Технологиялық құрал-саймандарды жобалау



бет44/147
Дата28.01.2018
өлшемі16,32 Mb.
#34158
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   147
Жону және ажарлау айналдырықтарында айналатын пневмоцилиндрлер қолданылады. Бұларға сығылған ауа жалғастырғыш арқылы жеткізіледі.

Пневмоцилиндрлердің бір көрсеткіші ол оның жұмысқа қосылу уақыты


tор =t1 + t2 + t3 , (3.25)
мұнда t1 – пневмоқұбыршүмектің ашылуы кезден поршеннің қозғалуының басталуына дейінгі уақыт;

t2 – поршеннің жұмыс қозғалысының уақыты;

t3 – поршеннің жұмыс қуысындағы ауа қысымының манометрлік шамаға дейін өсу уақыты.

Пневмоцилиндрлердің қымтағыш құрылғылары. Пневмоцилиндрдің сенімді жұмыс істеп атқаруы, поршень мен цилиндр арасын, цилиндр мен қақпағының арасын және соташықпен оның қақпағының арасын қымтау және сол аралықтарға қымтағыштарды дұрыс таңдаумен байланысты.

Қымтағыштың негізгі атқару міндеті ол қысылған ауаны ысыраптамау.

Қымтағыштың бірнеше түрі пайдаланады, солардың мысалы:

1) жаға тәрізді бұрышты қымтағыштар, олар теріден не полихлорвинилдан жасалады;

2) дөңгелек сақина тәрізді қымтағыштар, олар резеңкеден жасалады;



3) тығыздаушы көмкерме V-тәрізді, бұларда резеңкеден жасалады.

а – жаға тірізді бұрышты, б – дөңгелек сақина тәрізді, в – тығыздауыш көмкерме V – тәрізді.
3.11-сурет – Қымтағыш түрлері
Пневмоцилиндрлар және гильзалар құрылымдық болаттардан жасалады, мысалы 45, 35 маркаларынан, не шойынан. Поршендер 35 маркалы болаттан, алюминий қорытпасынан не шойыннан. Соташықтар 20Х, 40Х, 45 маркалы болаттардан, термоөңдеуде шынықтыру HRC 45-55 қаттылыққа дейін. Поршенмен цилиндр арасында дөңгелек сақина қымтағыш болса, онда осы екі арада не қондырмалар қолданылады. Егер аталған аралықта тығыздауыш көмкерме болса, онда не қондырмалар қолданылады.

Диафрагмалы пневможетек. Диафрагмалы жетектер екі қалыппен жасалған тостағандардан құрастырылады және олардың арасында диафрагма орналасады Диафрагма майға тұрақты матадан жасалады және ол матаға екі жағынан майға тұрақты резенке жапсырылған. Диафрагманың қалындығы 4-10мм.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   147




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет