Бала мектептабалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады.
Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш алуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту, ол балаға жеңіл тиеді.
«Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымиюбаламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің соғұрлым үнсізде жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы, онсыз да үлкен жасайырмашылығын одан сайын қашықтатпайық».
Жеткіншек шақ
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы
/10-15 жас/ ең қиын кез болып есептеледі.
Жеткiншек жас кезеңнiң педагогикалық ерекшелiктерi.
Балалардың тәртібі нашарлайды.
Сабаққа үлгірімі төмендейді.
Қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынаста қалыпты болмайды.
Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Отбасы -
қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Балаға ата-аналар беретін саналы және мақсатты тәрбиемен қатар, отбасының жағдайы да ықпал етеді және бұл ықпал өскен сайын, ол тіпті баланың тұлғалық қалыптасуында көрініс табады.
Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: Жеткіншектер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді.
Жасөспірім шақ
Жасөспірімдік шақ - бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.
Жасөспірімдік шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек.Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды.
Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді.