Тәжірибенің өзектілігі



бет1/5
Дата31.01.2018
өлшемі0,52 Mb.
#36446
  1   2   3   4   5
МАЗМҰНЫ


Тәжірибенің өзектілігі................................................................

2

Мақсаты, міндеттері...................................................................

3

Теориялық негіздері...................................................................

3-5

Тәжірибенің сипаттамасы.........................................................

5-8

Тәжірибенің нәтижелілігі..........................................................

8-9

Тәжірибені дамыту болашағы.................................................

9

Библиографиялық тізім............................................................

10

Қосымша......................................................................................

11


ӨЗЕКТІЛІГІ

Қазіргі кезеңде студенттерге сапалы білім бермейінше, заман сұранысын қанағаттандырып, экономиканың дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Колледждердің басты мақсаты – білімді, жаңа идеялармен қаруланған кәсіби мамандарды даярлау болып табылады. Бұл студенттің кәсіби, технологиялық дайындығы ғана емес, сонымен қатар оның білімінің жан-жақтылығы мен ақпараттық мәдениеті жоғары, яғни компьютерді еркін меңгеруі, интернет ресурстарын пайдалана білуі, оқытудағы жаңа компьютерлік технологияларды меңгеруі т.б. Білім беру үдерісінің осы мақсатына қол жеткізу үшін, дәстүрлі оқытудан оқытудың жаңа түріне – инновациялық оқытуға көшу қажеттілігі туындап отыр. Оқытудың бұл түрі студенттің бойындағы жеке қабілетін дамытып, оны әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тез бейімделетін тұлға ретінде көрсетеді.

Білім саясатының өзекті мәселелері - кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үрдісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру. Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл инновациялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі.

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген арнаулы орта білім беруде инновациялық білім беру үрдістерін басқарудағы педагогикалық шарттарды тәжірибесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл – арнаулы орта оқу орындарына инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын жаппай, бейберекет енгізу мен білім беру үрдісінде оқытудың инновациялық технологиясының педагогикалық шарттарын енгізудің ғылыми-педагогикалық негізі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықты сипаттайды. Осылайша, орта арнаулы оқу орындарында информатиканы оқытуда деңгейлік технологияны енгізудің теориялық негізін және оларды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, психологиялық-педагогикалық тұрғыда сараптау мәселесі туындайды.

Информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Орта арнаулы білім беру үрдісінде информатика пәнін оқытудың деңгейлік технологияларды енгізудің түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі менің жұмыс тақырыбымды «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын информатика пәнінде пайдалану» деп таңдауыма негіз болды.

Тәжірибе идеясы. Қазіргі замаңғы даму процесіне сай қоғамның талабы мен сұранысын қанағаттандыратын мамандарды даярлау үшін деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігін информатика пәнін оқытуда деңгейлеп тапсырмаларды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, оқу үрдісіне еңгізу, пәнді оқытуда деңгейлік тапсырмаларды пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.

Деңгейлеп оқыту технологиясының ерекшелігі:

 - оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, студенттерге түсетін «салмақтың» артуы себеп болды;

- деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, студенттерге қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады,

- студент өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен  дами алатын тұлғаға айналады;

- студенттің жеке қабілетіне  сәйкес бағытта шығармашылықпен жұмыс істеуіне  жағдай туады;

- оқыту үрдісінің барысында әр студенттің белгілі бір мерзім аралығындағы дамуын үздіксіз  қадағалайтын мониторинг жүргізуіне мүмкіндік туады;

- студент жеке қаблетіне  сәйкес бағытта «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға» айналады.

МАҚСАТЫ:

Әрбір студенттің өзінің даму деңгейінде оқу материалының меңгерілуін қамтамасыз ету.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:

- студенттердің өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы;

- студенттердің бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы;

- студент білімін тексеру, бақылау;

- шығармашылық қабілетін арттыру.

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Профессор Ж.Караевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Оларды өздік жұмыстар, таратпа материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беріледі.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қараев оқу деңгейін 4 түрге бөлген:



І деңгей (репродуктивтік) тапсырмалары

1) Жаттап алуға лайықталған болу керек.

2) Алдыңғы сабақтағы тақырыпта меңгерген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.

3) Тапсырмалар өмірмен байланысты болуы керек.

ІІ деңгейдегі (алгоритмдік) тапсырмалар өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұл өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімді түрлендіріп пайдаланылуы қажет. Студенттің ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмаларда танымдық, үйретімділік маңызы болуы керек. Бұлар ребустар, сөз жұмбақтар.

ІІІ деңгейдегі (эвристикалық) тапсырмалар (Танымдық–іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында студенттер жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерінен заңдылықтар шығарады, анықтамалар, жаңа сөздерді жаттау тағы басқалар жетілдіріліп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс). Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді:

әр түрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін өздігінен мысалдар, есептер құрастыру, оны өздігінен шығару;

өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу;

жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу;

көрнекі құралдар дайындауға берілген тапсырмалар;

ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар.



ІҮ деңгейдегі (шығармашылық) тапсырмалар – (шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар). Студенттердің жинаған өмір тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығаруға негізделген. Олар:

олимпиадалық жұмыстар,

берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау, демек, бұл тапсырмалар студенттердің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр студенттің мақсатына айналады.

Кесте-1

Кезеңдер

Педагогтің іс-әрекеті

Студенттің іс-әрекеті

Диагностика-лық кезең

Студенттердің білім деңгейін диагностикалау

Оқытушымен бірлесе отырып оқу деңгейін таңдау

Студенттерді топқа бөлу

Әр деңгей үшін оқу мазмұны мен қойылатын нақты талаптарды айқындау

Топтардағы оқыту талапта- рының жобасын талқы лауға қатысу

Оқытуды іске асыру

Оқытушының материалды оқу топтарына беруі

Өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы

Білімді меңгерту нәтижесін бағалау

Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша студенттерді бағалау (кері байланыстың дұрыс орнатылуы)

Нәтижелері бойынша өзара және өзін-өзі бағылауды жүзеге асыру


ЖҰМЫСТЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру мақсатында өз тәжірибемде деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланамын. Тәжірибе барысында қолданылған тиімді формалар, құралдар, әдістер сапалы білім негізін қалыптастыруға әсерін тигізе алды.

Оқытуды ұйымдастыру формалары:


    • бірлесе әрекет жасайтын қатысушылар санына байланысты, жаппай (фронтальды) көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдалынылады;

    • топтық;

    • жеке және жұптасып жұмыс істеу;

    • рольдік ойындар.

Сабақта компьютерді пайдаланудың ұйымдастыру формалары – көрсету (демонстрациялау), жаппай зертханалық жұмыс және жаттықтыру (практикум) сабақтары болады.

Колледжде жиі қолданылатын ұйымдастырушылық форма сынып-сабақтық оқыту болып табылады, себебі студенттер 85–95% оқу уақытын сабақта өткізеді.

- жоғарғы оқу орындарындағы (ЖОО) сияқты сабақтар (дәріс-сабақ, семинар-сабақ, практикалық сабақ, коллоквиум сабағы, консультациялық сабақ, сынақ-сабақ);

- арнайы бағыттағы сабақтар (практикум-сабақ, өздік жұмыс сабағы, бақылау жұмысы сабағы, жаппай зертханалық жұмыс сабағы, экскурсия-сабақ, пәнаралық сабақ);

- ойын түріндегі сабақтар (рөлдік ойын сабағы, сайыс-сабақ, сауалнама-сабақ, конференция-сабақ, кездесу-сабақ, жоба-сабақ);

- мазмұнды құрылымдардан тұратын сабақтар (кітаппен жұмыс жасау сабағы, электронды жұмыс дәптерімен өткізілетін сабақ, қарқынды тірек сигналдар негізіндегі сабақ, жалпылаушы кестелер негізіндегі сабақ, диктант-сабақ, типтік бағдарламалық құрылымнан тұратын сабақ).



ҚҰРАЛДАРЫ: компьютерлер, плакаттар, буклеттер, информатиканың есептеуіш техника негіздер әдістемелік нұсқау бағдарламалары, оқулықтар.

ӘДІСТЕРІ

Әр түрлі деңгейде саралап оқытудың тиімді әдістеріне тоқталып өтемін.



Деңгейлік тапсырмалар. Мысалы, «Бедербелгілік шамалармен жұмыс істеу алгоритмі» сабағында үш деңгейге бөлінген студенттердің жұмысы төмендегі жолдармен орындалады: 1 деңгейдегі тапсырмалар - оқулық бойынша, 2 деңгейдегі тапсырмалар - перфокарталар, 3 деңгей компьютердегі арнайы бағдарлама бойынша жасалған тесті орындап, өз білім деңгейіне сай баға алды.

«Power Point презентациясының компоненттерімен жұмыс» атты сабақта алдағы мамандықтарына байланысты «Менің сүйікті ісім» атты тақырыппен жарнама даярлау ұсынылды. Жұмыс үш слайдтан тұрып, өз ойларын, болашақтағы мақсаттарын, білім деңгейлерін, көзқарастарын, өз бетінше шешім қабылдап, батылдықтарын көрсетті.



Үй тапсырмаларының үш деңгейі

Бірінші деңгей – міндетті минимум. Тапсырма бәріне түсінікті және барлық студенттің біліміне сай келуі керек.

Үй жұмысының екінші деңгейі – жаттықтырушы. Оны пәнді жақсы білгісі келетін және еш қиындықсыз бағдарламаны игеріп жатқан студенттер орындайды. Олар бірінші деңгей тапсырмаларынан босатылады.

Үшінші деңгей – шығармашылық тапсырма – сабақ тақырыбына, сыныптың дайындығына және т.б. байланысты орындалады. Оны өз еркімен сұраған студенттер орындайды, жоғары бағамен және мақтаумен ынталандырылады.



Өздік жұмыс

Өздік жұмыс кезінде студенттер оқулықпен және дидактикалық материалдармен, түрлі анықтамалық кітаптармен, газет–журналдармен, интернетпен жұмыс істеуді үйрене бастайды. Өздігінен білім алуға талпынады. Жұмысы нәтижелі болса, студенттің пәнге деген қызығушылығы артады.

Өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын тапсырмалар студенттердің ғылыми-танымдылық қызығушылығын ояту, ерік-жігерін тәрбиелеу, білім деңгейін ескерту, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға үйретеді. Өзіндік жұмыстарға ұсынылатын тапсырмалар алдымен репродуктивті деңгейде, ал сонан соң продуктивті деңгейге көтерілуі тиіс. Мысалы, Mіcrosoft Word тақырыбын қарастырайық. Репродуктивті деңгейде студент тақырыппен танысады, берілген тапсырмаларын орындайды. Продуктивті деңгейде шығармашылық, іздену бағытындағы тапсырмаларды орындайды, яғни берілген тапсырма жоспарын жасау, баяндама дайындау, талдау, зерттеу, материалдар жинау, жоба құру және т.б.

Карточкамен жұмыс жүргізу

Карточкамен жұмыс жүргізу. Карточка көрнекіліктердің бір түріне жатады. Онымен жұмыс істеген өте қолайлы. Карточка негізінен жеке бір оқушынының білім деңгейін бақылауға қолайлы, бірақ оны топпен жұмыс жасағанда, нұсқамен жұмыс жасағанда да қолдануға болады. Студент карточкамен жұмыс орындағанда шығармашылық жеке тұлғасын қалыптырады және ынтасын дамытады және алға шығуға, тапсырманы дұрыс орындауға талпынады.

Студенттердің білімдерін тест арқылы тексеру

Қай пәннен болмасын студент білімін тексерудің, бағалаудың бір түрі – текстік бақылау болып табылады. Тест студенттің білім дәрежесі қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.

Тест сұрақтары бойынша студенттердің үлгерім дәрежесін, білім сапасын пайыз арқылы бағалап шығаруға да болады. Олардың дұрыс жауаптары 50% төмен болса, білім дәрежесі төмен, 50% асса орташа үлгерім, 75% болса, білім дәрежесі жақсы үлгерім, 80-90% болса, білім дәрежесі жоғары үлгерім деп есептеледі. Оқытушы бес балдық жүйе бойынша студенттердің білім сапасын бағалай алады.

Тест тапсырмаларының түрлері

Тестің түрі

Анықтамасы

Таңдаулы жауаптары бар тест

Берілген жауаптардың ішінен дұрысын таңдау

Конструкталған жауапты тест

Таңдалған нәтижесін жауаптар жолағына жазу

Алтернатива – тест

Оқушыдан берілген екі жауаптың біреуін таңдауын талап етеді.

Көп таңдаулы тест

Көптеген берілген нұсқалардың ішінен дұрыс біреуін таңдауды талап етеді.

Бір дұрыс жауабы бар тест

Орындаушы берілген нұсқалардың ішінен дұрысырағын таңдайды.

Бірнеше дұрыс жауабы бар тест

Орындаушы берілген нұсқалардың ішінен бірнеше (бір, екі, үш т.б.) дұрыс жауапты таңдауы тиіс.

Ашық формадағы тест

Орындаушы дұрыс жауапты өзі жазуы тиіс.

Дұрыс тізбекті құрастыруға арналған тапсырма

Дұрыс тізбекті құрастыру.

Ашық типті тапсырма:

1.шектеулі жауапты есеп

Орындаушыдан дұрыс жауапты жазу талап етіледі: 1. берілген тапсырмаған орындаушының еркін жауабы; орындаушы сұраққа өз бетінше жауап беруі тиіс, бірақ олар шектеулі болуы керек.

Болжам- тест

Оқушыдан ережелер мен анықтамаларды білуін талап етеді, дұрыс жауапы таңдауды қажет ететін сұрақтардан тұрады.

Графикалық тест

Сызба арқылы орындалатын тапсырма-лар.

Мысалы, жабық форма:

1. MS Microsoft Office Power Point программасын іске қосу жолы:

А) Іске қосу *Құжаттар* MS Office Power Point*

Ә) Іске қосу*Программалар*MS Office Power Point*

Б) Программалар*Стандартты*MS Office Power Point*

В) Менің компьютерім*Программалар*MS Power Point*

2. MS Microsoft Office Power Point программасының терезесінде келесі слайдқа көшу:

А) Тышқанды шерту

Ә) Page Up

Б) Слайдтың номерін теріп Enter пернесін басу

В) Esk


3. Слайдпен жұмыс істеу режимдеріне жатпайтыны:

А) Слайдтар режимі

Ә) Құрылымдық режимі

Б) Баспаға шығару режимі

В) Сұрыптау режимі

4. Анимациялық эффектілерді қосуға болмайтын элемент:

А) Мәтін

Ә) Графикалық объектілер

Б) Терезе

В) Диаграмма



Студенттердің даму мониторингі

Деңгейлеп оқыту студенттердің білімін жаңа әдіспен ,яғни рейтингтік жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Яғни студенттердің әр тақырып бойынша қорытынды бағасы оның жинап алған ұпайымен сәйкес қойылады. Жинаған ұпайларын олар сабақ соңында кестеде тиіс нүктемен белгілеп отырады. Осы нүктелердің арасын үздіксіз сызықпен біртіндеп қосса, график шығады. Ол студенттің даму мониторингі деп аталады.

Деңгейлік тапсырмаларды дұрыс орындағаны үшін студенттер сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 10 ұпай, үшінші деңгей үшін - 15 ұпай.

ТӘЖІРИБЕНІҢ НӘТИЖЕЛІЛІГІ

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының студенттерге тиімділігі:

- білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;

- студенттің өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы;

- студенттің іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;

- студент пен оқытушы арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың орнауы.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі:

- деңгейлеп саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;

- білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;

- студенттердің жұмыстары әділ бағалануы;

- олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.

25 студентке жүргізген тест жауаптарын талдай келе, студенттерді міндетті деңгейдегі мүмкіндіктері оқу жылының басы мен соңында анықталды.




Студент Тұрғынбай Даулет «Faccebook және Twitter–дің басқа әлеуметтік желілерден айырмашылықтары мен кемшіліктері» ғылыми зерттеу жұмысымен Алматы облыстық ғылыми-зерттеу конференциясына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

2014 жылы колледжішілік «Ең үздік маман иесі» байқауында студент Режепов Ерлан «Үздік электрондық есептеу мащшиналарның операторы» номинациясына ие болды.



Каталог: uploads -> doc -> 1352
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1352 -> Сабақтың мақсаты: Сабақтың көрнекілігі Сабақ дарысы: Жаңа тақырып : Оқушы Сабақтың ұраны
1352 -> Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет