды оңдау және оны пайдалану мен байланысты шығындардың пайызы.
Достарыңызбен бөлісу: |