Экологиялық құқық бұзғандар мынадай жазаларға тартылады:
Азаматтық – құқықтық
Дисциплинарлық
Әкімшілік
Қылмыстық
Материалдық
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналарға:
1) Жер құқық бұзушылығы;
2) Су құқық бұзушылығы;
3) Орман құқық бұзушылығы;
4) Тау-кен құқық бұзушылығы;
5) Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі кұқық бұзушылығы (фауналық құқық бұзушылықтары);
6) Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді.
Антропогендік зиян — бұл адамның өзін қоршаған ортаның сапасының нашарлауы нәтижесінде оған келтірілген зиян. Яғни бұл адам денсаулығына келтірілген зиян.
Казақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 320-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады. Экологиялық кылмыс деп Казақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық кауіпсіздігіне, қоршаған табиғат ортасына немесе адамның денсаулығына елеулі нұқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін елеулі зиян келтіруді айтады.
Экологиялық қылмыстар субъектілері азаматтар, сондай-ақ, бірақ барлығы да 16 жасқа толған лауазымды адамдар болуы мүмкін. Бірқатар қылмыстар бойынша қылмыстық жауапкершілік кінәлі адамға бұрын әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған кінәлі адамға қолдануды көздейді.
Экологиялық қылмыстарды жасағаны үшін ҚР-ның Қылмыстық Кодексі жазалаулардың мына түрлерін көздейді: айыппұл салу; белгілі бір лауазымды атқару немесе бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; түзеу жүмыстары; бас бостандығын шектеу, қамау; белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыру.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді сот органдары, ішкі істер органдары, мемлекетік автомобиль инспекциясы, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдары мен осыған арнайы өкілеттігі бар өзге де органдар (аңшылық инспекциясы, балық аулауды қадағалау, жерге орналастыру қызметі және т.б.) қарайды.
Тәртіптік жазаны көсіпорынның немесе мекеменің әкімшілігі қолданады және бұйрықпен ресімделеді. Қызметкер тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазалардың мынадай түрлерін қолдануға: ескерту жасауға; сөгіс беруге; қатаң сөгіс беруге; жұмыс берушінің бастамашьшығы бойынша жеке еңбек шартын бұзуға құқылы.
Егер қызметкердің заңсыз әрекеттері нәтижесінде кәсіпорынға материалдық зиян келтірілетін болса, онда қызметкерге тәртіптік жауапкершіліктен басқа тағы да материалдық жауапкершілік жүктеледі. Материалдық жауапкершіліктің мәні қызметкердің міндетіне оның кінәсінен кәсіпорынға келтірілген зиянды өтеуде болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |