Тәжірибелік сабақ Торғай өңіріндегі ағартушылықтың даму тарихы, зиялылардың педагогикалық қызметі. Торғай өңірінен шыққан және сол өлкеде еңбек еткен қоғам қайраткерлері, олардың қоғамдық-саяси қызметі Орындаған: Төлеуғали Айшабибі



бет11/11
Дата06.01.2022
өлшемі34,01 Kb.
#110132
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
өлкетану прак
мінездеме1, менеджмент
6. Кенжеғали Сағадиев

Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев (18 ақпан 1938 жылы туған, Қостанай облысының Жангелді ауданы — 25 шілде 2020 жыл) — экономист-ғалым. Экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996). Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты: материалдық-техникалық жабдықтаудың экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері, Қазақстандағы экономикалық реформа теориясы мен әдіснамасы. 150-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.



ҚазМУ-ды бітірген (1960).1960 — 63 жылы ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы. 1963 — 66 жылы Мәскеу халық шаруашылығы институтының аспиранты. 1966 жылдан Алматы халық шаруашылығы институтында ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарды. 1982 — 90 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының ректоры.1990 — 94 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің (1993 жылдан Қазақ мемлекеттік басқару академиясы) ректоры.1994 — 96 жылы ҚР ҰҒА президенті.1996 — 2004 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университеттің, халықаралық бизнес университетінің ректоры. 2004 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. 2007 жылдан бері - «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. Салық салу «КагЕпегду» ассоциациясы үйлестіру кеңесінің төрағасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет