Тәжірибелік сабақ Торғай өңіріндегі ағартушылықтың даму тарихы, зиялылардың педагогикалық қызметі. Торғай өңірінен шыққан және сол өлкеде еңбек еткен қоғам қайраткерлері, олардың қоғамдық-саяси қызметі Орындаған: Төлеуғали Айшабибі


Н.Құлжановтың ұлтқа сіңірген еңбегі



бет4/11
Дата06.01.2022
өлшемі34,01 Kb.
#110132
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
өлкетану прак
мінездеме1, менеджмент
4. Н.Құлжановтың ұлтқа сіңірген еңбегі

Нәзипа Құлжанова ХХ-ғасырдың бас кезінен бастап қазақтың білім саласының, қазақ журналистикасының, этнография ғылымының, сондай ақ, мәдениеті мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан қоғам қайраткері. Н.Құлжанова сонымен бірге Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы туралы 1917-жылы Семей қаласында өткен сиезге қатысып, оның қызметтеріне белсене араласқан, Алаш орда партиясының Семей қаласындағы бөлімшесінің төралқа мүшесі болған Алаштың қайраткер қызы.

Нәзипа Құлжанованың алғашқы тегі - Сегізбаева. 1902 жылы ол Қостанай орыс қазақ гимназиясын бітіріп, сол жылы Торғайдағы екі жылдық орыс қазақ училищесінің мұғалімінің көмекшісі қызметін атқарған. Одан кейін Орынбордың екі жылдық мұғалімдер мектебін аяқтаған. Осы кезде Нәзипа Орынбор мұғалімдер мектебін бітіріп, қызмет істеп жүрген жерлесі, ағайыны Нұрғали Құлжановқа кездеседі. Екеуінің көңілдері жарасып, қосылғаннан кейін, олар 1905 жылы Семей қаласына келіп, екеуі де осы Семей қаласындағы семинарияда сабақ беріп, ұстаздық жасаған.

Нәзипа Құлжанова қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш журналист. Ол сонау 1913-жылдан бері «Қазақ» газетіне әйелдер теңдігі және басқа да елдік мәселелерге мақаларды жиі жазып тұрған. 1922-жылы жаңа іргесі қаланған «Еңбекші қазақ» газетінің редакциялық коллегиясының мүшесі болған. Н.Құлжанованың Қазақ автономиясы кезінде шыққан барлық газет журналдарда мақалалары ғана емес, әдеби еңбектері, оның ішінде аудармалары да жарияланып тұрған. Н.Құлжанова Л.Толстойдың, В.Короленьконың, М.Горкийдің шығармаларын аударып, қазақ оқырмандарына таныстырған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет