Тәжірибе 4 ші-күн Ситуациялық есептерді орындау,әрекет алгоритмін құру, үй жағдайында тәжірибелік дағдыларды меңгеру бойынша видео түсіру



бет1/9
Дата16.05.2020
өлшемі122.23 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тәжірибе 4 ші-күн

Ситуациялық есептерді орындау,әрекет алгоритмін құру, үй жағдайында тәжірибелік дағдыларды меңгеру бойынша видео түсіру.

Науқасты "ішпен жатқызу"күйінде орналастыру. Ойықтардың алдын алу

Сұрақтар:

Жауап жазыңыздар

  • Ауыр науқасты төсекке орналастыру алгоритмі

( Фаулер және Симс қалпы).

(үйде видеоролик түсіру)


1. Фаулер қалыпта жату – науқас жастықсыз кереуеттің ортасына арқасымен немесе шалқасынан жатады. Функционалды кереуеттің бас жағын 45-60˚С жоғары көтеру керек немесе үш жастықты бір-біріне қою керек. Жоғарғы Фаулер жағдайы – 90˚С, ал төменгі Фаулер жағдайы -30˚С-қа көтеру керек. Фаулер қалыпта жатуды - өкпе, жүрек демікпесінде, гипертониялық кризде, тері ойылуда қолдануға болады


Іс-әрекет
Негізделуі
1. Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау, манипуляция мақсатын, іс - әрекеттерді түсіндіру
Науқаспен қажет қарым-қатынас жасалады.
2. Науқастың келісімін алу
Пациент құқықтарын сақтау қамтамасыз етіледі
3. Кереуеттің бас жағын 45-60°С бұрышқа көтеру
Тамақтануға, айналасындағылармен қарым-қатынас жасауға ыңғайлы жағдай жасалады.
4. Науқастың басын төмен жастыққа қою
Мойын омыртқаларының бүгу контрактураларының алдын алу қамтамасыз етіледі.
5. Науқас қолының астына жастық қою
Қолдың салмағының төмен тарту нәтижесінде болатын иық буыны капсуласының тартылуын, буынның шығып кетуін болдырмау қамтамасыз етіледі
6. Бел аймағы астына жастық қойыңыз
Омыртқаның бел аймағына салмақ түсірмеу қамтамасыз етіледі
7. Науқастың қабырғалары астына кішкене жастықша қойыңыз
Салмақ әсерінен тізе буындарының шектен тыс жазу, тізе асты артерияларының қысылуын болдыр-мау қамтамасыз етіледі.
8. Балтырдың төменгі 1/3 аймағына кішкене жастықша қойыңыз.
Матрастың табанға қысымын ұзақ болдырмау қамтамасыз етіледі
9. Аяқ астына 90°С бұрышта тіреуіш қойыңыз.
Аяқтардың “салбырап” қалуын болдырмау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет