Тексерген: Карасаев М. И



бет15/16
Дата01.01.2022
өлшемі67,96 Kb.
#107540
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Еркін С.Қ. Ұйқы безінің рагы-1

Сәулелік ем

Ұйқы безі рагы сәулелік емге төзімділігі жоғары, сондықтан оған қашықтан берілетін сәулелік ем жоғарғы энергиясы (18-25МэВ) тежеуішті гамма электрон, протон сәулелік үлпілдек будасымен (пучоктарымен) іске асырылады. Жекеленген сәулелік емді әртүрлі бөлшектеу әдістерімен қолданып, жалпы жинақталған сәулелік энергияның мөлшері 60-80Гр. жеткізіледі.

Бірақ осындай үлкен мөлшерді жарқашақталған тәсілмен жеткізсе, асқыну үрдістері күрт азаяды. Сәулелік емді жеке осындай әдіспен қолданғаннан кейін науқастардың15-18%- да ісік көлемі 50%-дан жоғары кішірейеді, 60-65% да ісік көлемі 50%-дан төмен кішірейеді, не болмаса әрі қарай ұлғаюы тоқтайды, науқастардың 50-57%- ы бір жылдан, 25%-ы үш жылдан артық өмір сүреді, орташа өмір сүру мерзімі – 18-25 ай. (Макаров Е.С., Негушкин М.И. 2004).

Ұйқы безінің бас бөлігіндегі өзегінен өрбіген қатерлі ісікке сәулелік ем операцияның алдында, операция кезінде және операциядан кейін де қолданылады.

Сәулелік ем операцияның алдында қарқынды – шоғырландыру әдісін қолданып, яғни тәуліктік сәуле энергиясының мөлшері – 4-5 Гр., ырғағы күнбе-күн, 4-5 тәулік аралығындағы жалпы ошақтық сәуленің мөлшері –20 Гр., ал операция кезінде бір мәрте – 15-30 Гр., операциядан кейін классикалық бөлшектеу әдісімен (2 Гр. жұмасына 5-6 рет) жалпы ошақтық сәуленің мөлшері – 45-50 Гр.

Аталмыш сәулелік емдеу әдістерін ісік ұйқы безінің басында (көлемі T1-2N0 немесе T1-2N1а) орналасқандағы анықталған ауруларға қолданылады. Ісік ұйқы безінің дене және құйрық бөліктерінде орналасса, оның көлемі T3N0 немесе T2-3N1а болса, онда әртүрлі бөлшектеу әдісімен ошақтық сәуленің мөлшері 50-60 Гр-ге жеткізіліп, 2 жұма үзілістен кейін кеңейтілген корпорокаудалдық субтоталдық резекция жасалады.

Егер науқас ісігіне криодеструкция тәсілі қолданылса, операциядан кейін 2-3 жұмалық үзіліс жасап, ісіктік ошақ алаңына классикалық бөлшектеу әдісімен 50-60 Гр. сәулелік ем қолданылады. Сәулелік емді жарқашақтанған әдіспен (30-32 Гр. кейін 15-20 тәуліктік үзіліс) жалпы ошақтық сәуленің мөлшерін 60-70 Гр-ге жеткізу қолданған емді асқынусыз қолдануға, оның шипалық қасиетін жоғарылатуға елеулі септігін тигізеді.
Химиотерапия

Күнделікті практикада ұйқы безі рагын емдеуде 5-фторурацил, лейковарин, цисплатин, оксалиплатин, гемцитабин, доцетаксил, паклитаксел, доксорубицин, олардың әрқайсысының белсенділігі 15-30%, сондықтан аталмыш химиопрепараттардың шипалылығын жоғарылату мақсатында әртүрлі бейнемелерде полихимиотерапиялық тәсіл қолданылады. Мысалы, ұйқы безі рагының IV даму сатысында симптоматикалық ем қолданылса, науқастың орташа өмір сүру мерзімі – 2,5-3 ай, ал аталмыш химиопрепараттарды жекелеп қолданғанда өмір сүру мерзімін 6 айға дейін,полихимиотерапияны қолдану арқылы оны 10-15 айға жеткізуге болады (А.М.Гарин, И.С.Базин 2005).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет