1-мысал. Қан тамырын кеңейтетін көрсетілімі бар нифедипин препаратының тәждік артерияның диаметріне ықпалын анықтау үшін жүргізілген тәжірибенің қорытындысы төмендегі кестеде келтірілді. Бұл жағдайда тексерілетін нөлдік жорамал, екі топтың орта мәндерінің арасында статистикалық мәнді айырмашылық жоқ, яғни нифедипин тәждік артерияның диаметріне әсер етпейді деп ұйғарылады.
Тәждік артерияның диаметрі, мм
|
Плацебо
|
Нифедипин
|
2,5
|
2,5
|
2,2
|
1,7
|
2,6
|
1,5
|
2,0
|
2,5
|
1,8
|
1,4
|
2,4
|
1,9
|
2,3
|
2,3
|
2,7
|
2,0
|
2,7
|
2,6
|
1,9
|
2,3
|
2,1
2,2
Алынған деректерді десте парағына енгіземіз.
Нәтижелі кестеден көріп отырғанымыздай, салыстырылып отырған екі топтың орта мәндерінің шамалары, стандарттық ауытқулар, орта мәндердің сәйкес стандарттық қателері, бас жиынтықтың дисперсияларының біртектілігін тексеру үшін критерийі, р мәнділік деңгейі жөніндегі мәліметтерді статистикалық бағдарлама көмегімен алдық.
Бүл кестеде ең маңыздысы р мәнділік деңгейі (6-шы баған). Кестеден көріп отырғанымыздай, плацебо мен нифедипиннің арасында шынайы айырмашылық жоқ - р=0,199 > 0,05.
Қорытынды. Салыстырылып отырған екі топтың орта мәндерінің арасында статистикалық мәнді айырмашылық жоқ, яғни нифедипин тәждік артерияның диаметріне ықпал етпейді.
2-мысал.Тәуелді таңдамалар үшін Стьюденттің жүптасқан t- критерийінің қолданылуын препаратты қабылдағанға дейін және препаратты қабылдағаннан кейін артериялық қысымның көрсеткіштерінің орта мәндерінің арасындағы айырмашылықтың шынайылығын тексеру аркылы көрсетейік. Адельфан препаратының артериялық қысымға әсерін алты аурудан тұратын топта тексерді. Тәжірибе нәтижесінде систолалық қысымның екі вариациялық қатары алынды: 1 қатар – препаратты қабылдағанға дейінгі көрсеткіштер, 2 қатар – препаратты қабылдағаннан кейінгі көрсеткіштер.
Бақылау
|
250
|
240
|
210
|
190
|
185
|
Тәжірибе
|
210
|
195
|
165
|
170
|
155
|
.Бұл әдісті «айырмалар әдісі» деп те атайды. Есептеуге тек қана өзгеріске үш ылыми негізделген медицинаның заманауи тұжырымдамасы биометриялық зерттеулерсіз мүмкін емес. Өзінің зерттеу жұмысын жазу және ғылыми әдебиеттерде оқылғандарды ой елегінен дүрыс өткізіп, түсінуқандай-да бір көлемде статистикалық білімнің болуын қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |