6.5 Жазық бет пен цилиндр және ромб саусақтарға орнықтандыру
Осындай орнықтандыру кезде x және y координат осьтерге қатысты қателіктер ажыратылыды. X оське қатысты қателік тетіктің цилиндр саусаққа қатысты ығысуына байланысты
6.11-сурет – Тетіктің екі саусақ орнықта ығысу сұлбасы
Тетіктің ығысуы цилиндр саусақ пен тетіктің тесігінің екі арасындағы саңылаумен анықталады
, (6.19)
мұндағы TDтес – цилиндр саусақпен тетікті орнықтандыратын тесіктің диаметрінің шақтамасы;
TDцил сау – цилиндр саусақтың диаметрінің шақтамасы;
Smin - минималды саңылаудың саны.
Y оське қатысты қателік тетіктің орнықтандырушы саусақтардың жалпы осіне қатысты бұрылуынан пайда болады. Осы кезде екі уақиға болуы мүмкін
Бірінде өңделетін бет саусақтардың арасында орналасса, екіншісінде өңделетін бет саусақтардан тыс жерде орналасады.
Өңделетін бет саусақтардың арасында орналасады.
6.12-сурет – Өңделетін бет саусақтар арасында орналасқан
Мысалы, ромб саусақ орнығатын тесік диаметрі D2 цилиндр саусақ орнығатын тесік диаметрінен D3 үлкендеу. Онда аталған тесіктердің центрлерінің ығысу аралықтарын қосатын төртбұрыш трапеция болады. Осы трапецияны у оске қатысты қателіктің эпюрасы деп аталады.
6.13-сурет – Y оське қатысты қателіктің эпюрасы
= ab + 2BC = (6.20)
Достарыңызбен бөлісу: |