Тәжірибелік сабақ Торғай өңіріндегі ағартушылықтың даму тарихы, зиялылардың педагогикалық қызметі. Торғай өңірінен шыққан және сол өлкеде еңбек еткен қоғам қайраткерлері, олардың қоғамдық-саяси қызметі Орындаған: Төлеуғали Айшабибі



бет7/11
Дата06.01.2022
өлшемі34,01 Kb.
#110132
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
өлкетану прак

2. Еркін Әуелбеков

Еркін Нұржанұлы Еркін Нұржанұлы Әуелбеков (22.06.1930, қазіргі Ғабит Мүсірепов ауданы, Жаңасу ауылы — 29.01.1999, Алматы) — мемлекеттік және қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1973).

Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1953). Солтүстік Қазақстан облысының Коноваловский МТС-нда бас агроном, директор; Марьевский кеңшарында директор болып қызмет атқарды. 1961 — 65 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық партия комитетінің 2-хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы; 1965 жылы ауыл шаруашылығы министрінің 1-орынбасары; 1968 жылы Қазақстан Астық өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі; 1968 — 85 жылдары Көкшетау, кейіннен Торғай облысы партия к-ттерінің 1-хатшысы; 1985 — 88 ж. Қызылорда облыстық партия комитетінің 1-хатшысы; 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар кеңесінің ұлттық саясат және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары; 1991 — 92 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.Әуелбеков Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жұмыстарының жүруіне үлкен үлесін қосты. Үш мәрте Ленин, Октябрь революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендері, медальдармен марапатталған. Ғ. Мүсірепов атындағы аудан орталығында ескерткіш орнатылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет