абсолютті (өте) икемді ұсыныс – бағаның өте аз немесе мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, E S = ∞;
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.